Открытый урок по обществознанию. Для учителей права и обществознания.
О?ушылар?а «???ы?» ??ымын мораль ж?не норма ??ымдарымен байланыстыра отырып т?сіндіру ар?ылы ???ы? ж?не за? туралы туралы тере? т?сінік ?алыптастыру;
О?ушыларды? белсенділігін,?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, к?пшілік алдында еркін с?йлеуге да?дыландыру,о?у материалын еркін ?рі дербес талдау?а, ?орытынды жасау?а ж?не ???ы? т?рлері мен міндеттерді ?мірлік т?жірибеде ?олдана білуге ?йрету ;
?скеле? жас ?рпа?ты жауапкершілігі жо?ары, ар мен абыройды жо?ары ?станатынж?не Ата За?ды ??рмет т?татын ?лгілі азаматтар ретінде т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«???ы? ж?не за?дылы? »
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар орта мектебі
Құқық пәнінің мұғалімі Есентаева Гульназ Конуспаевна
Пәні: «Адам.Қоғам.Құқық»
Сабақтың тақырыбы: ІX тарау. Құқық ұғымы және негізгі құқықтық
құбылыстар
§22 Құқық және заңдылық
Класы: 9 класс
Сабақты жүзеге асыру бойынша берілген сағат саны: 1 сағат
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға «құқық», «норма», «мораль» ұғымдарын, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен өзара қатынастарын түсіндіру.
Міндеттері:
Оқушыларға «құқық» ұғымын мораль және норма ұғымдарымен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы құқық және заң туралы туралы терең түсінік қалыптастыру;
Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, оқу материалын еркін әрі дербес талдауға, қорытынды жасауға және құқық түрлері мен міндеттерді өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету ;
Өскелең жас ұрпақты жауапкершілігі жоғары, ар мен абыройды жоғары ұстанатын және Ата Заңды құрмет тұтатын үлгілі азаматтар ретінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Түрлендірілген сабақ
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдістері, ойталқы, суретпен жұмыс, жағдаяттарды талқылау
Сабақтың көрнекілігі: Слайд-презентация, А4 форматтағы құқық түрлерінің суреттері.
Сабаққа қажетті дидактикалық материалдар: суреттер, сызбалар
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд
Сабақты ұйымдастыру формасы: жеке оқушымен, жалпы класпен
Күтілетін нәтиже:
Құқық ұғымы туралы терең түсінік қалыптастырылады;
Алған білімін жүйелей алады;
Өз ойы мен пікірін еркін әрі ашық айта алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу
ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру
б) Зейіндерін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Оқушыларға өткен сабақта Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына 20 жыл толуына орай жеке-жеке тапсырма берілді. Олар осы тапсырмаларын оқиды, көрсетеді.
Лаура мен Үміт – бірлік, достық, татулық турал сурет салу.
Владик – достық, бірлік туралы мәнерлеп жатқа өлең оқу.
Әлия – достық, өзара қарым-қатынас туралы жағдаят құрастыру.
Манас – достық, бірлік, татулық туралы нақыл сөздер жазып келу.
Эльвира – Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы туралы мәлімет әкелу.
Амандос пен Гүлсина – «Татулық – береке бастауы» деген тақырыпта эссе жазу.
3. Білімді жан- жақты тексеру кезеңі:
***Дискуссиялық өрнек***
№
Сөйлем
Келісемін
Келіспеймін
1
Автотохтонды ұлт деп басқа елден көшіп келгендерді атаймыз.
+
(жергілікті байырғы халық)
2
Бір қолға шексіз биліктің жинақталуы демократия деп аталады.
+
(диктатура)
3
Саяси партияның негізгі мақсаты – билік үшін күрес жүргізу.
+
4
«Экономика» грек тілінен аударғанда «мемлекетті басқару» деген мағынаны білдіреді.
+
(үй шаруашылығын жүргізу)
5
Джон Фон Нейманның есептеуінше, адамның миы мөлшермен 10-ның 20 дәрежесі ақпараттар бірлігін сақтайды.
+
6
Ұсыныс деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз.
+
(сұраныс)
7
Ақша дегеніміз – жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар түрі.
+
8
Қажеттіліктер негізгі төрт топқа бөлінеді.
+
(5 топқа)
9
ҚР-да диктатура орнаған.
+
(демократия)
10
Құқықтық мемлекетте заң бәрінен жоғары тұрады.
+
Жаңа сабаққа даярлау кезеңі:
*** Ойталқы***
Қоғамда мінез-құлық ережелері не үшін керек? Мінез-құлық ережерін кім белгілейді? Мінез-құлық ережелері қандай болуы тиіс? Осы құқық деген не деп бәр сәт ойланып көргендерің бар ма? Құқықтық нормалардың қоғам өмірінде алатын орны қандай?
(Класс оқушыларының пікірі сұралады)
Жаңа білімді игеру кезеңі:
Бүгінгі сабақта келесідей тақырыптар бойынша мәлімет аламыз:
Құқық ұғымы
Құқықтық нормалар
Дәстүр және әдет-ғұрып нормалары
Құқық және мемлекет
Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі
Құқық және заң
*** «Анықтама бер»***
Оқушылар құқық сөзіне анықтама жазады. Одан соң оқушыларға слайд арқылы құқық сөзіне берілген бірнеше анықтамалар көрсетіледі:
Құқық – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқық – мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі.
Құқық – адамдардың өмір сүруі үшін қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекетттің қуатты құралы.
Құқық –жалпы сипатқа ие және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеп отыруға бағытталған, мемлекет тарапынан белгіленген және мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілген қоғамдағы іс-әрекет ережелерінің жүйесі.
Оқушылар «құқық» терминіне берілген анықтамалардың ішінен өзіне жақынын, өзі дұрыс деп есептейтінін тауып, не үшін таңдағандарын түсіндіреді.
*** «Білгенге маржан» кезеңі***
Бұл кезеңде оқушыларға слайд-презентация бойынша нормалар мен құқықтық нормалар, мораль туралы түсіндіріледі.
Сонымен, әлеуметтік норма дегеніміз – мінез-құлықтың қоғам таныған негізі, ережесі, үлгісі, моделі, қалпы.
Қоғамдағы нормалардың барлығына ортақ:
Үйлестіреді.
Тәртіп орнатады.
Реттейді
Мораль
Құқық
Адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б.тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Мемлекет тарапынан белгіленіп, қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеп отыруға жұмсалатын жалпыға бірдей, формальды түрде белгіленген іс-әрекет ережесі.
Әлеуметтік нормалардың ішінде кең таралған нормалар
Бір ғана реттеу объектісі бар, ол – қоғамдық қатынастар
Қоғамдағы еркіндіктің шегі
Әлеуметтік әділеттілікті орнатады
Екеуі де тәртіп орнатады
6 .Білімді тұрақтандыру кезеңі.
*** «Құқықтық домино ойыны» кезеңі***
Мораль нормаларының күнделікті өмірде де мәні зор. Мұны мынадай тәсілмен тексеріп көрейік. Әр оқушы адам мінезіндегі өзі бағалайтын үш имандылық қасиетті бір парақ қағазға жазады.Және төменде берілген жағдаятты өзіндегі параққа жазылған бір қасиет бойынша жауап береді.
Жақын досың қылмыс жасап қойды, ол не істерін білмей, өзіңе хабарласып, көмек сұрады. Не істер едің? Полицияға хабарлау керек пе, әлде көмек беру жайын ойлаған жөн бе?
Кештетіп ауылдан жамағайындарыңыз келді. Осындағы ауруханаға жіберілген баласы бар, орналасқанша сендердің үйлеріңде жата тұруға мәжбүр. Үлкендер осыған байланысты папаңның кабинетіне уақытша көше тұруыңды сұрады, ал сенің бөлмеңе қонақтар жайғасатын болды. Алда емтихан, өз бөлмеңде саған керек компьютер, кітаптар, музыкалық жабдық, ең бастысы, жолдас жораңмен хабар үздірмейтін телефон қалды. Не істейсің, әке-шешеңнің айтқанына қарсы келесің бе, әлде орындауға мәжбүрсің бе?
Досың екеуің бір қызды жақсы көріп қалдыңдар. Қыздың қалағаны –досың. Бұл жәйт жүрегіңді жаралап кетті. Досыңмен достықтан шығасың ба?
***«Топтастыр» кезеңі***
Бұл кезеңде оқушылар өздеріне берілген суреттерді нормалар түрлеріне сәйкес топтастырулары тиіс.
Әдет-ғұрып нормалары
Этикалық немесе мораль нормалары
Діни нормалары
Корпоративтік нормалар
Саяси нормалар
Құқықтық нормалар
7.Сабақты қорытындылау кезеңі.
***«Адасқан әріптер» кезеңі***
ЫҚҚҰҚ- мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. (Құқық)
ЫРПҰҒ- ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген сенім ережелері. (Ғұрып)
ҢЗА – ең жоғары юрисдикциялық күш. (Заң)
АРМЬОЛ- адамдардың қайырымдылық, жақсылық адамгершілік негізіне байланысты ережелер. (Мораль)
ҚЫЛЗДАҢЫ- құқықтық тәртіп. (Заңдылық)
ОМРНА – ереже, үлгі. (Норма)
8. Бағалау.
Оқушыларды бағалау келесідей критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
Жауаптардың дұрыстығы;
Оқушылар белсенділігі;
Сыни көзқарастары мен өзіндік ой-пікірлерін еркін білдірулері.
Ерекше көзқарас
Оқушылар бір-бірін осы критерийлер бойынша бағалайды.
9.Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Тақырыпты оқу. “Құқықтың менің өмірімдегі рөлі ” тақырыбында эссе жазу