kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақтың мақсаты:өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екендігін түсіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек»

75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: №1 сабақСабақтың тақырыбы:Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрекҚұндылық:АқиқатҚасиеттер:ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық. Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты:Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: -өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті:Жағымды күйге ену,«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!


2.Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

- Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

- Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер?







































Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ -жауап

3. Дәйексөз Абай

«... Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.»

Ақылыңды жүрекке жүгіндір, себебі сүйіспеншілік жүректе, сосын оны жүзеге асыр, яғни іс-әрекет жаса. (сүйіспеншілікпен ойлап іс-әрекет жаса)

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4.Әңгімелеу

Он жетінші қара сөз Абай

  • Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

  • Мәтінде ғылымның «жүрекке билет» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді?Неліктен?

  • Тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» деп ойлайсыздар?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5.Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма:Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырып, сөздердің өзіне сәйкес анықтамасын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Ақыл

2.Ақылды

3.Парасат

4.Парасаттылық

5.Ерік-жігер

А) Білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білу. Сана-сезімі жоғары, білімді, есті адам.

Ә) Адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Шындықты танудың, оны жан-жақты зерттеп, мәнін ашу арқылы байыбына жете ұғынудың ең жоғарғы сатысы.

Б) қылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік пен зерделілік және байыптылық, байсалдылық.

В) Ақылдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. Ақылдың жоғары деңгейі.

Г) Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды

және білуінен байқалатын ішкі қуаты.


2– тапсырма: Төмендегі сөздерді пайдаланып «Парасатты адамның» портретін мінездемесін жазу.

Ар-ұят, ашуланбау, байыптылық, ақылға жеңдіру, сабырлы, салмақты, инабатты, әдепті, сезімтал, парқын білу, пайымды, мейірімді.


3-тапсырма: Төмендегі мәтіндерді оқып, парасаттылыққа қатысты ойларды іріктеп, өмірдегі маңыздылығын дәлелдеп, айтып беріңдер.

  • Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Әл-Фараби


  • Парасат – қараңғыдағы шырақ. Жүсіп Баласағұн


  • Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бәрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек. Федор Достаевский


  • Ұлтты ұйытқылы ететін – ПАРАСАТ. Адамды абзал ететін – ИМАН.

Әбіш Кекілбаев.


Қорытынды: Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат.


























6. Топпен ән айту

Армандастарс. Н.Әлімқұловә. Ә. Бейсеуов

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар - құрдастар.

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда?

Абзал достар қайда?

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда,

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар - құрдастар.


Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме,

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!

Қайдасыңдар, құрдастар?!

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Өздеріңе ұнайтын бір туар тұлғаның суретін алып, сыныпты таныстыр. Ол тұлға жайлы әңгімелеп беру.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.






75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: №2 сабақСабақтың тақырыбы:Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрекҚұндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет ақылдылардың құралы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға, өсек айтпауға шақыру;

Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену,«Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өздері пір тұтатын, бір туар тұлға жайлы әңгімелеп беру.

  • Тұлғаның бойындағы қандай қасиеттер саған ұнайды?

  • Өзіңнің бойыңда сол қасиеттер бар ма?


3. Дәйексөз

«Ақылды адам қателессе, өз басынан көреді.

Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді»(Мақал)

  • Дәйексөзді қалай түсінесің?

  • Айтылған сөздерді, жадыңда сақтап, өміріңе пайдалан.

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Әділ – МарияШәкәрім

... Адам болып жаралған соң өз мінін өзі біліп тұрса, олай болмаған күнде мініңді тауыпайтқанды қауып тұрмай, соны мойындап, түзетуге қам қылса... тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда табасың. Түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің. Кемшіліксіз адам болмайды, оны өзі байқамайтын кез болады, соны айтқанда қателік санап, қалайда түзетуге бағыт алған адамдікі жөн. Ол адамның адамзаттығының биіктігі, ақыл-парасатының молдығы, адамдығының жоғарылығы емей не? Айтылған мініңді мойындай білсең, мініңді айтқанға наразы болып қарсы шықпасаң – сол ақыл. Ол – адамдық қалпыңды сақтауға кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттеріңді өзіңнен аулақтатуға ақылыңның жеткені, мінезділік. Егер мініңді өзің таппай, оны айтқан адамды жек көріп, ашу-ызаға берілсең, ерегіске түссең, онда болмағаны.

  • «Тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің» деген ойды қалай түсінесің?

  • Автордың «Өз мініңді мойындап, оны түзеуге талпыну» деп айтқан ойы адамға қандай игіліктер сыйлайды деп ойлайсыңдар?

  • Шәкәрімнің айтқан ақылынан парасаттылыққа тән қасиеттерді іріктеп алып, айтып беріңдер.

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: «Асар»тобын құрып, көзге түсу үшін емес, айналаңдағы адамдарға риясыз қуаныш сыйлап, пайда келтіру үшін жұмыс деп тауып және ұзақ мерзімді жобаны түзу.


Қорытынды: Парасатты адам ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады. Әрбір істе көрегенділік пен зерделілік, байыптылық пен байсалдылық танытып, дұрыс әрекет жасайды. Ешкімге ойймен, сөзбен, іспен қиянат жасамайды. Адамшылық, кісіге пайда келтіру, ел қамын ойлау деген сияқты жақсы ой, таза ниетте болып, айнала қоршаған ортаға риясыз қызмет етеді.





6. Топпен ән айту

Ойлан балам С: Шөмішбай Сариев.

Ә: Кеңес Дүйсекеев.

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді. Қайырмасы:

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары, Ойлан, балам!

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі. Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған

Ойлан, балам, алда үміт, арманың, Ойлан, балам!

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.

Ойлан балам, елің-жерің, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан!

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

1. «Жерұйық» фильмін көру, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеп беру.

2. Келесі сабақ: «Менің ішкі әлемім» тақырыбына эссе жазып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.




75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: №3 сабақСабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлеміҚұндылық:СүйіспеншілікҚасиеттер:адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке толы болса ол адамның жан дүниесі сұлу.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімді болуға, кеңшілік танытуға баулу;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Жерұйық» фильмін көріп, ондағы адамдар мен халықтың бойындағы парасаттылықты тауып, әңгімелеп беру.

2. «Менің ішкі әлемім» тақырыбына эссе жазып келіп, оқу.


3. Дәйексөз

«Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге»

  • Неге ұлдың ұяты әкеге, ал қыздың ұяты шешеге деп айтылады?

  • Сені үйде көбірек кім тәлімге жетелейді? Неліктен?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

« Ұждан » Шәкәрім

  • Ел-жұрт неліктен тыныш ұқтай алмады?

  • Адамдардың Ұжданмен кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі неде?

  • Ұждан адамдарды қаалай дұрыс жолға салды? Олардың ойын, ниетін қалай жақсартты?

  • Ұжданның ниетін түсінбегендер жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді? Неліктен?

  • Адамдар Ұжданға ұялмай дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек екен?

  • Елдегі тыныш өмірдің орнауының себебі неде?

  • Өздерің күнделікті өмірде Ұжданды басшылыққа аласыңдар ма? Қалай?

Мәтінді оқушылар оқып,сұрақ –жауап.

5. Шығармашылық жұмыс

1 – тарсырма: Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла...» деген сөзін басшылыққа алып, төмендегі ролдерді сахналау:

  • Дәнекер (өмірмен байланыстырады);

  • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады);

  • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды);

  • Реттеуші (реттеп отырады);

2-тапсырма: Төмендегі өсиет әңгімені оқып, кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшеліктеріне назар аудару.

.... Бірде бір адам үлкен жаңа үй сатып алады. Оның бақшасында толған жеміс ағаштары. Сәнді үйдің жанында қызғаншақ көршісі болады, ол үнемі жаңадан көшіп келген көршіснің көңілін бұзу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Бірде жаңа үйдің көршісі есігін ашса, бір шелек қоқысты көреді. Оны көршісі әкеліп қойған екен, сонда үй қожайыны шелектегі қоқысты төгіп, оның ішін тазалап жуып, баудан піскен ең үлкен алмаларды шелекке салып, көршіісіне алып келіп, есігін қағады. Ал, көршісі есігін ашып, өзінің шелегі мен алманы көтерген оны көріп, абыржып қалады. Сонда жаңа көрші: «Әркім өзінде бармен бөліседі» - деген екен.


  • Жаңа үй иесінің «Әркім өзінде бармен бөліседі» деген ойын қалай түсінесіңдер?

  • Сен өзіңді үнемі қайсы көршінің кейіпінде көресің? Және солай болуға өзіңді қадағалайсың ба?

3-тапсырма: Өз жан дүниеңнің (яғни, ой, ниет, сөз, іс)жақсаруы үшін не істейсің? Не нәрсе сәтті, не нәрсе сәтсіз болуда? Себебі неде деп ойлайсыңдар? Жан дүниеңді (ой, ниет, сөз, іс) байтып жақсартуға бағытталған істер жөнінде ойлап, жоспар жасаймыз.





6. Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Сөздіктерден «Ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын оқып, түсініп ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып келіңіздер?


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.



75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: № 4 сабақСабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі Құндылық:Ішкі тыныштықҚасиеттер:Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білу, өзін-өзі алдамау; шыдамдылық, байсалдылық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Ішкі әлемнің тыныштығын сақтау көркем мінезділіктің негізі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - Ызақорлық; сараңдық; жалқаулықты қадағалай білуді үйрету;

Дамытушылық: -өзін-өзі алдамауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шыдамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Орманға саяхат».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын оқып, түсініп ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып келу, оқушылар оқиды.


3. Дәйексөз

« Арды ұялтатын іс қылмас» Абай

  • Ар дегеніміз не сен үшін?

  • Өзіңді сыйлайсың ба?

  • Көпшіліктің алдында немесе досыңның алдында ұялған кезің болды ма?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Мәнді сөздер Шәкәрім

  • Мәтіндегі автордың айтып отырған «таза жолы» қандай жол деп ойлайсыңдар?

  • Ол «таза жолға» адамды оның бойындағы қандай қасиеттер жетелейді?

  • Автор мәтінде кімдерді «сезімі ояу, есті жан» дейді? Сеніңше ондай жандар ар-ұжданын басшылыққа ала ма?

  • Ар-ұждан адамды қандай жолдарға бастайды?

  • Өзің өмір жолында нені басшылыққа аласың? Неліктен?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Оқулықтың 21 бетіндегі,Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарын оқып (ой, сөз, істің) ар-ұжданды ұстану жолдарын көрсетіңдер?


2 – тапсырма:«Өзіңнен ұяла жүрсең сені ешкімде ұялта алмайды»тақырыбына эссе жазу.


3 – тапсырма: Жағдаятты шешу:

Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелергетсенетіндерде бар шығар?» - деді.

Бір оқушы орнынан тұрып:

-. Әрине, - деп жауап қайтарады.

-. Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.

-. Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстөлдің үстіне қоя аласыз ба? – деді. Барлығы ойланып қалды...

- Мәтіндегі мұғалімнің сұрағына сіздер қалай түсіндірер едіңдер?

- Адамның ар-ұжданы ылғи ккөзге көріне ме? Оның көріністері нелер деп ойлайсыңдар?





6. Топпен ән айту

Мейірімді көздер – ай! С: Шона Смаханұлы

Жері жоқ шолмаған, Түбіне сыр тұнған,

Ғарышқа самғаған, Жүрекке бұлқынған,

Қыранның көзіндей, Сарқылмас нұр құйған

Қырағы көздер-ай! Тұңғиық көздер-ай!

Сыр сәуле төгілген, Тұп-тұнық бұлақтай,

Даналық көрінген Жайнаған шырақтай,

Елім деп егілген Жаныңның жыршысы –

Ақылды көздер-ай! Мейірімді көздер-ай!

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Аңса жаным» өлеңін жаттап әнімен орындау.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде,

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.



75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: № 5 сабақСабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірде дұрыс әрекет жасау адамның басты қағидасы болып табылатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу;

Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену,«Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Аңса жаным» өлеңін жаттап, әнімен орындау.


3. Дәйексөз

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен

кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» Қаныш Сәтпаев

  • Іс-ірекетте адамгершілікпен кірісу дегеніміз не?

  • Жеңіске жеткендегі жемісіңіз ненің арқасында деп олайсыз?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Жаңылыс пен ақиқаттың есігі Аңыз

  • Мәтінде адам неліктен ақиқатты іздеді деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен Жаңылыс «Оны өзімде іздеп жүр едім»-деді?

  • Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?

  • Өзің ақиқатты қайдан іздейсің?

  • «Ақиқат – адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен?


5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Шәкәрімнің«Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ар-ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын төрт бағытта талқылау:

  • Көзқарас;

  • Себеп;

  • Мысал;

  • Қорытындылау.

2-тасырма: «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазу.


3-тапсырма: Илияс Есенберлиннің мәтінін оқып, өмірдің мәні суреттелген ойлар мен сәттерді табу.

... Адамның бақытты болуы әрқилы, міне біз қала тұрғындары, өмірді үлкен категориялармен шеңберлеп өлшеуге дағдыланғанбыз. Мұз жаратын кеме ойлап шығарсақ, жаратылыстың дүлей күшін ауыздықтасақ, не болмаса атом күшін дұрыс пйдаланар жолын тапсақ, өзімізді зор бақытты санаймыз. Бірақ біздің сол үлкен категорияларымыз, мына сіздің шашыңызға түсіп тұрған күн сәулесімен салыстырғанда не тұрады? Мына сіздің көйлегіңізге жабысқан кішкене шөппен салстырыңызшы? Дүние шексіз, шетсіз кең, бірақ сол кең дүние шын мәнінде қымбаты тек өмір, тіршілік... Сіз ең қымбат жиһазы бар үйге бір шумақ гүл қойсаңыз, бөлме қандай құлпырып кеткенін байқағаныңыз бар ма? Неге солай? Бар болғаны гүлдердің жаны бар, олар біздің айналамыздағы өмірді еске салады. .. Ал жан-жағыңызға қараңызшы. Өзіңіз тұрған осынау тұрған дала қандай сұлу...





6. Топпен ән айту

Аңса жаным Мұқағали Мақатаев

Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,

Орнасын деп жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын,сен-дағы аңса жаным,

Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.

Аңса жаным зарығып, шарша жаным,

Қанша ғұмыр қалса да, қанша амалың.

Мен сағынсам, сен- дағы сағын жаным,

Тек жақсылық адамнан табылғанын.

Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың,

Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.

Болса-дағы көңілім қанша жарым,

Білінбейді солармен шаршағаным.

Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.

Аңса жаным, жабықпай, аңса жаным,

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Жақындарыңмен (ата-әже, әке-анаң, аға-әпке, көрші, туысқандар) «Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта пікірлесіп, өз көзқарасыңмен салыстырып, мұғаліммен кеңесу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.


75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: № 6 сабақ Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: барлығынан жақсыны көру, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу, шыншылдық, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірдің кірпішін ақиқатпен қаласаң алынбайтын қамал болатындығын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - барлығынан жақсыны көріп, жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету ;

Дамытушылық: -өз-өзіне адал болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жақындарыңмен (ата-әже, әке-анаң, аға-әпке, көрші, туысқандар) «Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта пікірлесіп, өз көзқарасыңмен салыстырып, мұғаліммен кеңесіп сыныптастарымен ой бөліседі.


3. Дәйексөз

«Адамның бар өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау»

Қадыр Мырза Әли

  • Адам өмірде өзін-өзі қандай жағдайларда жұбатуы мүмкін, ол оған пайда бере ме? Неліктен?

  • Қандай жағдайда өзін-өзі алдауы мүмкін?

  • Жұбату мен алдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  • Өзіңізді алдап, жұбатқан кезіңіз болды ма?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Айтып несіне әуре боласың... Аңыз

  • Мәтінде неліктен «сөйлейтін сөзіңді үш сүзгіден өткізіңдер» деді?

  • Неліктен бірінші сүзгіш шындық сүзгіші болды деп ойлайсыңдар?

  • «Жақсылық сүзгіші» не үшін керек?

  • Адаммен қарым-қатынаста «керектілік сүзгішінің» не пайдасы бар?

  • Осы үш сүзгішті пайдаланған адамды ақиқатты таныған деуге бола ма? Неліктен?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Нақыл сөздерді оқып, негізгі ойын анықтаңдар. Бүгінгі өмірмен байланыстырып , қорытынды жасау:

  • Өтірік пен шындықтың арасы - төрт-ақ елі. Жиренше



  • ... Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды. Абай



  • Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Әлихан Бөкейханов


  • Бүкіл әлем үлкен шарайна секілді, мен одан өзімнің бейнемдікөрем . Шығыс даналығы

2-тапсырма: Құрбы-құрдастарыңның арасында, мектеп оқушылары арасында «Өмірдің мәні – адамгершілік болса?!» тақырыбында сауалнама жүргіз. Қорытынды жаса.





6. Топпен ән айту

Дуние керуен(Жігіттер тобы)

  1. Өтетін сейілмен,

Ей, дүние базарсың.

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын.

Қайырмасы:Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

  1. Қуаныш, қайғының 3. Амал қыл фәниде,

Бәрі де бітеді. Иманның жолында.

Бұл дүние таусылса, Бәрі де, бәрі де,

Шын дүние күтеді. Алланың қолында.

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өмірі мәнді» деп ойлайтын адамдарың жайлы альбом, буклет жасап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.



75 мектеп гимназиясы Мерзімі: № 7-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам бақыты Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғдың бақыт жолындағы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - өмір бақытының кілті Кішіпейіл, кешірімдіде екндігін үйрету;

Дамытушылық: - өмірде риясыз қызмет етуге, бақыт сыйлай білуге баулу;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмірі мәнді» деп ойлайтын адамдар жайлы альбом, буклет жасап , онымен сыныптастарын таныстыру.

Музыка қойылады


Үй тапсырма сын тексеру

3.Дәйексөз

«Жаны мейірімге толы адам – бақытты» Пифагор

  • Жаны мейірімге толы адамның бойында қандай қасиеттер бар?

  • Мейірімділікті қандай іс-әрекеттермен көрсете аласың?

  • Бақыт дегеніміз не?


Оқушылар

пікірлерін білдіреді.

4.Әңгімелеу

«Адам қалай ойлайды?» Джеймс Аллен

  • «Адамның қол жеткізген жетістіктері – өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • «Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады» деген оймен келісесіңдер ме?Неліктен?


Сұрақ –жауап(пікірталас)



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Бақыт ұғымына берілген анықтамаларды оқып, шынайы бақыттың анықтамасын тап. Себебін түсіндір.

  • Бақыт деген – үш игіліктің бірдей толық болуы: бірінші – жанның, екінші – тәннің (денсаулық, күштің) , үшінші – сыртқы игіліктің (барлықтың) т.с.с. \Аристотель\

  • Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. \Әл-Фараби\/келісемін/

  • Бақытты өмір сүру – қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар, табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы.

2-тапсырма: Жағдаят шешу.

Атасы немересіне:

... Егер адам бақытты өзі үшін іздесе, бақыт жақындаудың орнына қашады. Ал оны өзгелер үшін іздесе, онда ол адамды өзі табады...

... Білгенге қолындағы барына қанағат ете білетін адам, шын бақытты адам.

.... Балам, алудан гөрі беруге көбірек ниет ететін кісі бақытты. Олар «Бер» дегеннен гөрі «Беремін» дегенді көбірек ойлайды және жасайды. Ондай адамдар қайырымы мен жәрдемін байқатпай істейді және міндет етпейді - деді.

  • Өздерің бақытты қайдан іздейсіңдер?

Қортынды:Кімде-кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілін шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты.


6. Топпен ән айту Ә:Ш.Қалдаяқов

Бақыт құшағындаС: Т.Молдағалиев

Көзіңнен бір ұшқын Көктемнің бұлбұлы
Ұшты ма білмедім Кеудеме қонады
Әйтеуір нұр құштым Құшаққа қыр гүлі
Әйтеуір гүлдедім Толғандай болады
Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауын, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген Жанарың ұшқыны
Жырмысың армандай Жүректе жанады
Бір бақыт көрінген Қолыңның ыстығы
Жақындап қалғандай Қолымда қалады

Мен бүгін бұлақпын Сүйемін мен күнді
Ілгері жүгірген Көңілді жалынды
Бір нәзік шуақпын Сен биле еркімді
Жаныңа үнілген Әлдиле жанымды


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Мен досыммен мақтанамын» эссе жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Бүгінгі саба ққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс









Жаркент орта мектебі Мерзімі: № 8-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам бақыты Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу,әділеттілік.Пән мұғалімі: Мамунова Рушангуль Сыныбы:7 «б»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты:Дұрыс ой, сөз, дұрыс іс-әрекет жасағанда бақыт құшағына бөленетінін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өзіне - өзі сенімді бола білуге үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста әдепті болуға шақыру;

Тәрбиелік: - іс-әрекетте ұқыптылыққа, доспен қарым-қатынаста әділетті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Су астына саяхат» шығамыз.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Келесі сабақ: «Мен досыммен мақтанамын» эссе жазу.

  • Достық деген не? Ол туралы не білесің?

  • Адамдар арасындағы достық қарыс–қатынас не үшін қажет?

  • Достасу неден басталады?

Музыка қойылады


Үй тапсырмасын

тексеру

3.Дәйексөз

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі-бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

1. «Жүрегі таза адам» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Жалпыға бірдей жақсылық тілейсіңдер ма?

Оқушылар

пікірлерін білдіреді.

4.Әңгімелеу

«Бақыт дегеніміз» Бауыржан Момышұлы


  • Автордың бақыт туралы ой-тұжырымымен келісесің бе? Неліктен?

  • «Ар-намысты қорғау – бақыттың шыңы» деген ойын қалай түсінесің?

  • Өзің үшін бақыт деген не?

  • Өз бақытыңды немен байланыстырасың?

  • Адам бақытты болу үшін бойында қандай қасиеттер болуы керек?


Сұрақ –жауап(пікірталас)








5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып , есте сақтап алу:

  • Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады.

  • Сөздерің тек оң болсын, өйкені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.

  • Әрекеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әрекеттеріңіз – әдетіңіз болады.

  • Әдетіңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.

  • Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

2-тапсырма: Берілген сөз тізбекті дұрыс шешшеңіз бақыт туралы мақал шығады.

  1. Жұмыс, қызмет, іс – 1,2,3,4,5.

  2. Жалғаулық шылау – 6,7,8.

  3. Қуаныш, шаттық – 9,10,11,12,13.

  4. Бірінен-бірін бөліп алуға болмайтын, тығыз байланысты – 14,15,16,17.

1

2

3

4

5


6

7

8


9

10

11

12

13


14

15

16

17

.























Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

1-тест: Парасатты адам:

А) Ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ақиқатқа талпынады.

Ә) Қоғамға қызмет етеді.

Б) Айнала қоршаған ортамен ортақ тіл табыса алады.


2-тест: «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкімде ұялта алмайды» деген ойға сенің көз қарасың.

А) Дұрыс айтады, әркімнің ар-ұжданы, ұяты оның бағдаршамы, көзге көрінбейтін жол бастаушысы тәрізді.

Ә) Мені ешкім бақылап жүрген жоқ қой. Адамдар менің мінімді байқамайды деп ойлаймын.

Б) Өзімнен не үшін ұялуым керек?


3-тест: Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойына сенің көзқарасың?

А) Ақиқат көзге көрінбейді, сондықтан мен үшін оның өлшеуіші жоқ.

Ә) Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген, естіген нәрсені дәл жеткізу. Нағыз шындық - ол Ар-ұждан.

Б) Зиянсыз өтіріктерді айтқанда тұрған не бар.


4-тест: Шынайы бақытты адам.

А) Дәулетке кенелу, рахатқа бөлену.

Ә) Парасатты, алдына ізгі мақсат қойып, мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде игілікке бағыттап отыру.

Б) Табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы.

























