kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауа райы. Ауа райы болжамы ж?не оны? м?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты та?ырыбы:  Ауа райы. Ауа райы болжамы ж?не оны? м?ні

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? ауа райы туралы ал?ан білімін ке?ейту.

Саба?ты? міндеттері:

1. Адам ?мірі мен ауа температурасыны? арасында?ы байланыс жайлы т?сіндіру.

2. Ауаны? ?орша?ан орта?а ?сері мол екенін айтып, ауаны ?ор?ау?а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: жыл мезгілдеріні? суреттері, с?з ж?мба?, ма?ал – м?телдер, халы?ты? болжамдар, тест с?ра?тары.

Саба?ты? ?дісі: С?ра?  - жауап, СТО ?дісі, талдау, жина?тау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауа райы. Ауа райы болжамы ж?не оны? м?ні»

Сабақты тақырыбы: Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауа райы туралы алған білімін кеңейту.


Сабақтың міндеттері:

1. Адам өмірі мен ауа температурасының арасындағы байланыс жайлы түсіндіру.

2. Ауаның қоршаған ортаға әсері мол екенін айтып, ауаны қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреттері, сөз жұмбақ, мақал – мәтелдер, халықтық болжамдар, тест сұрақтары.


Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, СТО әдісі, талдау, жинақтау.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеуі. Психологиялық дайындық.

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Ауа-жердің қорғаны. Ауаны қорғау. (сұрақ - жауап)

Сергіту сәті:

Жаңбыр жауар себелеп,

Тығылады көбелек.

Біз қолшатыр астында.

Би билейміз дөңгелеп.


  1. Жаңа сабақ: 1. Сөз жұмбақ шешу. (Ауа - райы).



К А Р Т А

Т А У

М Ұ Н А Й

К А Р Ь Е Р

Ш А Т Қ А

О Й П А Т

Ж Ы Р А


  1. Жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні.

  2. Жер берінің өте биік жері.

  3. Жанғыш пайдалы қазба.

  4. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру үшін қолданылатың шұңқыр.

  5. Таулар арасын бөліп жатқан аңғар.

  6. Картада қою жасыл түспен берілген.

  7. Судың жер бетін тілімдеп кетуінен не пайда болады?


Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Пікір айт.


Бүгін ашық күн. Күн сәулесі жарқырап тұр. Адамдар да қуанышты, бір-біріне

күлімсіреп сөйлеп жүр. Ауа райының жақсы болғанына бәрі қуанышты.


  • Қалай ойлайсыңдар, осындай ауа райы қандай мамандық иелері үшін қолайлы?


Бүгін бұлтты күн. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Адамдар жылы киінген. Қолына колшатыр ұстап жүр.


- Жаз мезгіліндегі жаңбырдың пайдасын айтындар.


3. Кел, ойланайық !


  • Адамға ауа райын алдын ала білу не үшін қажет?


Мақалдың мағынасын ашу.


Шанаңды жазда сайла.


Жаз жазыларсың, қыс қысыларсың.


4. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтіннің 1 – абзацы бойынша сызба құрастыру.



бұлтты жауын - шашын


Ауа райы


жел ауа температурасы




5. Сарамандық жұмыс (оқулықтағы тапсырма бойынша).


1. Мәтінді жұп болып оқу.

Оқушылар мәтінді бөлікпен оқиды, сонан соң бір-бірімен пікір алмасады, бір- біріне сұрақ қояды, жауап береді.

2. Әңгіме жүргізу.


1. Ауа райын білу кім үшін маңызды?

2. Ауа райын болжаумен қандай қызмет айналысады?

3. Ауа райы адам өмірі мен қоршаған орта үшін қандай маңызға ие?

Халықтық болжамдар:


  1. Көкек қатты, әрі жиі шақырса, күн жылынады.

  2. Жыл құсы қаптап келсе,

Көктем тез шығады.

  1. Масалар шоғырланып ұшса,

Күн жылы болады.

  1. Жауын-шашын болар алдында

Тасбақалар саз жиегіне шыға бастайды.

  1. Қарлығаштар төмен ұшса,

Көп ұзамай жауын жауар.

  1. Түнде жұлдыз жиі көрінсе,

Күндіз ашық болады.

  1. Егер тиін ініне кіріп жатып алса, онда аяз болады.


Хайуанаттардың қарекет-құлықтарына қарай ауа райы құбылыстарын болжау:


  • Қыстыгүні қой қорадан ерте өргізерде шықпай шегіншектеп, маңырап, шулай берсе, ауа райы бұзылады.

  • Қыста түйе ернін жиі жыбырлатып, жылқы оқыранса, көктем ерте туады.

  • Суатқа айдаған қара мал пысқырылып тебінсе, жаңбыр жауады.

  • Сиыр танауын тартып, мойнын жиі-жиі былғақтатып мазаланса дауыл не боран соғады.


Құстар.


  • Құстар көңілдене сайраса-келер күн ашық болады.

  • Құстар үнсіз қалса, күн күркірейді.


3. Мәтіндегі бұлттар жайлы жазылған бөлікті өздігінен оқыту.



IY. Топпен жұмыс.

Дидақтикалық ойын:

Әр топ өздерінің атына сай табиғат құбылыстарын таңдайды.


кемпірқосақ шық ызғар

бұршақ қар қырау

жаңбыр тұман найзағай

қатқақ қар жауу күннің күркіреуі


I топ «Жаз» «Жыл мезгілдері» туралы мақал – мәтелдер айту.

II топ «Күз» «Жауын алдындағы ауа райын бейнелейтін сурет салу, жұмыстарын көрсету.

III топ «Қыс» а) «Ауа райы туралы өлең құрастыру.»

Тірек сөздер: Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көніл күй сөздерін пайдаланып, бес жолдық өлең құрастыру.

б) «Найзағай», «Найзағай алдындағы ауа райының өзгеруі» әңгіме құрастыру.

IV топ «Көктем» Ауа райының өзгерісі туралы жұмбақтар жасыру.

Y. Сабақты қорытындылау: Тест.

1. Су буынан ... пайда болады


○ жауын – шашын ○ жаңбыр ○ бұлт

2. Ауа қабығының төменгі қабатының белгілі бір жерде және белгілі бір уақыттағы жағдайы – бұл ...


○ ауа райы ○ климат ○ атмосфералық қысым

3. Белгілі бір жерде жыл сайын ауа райының қайталануы


○ ауа райы ○ климат ○ атмосфералық қысым

4. Қазақстанның климаты


○ континентальды ○ қоңыржай суық ○ қоңыржай жылы

5. Жауын – шашын .... аз түседі


○ далада ○ шөлде ○ тау мен тау бөктерлерінде

6. Жауын-шашын .... көп түседі


○ далада ○ шөлде ○ тау мен тау бөктерлерінде

YI. Үйге тапсырма беру. «Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні» мәтінін оқып келу. Ауа райын бақылап келу.

YII. Бағалау






Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Белес ауылы

Мектебі: Белес ЖОБМ балабақшасы

Аты-жөні: Кажгалиева Меңсұлу Кеңесқызы

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі

Санаты: жоғары

Еңбек өтілі: 28 жыл.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ауа райы. Ауа райы болжамы ж?не оны? м?ні

Автор: Кажгалиева Ме?с?лу Ке?ес?ызы

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326489


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства