kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?Р-ны? азаматты? ???ы?ыны? негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: а) білімділік: О?ушылар?а азаматты? ???ы?ты? негізгі ??ымдары жайында білім беру

?) т?рбиелік: О?ушыларды ???ы?ты? саналылы??а, жан жа?ты білімділікке т?рбиелеу

б) дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісі мен танымды?  ?абілетін арттыру

Саба?ты? т?рі: теориялы?

Саба?ты? типі: Жа?а білімді ме?герту

Саба?ты? ?дісі: ой-?оз?ау,т?сіндіру, ауызша баяндау 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?Р-ны? азаматты? ???ы?ыны? негіздері»

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

оқытушысы Мұстафаева Қарлығаш Ибадуллақызы



Құқық негіздері пәні бойынша

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: ҚР-ның азаматтық құқығының негіздері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары жайында білім беру

ә) тәрбиелік: Оқушыларды құқықтық саналылыққа, жан жақты білімділікке тәрбиелеу

б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен танымдық қабілетін арттыру

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: ой-қозғау,түсіндіру, ауызша баяндау

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: оқулық

Пәнаралық байланыс: Саясаттану негіздері, Қоғамтану

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхана тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, жоспарын хабарлау.

Сабақтың тақырыбын, жоспарын хабарлап, пәнаралық байланысын ашу.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар көздері.

2.Құқық қаблеттілігінің және әрекет қаблеттілігінің түсінігі.

3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Жаңа терминдермен жұмыс

2. Қ.И.Оспанов. Құқық негіздері, А; 2006

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар Жеке кәсiпкердiң дәрменсiздiгi оны банкрот деп тануға негiз болып табылады. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығындары, сондай-ақ әкiмшiге, конкурс және оңалту басқарушыларына, олар тағайындалған жағдайда, сыйақы төлеу жөнiндегi шығындар өтеледi. Жеке кәсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру оған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылады;

2) екiншi кезекте қамтамасыз ету сомасы шегiнде, жеке кәсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылады;

3) үшiншi кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;

4) төртiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген тұлғалардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;

5) бесiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа несие берушiлермен есеп айырысу жүргiзiледi.

Әрбiр кезектегi несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актiлерiнде көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.

Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кеттi деп тануы мүмкiн.Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi, ал бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда келесi жылғы бiрiншi қаңтар хабар-ошарсыз кетудiң басталған күнi деп есептеледi.Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады.

Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi

1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.

2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.

3. он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәмiле жарамсыз болады.

4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле, егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.

6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады

Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртiбiмен өтеу терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.

11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.Жалған немесе қулықпен жасалған мәмiлелер

1. Заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады.

 Сенiмхаттың тоқтатылуы

1. Сенiмхаттың қолданылуы:

1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi;

2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы;

3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы;

4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы;

5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы;

7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы;

8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

АҚ Римдік заңгерлер Римдік азаматтарының құқығы- «Цивильді құқық»деп атады. ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды : 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық , өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер жатадыАзаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз – азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі  бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттлігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық  қабілеттілік азамат Қазақстан Республикасы шегінде  де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге ; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс  жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнербастыларға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесініңң атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құққықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттерді көзделуі мүмкін; азамат тқрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері жеп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықты азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.Заңды тұғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз — олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.Азаматтың әрекет қаблеттілігі дегеніміз – азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, шектелген деген сияқты түрлері бар.Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.Жартылай әрекет қабілеттілігі – 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойына олар үшін мәмілелерді, егер заң  құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әркекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанаға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интелектуалдық меншік құқығы  объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айырылуы мүмкін. Он төрт жастан он сенгіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің  әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынадай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жһн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігі сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,  тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы,  қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары  мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты түрпішіндерде болады.Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жеде мәміле жасаушыларың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. заңдармен немесе келісіммен жазбаша немесе өзге белгілері бар нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған мкезде атқарылған мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. ауызша мәміле адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.Жазбаша мәмілелер 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттерден басқа, кәсіркерлік қызметүрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүзесептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс, 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуы тиісЕгер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жаслаған мәмілеге  тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға иіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерлік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың клісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.Заңдармен және тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларды осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азаат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сонрдай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.      Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарапт ың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген нетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жсалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы, банкоматта карточканы салып ақша алу, көшеде телефон –автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлік кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерлі жатқызуға болады.Үндемеу , заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасааға ерік білдіру деп танылады.Мәміленің түрлері.  Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы, мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты, көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.Заңнамалар мен тарпатардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өщіне берілген белгілі бір құқықтың бас тартуы, берілген сенімзхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле      екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты мәміле деп аталады. Қазіргі кезде екі одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп аталады.Бір жақ екінші жаққа  көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінді. Керісінше болса ақысыз мәміле.Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты ( заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды ) мәміленің түрлері бар.Мәміленің талабына байланысты белгілі бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберуінің жүкті тасымалаушыға беруі аталған мәміленің жасаалғандығын көрсетеді.Келісімді мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты берп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әркетті жақтар шарттың орындалуы барысында іске асырылады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-бірімен сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.Мәміленің негізінің байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негіз болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.Абстрактілі мәміледе  керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шақса, вексель қайта қайтарылмайды және  вексель весельді ұстаушы не вексельді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды.Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан, бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.Егер де мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетіледі ол кейінге қалдырған мерзім делінді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу –ьасталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәмілеге кейінге қалдыратын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар туралы Қазақстан Республикасның заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?Р-ны? азаматты? ???ы?ыны? негіздері

Автор: М?стафаева ?арлы?аш Ибадулла?ызы

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333136


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства