М??алім с?зі:?ыз балалар?а таби?атынан н?зіктік пен ?я?ды?, ер балалар?а батылдылы? пен ?стамдылы? т?н.Осыны т?сіне білсе?дер,к?нделікті ?мірде бір-бірлері?е к?мектесуге дайын т?расы?дар.?лдар мен ?ыздар арасында?ы досты? пен т?сіністік -сыйласты?тан басталады.
Сабақтың мақсаты: Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
-ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту;
-ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарм-қатынастарын дамыту;
-ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері:
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, бағалау қағаздары, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері: Тренинг «Мен қандаймын?»
-Мен сабырлымын
-Мен инабаттымын т.б.
Үш топқа топталу, стикер арқылы(қызыл,сары,жасыл)
Жаңа сабақ: Қызға -нәзіктік, ұлға -батылдық.
Ой қозғау.
Қазақтың ұлы, қазақтың қызы қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Қыз бала мен ер бала арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
Сыныптарыңда ұлдар мен қыздар арасында түсініспеушілік болды ма(? Неліктен? Бастарыңнан өткен сондай оқиғаны баяндап бере аласыңдар ма?
Қыздар мен ұлдар арасында сыйластық болғанын қалайсыңдар ма? Сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
Оқулықпен жұмыс. Ә.Хасенова «Неге ұялды?»
Ұжымдық тапсырма.Әңгімені оқу.
І топ Мазмұндайды. Постермен жұмыс
ІІ топ Әңгіме желісі бойынша сахналайды .
ІІІтоп Кейіпкерлер бейнесін талдау.
Мұғалім: Тақырып бойынша әр топ бір – бірлеріне бір сұрақтан әзірлейсіңдер.
І топ
Нәзікен мен Мұрат бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
ІІтоп
Мұраттың іс-әрекетіне қалай қарайсыңдар?
ІІІ топ
Егер сен Мұрат болсаң не істер едің?
Венн диаграммасы
Ішіне-сыртына әдісі бойынша парақшаны толтыру.
Әңгімен оқи отырып, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді анықтауға болады, соларды тізбектеу.
ішіне
сыртына
көпшіл
ұялшақтық
адал
ұяңдық
жанашыр
Уақытты пайдалана алмау
Мұғалім: Қазақ халқы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал арқылы жеткізген. Ұлдарға, қыздарға қатысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Дәйексөз
Дәйексөз талдау.
«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі» Ойтолғау .
Әр топтан ойтолғау оқу кезеңі.
Әр жұмыс соңынан мұғалім смайликтер арқылы топты мадақтап, жұмыстарын бағалап отырады.
Мұғалім сөзі:Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдылық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсеңдер,күнделікті өмірде бір-бірлеріңе көмектесуге дайын тұрасыңдар.Ұлдар мен қыздар арасындағы достық пен түсіністік -сыйластықтан басталады.
Бағалау кезеңі.
20-25 ұпай – «Аса білімді»
14-19 ұпай – «Ақылды»
12-13 ұпай- «Зейінді»
Білім жемісі.
Бүгінгі сабақ несімен ұнады, қандай жұмыс түрлері ұнады, соны стикерге жазып ілеміз.
Үйге тапсырма.Тақырып туралы мақал-мәтелдер жинастыру