6. ТІздедім сеніӘ: М.Маңғытаев

Іздедім сені С:Н.Шакенов

Іздедім сені бімедім сені
Қайдасың қалқам қай жақта
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап
Кез болып маған бейуақта
Жаныммен құлап қалдың-ау ұнап
Кез болып маған бейуақта
Өкініш көміп барады сөніп
Үміттің шоғы азайып
Өңім бе екен түсім бе екен
Қапыда көрген ғажайып
Өңім бе екен түсім бе екен
Қапыда көрген ғажайып
Көлеңкең көлбеп көрінсе сен боп
Қуаныш етер мен пенде
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке
Суретің қалсын кеудемде
Жалт етші дәтке бір ғана сәтке
Суретің қалсын кеудемдеоппен ән айту


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жаттап келу


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Бүгін сабақ қа белсене қатысып,

сыр бөліскені үшін алғыс











Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Тексерілді:

Мектеп:Жаркент Мерзімі: 08.11.2019ж № 9-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Өзіне - өзі сенімді болу,әділеттілік, ұқыптылық,әдепті болу. Пән мұғалімі:Мамунова Р.Ю

Сыныбы:7 «б»


Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Абыройлы болу үшін дұрыс әрекет құндылығының мағынасы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - өзіне - өзі сенімді болуға үйрету

Дамытушылық: - қоғамда әділетті болуға баулу;

Тәрбиелік: - Қарым-қатынаста ұқыпты болуға, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Қадыр Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жатқа айту.

Музыка қойылады


Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз

«Абырой – ар еңбегі» қазақ мақалы

  • Дәйексөзді қалай түсінесің?

  • Абырой дегеніміз не?

  • Ар деп нені түсінесің?


4.Әңгімелеу

Адам не үшін өмір сүреді

Мамытбек Қалдыбай

  • Момышұлы сұраққа қалай жауап берді?

  • Момышұлының «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы» деп жауап беруінің себебі неде?

  • Момышұлының өмір сүрудің мәнін ар-намыспен байланыстыруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің үшін өмірдің мәні неде? Оны немен байланыс -тырар едіңдер?

  • Азамат болу – абыройлы болу ма? Неліктен?


Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақал-мәтелді оқып, талдап, абыройдың анықтамасын шығарыңдар?

  • Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде, ар шапаны сөгілмейді.

  • Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.

  • Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кетірер.

  • Адмгершілік абырой әпереді.

  • Абыройды жасыңнан сақта.

2-тапсырма:Төмендегі ой-тұжырымды оқып, абырой туралы өз қорытыңды жаз.

... Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді әзір көре қоймадық.Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйнің сорпа – суаны мол дәулетті кісіге бітетін көрінеді?!


6. Топпен ән айту(мәнерлеп оқу)

«Адам» Тұманбай Молдағалиев

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік,

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын..


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 42 беттегі Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарын басшылыққа алып, «Абыройлы болу – парызың» тақырыбына эссе жазып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту.









75 мектеп гимназиясы Мерзімі: № 10-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам абыройы Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), ақжарқындылық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Ар-ұжданмен өмір сүру, өмірде күресе білу абройын сақтаған адам, айналасына қиянат жасамайтынды ғын түсіндіру

Міндеттері:

Білімділік: - қоғам меншігін қамқорлауға үйрету;

Дамытушылық: - қоршаған ортаны қорғауды міндетім деп түсінуге баулу;

Тәрбиелік: - толеранттылыққа (кеңпейілділікке), ақжарқын -дылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Абыройлы болу – парызың» тақырыбына эссе жазып келу.

Музыка қойылады


Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз




4.Әңгімелеу

Кішіпейілділік Жұбан Молдағалиев

  • Кішіпейіл болмай кемеңгерлік жоқ дегенді қалай түсінесіңдер? Оның адамның абыройымен қандай қатысы бар?

  • Мәтінде Мұхтар Әуезовтың бойынан қандай асыл құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңдар?

  • Өмірде адамды абыройлы ететін не деп ойлайсыңдар?


Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:«Абыройлы бол!», «Абыройыңнан айрылма!» деген бата-тілектерінің айтылу себептерін тауып жазыңдар.


2-тапсырма: Берілген сөзтізбекті дұрыс шешсеңдер (саб...) дәйексөзі шығады.

  1. Қадір, жақсы атақ – 1,2,3,4,5,6.

  2. Намыс, ұят,адамгершілік – 7,8.

  3. «Еңбек» сөзінің 3-жақтағы тәуелді формасы – 9,10,11,12,13,14.

1

2

3

4

5

6

-

7

8


9

10

11

12

13

14

.



















3-тапсырма: «Ақылды егінші» мәтінін оқып, егіншіні абройлы етіп тұрған жақсы қасиеттерді тауып жазамыз.


Қорытынды: ... Өзінің адам деген атына, ар-ұяты мен адамгершілігіне сай әрекет етіп, айнала қоршаған ортасына ойымен, сөзімен, ісімен ешқандай қиянат жасамаған, келтіірмеген адам – абыройлы болады.














6. Топпен ән айту

Жан әке

Кезіңжоқмейірленіп тілқатпаған,

Сөзіңжоқөнегесінтыңдатпаған.

Осынаудөңгеленгендүниеде,

Жан әкекім бар сендейқымбатмаған.

Қайырмасы

Пейілің егіз даламмен,

Мейірім ыстық жаныңнан.

Неліктен түстім саған мен,

Еліктей балғын шағымнан.

Шыңның да шырқау көңіл құшадәмін,

Шыңға да кейсәттер де түсседарын.

Сүрініпкетпес үшінәкесонда ,

Сеніңөзболмысыңнанкүшаламын

Қайырмасы

Көңілің көрік сыйлап гүлбағына,

Өмірдің қанықтырдың сырларына.

Мен әкеқуанамын бар жаныммен,

Өзіңніңперзентіңбоптуғаныма.

Қайырмасы

Алтынғабалаптұлғаңды,

Артыңдақаларізіңмін.

Қызығынкөріпжүрмәңгі,

Өсіргенұл мен қызыңның.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Мен жауапкершілікті баламын» тақырыбына эссе жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту.





Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: №11 сабақСабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, отбасындағы, мектептегі парызын орындау, ұқыптылық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Әрбір сөзінде, ісінде жауапкершілікті сезіне білуді дұрыс әрекет құндылығымен жасағанда нәтижелі болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өміріне жауапкершілікпен қарай отырып басқа- лар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындау әрбір оқушы міндетім деп тануға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - ұқыптылық пен жауапкершілік егіз деп танып, тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп ,Талап

Тыныштық,Тазалық, Татулық

Тыныштық сәті: «Су патшалығына ойша саяхат»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен жауапкершілікті баламын» тақырыбына эссе жазып оқу

  • Жауапкершілік дегеніміз не?

  • Жауапкершілік қандай құндылықтарға жетелейді?

Музыка қойылады




Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.» Альфред Адлер

  • Жан дүниесіне үңілу дегенді қалай түсінесің?

Дәйексөз- ге пікірле рін білді реді.

4.Әңгімелеу

Жауапкершілік жүгі (өсиет әңгіме)

  • Ханзаданың өмірден түңілуінің себебін қалай түсінесіңдер?

  • Әкесінің жүрегі не үшін ауырды деп ойлайсыңдар?

  • Ғұлама қой бағып жүргенде қандай сабақ алды?

  • Ғұлама ханға кеңесті қалай берді?

  • Адамның жауапкершілігі неліктен оның алға қойған мақсатымен, ой-ниетімен байланысты болады?

  • Жауапкершілікті сезінген адамдар қалай өмір сүреді деп ойлайсыздар?

  • Өздеріңнің қандай жауапкершіліктерің бар, оны қалай атқарудасыңдар?


Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:Отбасыңның, сыныптастарыңның алдындағы жауапкершіліктерің туралы жазыңдар.



6. Топпен ән айту

Кешікпей келем деп ең әні: Ш.Қалдаяқов,

сөзі :М.Шаханов

Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың , арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


Қайтемін кінәләп бұған сені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет

бейнеклипМұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Жауапкершілікті адал атқару әрбір адамның міндеті ме?» тақырыбында сауалнама жүргізу. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазу.

Күнделіктеріне белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: №12 сабақСабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі Құндылық: Ақиқат Қасиеттер:ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық, шыншылдық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жауапкершілікті сезініп ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі жауаптылықты нығайтатындығын ұқтыру;

Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: - Шыншылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті:Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жауапкершілікті адал атқару әрбір адамның міндеті ме?» тақырыбында сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижесі бойынша қорытындысын жазып, оқу.

Музыка қойылады



3.Дәйексөз

«Жауапкершілікті сезінуден жан атаулы биіктейді»

Стафан Цвейг

  • Жауапкершілікті сезіну дегеніміз не?

  • Жанның биіктеуі дегенді қалай түсінесің?

  • Өзіңе жүктелген тапсырмаларды қалай атқарасың?

Дәйексөз

мағынасын ашу,оқушы өз пікірін білдіреді.

4.Әңгімелеу

Нағыз ұстаз (аңыз)

  • Ұстаздың бойында қандай жауапкершілікті байқадыңдар?

  • Неліктен дәрігерлердің ескертулеріне құлақ тікпеген бала ұстаздың кеңесін үлкен сеніммен қабылдады?

  • Анасы неге ұстазды бірден түсіне алмады?

  • Өзің орындай алмағаныңды неліктен басқаға орындауға кеңес бермеу керек?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаятты шешу;

Атасынан немересі:

... Адам бақытты болып, армандаған мақсат-мұратына жету үшін не істеу керек ? – деп сұрады.

Атасы: Әрқашан , қай жерде болмасынойыңа, ниетіңе, ісіңе, сөзіңе жауапкершілікпен қара, - деді сабырлы кейіппен.

Емересі: ... Сонда бақытқа жетудің жолы осы- ақ па ? – деді.

Әрине, балам. Жауапкершілік – өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарау. Ондай адам ешкімге ойымен, сөзімен, ісімен қиянат жасамайды. Барлығына байыппен қарайды. Ал жауапсыздық – неге болса да немқұрайды қаратып, ұятқа қалдырады, - деп жауап берді атасы.

  • Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің адам бақытын жауапкершілікпен байланыста қарай аласыңдар ма?

2-тапсырма: Адамның өз жауапкершілігінен туындайтын жақсы қасиеттерді, ігі істерді жазыңдар:

3-тапсырма: Аңызды оқып, ондағы ананың жауапкершілігін қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?, кестеге жазамыз.

Кейіпкер

Портреті

Менің ойым

Ана



Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі: - Мына бишараның көрпе – жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.

... Баланың бесігі – кең дүниенің есігі! – депті сонда ақылгөй Төле би.

Жағдаяттарды сахналау

6. Топпен ән айту

Сәби болғым келедіӘ: Т.Рахимов

С:М.Мақатаев

Құс та болғым келмейді қанатым бар Қанатым бар күмістен жаратылған Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған
Тар бесігі кең жаһан тарылмаған
Біреуге бар біреуге табылмаған Сәби болғым келед-ау сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған
Сәби болғым келеді-ay сәби болғым
Ана сүті аузынан арылмаған От та болғым келмейді жылуым бар
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда Қанат қағып өмірге ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында
Сәби болғым келеді-ау, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

1. 50 беттегі Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ауылым әнім» өлең жолдарын жаттап келу.

Келесі сабақ: «Менің тәртібім, адамгершілікпен өрілген» тақырыбына эссе жазып келу.

Үй тапсырмасын күнделікке белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс айту.




75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: № 13-сабақ Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу, отбасындағы,мектептегі парызын орындау . Пән мұғалімі: Сыныбы:7 «а,ә,б,в» Саны:25

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары,ата-баба дәстүрі,ұрпақтар парызы екендігі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - отбасындағы,мектептегі парызын орындау туралы білім беру;

Дамытушылық: - өзіне - өзі сенімді болуды баліс-әрекетінде дамыту;

Тәрбиелік: - ұқыптылыққа, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті:«Нұрға бөлену».

2.Үй тапсырмасын тексеру.

А) Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ауылым әнім»өлеңін жатқа айту..

Ә)«Менің тәртібім, адамгершілікпен өрілген» тақырыбына жазылған эсселерін оқып беру..


3.Дәйексөз

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»

Бауыржан Момышұлы.

  • Бағыну дегенді қалай түсінесің?

  • Сен өзіңді тәртіптімін деп ойлайсың ба?

  • Мектептеріңдегі тәртіп ережесін білесің бе? Айтып берші.

Дәйексөздің мағынасын ашу,оқушылар

өз пікірлерін білдіреді.

4.Әңгімелеу

«Шектен шықпа» Мырзакелді Кемел

  • Адам шектен шықпау үшін оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады? Шектен шықпау деген тәртіптілік пе?

