Саба?ты? ма?саты: Сені д?ниеге ?келген, ?мір сыйлаушы ана?а деген с?йіспеншілік сезімін арттыру,адамгершілік ??ндылы?тар туралы т?сінігін ке?ейту.
Міндеттері:1.Жары? д?ниеге ?келіп, тіршілік сыйла?ан ана?а деген баланы? немесе бала?а деген ананы? шексіз, ?лшеусіз махаббаты,с?йіспеншілігі туралы т?сінік беру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лпештеп, аяла?ан Апатайым! »
Сабақтың тақырыбы: Әлпештеп, аялаған Апатайым!
Сабақтың мақсаты: Сені дүниеге әкелген, өмір сыйлаушы анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:1.Жарық дүниеге әкеліп, тіршілік сыйлаған анаға деген баланың немесе балаға деген ананың шексіз, өлшеусіз махаббаты,сүйіспеншілігі туралы түсінік беру;
2.Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;
3.Ананы сүюге, сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақта пайдаланылатын көрнекілік:
Қымбат Әбілдақызының «Анам» өлеңі суретімен,
Ана қасиеттерін топтастыруға арналған көрнекілік,
дәйексөз,шығармашылық жұмысқа арналған құралдар (ақ парақ, түрлі-түсті қағаз, желім,қайшы,жүрек).
Сабақтың жірісі: 1. Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады
.Мұғалім:- Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш пен сүйіспеншілікке толы болсын!Бүгін
өздеріңмен көріскеніме өте ризамын
Оқушылар:- Қайырлы күн, мұғалім!
Мұғалім: Бәріміз қосылып «Ана туралы жыр» әнін орындайық.
Сөзі: Ғ.Қайырбеков.
Әні: Ш.Қалдаяқов.
Әлемнің жарығын
Сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарлық
Өзіңе арналады.
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің.
Самал жел саябақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де
Мен саған сәбимін
Көгілдір көктемді
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышын
Анашым жан сырым
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын
Сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай күнді
Қолыма түспеді.
- Ән кім туралы?
-Ана туралы.
- Олай болса бір сәт Анамыз туралы,сендерді аналарыңның қалай еркелететіні туралы естеріңе түсіріп, айтып бере аласыңдар ма?
2.Тыныштық сәті: (1-1,5 мин) ойлауға беріледі.
Ауызша айтуға да,қағазға түсіріп оқуларына да болады.
Оқушылардың айтқандарынан:
Мен анамды өте жақсы көремін.Ол да мені жақсы көреді.Мені «құлыншағым, ботам, алтыным» деп еркелетед і.
Бірде мен ауырып қалдым.Сонда анам қатты қиналып: «Сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін»,- деген сөзін естідім.Мен түсінбедім.Кейін анам маған бұл сөздің мағынасын түсіндіріп берді.Сонда анам: -Сен ауырма,жаратқан ием сені ауыртқанша мені ауыртсын деп тілек тілеген екен.
Мені анам «қошақаным,жүрегім,жаным» деп еркелетеді.
Аппағым,томпағым,ақылдым,- деп еркелетеді.
Айым,күнім,жұлдызым- дейді.
Мені «қоңыр қозым, момақаным, көмекшім, сен болмасаң маған кім көмектесер еді, кішкентай ғана қолқанатым»- дейді.
Осылайша өз ойларын кішкене ғана сәбилік жүректерімен тілдерінің жеткенінше айтып беруге тырысты.
3.Мәтінмен жұмыс.а)
Қымбат Әбілдақызы «Анам» өлеңін мәнерлеп оқып бердім.
Мақсатым- баланың анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ананың балаға деген махаббатын сезіндіру.
Маған жарық сыйлаған кім?
Анам!
Жылатуға қимаған кім?
Анам!
Жөргегімді ауыстырып құндақтап,
Мен деп жанын қинаған кім?
Анам!
Мен ауырсам жүдеген кім
Анам!
Күдігі тез үдеген кім
Анам!
Айыққанша қосылғанша қатарға,
Тілегімді тілеген кім
Анам!
Қателессем, кешірген кім
Анам!
Анамдағы махаббатқа нанам!
Ең бірінші ана керек балаға,
Ақ аналар, жүріңдерші аман!
ә)Өлең мазмұны талданады және ана қасиеттері топтастырылады.
Бізге:
дос өмір сыйлаушы ең жақын адам жанашыр шыдамды
А Н А
сырлас сүйеніш қайырымды қамқоршы ақылшы
Біз үшін:
Қуанады қайғырады ойланады уайымдайды
А Н А
Сабақ оқытады киімімізді дәмді тамақ
әзірлейді дайындайды
4.Дәйексөз талданады.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Яғни, ана барлық уақытта баласын ойлап жүреді, ал оны кейде барлық бала түсіне бермейтіндігін ұғындыру.
Мысал:
Кешкілік 14 жасар Қанат анасынан Нұржанмен көшеге шығып келуге сұранады.Анасы рұқсат бермеді.Себебі, Нұржанның сотанақтау бала екенін анасы білетін.Қанат жібермегені үшін анасына ренжіп, кешкі тамағын да ішпей бұртиып жатып қалды.
Ертесіне мектепке келгенде естіді.Нұржан көшеде жөнімен кетіп бара жатқан Самат деген балаға ұрынып, телефонын тартып алыпты.Бұл туралы Саматтың ата-анасы мектеп директорына хабарлапты.Мұны естіген Қанат кешкілік анасының жібермегені қандай жақсы болды деп іштей қуанды.Осы мәтін арқылы дәйексөздің мағынасын түсінуге бола ма?
5. Шығармашылық жұмыс.
1-топ: Анаңды қалай қуантар едің?
Менің әңгімем
Менің қиялымдағы бақытты ана (әңгіме құруларына, сурет салуларына, қолөнер түрінде көрсетулеріне болады).
2-топ:Ана туралы өлең шығара аласың ба?
3-топ:Нені анаға теңер едің?(Жер, күн,т.б. өз қиялдары бойынша сурет арқылы не ауызша айтуларына болады).
4-топ: Өз қиялдарынан ертегі құрап келу үй тапсырмасы ретінде тапсырылады.
6.Жүректен жүрекке
Анамызға тілек тілеу:
-Аналар аман болсын!
-Ауырмасын!
-Күн секілді күліп жүрсін!
-Аспанды бұлт торлаған секілді анамыздың қабағын бұлт шалмасын!
- Денсаулық тілеймін!
- Апай, сіз де біздің екінші анамызсыз,сіздің де амандығыңызды тілейміз!
Жер бетіндегі барлық балалар мен аналар бақытты болсын!
Мен осы сабақ арқылы анамды бұрнғыдан да жақсы көріп кеттім,соны түсіндірген сізге рақмет!
Отанымыз аналарға көп қамқорлық жасасын!
Соңы.Назарларыңызға рақмет!
Сабақты құрастырған және жүргізген Атырау қаласы
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Исмагулова Айман Исмагулқызы.