Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады «Кубизм стратегиясы»
§ 18Азаматтық қоғам
1.Азаматтық қоғам дегеніміз не?
2.Азаматтық қоғамның негізін не құрайды және мемлекеттің негізін не құрайды?
3.Қоғамдық бірлестіктер қызметтерінің сипатына қарай нешеге бөлінеді?
4.Партия сөзінің мағынасы. Партия дегеніміз-
5.Саяси партияның өзге қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы
6.Қоғамдық ұйымдар дегеніміз не? Оларға не жатады?
7.Римдік шешен Цицеронның халық туралы айтқан ойы?
8.Қазақстанда қандай партияларды білесің?
9.Мемлекеттік билік тармақтарын ата
10.Мемлекетті басқару формалары нешеге бөлінеді?
Мұғалім сөзі.
Жаңа тақырып § 19Қоғамның рухани негізі
Кіріспе. Платон «Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние» деп айтып кеткен екен. Оқушылар осы даналық сөзде қандай мән жатыр?
Тақырыпты әрі қарай аша түсу үшін топтарға тапсырмалар бөліп беріледі.
Жаңа сабақ «РАФТ»стратегиясымен жұмыстарын қорғайды.
Р-Рөл А-Аудитория Ф-Форма Т-Тақырып.
1. Руханияттың қоғам дамуымен байланысы
2. Тұлғаның рухани мәдениеті
3. Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі
Бекіту. Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы.
Тапсырмалар беріледі. (Қазақ Киносынан үзінді көрсетіледі, және ақын өлеңдері беріледі.
М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!
М.Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен
А.Құнанбаев «Сегізаяқ»
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәћра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ — ойға олақ.
Кино әлемі.
«Отырардың күйреуі»
«Заманай»
«Батыр Баян»
«Сұлтан Бейбарс»
Үйге тапсырма тақырыпты оқу, кесте толтыру
«Сәйкестендір»
Адамның басшысы
Сабыр
Жетекшісі
Халық
Шолушысы
Арман
Қорғаушысы
Ақыл
Сынаушысы
Ар сақтау
Таусылмайтыны
Талап
Ең қымбаттысы
Ой
Бағалау
Кері байланыс.
№1орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:
§ 19 Қоғамның рухани негізі
Сынып: 9А
Өткізген: құқық пәні мұғалімі Таласова К.М
Күні: 10.02.2016ж
Көркем өнер - қоғамдық сананың көркемдік ойлау тәсіліне негізделетін үлкен бір саласы, өмір құбылыстарын бейнелеп көрсету құралы. Шығарм. өнердің сан алуан түрі (сурет, бейнелеу өнерінен бастап, ән, музыка, сәулет өнері, ою-өрнек, өлең, қара сөз) Көркем өнер дүниесіне жатады. Сан салалы жанрда жасалып тұрғанымен, олардың бәрі, айналып келгенде, дүниені эстетик. жолмен, әдеміні сезіну арқасында пайда болған нәрселер. Көркем өнер адамның екінші өмірі, сезім дүниесінің көркем бейнелер арқылы табиғи жаратылыстан тыс өзгеше өмір сүруі. Мүның бәрі, түйсік, түсінік көркемдік ойлау қабілетінен тумак. Дүниені көркемдік жолмен танып, оның бейнесін келтіруге ұмтылу әріден, көне заманнан басталатыны анық. Ауыз әдебиеті туындылары мен тастағы таңбалар осыны дәлелдейді. Көркем өнердің барлық салаларына ортақ сипат дүниені, өмір құбылыстарын жинақтап, типтік дәрежеге көтере, сонымен бірге нақтылы қалпында бейнелеп көрсету болса, әр саладағы бейнелеу құралы, бейнелеу тәсілдері өзінше бөлек болып келетінін айту қажет. Айталық, сурет өнерінде бейнелеу құралы - бояу, түрлі түсті бояулардың мағыналық мол мүмкіндіктері. Ал музыка, ән-күй шығармаларында өмір шындығы дыбыстық әуезділігі, әннің, мелодияның ой-сезімді жеткізудегі мәнділігі арқылы көрінеді. Көркем әдебиетте өмір құбылыстары, ай- тылған ой-сезім сөзбен мүсінделеді, сөздің мағыналық байлығы, өсерлілігі аркылы жеткізіледі. Әрбір өнер саласының өз тілі, өз бейнелеу тәсілдері бар. Сонымен қатар кейбір тәсілдер, жанрлық түрлер бірнеше өнер саласына ортақ болып та келеді. Түгелдей алғанда Көркем өнердің барлық салалары тамырлас, түп негізі бір, қазіргі дәуірде де бір-бірімен жалғаса дамып келеді.[1]
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәћра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ — ойға олақ.