  • Шектен шықпай тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың?

Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма :Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап, дәлелдеңдер:

  • Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң.

  • Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы.

  • Тәртіп – бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы.

  • Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап.

  • Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал.


2-тапсырма: Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар.

Қорытындылау: ... Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы : «Тәртіпке бағынған құл болмайды», - деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Тәртіп әр адамның ішкі мәдениетін, ой-өрісін көрсетеді. Тәртіпті адам ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейді. Орынсыз ашуға бой алдырмайды. Тәртібі жақсы адам, адамгершілігіне қылау түсірмей, парыызын абыроймен атқарады.




6.топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарамаТыңд,а досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден өтті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама Дәулетіңе тұрсаң- дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама, Шақша басың айналса да бақыттан.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да өз жасың.


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 55 беттегі 5 тапсырма, сөзжұмбақты шешіп келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сыр

бөліскені үшін алғыс айту.







75 мектеп гимназиясы Мерзімі: № 14-сабақ Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталадыҚұндылық: СүйіспеншілікҚасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, кешірімшіл болу, шынайылық, жанашырлық.Пән мұғалімі:Сыныбы:7«а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Тәрбиенісүйіспеншілікпен қабылдау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыры

лады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті:«Су патшалығына ойша саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақтың жауабы:

Музыка қойылады



  1. Дәйексөз

« »


  1. Әңгімелеу

«Ғылымдағы ғұмыр» Әбдуәли Қайдар

  • Автордың өмірдің мәні жайлы түсінігін қалай түсіндіресіңдер?

  • «Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы неде?

  • Автор парыздың қандай түрлерін айтады?

  • Парыз дегенімізне? Ол адамға не үшін керек? Оны қалай орындау қажет?

  • Өздерің парыздарыңды қалай өтеп жүрсіңдер?

  • Парызды өтеудің ерте кеші бар ма? Неліктен?


Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Аңыз;

Данышпан бір күні түнде халқының, елінің қамымен бір іспен шұғылданып отырады. Сол кезде біреу жеке басының ісімен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Ол шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ Омардан: «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап отырып біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?» - деп сұрайды.

Данышпан: «Сөндірген май шам - мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым», - деп жауап береді.





Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Менің ойым

Данышпан



Қонақ




Қорытынды: Бауыржан Момышұлы – Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.

Парыздан күшті күш жоқ. Парыз арман мен даңқ асқары.

Парыздан қатал сот жоқ. Парыз – адал берілгендік тамыры.

Парыздан қорқыныштыжазажоқ. Парыз – ержүректік рухы.

Парыздан жарқын жарық жоқ. Парыз – қаҺармандық жүрегі.

Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ. Парыз – ұлттың іргетасы.

Парыз – жан рухы, жүректің жүрегі. Парыз – намыс күзетшісі.


6. Топпен ән айту

Ерлікке шақыру Мұхтар Шаханов

Міне саған ойланатын келді күн, Азамат боп атқа міндің сен бүгін Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің.

Бозбала. Қанатыңды талдырма,

Алай-дүлей жаңбырда.

Тізгініңді беріп қойма тағдырға.

Қуанышым.

Жан тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін.

Сүйе алмағаның үшін.

Табиғаттың алдында кінәлісің.

Қорға жаным сеніміңді жеруден.

Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.

Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым

Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.

Болашағың алдыңда әлі бүлдіршін

Ер жігіттің намысына бұл бір сын.

Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді

Ертең мүмкін кеш бола ма кім білсін.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Туған ел» өлеңін жаттап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сыр бөліскені үшін алғыс айту.



75 мектеп гимназиясы Мерзімі: № 15-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қоғамға қызмет ету Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, отбасындағы, мектептегі міндетін орындау. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7«а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Қоғамға қызмет етудегі дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі міндетін орындауға ықпал ету;.

Тәрбиелік: - өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер, қалам, түрлі- түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»


2. Үй тапсырмасын тексеру.


Музыка қойылады


Тыныштық сәті



3.Дәйексөз

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,

ел үшін өзім не істей аламын деп сұра» Джон Кеннеди


  • Елдің саған берері не деп ойлайсың?

  • Елің үшін сен не жасай аласың?


4. Әңгімелеу:

Кезек сенікі, келер ұрпақ...Ыбырай Жақаев

  • Жақаевтің өсиет әңгімесінен не ұқтың?

  • «Әлемдегі ең асыл не? Деп сұраса қалай жауап берер едің?

  • Қарт диқан қоғамға қалай қызмет етті?

  • Ал бізге қалай қызмет етуді аманаттайды?

  • «Бір үйлі жанбыз, бір-бірімізге қонақпыз деген ойды қалай түсінеміз?

  • Мәтіндегі алты қасиетті атап шық?

  • Жақаевтің айтқан алты қасиеті адам бойында болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Сұрақ –жауап(пікірталас)

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Кестедегі сөздер мен аанықтамаларды оқып, сәйкесін тап:

Ұғым

Анықтамалар

1.Азаматтық.


2. Азамат


3.Адамгершілік


4. Кісілік


5. Саналылық

А) Ақылдылық, ойлылық адамға ғана тән қасиет.

Ә) Адамдарға деген іізгі ниет, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.

Б) Адамның тұлғалық жақсы қасиеттерін танытатын ұғым.

В) Адамгершілігі бар парасатты адам.

Г) Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет,парызын адал орындау.


2-тапсырма: Мәтінді оқып, Отан сүю, оған қызмет етуге қатысты адами қасиеттерді теріп жазып, өз қорытындыңды шығар.

... Ешкім азамат болып тумайды. Басында бұлағы бар ұзақ ағатын өзен сияқты, өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап – адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ер жеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді. Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық – бауырмалдық. Азаматтықтың, батырлықтың бір негізі осы бауырмалдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады. Ал Отанды сүю үйішіңнен, отбасынан өседі. Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлап құрметтеген адам халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген – ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.....



6.топпен ән айту

Жігерлендіру Мұхтар Шаханов



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Отан, ел туралы мақал-мәтелдер жазып, түсініп келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

.







75 мектеп гимназия Мерзімі: № 16-сабақСабақтың тақырыбы: Қоғамға қызмет етуҚұндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер:Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғауПән мұғалімі:Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Қоғам азаматы ретінде еліне, жеріне қиянат жасамау әр бір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - Мәдени мұраны құрметтеугеүйрету;

Дамытушылық: -қоғам меншігін қамқорлау ға баулу;

Тәрбиелік: - қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сәлемдесусабақтың мақсаты міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Отан , ел туралы мақал-мәтел жазып, түсіндіру мағынасын.

Музыка қойылады


Үй тапсырмасын тексеру.

3.Дәйексөз



4. Әңгімелеу:

Жас ұрпаққа айтар сөз Бауыржан Момышұлы

  • Автор азаматтықты, саналылықты неліктен елдікпен салыстыра қарайды?

  • Автордың отаншылдықты, ерлікті айтқанда «сабыр» мен «төзімді» жоғары бағалауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Отанға қызмет ету, өз азаматтығымызды көрсету деген не?

  • Өздерің Отан үшін, ел үшін қандай азаматтық танытып жүрсіңдер?

Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

2-тапсырма: Жағдаят шешу;


Ойларын ортаға салу.

6.Топпен ән айту

Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, Қазағым, бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені -
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.


7.Үй тапсырмасы.


Үй тапсыр маларын белгілеп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысып,

сыр бөліс кені үшін алғысайту.


Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.18 ж. № 17 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас жарастығы Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: білім іздеу, өз өзіне адал болу, бәрін жақсы көру. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрете отырып ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беріп өзіне адал болуға үйрету;

Дамытушылық: - бәрін жақсы көруге баулу;

Тәрбиелік: - қоршаған ортамен саналы қарым- қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Сәлемдесу,

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыр

ылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтау, Талап.

Тыныштық сәті:Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру

Музыка қойылады


Тыныштық сәті


3. Дәйексөз

«Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді,

Ой санасы әдемі адам өмірдің рахатын көреді»

  • Назары әдемі деп нені айтып тұр?

  • Ой санасы әдемі адам қандай адам?

  • Рахатын көру деген не?

Дәйексөзді талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелесу Әділ – Мария Шәкәрім

- Автор неліктен адамдардың тату, тыныш өмір сүруінің негізін «адал еңбек», «ақ жүрек», «арлы ақылдан» іздейді?

- Автордың мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адал дықтың тек қана ақ жүректен шығады деуінің себебі неде?

- Бұл қасиеттердің адами қарым-қатынаста алатын орны қандай? Оларсыз жақсы қарым-қатынас орнату мүмкін бе? Неліктен?

- Автор мәтінде арлы, ақылды адамды қалай сипаттайды?

- Қандай қасиетттері бар адам қарым-қатынаста келеңсіз жағдайларға барады?

- Адамға жағымсыз қасиеттерден арылу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаяттарды өз ойыңмен жалғастырыңдар.

Данияр сабақтан асығып-аптығып, үйге сөйлей кірді.

- Ата, осы неге мені Азамат түсінбейді? Не айтсам да? Не істесем де дұрыс емес деп, Арманды жақтайды, оны ақкөңіл дейді. Неге?

Атасы: «Балам адал ниет адамның мінез-құлқынан, іс-әрекетінен көрініп тұрады. Адамдарды бір-бірінен сол ізгі, таза ниеттері біріктіріп, байланыстырады.

Адамдарға деген көңілі таза, пейілі ақ, ниеті түзу, адал адамды ақниет, ақкөңіл дейді. Демек, Арман сондай адам болғаны ғой.

Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуы үшін алдымен ниетіңді, пейіліңді түзетуің керек. Жүрегі басқаларға деген сүйіспеншілікке толы, ниеті түзу адам олардан да дәл сондай сүйіспеншілікті, таза ниетті қабылдайды. Ақ ниет ылғи да жақсылыққа бастайды», - деді.

Данияр ойланып қалды. (жалғастыр....)

2-тапсырма: Төмендегі Шәкәрімнің өлең жолдарын басшы- лыққа алып, адами қарым-қатынас жасаудың ережесін құрастырыңдар.

... «Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,

«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет»

Түп қазығы – «Ақ ниет».

Қорытынды: Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзіндік көзқарасынан, сенімінен, дүние танымынан, басқа адамдармен қарым-қатынасынан, ең бастысы – оның әрекетінен көрінеді. Адам қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның жан дүниесі рухани бай болуы керек. Яғни күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау, көңілге келетін сөз айтпау, жағымсыз мінез көрсетпеу – ол ішкі әлемнің көрінісі.

Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның жан дүниесіне, ниетіне байланысты.



6.топпен ән айтуС: Сағи Жиенбаев Ә: Ш.Қалдаяқов.

Достарқұшағында

Қасымда бүгін достарым менің, Келеді көктем, келеді жаздар

Құшағым толы қырмызы гүлдер. Қырларға балғын гүлдерін алып.

Толқиды жаным, аспаным кеңіп, Тұрады сәуле көңілде маздап,

Арйлы таңдар, қызықты күндер. Жатса да зулап күндерім ағып.

Қ – сы: Кел, жан-достарым, Аспаным нұрын төгеді көктен,

Мен бір ән бастадым. Күтеді қызық таңдарым алда.

Шырқайық желпіндіріп тау асқарын. Құшағы жалын, көңілі көктем –

Өздерің барда,арманым бар ма?!

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 72 беттегі 4-тапсырмадағы кейіпкерлерді сахналап сомдап келу.

  • Ылғи да бірінші болғысы келетін оқушы;

  • Қарым-қатынаста пайда іздейтін оқушы;

Күнделіктеріне белгілеу.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат , ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақитқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.













Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.18 ж. № 18 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынатс жарастығы Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Кешірімшіл болу, татулық, отбасындағы сүйіспеншілік Пән мұғалімі: Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: адами қарым-қатынастаалатын орны туралы түсініктер беру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірдің мәні кешірімді болуда екендігін үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті айналаңдағы қарым-қатынаста көрсете білуге ықпал ету;

Тәрбиелік: - татулыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сәлемде су,түгел

Деу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Орманға саяхат»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

72 беттегі 4-тапсырмадағы кейіпкерлерді сахналап сомдау.

  • Ылғи да бірінші болғысы келетін оқушы;

  • Қарым-қатынаста пайда іздейтін оқушы;

Музыка қойыладТыныштық сәті (топқа бөліну)

3. Дәйексөз

«Жақсылық көсең біреуден, мен қандаймын деп ойла...

Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын деп ойла...»

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.

  • Жақсылық деген не?

  • Жамандық деген не?


Сұрақ -жауап

4. Әңгімелесу

Әйнектің сынығы М.Құрманалин

  • Жол үстінде әйгектің сынықтары неліктен көп болды деп ойлайсыңдар?

  • Атасы «Кейде қауіп- қатерді өзімізге қолдан жасайтынымыз жаман..» - дегенде нені айтқысы келді? Мысал келтір.

  • Өзгеге қамқорлық, адамға жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?Бұл не үшін қажет?

  • Баубек неліктен ойланып қалды? Оған кім, не әсер етті?

  • Өзің күнделікті өмірде біреуге қамқорлық жасап, жанашырлық танытасың ба? Қалай? Нақты мысалмен айт.


Сұрақ –жауап

(пікірталас)

5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: Төмендегі өлең үзіндісінен адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектесетін қасиеттерді іріктеп, түсіндіріңдер.

Құтты білек Ж.Баласағұни

... Шыншыл болсын, көңіл, тілің, қылығың,

Дүние, дәулет келер, берер шырынын!

Көңіл таза – деніңнің сау болғаны,

Денің сау ма – көңілің тау болғаны!

Бауырмалдық, сақтық керек, сергектік,

Мың түрлі іске ояу, зерек ер жетпектік.

2-тапсырма:

«Қарым-қатынас адамның жан дүниесіне байланысты» деген ойды басшылыққа алып, сахналау.

  • Жақсы, мейірімді оқушы;

  • Барлығын жақсы көретін оқушы.

3-тапсырма: Ә.Қастеевтің «Бие сауу» туындысына қарап, жарастық пен сұлулық туралы әңгімелеп беру.


Буклет жасап қорғау.

6. Топпен ән айту

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

(бейне клип)

Мұғалім әнді оқу шылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазып келу.


Күнделікке белгі леп алу.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік,сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сыр бөліс кені үшін алғыс айту.









Өзін-өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .01.18 ж. № 19 –сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әділеттіліk. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты:

Отбасы ынтымағы, бірлігі, оның отбасындағы жақсы қасиет- терден екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламау отбасы берекесін кіргізетінін түсіндіріп, үйрету;

Дамытушылық: - отбасы үлкендерін құрметтеу, ардақтау өз-өзіне сенімді сезімдерін дамыту,

Тәрбиелік: - отбасында әділетті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу, түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Су патшалығына ойша саяхат


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің отбасым» тақырыбына эссе жазып , оны оқу.

Музыка қойылады




Үй тапсыр масын оқу

3. Дәйексөз

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туыстарына деген сүйіспеншілікпен байланысты.» Нұрсұлтан Назарбаев

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.

Дәйексөзді талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелеу:

Атасы мен әжесі Ж.Аязбекова

- «Осынау бір түп - тамыры дана дәстүр, ата-бала-немере секілді ұрпақтың үш тармағын берік етіп бекітіп тастағандай» деген тұжырыммен келісесіңдер ме? Неліктен?

- Сендердің отбасыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталған ба? Әңгілелеп беріңдер.

- Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?

- Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата-бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?

Фильмді талдау

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: ОқулықтағыҰлы педагог Василий Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-анаңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы эссе жазу.


2 -тапсырма: 76-беттегі Орал таңсықбаевтің «Қонақта» суретіне қарап, ондағы отбасылық құндылықтар жайлы әңгімелеп беру.

3-тапсырма: «Менің отбасым» сөзжұмбағын шешіңдер.


б

о

с

а

ғ

а

а

т

а



б

а

т

а



а

ғ

а

й

ы

н

қ

а

р

ы

н

д

а

с


б

а

у

ы

р

  1. Есіктің екі жағы, екі беті.

  2. Әкенің әкесі. 3. Үлкендердің ізгі тілек, алғыс білдіруі.

4.Бір әкеден жаралған ағалы-інілер.

5. Ағасына жас жағынан кіші қыз баласы.

6. Бірге туған қандас, туыс, ағайын.

4-тапсырма: «Бақытты отбасы» мәтінін оқып, ондағы өзіңе қажетті қасиеттер мен түйінді ойларды есіңе сақтап, өз отбасың үшін адамгершілік ережесін түз.

бейнеклип

Мұғалім әнді оқушы лармен бірге орындайды

6. Топпен ән айту Біздің ескі үй

Осы үйде бәріміз өскенбіз

Осы үйден ер жетіп кеткенбіз

Шаңырағы киелі

Шағын ғана үй еді,

Талай жыл өтіпті-ау арадан.

Тарыдай шашылдық қалаға.

Қайырмасы: Ескі үйім-ай қалыпсың –ау қартайып.

Кәрі шалдай бір жаныңа жантайып.

Еніп тұрмын есігіңе еңкейіп,

Келіп тұрмын қара басым қалқайып.

Сенде өткен бақытты, балалық, Есігі бұзылған, біздің ескі үй, Сенде өсіп жан-жаққа тарадық. Неістейінменсаған,не істейін

Атам қайда, атам-ау Көп екен-ғой қатеміз

Апам қайда, апам-ау Айтушы еді әкеміз

Ештеңе естімейді құлағым, Осы үйге болар деп кім ие,

Ешкімге көрсетпей жыладым. Осыныопасыздықдемейнедейін

Біздің ескі үй(2), қайтейін саған, қайтейін


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Өз отбасыңдағы орын алған құндылықтар жайлы немесе атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүр туралы жазып келу.

Тапсырма ны күнде лікке белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліскені үшін алғыс айту.




№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.18 ж № 20-сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жарасымды отбасының негізі сүйіспеншілікте екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: отбасы мүшелеріңе риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - бауырларға кешірімді көзқараспен қарауға ықпал ету;

Тәрбиелік: - жанашырлыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, бейнефильм, дәптер т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Жағымды күйге ену, «Ата-әжеміздің жайлауына барамыз»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өз отбасыңдағы орын алған құндылықтар жайлы немесе атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүр туралы жазып келу

Музыка қойылады


Тыныштық сәті (топқа бөліну)


3.Дәйексөз

«Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз» Нұрсұлтан Назарбаев

  • Қай елдің, халықтың саған ұнайтын салт-дәстүрін білесің?

Дәйексөзді талқылау.

Сұрақ -жауап

  1. Әңгімелеу:

Ұлыма хат Н.Келімбетов

- Мейірімділік жайын сөз еткенде, неліктен адамдардың көз алдына ең алдымен аяулы анасының жарқын бейнесі келеді деп ойлайсыңдар?

- Мәтіндегі ананың бойынан өздерің байқаған ізгі қасиеттерді атап беріңдер?

- Автордың ата-анасының қоныс аударған қарашайлар отбасына риясыз көмек көрсетуінің себебі, қозғаушы күші неде деп санайсыңдар?

- Сендердің отбасыларыңда өзгелерге қандай сый, құрмет және көмек көрсетіледі? Әңгімелеп беріңдер.

- Өзің рухани жағынан бай, әрі азамат болып өсу үшін алдыңа қандай мақсат қоясың?

Ролик көру

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5.Шығармашылық ж ұмыс

1-тапсырма: Отбасыларыңда біріктіретін қандай отбасылық салт-дәстүр , мерекелер бар? Әңгімелеп беріңдер.

2-тапсырма: Отбасылық фотоальбомнан «Менің отбасым» атты фотоиллюстрация жасап, әңгімелеп бер.

Қорытынды: Отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де өз үлесіңді қосуың тиіс: ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап , ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуың керек. Сен – өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстауды, адамгершілік әліппесін игересің, атап айтқанда, мейірімді, кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинайсың.


6.Топпен ән айту

Ата – Әже Нұржан Төлендиев

Қалмасын деп қатардан, Қанша көрдім дегенмен,

Ойлайтынын сезем мен. Көрмегенім көп менің.

Айналайын атамнан, Қанша білдім дегенмен,

Айналайын әжемнен . Білмегенім көп менің.

Мақтанбаймын бекер мен , Мен дегенде ештеңе,

Өшпейсіңдер санамнан. Аямайтын осылар.

Айналайын әкемнен, Таңертең де кешке де,

Айналайын анамнан. Аялайтын осылар.

Күн сияқты ашылар, Қалай жаман боламын,

Қамқоршымда осылар. Мен бақытты баламын.

Қ-сы Атаааааааа Әжеееееее,

Мен сіздерді сүйіп өтемін.

Анаааааааа Әкееееееее,

Сыйлаймынғой бәріңді.

Мен сіздерге қарап өсемін.

бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушы лармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің сыныбым» тақырыбына әңгіме жазып келу.

Күнделікте ріне белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.



№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.18 ж. № 21 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, командада (топпен) жұмыс істеу, бірлік . Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - командада (топпен) жұмыс істеуді үйрету;

Дамытушылық: - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау;

Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің сыныбым» тақырыбына әңгіме жазып, оқу.

  • Сыныбыңның қандай қасиеттері басым деп ойлайсың? Неге?

  • Жағымсыз қасиеттері болса өзгерткің келеме? Қалай өзгертер едің?

Музыка қойылады




3. Дәйексөз Василий Сухомлинский

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу

дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру,

өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

  • Қоғамдық орта дегеніміз не?

  • Өзіңе тиістіні тындыру дегенді қалай түсінесің?

  • Отбасында, қоғамдық ортада, сыныптастарыңның арасында сенің борышың не?

Дәйексөзді талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелеу:

Айгүлдің әңгімесі Марат Қабанбай

  • Айгүл мен әжесінің арасындағы сыйластықтың сыры неде?

  • Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады? Ол неге жалғызсырады?

  • Айгүл «Мен жер астындағы алтын, күміс емес, дос, туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмін ғой», - деген сөзінен нені аңғаруға болады? Айгүлге қалай көмектесер едің?

  • Айгүл сыныптастарының арасынан нені іздеді деп ойлайсыңдар?

  • Айгүлдің «Адам бағаға қарап дос таңдайды екен-ау», - деген ойымен келісесіңдер ме? Неліктен?

  • Сенің сыныбыңда қарым-қатынас қандай және оны қалай бағалайсың?

  • Сыныбыңдағы қарым-қатынасты өзгерткің келе ме? Қалай өзгертпексің?


Сұрақ –жауап

(пікірталас)


Мәтінді талдау.

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаятты шешу

А) Сенің байқауыңша, сыныптас досың кейінгі кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, томаға-тұйық жүр. Оның сабақ үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің? .....

Б) Сен бұл сыныпқа жаңадан келген оқушысың. Сыныптастарың адамды білімі бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді байқай бермейтін тәрізді. Осындай ортада өзіңді қалай ұстайсың? .....

2-тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, ұжымдық қарым-қатынасқа қатысушы тұлғаның ( сыныптасың, досың, ересек адам, ақын немесе фильм кейіпкері т.б.) адамгершілік портретін суреттеп жаз.

... жаныңа бір жылылық сәулесін себетін, мейіріңді тасытып, абыройыңды арттыратын, адамдарға нұр сыйлайтын, көңілге қымбат сыр сыйлайтын, ашық-жарқын пейіл, адамдық ықылас, ізгілікті ізет, адамдық қасиет, мейірім шашқан шапағатты, бейне, ізгілік пен парасат.

Қорытынды: Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады. Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние - сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес пе?!

Хаттарын оқып,ой бөліседі.

6. Топпен ән М.Мақатаев

«Не деген керемет күн!»

Не деген керемет күн! Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Жаныңа бәрі даяр не керектің. Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны, Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Естіледі ұшқаны көбелектің. Дала бір рахатта.

Не деген керемет күн! Дел – сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан, Сусындап көк аспанның шанағынан

Гүлдер тұр үзілердей сабағынан Шарықтап шыңырауда ана-қыран.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ, Ару жер өз дидарын көріп жатыр

Шашырап күннің алтын табағынан. Мөп-мөлдір тұнық көктің жанарынан

Не деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби – дүние,

Келеді өміріңді бере кеткің.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: М.Мақатаевтің сөзіне жазылған «Не деген керемет күн!» өлең жолдарын жаттап келу.

