kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану, 5 класс Та?ырыбы: "Адалды? пен ?ділдік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:О?ушылар?а адалды? пен ?ділдік туралы т?сінік бере отырып а?и?ат ??ндылы?ыны?  м?нін ??ындыру.

Міндеттері:

Білімділік: адами ?арым –?атынаста?ы адалды? пен ?орша?ан  ортада?ы, ?мірдегі ?ділдікті? орны мен ма?ызы,   туралы т?сіндіру;

Дамытушылы? : о?ушыларды? адалды? пен ?ділдікті, кішіпейілділікті д?рыс ??ына білу біліктіліктерін дамыту?а ы?пал ету;

Т?рбиелік: о?ушыларды адалды??а, ?ділдікке ж?не шынайылы??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану, 5 класс Та?ырыбы: "Адалды? пен ?ділдік" »

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№23Тақырып :Адалдық пен Әділдік

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: адалдық,әділдік,ар-ұждан,шынайылық құндылықтарын ашу.

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;

Дамытушылық : оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)интерактивті тақта,кітап,дәптер

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi. «5Т» әдісі бойынша (тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық),сәлемдесу,түгелдеу.

Тыныштық сәтi.Сабақты жағымды күйге келтіру. Нұрға бөлену. (Жәй баяу жағымды музыка қою)

Үй тапсырмасын тексеру

Оқу құралдарын, дәптерге берілген тапсырманы тексеру. 81 беттегі 23сабақтағы Адал бала (корей ертегісін )оқып, мазмұнын айту.Сұрақ беру,жауап алу.


1 . Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?

2 . Оларды бірден алса не болар еді?

3 . Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?Неліктен?

4. Ақсақал қабылдаған шешімді қалай қабылдауға болады?

Мәтінді қорытындылау

Адамныңниеті,ойы,іс-әрекетішындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында.Адамның көңілі таза,пейілі кең,адал шыншылболғанда әділдікке қол жеткізеді.

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Ш. Уалиханов

Дәйексөзді хормен оқыту

2 ұл бала,2 қыз бала оқиды мағынасын түсіндіру,жаттап дәптерге жазып алу.Дәйексөздің мәнін ашу.

(Ары таза, адал адам мәнді өмір сүреді. Адалдығы бар адамның рақымы бар.Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.)


Әңгiмелеу

Өсиет-әңгіме.Данышпан

  Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-         Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті. Қарт жігітке:

-         Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

-         Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

-         Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

-         «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.

-         «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген денені түсінесіңдер?

Мұғалім балалардың жауаптарын түйендей отырып сабақ тақырыбымен таныстырады:

-         Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдарымен жолдас, ДОС болады. Шын жолдас, адал достар бірінің жақсы қасиеттерін

екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адалдық пен әділдіктуралы әңгімелесеміз.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жағдаяттарды талдау (5 мин 7 слайд)
1 – жағдаят 
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: - Менің қалтамда апам “Самса алып жерсің” деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік, - деді.
Алмагүл:
- Үйден сұранып шыққан жоқпыз, іздеп қалады ғой - деп, іркіліп қалды.
- Ештеңе етпес, “мектепте болдық”деп айта саламыз.
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2 - жағдаят
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?


Топпен ән айту.Ақ көгершін

Өлеңі: Н. Баймұхамедов

Әні: А. Жұбанов


Ақ көгершін , көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.


Ел тілегіналыпұш,

Адамзаттыңбағына.

Қарабұлттыжарыпұш,

Мұхиттыңарғыжағына.


Көзінсененалмайды

Ақниеті бар адам.

Аққанатыңталмайды

Әділеттенжаралған.

Тынышбейбітөмірдің

Белгісібопқанатқақ.

Әлемгеортақкөңілдің

Қайтшыңынақонақтап.


Ел тілегіналыпұш,

Адамзаттыңбағына.

Қарабұлттыжарыпұш,

Мұхиттыңарғыжағына


Үй тапсырмасы.

24 сабақ Ұстаздың шәкірттерін сынауы

(Аңыз әңгіме) оқып,түсінгендерін айтып келу,дәптермен жұмыс

«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.


Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Нұрға бөлену. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.

Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?зін-?зі тану, 5 класс Та?ырыбы: "Адалды? пен ?ділдік"

Автор: Дошниязова Акмарал Алдангаровна

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211996


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства