"Күз-мереке, күз-береке" қоршаған ортамен таныстыру.
"Күз-мереке, күз-береке" қоршаған ортамен таныстыру.
«Саржайлау» күйі ойнап тұрады.
Жүргізуші:
-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Күз-береке, күз-мереке» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мегілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше.
Күз - адам баласына молшылық, байлық әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «Күз жомарт», «Алтын күз»деп баға берген. Алтын деген себебі, біріншіден айналаның бәрі сап-сары алтын түстес, екіншіден байлықтың белгісі. Жомарт деген себебі қаптаған астық, піскен жеміс-жидек, көкөніс табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егін жинап болған соң ата -бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Күз-мереке, күз-береке" қоршаған ортамен таныстыру.»
Cабақтың барысы:
«Саржайлау» күйі ойнап тұрады.
Жүргізуші:
-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Күз-береке, күз-мереке» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мегілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше.
Күз - адам баласына молшылық, байлық әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «Күз жомарт», «Алтын күз»деп баға берген. Алтын деген себебі, біріншіден айналаның бәрі сап-сары алтын түстес, екіншіден байлықтың белгісі. Жомарт деген себебі қаптаған астық, піскен жеміс-жидек, көкөніс табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егін жинап болған соң ата -бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған.
-Көп сөйлеп, жөн-жобадан аспаймыз біз,
Ән шырқап, би билеуден қашпаймыз біз.
Сонымен, сіздер рұқсат етсеңіздер,
Ал, енді, мерекені бастаймыз біз!
Әділет:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
( Себет толы жемістермен, күз киімін киген Күз келеді.)
Күз:
- Сәлем, өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.
Мырза:
- Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс!
Алдық өнім-сыйыңды.
(Күздің қолынан себетті алады.)
Күз:
Мен күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп, бұлтиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де мені жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
Жүргізуші:
Ия, біз де сізді байлық, молшылық әкелетін, дархан алтын күз деп білеміз.Біздің де сізге арнаған сый-сияпатымыз бар.
Фархат:
- Көбейді құт-береке-
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!
Күз: Ал, бүгінгі тойға мен бір өзім келгенім жоқ, қасымда балаларым бар. Олардың аттарын қазір өздерің білесіңдер.
Әділет:
Қыркүйек - күздің басы. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады.Күн көзінің қызуы азаяды. Жылу жетіспегендіктен ағаштың жапырақтары да сарғая бастайды.
Фархат:
Қазан айында астық, көкөніс, жемістер, жиналып бітеді. Суыққа шыдамайтын жәндіктер, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Мырза:
Қараша айында ағаш жапырақтары түгел түсіп бітеді. Жануарлар, адамдар қысқа әзірленеді. Суық күшейе түседі.
Күз:
Көрдіңдер ме, балалар. Күз айларының аттары қандай екен?
Кәне, балалар, енді маған қандай өнерлерін бар көрсететін.
Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңдер ме, сендер де тату, бірлікте болсаңдар кез-келген мақсатқа жетуге болады.
Жүргізуші:
Бізде би билейтін өнерлі балалар да бар.
(Би.)
Жүргізуші:
Балалар манадан бері ән айтып, би билеп берді, енді «Алтын Күз» біздің ойындарымызды да көріп тамашаласың.
Күз:
Ой, балалар, мен сендерге ойын дайындап әкелдім. «Күз белгісі неде?» деген сұраққа өздерің жауап беріп көріңдер. Балалар, өздеріңді табиғат аясында жүрміз деп елестетіңдер. Бірақ, айнала түсініксіз.Қандай жыл мезгілі? Түсініксіз... Мына суретке қараймыз.Түсініксіз...Ендеше табиғаттың суретін дұрыстап салайық. Суретті қарындаш, бояумен емес картиналармен және сөйлеммен саламыз. Әр сөйлем «Күзде» деп басталатын болсын.
Менде күннің суреті бар. Суретті ілемін де:
- Күзде күн көзінің қызуы азаяды.
- Күзде аспан жиі бұлттанып, жел тұрады.(бұлттың суреті)
-Күзде жылу жетіспегендіктен ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі.(жапырақтар суреті)
-Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.(тырналар суреті)
-Күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауады.(жаңбыр суреті)