Тапсырма ны белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.













№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .02.18ж. № 22 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Ұжымда қарым-қатынасты шынайы сүйіспеншілікпен бере білунағыз адами көрініс екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімді болуға, шынайылыққа баулу;

Тәрбиелік: - шынайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар

Сәлемдесутүгелдеу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Теңіз астына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мақатаевтің «Не деген керемет күн!» өлеңін жатқа айту.

Не деген керемет күн! Естіледі бал-ара нәр сорғаны,

Жаныңа бәрі даяр не керектің. Бармақтай балапан құс ән салғаны.

Көрінеді гүлдердің бүр жарғаны, Бәрін де кеудесіне қондырып ап,

Естіледі ұшқаны көбелектің. Дала бір рахатта.

Не деген керемет күн! Дел – сал жаны.

Таулардың самал ессе балағынан, Сусындап көк аспанның шанағынан

Гүлдер тұр үзілердей сабағынан Шарықтап шыңырауда ана-қыран.

Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ, Ару жер өз дидарын көріп жатыр

Шашырап күннің алтын табағынан. Мөп-мөлдір тұнық көктің жанарынан

Не деген керемет күн!

Кейпіне елітесің төңіректің.

Қаласа мына жатқан сәби – дүние,

Келеді өміріңді бере кеткің.

Музыка қойылады



3. Дәйексөз Ғ.Мүсірепов.

«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге өмір сүреді»

  • Түсінігіңді баяндап бер.

Дәйексөз

талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелесу

Алғашқы айлар Мұқан Иманжанов

  • Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұжымшылдық, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

  • Мақсатына жету үшін Сапарға қандай кеңес берер едің?

  • Сапар қайткенде өзі ойлағандай «жақсы оқушы» болады деп ойлайсың?

  • Сапар айналасын таңғалдыру үшін не істеуі керек?

  • Айналаңды таң қалдыру міндетті ме? Ал таңғалдыру қажет болса, немен таңғалдырар едіңдер?

Сұрақ –жауап пікірталас

Мәтінді талдау.

5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Авраам Линкоильдің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген сөзін басшылыққа алып, өз сыныбыңдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын жаса.


6. Топпен ән айту Жан-досым Т.Молдағалиев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.

Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.



7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Мен – АДАМмын» тақырыбына эссе жазу.


8. Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.








№75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: .03.18 ж. 23- сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам және адамзат Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Адам және адамзаттуралы түсініктер- ін ақиқат құндылығы арқылы тереңдету.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде өз-өзіне адал бола білуді үйрету;

Дамытушылық: - жаманнан жақсыны ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлем-су түгелдеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен – АДАМмын» тақырыбына жазған эссесін оқу.

Музыка қойы лады



3.Дәйексөз

« ... Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.» Абай.

  • Мағынасын түсіндір?

  • Сен кез-келген ортада тіл табысып кете аласың ба?

  • Неге бүкіл адамзат сенің бауырың болып табылады?

Дәйексөз талқылау

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелеу:

Ақселеу Сейдімбек(әңгімеден үзінді)

  • Автор адам мен табиғаттың біртұтастығын қалай баяндайды?

  • Неліктен адамның табиғат сырын терең танып, табиғатпен етене болған сайын өмірі жақсара түседі деп ойлайсыңдар?

  • Адам мен табиғаттың үйлесімінің нәтижесі қалай болады ?

  • Өздерің табиғатпен, қоршаған ортамен қандай байланыстасыңдар?Өзіңді әлемнің, табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінесің бе?



5.Шығармашылық жұмыс

Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су – бәрі бірімен-бірі үзілместей шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ. Жерсіз Су жоқ. Бұл табиғат гармониясы. Адамда – адам етіп жаратқанда сол – махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңейеді. Бұл адамзаттың бақытының негізі.

Шексіз әлем Т.Сабырханұлы

Әлем шексіз, ал біз ше-тозаңдаймыз, Мөлтеңдейді ол көз жасы тіршіліктің,

Шексіздікке сіңеміз, жоғалмаймыз. Шексіздікке талпындық құлшынып мың

Алтын кілті ақылдың қолымызда Құлшыныстың аяғы дертке айналды,

Үміт, сан, ой, сезім – соған баймыз. Ұлы ана табиғат түршігіп тым.

Әлем шексіз – шексіздік өлшенбейді, Әлем шексіз шет-шеті білінбейді,

Миллион тарау формула ол, теңселмейді. Шетін, шегін қанеки кім іздейді.

Құс жолының ілініп кірпігіне, Жер бетінде бұл күні перғауын көп,

Жалғыз тірі жасыл шар мөлтеңдейді. Ал бұрынғы перғауын тірілмейді.

  • Автор неліктен адамдарды «тозаңға» теңейді?

  • Адамның ойы, ниетінің шексіздігі неде?

  • Әлемнің тұтастығына, шексіздігіне адамдар тарапынан қиянат жасалып жатыр ма? Оның салдары қандай болуда?

  • Әлемнің тұтастыығын, бірлігін сақтауда біздің үлесіміз қандай болуы керек?


6.Топпен ән айтуДуние керуенЖігіттер тобы

Өтетін сейілмен, Қуаныш, қайғының,

Ей, дүние базарсың. Бәрі де бітеді.

Пенделік пейілден, Бұл дүние таусылса,

Жүрегім тазарсын. Шын дүние күтеді.

Қайырмасы: Адамға бақ берер тек қана Аллам екен,

Өмірдің қызығы біреуге арман екен.

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен?

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен!

Амал қыл фәниде,

Иманның жолында.

Бәрі де, бәрі де,

Алланың қолында.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Адамның жаратылысы жайлы мәліметтер мен қызықты оқиғалар жайлы ізденіп жазып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.






№75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .03.18ж. № 24-сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам және адамзат Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: өз-өзіне адал болу,жақсыдан жаманды ажырата білу, шыншылдық.Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік:өмірде өз-өзіне адалдық туралы тереңірек білім беру; Дамыту: - өмірде жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - өмірде шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру

Адамның жаратылысы жайлы мәліметтер мен қызықты оқиғалар жайлы ізденіп жазу, оны оқып сыныппен бөлісу.

Музыка қойылады

3. Дәйексөз

«Адам боп оңай туғанмен,

Адам боп қалу көп қиын.»

1. Адамның мақсаты не?

2. Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыңдар?

3. Адам боп қалу дегенді қалай түсінесің?

Дәйексөз талқылау.

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелесу:

Мұғалім сыйы ( Тағдыр тәлкегі атты фильм көрсету)

  • Өмірдің қиындық кездерін қалай жеңуге болады?

- Өмірге жеңіл қарауға бола ма?

Сұрақ –жауап

пікірталас


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 95-беттегі 3-тапсырма: Үзіндіні оқып, ондағы кейіпкердің ойын өз көзқарастарыңмен жалғастырып, себебін табыңдар.

Жақсыға жету әрине қиын, ол үшін адам баласы нәпсіні жеңе білуі қажет. Нәпсі деген сенің қалауың. Жақсыға жету көп еңбекті қажет етеді, ал біз болсақ тез, оңай қолға түсіргіміз келеді. Ол кезде адам баласы өзінің қулық-сұмдығына барады...

2-тапсырма: Сөзжұмбақты шешсеңдер адамзатты көркейтетін құндылықтың атауын оқисыңдар.





а

л

ғ

ы

с






д

ә

с

т

ү

р




а

б

ы

р

о

й




б

і

р

л

і

к

д

о

с








к

ө

п

ш

і

л

д

і

к


с

е

з

і

м

т

а

л








ө

н

е

г

е

л

і






ұ

й

ы

м

ш

ы

л







т

ө

з

і

м


ү

л

г

і

л

і



і














к







1.Біреуге ықылас білдіру, рахмет айту.

2. Ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи құндылық, ғұрып.

3. ар-намыстың тазалығы.

4. Ынтымақ, ауызбірлік, татулық.

5. Өзіңмен талап-талғамы, арман-тілегі, мақсат-мүддесі бір адам.

6. Адам бойындағы бауырмалдық қасиетті білдіретін ұғым.

7. Бір нәрсені тез сезіп байқай қоятын , байқампаз.

8. Үлгілі, көргенді, тәрбиелі.

9. Ынтымақшыл, ауызбіршілігі күшті.

10. Шыдам, сабыр, тағат.

11. Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі.

12. Тілегі бір ниеттес.

13. Сыпайылық, биязылық, әдептілік.

Білімді бекітуге арналған тестілеу

1-тест: Қоршаған әлеммен үндестік дегенді қалай түсінесіңдер?

А) Әлемде адамдардың сүйіспеншілікпен, қиянат жасамай бір бүтін болып қосылуға деген тілектестігінен туындаған үйлесім.

Ә) Өзіндік көзқарасы мен сенімі, дүниетанымы.

Б) Ортақ тіл табыса алуы.

2-тест: Отбасындағы бақыт пен тыныштық кімге, неге байланысты?

А) Уақытқа, қаражатқа, жағдайға байланысты.

Ә) Отбасы мүшелерінің бір-біріне сүйіспеншілік, жанашырлық, түсіністік пен құрмет танытуына.

Б) Оған менің қатысым жоқ. Менің қолымнан не келеді?.

3-тест: Ұжымдағы өзара қарым-қатынастың ізгі, жайлы болуы үшін:

А) Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық.

Ә) Мақсат пен әрекет бірлігі.

Б) Жинақылық, тыңғылықтылық.

4-тест: Өзіңді әлемнің бөлшегі ретінде сезінесің бе?

А) Әрине, бізді қоршап тұрған шексіз кең, әрі мәңгі дүниенің бөлшегімін.

Ә) Әлем менсіз де әдемі әрі шексіз. Ондағы менің орным қайда екені белгісіз.

Б) Жоқ. Мен өзімше бір әлеммін.


Топпен ән айту

Өз елім С: Қадыр Мырза-Әлі

Ә: Нұрғиса Тілендиев


Үйге тапсырма

Келесі сабақ: Табиғаттың әсем бір суретін салып келу (жыл мезгілі, жайлау, орман т.б.)


Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.





№75 мектеп - гимназиясы Мерзімі: .03.18 ж. № 25-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: табиғатты құрметтеу, қоршаған орта құндылығын түсіну, толеранттылық , кеңпейілділік.Пән мұғалімі:Сейденова Адиса ТөребекқызыСыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: қоршаған орта табиғатқа қиянат жасамау керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - табиғатты құрметтеуді үйрету;

Дамытушылық: - қоршаған орта құндылығын бағалай білуге баулу;

Тәрбиелік: - толеранттылық , кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Сәлемде

су,түгел

деу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: Су патшалығына ойша саяхат


2. Үй тапсырмасын тексеру.

Табиғаттың әсем бір суретін салып келу (жыл мезгілі, жайлау, орман т.б.) және оны әңгімелеп айту.

Музыка қойыла

ды

Тыныш

тық сәті


3.Дәйексөз

«Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап ,

олардан құпия не бар?!» Ш.Уалиханов

  • Табиғаттың құпиясы неде деп ойлайсыңдар?

  • Адамның құпиясы неде?

  • Табиғат жаратылысының ғажаптығын мойындаймыз, ал адамның ғажаптығы неде?

Сұрақ -жауап

4. Әңгімелеу:

Бұлақ сылдыры (аңыз)

  • Шөл даладағы қарияның әрекетінен қандай дұрыс әрекетті байқадыңдар?

  • Қарт адамның шөл далада өзін ойламай, басқаларға көмек көрсетуі оның қандай азаматтық қасиетін көрсетеді?

  • Адамның ізгі іс-әрекетіне табиғат қандай үндестік танытты?

  • Неліктен атай қайтыс болған жерден су шықты деп ойлайсыңдар?

  • Өмірде еш бір жақсы істің зая кетпейтінін қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің жасаған жақсы істеріңнен басқалардың қуанған кездері естеріңде ме?

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 102 беттегі Әбілхан Қастеевтің «Жайлаудағы кілемшілер» туындысына қарап, ондағы табиғат пен адамдардың үндестігін әңгімелеп беріңдер.

2-тапсырма: Төмендегі Зенон Элейскийдің ойын оқып:

  • Көзқарас,

  • Себеп,

  • Мысал,

  • Қорытындылау әдісімен талқылау.

Адамның түпкі мақсаты – табиғатпен келісімде өмір сүру, ол – ізгілікпен келісімде өмір сүру деген сөз: табиғаттың өзі бізді ізгілікпен келісімде өмір сүруге үндейді.

пікірталасады.

6.Топпен ән айту

Туған ел С: Мәдеш Ниязбеков

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тынышымай ет-жүрегім елжіреген.

Ыстық-ақ бүлдіргенді өзендерің,

Саяңда сайрап өскен өрендерің.

Мен едім соның бірі – қарыздармын,

Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

Қашанда қарыздармын, елім, саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Туған ел, берерім көп менің саған.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Туған елім, жерім деп соғады жүрегім!» тақырыбында эссе жазып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Қиянат жасамау,қиянат жасамау,қиянат жасамау бар жерде, қиянат жасамау,қиянат жасамау,қиянат жасамау бүкіл әлемде.






№75 мектеп - гимназиясы Мерзімі: .04.18ж. № 26-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі; барлығынан жақсылықты көру; отаншылдық Пән мұғалімі: Сейденова Адиса Төребекқызы Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Табиғатпен үндестікте ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмір сүруде ойдың, сөздің , істің бірлігін ұстануға үйрету;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылықты көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - Отаншылдыққа , кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу, сабақтың мақсаты, міндетін таныстыру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Жайлауға, ата-әжемізге барамыз»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған елім, жерім деп соғады жүрегім!» тақырыбында эссе жазып, оны оқу.

Музыка қойылады


Үй тапсырма сын тексеру.

3.Дәйексөз Шыңғыс Айтматов

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану

арқылы қалыптастырды да өзін жалпы

жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді»

  • Адамның рухани дүниесі дегеніміз не?

  • Табиғаттың құбылыстарына нені жатқызамыз?

  • Пұшпақ деген не?

  • Сен өзіңді табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінесің бе?

Дәйексөз

мағынасытүсіндіру.

Сұрақ –жауап

4. Әңгімелеу:

Даналық Байыт Қабанұлы

  • Ауыл жігіттерінің бір-бірімен келіспей қалуының себебі неде?

  • Жас жігіттің бірінші жігіттің әкесін қарсы алуынан қандай тәлім алуға болады? Ол жігіттің іс-әрекетінен қандай дұрыс әрекеттерді байқадыңдар?

  • Таласып келгендердің төренің шешімімен келісуінің себебі неде?

  • Өзің ол аңыздан қандай тәлім алдың? Ой түйдің?

  • Жасы үлкен жігіттің бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  • Жасы үлкен жігіттің әрекеттерін даналық деуге бола ма?

  • Мәтіндегі «Біз қашан дана болады екенбіз?...» деген сұрақты өзіңе қойып көрдің бе?

  • Өмірде дана болу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Сұрақ –жауап




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Цицеронның«Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ, табиғаттан ретті ештеңе жоқ» деген ойын басшылық- қа алып эссе жазу.

Табиғат бізбен үш тілде сөйлеседі: ол бізді қолымыздан алып; «Күрес, ұмтыл!» дейді. Ол бізге өз жүрегіңнің дүрсілі естілетіндей жақындап келіп: «Таңырқа, қастерле!» дейді. Ол бізге сыбырлап қана: «Ізде, зертте!» дейді және мұны біз түсінеміз. Табиғаттың осы үш дауысы біздің тірлігіміздің үш бірлігіне – денемізге, жүрегімізбен ақылымызға арналған.


6.топпен ән айту

Қазақы дастарханым С:Ж.Боранбаев

Ә:М.Ілиясов

Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған?
Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым?
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым
Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам
Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындай ды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің өмірімнің мәні неде?» деген тақырыпқа эссе жазып келу.



8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.







№-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.18 ж. № 27 сабақ Сабақтың тақырыбы: Адамның рухани әлемі Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау; отбасындағы, мектептегі парызын орындау; әдепті болу.
Пән мұғалімі: Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адам ішкі әлемінің тазалығын сақтау туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге ықпал жасау ;

Тәрбиелік: - әдептілікті сақтауға тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,

сабақтың мақсатын, міндетін таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің өмірімнің мәні неде?» деген тақырыпқа эссе жазып келу.

Музыка қойылады





3.Дәйексөз Абай

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.»

  • Жүрегіңнің түбіне сүңгу дегеніміз не?

  • Асылға нені теңеп тұр?

Сұрақ –жауап

4. Әңгімелеу:

Адам өмірінің үш бастауы Досым Омаров

  • Мәтінде адам өмірі қандай жағдайлармен тығыз байланыстырылады?

  • Адам өмірінің бақыты үш бастаудың сапаларының үйлесімділігіне байланысты болуы мүмкін бе? Неліктен?

  • Аталған бастаулар келешек ұрпақ тағдыры үшін неліктен маңызды болған?

  • Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  • Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?

Сұрақ –жауап



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 110 беттегі Шәкәрімнің жеті жасында жазған өлеңін оқып, автордың жан дүниесін сипаттап айтып беріңдер.

Өлтірдің, онан таптың қандай пайда?

Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.

Жетімдік қандайлығын көзің көрді,

Кешегі тірі жүрген әкең қайда?!

Менің де жетім қалды балаларым,

Оларда жылайды аңсап аналарын.

Өзің жетім, жетімді аясаңшы,

Жоқ екен басыңда ми-саналарың.

пікірталас

6.топпен ән айту

Ән -аға Шәмшімен сырласу С: Қ.Құрманәлиев

Ә:И.Исаев

Жетті ғой осы күнге ән болып есімің де
Тербеттің ғашықтарды махаббат бесігіңде
Аққулар арасында әнің жүр барасың ба
Бір сұлу мұңаяды Арыстың жағасыңда
Ән аға жан аға
Сені аңсап шарқ ұрды шағала
Каспийдің толқыны 
Соғады жағаға
Жағаға жан аға, ән аға
Каспийдің толқыны
Соғады жағаға
Жағаға жан аға, ән аға
Еліңе мәңгі ұнатқан нәр бердің ән бұлақтан
Жетеді іңкәр әнің Теріскей Тамды жақтан
Ән болып ұшарыңда аққуға ұқсадың ба
Гүл болып үлбіредің бақыттың құшағыңда
Шалқыған жалын жастар Тойларда әнің бастар
Толқиды әуеніңменен Ақ маңдай қарындастар
Тұрса да дала гүл деп Өксиды дала бірге
Ескегін қайығыңның Қалдырдың аға кімге

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Шәкәрімнің «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі сауалдарға жауап беріп келу:

  • Ар-ұждан дегеніміз не?

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?

  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

  • Адамның адами қасиеті жаңара ма әлде туа біте ме?

тапсырмаларын күнделік теріне белгі леп алады.

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.





№-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.18 ж. № 28 сабақ Сабақтың тақырыбы: Адамның рухани әлемі Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.
Пән мұғалімі: Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Адам жан дүниесін шынайылықпен қалағанда ған рухы биік болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет етуді үйрету;

Дамытушылық: - кешірімшіл болу кісілікке жетелейтіндігін ұқтыру;

Тәрбиелік: - шынайылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Шәкәрімнің «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі сауалдарға жазып келген жауаптарын оқыту:

  • Ар-ұждан дегеніміз не?

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?

  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

Адамның адами қасиеті жаңара ма әлде туа біте ме?

Музыка қойылады

Үй тапсырма сын тексеру.

3. Дәйексөз

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

- Жақсы адам деген кім?

- Өзің жақсы адам болғың келе ме?Неліктен?

- Дәйексөз қандай қасиеттерге жетелейді?

- Мақтаншақ болып кетпейсің бе? (мақтау мақтаншақтық емес.)

Дәйексөз

Мағынасын түсінді ру.

Сұрақ –жауап

4. Әңгімелеу: Ахат Шәкәрімұлы

Менің әкем, халық ұлы – Шәкәрім

  • Ұлының әкесі жайлы естелігінен Шәкәрімнің қандай жақсы қырларынан таныдыңдар?

  • Ойшыл-ақын Шәкәрімге қолөнердің қандай пайдасы немесе қажеті болды деп ойлайсыңдар?

  • Шәкәрімнің қарапайым кездік соғуының өзінде де сонша ыждағаттық, ұқыптылық танытуынан нені аңғаруға болады?

  • Мәтіннен Абай мен Шәкәрімнің қандай рухани жақындығын байқадыңдар?

  • Өздеріңнің Абай сияқты қандай рухани жақын адамдарың бар? Олардан на үйренесіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 112 беттегі Шәкәрімнің «Қайырымдылық» әңгімесін оқып рөлдерге бөліп, сахналау.

2-тапсырма: «Менің рухани бейнем» тақырыбында шағын ой қорытынды жазу.


6. Топпен ән айту Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А.Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қ-сы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниеті бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Қ-сы:Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындау

7. Үй тапсырмасы.

1. «Менің рухани досым» тақырыбына эссе жазу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып сыр бөліс кендері үшіналғыс айту.














Саны: №-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.18 ж. № 29 сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам жасампаздығы Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,мәдени мұраны құрметтеу,қоршаған ортаны қорғау,бірлік.
Пән мұғалімі: Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың жасампаздық,келешек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - оқушыларды ізгі істерге баулып, шығармашылық қа, жетелеп, белсенділіктерін арттыру, Дамытушылық: - оқушылардың жаңа бастама, жақсы істер, ел болашағы жөнінде ұғымдарын дамыту.

Тәрбиелік: - сүйіспеншілікке,жақсылыққа,сенімділікке тәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің рухани досым» тақырыбына жазып келген эсселерін оқыту (рухани дос – өмірдегі тура жолды көрсетіп отыратын адам).

Музыка қойылады

Тыныштық сәті


3.Дәйексөз

... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Абай.

  • Онан басқа деп нені айтады?

Дәйексөз мағынасы түсіндіру.

4. Әңгімелеу:

Бірден – бір сұлулық (аңыз)

  • Баланың ешкімге, ештеңеге ұқсағысы келмеген сыйлықты жасағысы келуінің себебі неде?

  • Данышпанның балаға берген ақылынан қандай жасампаздықты көріп тұрсыңдар?

  • Егер бала данышпан ақылын тыңдап соны орындаса жасампаз бола ала ма? Неліктен?

  • Адамның жасампаздығы ізгілікке бағытталғанда әлем қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • Өзің әлемді өзгерту үшін қандай жасампаздықтар жасар едің?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырыңдар. Өзіне сәйкес анықтамаларын беріңдер.

Ұғым

Анықтамалары

1.Жасампаз


2.Жасампаздық

А) Еңбекте жаңалық атаулыны қалыптастырушылық.

Ә) Шығармашылық жолмен белгілі бір нәрсені жасаушы.


2 - тапсырма: «Бір ден-бір сұлулық» аңызындағы оқиғаны басшылыққа алып, өздеріңнің ізгілікке бағытталған «Сарайларың, әндерің, мүсіндеріңді» жасап, ойтолғау жазыңдар.


3-тапсырма: 116 беттегі «Адыраспан» туындысына қарап, жан мен тән сұлулығының үйлесімі туралы әңгімелеп беріңдер.


6.Топпен ән айту АйгерімҚалаубаева

Ертегілер әлемі

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған

бейнеклип

Мұғалім әндіоқушылармен бірге орын дайды

7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: «Жалғыз адам не істей алады» 119 беттегі қойылымды сахналап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.

Сабақта белсенді лік таныт қаны үшін алғыс айту.




Саны: №-75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .04.18 ж. № 30 сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам жасампаздығы Құндылық: Дұрысәрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, уәдеде тұру.
Пән мұғалімі: Сыныбы:7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Адам боп қалу шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - уәдеде тұра білугетәрбиелеу.

Сәлемдесутүгелдеу,

сабақтың мақсатын міндетін таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: (Баяу музыка) «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жалғыз адам не істей алады» 119 беттегі қойылымды сахналап келу.

Музыка қойылады

Тыныштық сәті


3.Дәйексөз


4. Әңгімелеу:

Брюссель трамвайында

  • Мәтінді оқығанда қандай сезімде, ойда болдыңдар?

  • Трамвай кондукторының жұмысына осындай қатынасының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Трамвай кондукторының айнала қоршаған ортаға деген қатынасын адам жасампаздығы деуге бола ма?

  • Трамвай кондукторын жасампаз етіп тұрған не деп ойлайсыңдар?

  • Мәтіндегі автордың «Қалай ғана бір адам көп нәрсе жасай алады» деген ойын қалай түсінесіңдер?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Адам жасампаздығы – ізгілігінде»тақырыбын //көзқарас - себеп – мысал – қорытындылау\\ әдісімен талқылап, эссе жазу.


6.Топпен ән айтуЕлім менің Сөзі: Н. Ә.Назарбаев

Арайлап таңым, асқақтап тауым, Әні: Б. Тілеуханов.

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер жаса, қазағым менің.

Қазақстаным - жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім

Бостандық еді ау, асыл арманым.

  Елім менің аңсаған,

           Тас бұғаудан босаған.

           Құтты болсын отауың,

           Берік болсын босағаң.

 Бабамның қаны , анамның жасы,

 Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

 Береке, бірлік - қамалдың басы,

 Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

 Күйінсін жауың , сүйінсін досың, Ұрпақ үшін, ел үшін,

 Жиылсын қауым, құйылсын көшің. Атамекен жер үшін

 Ертеңің үшін аянба, ерім, Берекең мен бірлігің,

 Ояншы, елім, жиылсын есің.              Таси берсін ырысың


7.Үй тапсырмасы.

1. Келесі сабақ: Т.Молдағалиевтің «Өмір жыры» өлең жолдарын жаттап келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабақта белсенді лік таныт қаны үшін алғыс айту.

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.18 ж. № 31- сабақ Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік жолындағы өмір Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: өз-өзіне сенімді болу,басқалар туралы жамандық ойламау, уәдеде тұру. Пән мұғалімі:Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Адам боп өмір сүру шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - уәдеде тұра білугетәрбиелеу.


Сәлемдесу,түгелдеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмір жыры» өлең жолдарын жатқа айту.

Сөзі: Т.Молдағалиев Өмір деген ойын да емес,той да емес, Басқалардан биік тұрар бой да емес. Өмір деген шахмат емес шатасқан, Өмір деген ұта қояр дойбы емес.

Өмір –қатаң емтихан, Өмір оны келе жатыр дәлелдеп, Өтпейтіндер құлайды. Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек. Қадіріне жетпейтіндер Өмір деген бақыттың да құсы емес, Өмір бойы жылайды. Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп.

  • Өлең шумақтарынан не түйдіңіз?

  • Өміріңді қадірлей аламын деп ойлайсың ба?

Музыка қойылады


3.Дәйексөз

«... Махаббатсыз дүние бос» Абай.

Дәйексөз

мағынасын түсіндіру.

4. Әңгімелеу:

Жас дәурен хикаялары Әзілхан Нұршайықов

  • Мәтінде ана махаббаты қалай суреттелген?

  • Бала анасына махаббатын қалай білдірді?

  • Өздерің аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Ата-ананың алдындағы перзенттік парызды қалай өтеуге болады?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:

Атасы немересіне: Балам, әрдайым бізді басқалар жақсы болғанымыз үшін жақсы көретіндей көрінеді. Бірақ та олай емес, бізді жақсы көрген адамдар өздері жақсы болғандықтан сүйіспеншілік танытады, - деді.

Алайда немересі атасының сөзіне түсінбей, ойланып қалды...

  • Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

  • Атайдың ойымен келісесіңдер ме? Неліктен?

2-тапсырма: «Бесік жыры» туындысына қарап ойтолғау жазыңдар.


6. Топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, ( Қанша азап көрсеңдағы бауырым ) Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет:

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Өміріме ризамын» тақырыбында эссе жазу.

Тапсырманы белгілеп ал

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсе не қатысып, сыр бөліскен дері үшін алғыс айту.

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.18 ж. № 32- сабақ Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік жолындағы өмір Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: қарапайым өмір, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, жағымды ойла. Пән мұғалімі:Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: жағымды ойлап қарапайым өмір сүру туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - өзіне-өзі сенімділікпен қарапайым өмір сүруді үйрету;

Дамытушылық: - өзін-өзі құрметтеуге ықпал жасау;

Тәрбиелік: - жағымды ойлауға, құмарлықпен күресуге тәрбиелеу.


Сәлемдесу, түгелдеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Музыка қойылады


3.Дәйексөз


Дәйексөз

мағынасын түсіндіру.

4. Әңгімелеу: Ақселеу Сейдімбектің әңгімесінен

үзіндіні оқу (125 бет)

  • Қасым ақсақалды елсіз жұртта жерге қызмет еткізіп жүрген не деп ойлайсыздар?

  • Қасым атаның бойынан қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар?

  • Ананы ертеңгілердің қамын ойлатқан қандай қасиеттері мен құндылықтары?

  • Ананың жүзін сұлуландырып, нұрландырып тұрған не?

  • Өздерің біреудің қамын ойлайсыңдар ма?

  • Біреудің өмірі үшін қызмет етіп, оның қамын жеу қажет пе? Ол саған не береді?

  • Өздерің кім (не) үшін алаңдайсыңдар? Неліктен?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Өзімшіл сүйіспеншілік – өзара сүйіспеншілік – риясыз сүйіспеншіліктің айырмашылығын айтыңдар.

2-тапсырма: Сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтап жазыңдар:

  • Ойымыз, сөзіміз, ісіміз сүйіспеншілікке толы болса ...

  • Сүйіспеншілік адам өмірінің негізі болса ...


Қорытынды: Сүйіспеншілік дегеніміз – ол қарапайым эмоция, тілек немесе құштарлық емес. Сүйіспеншілік – ол айналаны өзгертуге қабілетті, күшті қуат, бұл қуат – жасампаз және өмірдің тірегі. Көптеген физик, биолог, дәрігер, психолог ғалымдардың пікірі бойынша, сүйіспеншілік қуаты – адам өмірінің барлық сферасына ғажайып ықпал етеді.


6. Топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, ( Қанша азап көрсеңдағы бауырым ) Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет:

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Менің мінезімнің жағымды жақтары» тақырыбына эссе жазып келу.

Тапсырманы белгілеп ал

8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде,

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде.

Сабаққа белсе не қатысып, сыр бөліскен дері үшін алғыс айту.



№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.18 ж. № 33- сабақ Сабақтың тақырыбы: Әсемдік Әлемінде Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық; Пән мұғалімі:Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Өмірдің әсемдігін сезіну үшін адамның өзінің жан дүниесі әсем болу керек екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі адамды жақсылыққа жетелейтінін түсіндіру;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылық көру жан сұлулығыңның көрінісі;

Тәрбиелік: - өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сәлемдесутүгелдеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің мінезімнің жағымды жақтары» тақырыбында эссе жазып, оқу.

Музыка қойылады


3.Дәйексөз

Мен өз өмірім мен ойымды бүкіл әлем біріншісін көріп, екіншісін естіп тұрғандай басқарамын Сенека


(Яғни өзіңді-өзің бақылау , қадағалау)

4. Әңгімелеу:

Мейірімді және илтипатты бол (аңыз)

  • Мәтіндегі ұстаздың «Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және илтипатты бол» деген ойымен келісесің бе? Себебін түсіндіріңдер.

  • Осы ұстаздың айтқан қасиеттері сендерді жеңіске жеткізетініне көздерің жете ме? Неліктен?

  • Жігітке ұстаздың ақылын ұғуға кім (не) сабақ болды деп ойлайсыңдар?

  • Өздеріңе таңдау берсе, ұстазға нені үйрет деп өтінер едіңдер?


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі кейіпкерлерге сипаттама беріп, «Дұрыс әрекет жасаймыз» тақырыбында сахналаңдар:

  • Ақылды бала.

  • Елгезек бала.

  • Пысық бала.

  • Мейірімді бала.

  • Жомарт бала.


6. Топпен ән айтуЖүрегім менің

Қайран менің жүрегім от жүрегім, Сезім гүлін силады балаң көктем. 
Аяздардан тоңбаған отты демім.  Асығасын кай жака ғашық жүрек.
Тасқын тағдыр құлатып жатса дағы, Құлайсың құмартып сол бір жанға,
Шаттанамын қуанып көп күлемін. Асығасың шақырып қол бұлғар ма?
Қайран менің жүрегім қара нардай, Тағдыр соқпақ ой қырын кезсем дағы,
Бір өзімдей өзгелер бағаламай.  Сезім саған жетелер жолымды алға.
Сезім сені күйелеп жүргенім жоқ Кетер көктем, өтер жаз жайма шуақ,
Жазығым не жанымды жаралардай.  Жұлдыздан сыр бағар ем, айдан қуат.
Соққан жүрек соғады тынбас әлі Шөлде жүрек сағыныш сусынына,
Сенім барда сейіліп мұң қашады. Мөлдір-зәмзәм табылар қайдан қуат.
Қаным барда бойымда жаным барда,  Қайран менің жүрегім ғұмырласым,
Көңілімнің шалқыған тынбас әні.  Ешбір жанға айтпаған сырымдасын. 
Аспан жерде түрленді жасылды-көк, Өлсем мейлі мәңгіге мен өлейін
Ақша бұлт асқарға асылды кеп.  Өлмес сезім жүректің жыры қалсын.



7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Дәптердегі: «Сабақтағы сабақ» кестесіндегі «Біліп алдым» айдарындағы жазғандарыңды оқып, қорытындысын шығарып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліс кені үшін алғыс айту








№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.18 ж. № 34- сабақ Сабақтың тақырыбы: Әсемдік Әлемінде Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілдік, аянбай қызмет ету, ізгілік. Пән мұғалімі:Сыныбы: 7 «а,ә,б,в»

Сабақтың мақсаты: Жан әсемдігі, жан сұлулығы тақырыбында сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - аянбай қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - жақсы көру және кішіпейілдікке баулу;

Тәрбиелік: - ізгіліккетәрбиелеу.


Сәлемдесутүгелдеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі: «Сабақтағы сабақ» кестесіндегі «Біліп алдым» айдарындағы жазғандарыңды оқып, қорытындысын шығарып келу.

Музыка қойылады


3.Дәйексөз


(Яғни өзіңді-өзің бақылау , қадағалау)

4. Әңгімелеу:

Лұқпан хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен

  • Лұқпан хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен саған қайсысы ұнады?

  • Мәтіндегі «Кімге ақыл-насихат айтсаң, алдымен өзің жүзеге асыр» деген ойды қалай түсінесің?

  • Ұстаз неліктен «Істеген жақсылығыңды міндет қылмай естен шығар!» деп өсиет еткен?Себебін түсіндіріп бер.


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Ұжымдағы достық»жобасының 4-кезеңі бойынша төмендегі тапсырмаларды орындау:

  • «Ұжымдағы достық»жобасының сендер үшін аса маңызды тұстары қандай болды? Жобадағы естеріңде қалған әсерлі, маңызды сәттерді (фотосуреттер, бейнетаспалар) әңгімелеп беріңдер.

  • Жобаның орындалуына байланысты өзіңнің және достарыңның өміріндегі өзгерістер жайлы әңгімеле.

  • «Ұжымдағы достық»жоба жұмысының барлық кезеңіндегі нәтижелерін жүйелеп, жобаны қорғаңдар.


2-тапсырма: Дәптердегі: «Сабақтағы сабақ» кестесіндегі «Сабақ алдым» айдарындағы жазғандарыңды оқып, қорытындысын шығару.


6. Топпен ән айту

Ырзамын Мұқағали Мақатаев

Тағы да көрдім, Тағдырым, саған Тағы да көрем таң нұрын! Жүріппін босқа өкпелеп. Аязын қыстың, Өшпестей етіп, Аяулы жаздың жаңбырын. Өмірдің жазған бұл заңын. Алтынға,мейлі,толмай-ақ қойсынсандығым, Түсінбей кейде, Ырзамын саған! Тосырқап менің жүр жаным. Ырзамын саған, тағдырым! Кеудемде мына, Шаршаған шақта, Өзің сыйлаған бір жалын. Шақырып сені жекпе-жек Лапылдап жатыр, Басыма менің Тағдырым, саған ырзамын! Бақыттан басқа төкпе деп.



8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып, сыр бөліс кені үшін алғыс айту


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

Автор: Мамунова Рушангуль Юсуповна

Дата: 11.02.2020

Номер свидетельства: 539162


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства