Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, топты? ж?мыс, жеке ж?мыс
К?рнекілігі: жол белгілері, жол та?балары, ба?даршам, суреттер.
Барысы:
М??алім: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінде ауылда да, ?алада да ?лкен к?шелер ж?не онда ж?йткіген авток?ліктер к?беюде. К?ше ке?ейген сайын ерсілі-?арсылы жаяу ж?ргіншілер мен ж?ргізушілерді? де к?бейетіні даусыз. Со??ы жылдары елімізді? ?ай жерінде болмасын авток?ліктерді? барлы? т?рлері еселеп артып келеді. М?ны? ?зі машина ж?ргізушілер мен жаяуларды?, ?сіресе мектеп о?ушыларыны? жол ережесін не??рлым жете біліп, ?ата? са?тауын ?ажет етеді. К?шені? т?ртібін ?йде ата-ана ескертсе, к?ше ?иылысында к?зет ?ызметкерлері мен ба?даршам ?ада?алайды. Ал сендер к?ше ережесін жа?сы біліп, оны орындау?а, са?тау?а тиіссі?дер.
Б?гінгі «Жол т?ртібін жады?да са?та!» атты сайысымыз?а 3 топ ?атысады. Б?л топтар жол
ережесіне байланысты білімдерін к?рсетіп, жол белгілері мен топтарын аны?тап, ?рт?рлі
жа?даяттарды шешіп, ?здеріні? ептілігі мен жылдамды?ын сын?а салады.Сайысты ?діл?азылар
ал?асы ба?алайды. Сонымен сайысымызды бастайы?. Топтарды? танысуы.
I топ. "Ба?даршам"
Топты? ?раны: То?та! Са?тан! Жол ашы?!
Ж?рме жол?а таласып.
II топ. "Ж?ргізуші"
Топты? ?раны: Жол т?ртібін білейік,
Аман-есен ж?рейік!
IІI топ. "Аялдама"
Топты? ?раны: То?та! Демал! Аялда!
К?теді бізді жол алда!
1-сайыс «К?ше ережесі тарихынан»
І топ. «Ба?даршам» (Ба?даршамны? шы?у тарихы)
Балалар, ба?даршамды кім ойлап тапканын білесі?дер ме? Ал ендеше ты?дап к?релік. Ал?аш?ы ба?даршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тап?ан адамны? есімі тарихта сакталма?ан.Оны к?ше ?иылысына ы??айлап, кайта жаса?ан а?ылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондонда?ы парламент ?йіні? алдына ба?даршам орнатты.Алдымен т?рлі т?сті сигнал ?айыс берілісті? к?мегі ар?ылы ?згертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. ?кінішке орай бірде газ жарылып, кезекте т?р?ан полицей ?аза болады да, содан жарты ?асыр бойы ?мыт болады.Тек 1914 жылы Американы? Кливленд ?аласына, сосын Нью-Йорк, т.б. ?алаларында пайда бола бастайды. Б?л жолы олар электрлі болды. Тек екі т?сті ?ана: ?ызыл ж?не жасыл. 1918 жылдан бастап ?ана ?ш т?с ?олданыла бастады.Ке?ес ода?ы бойынша ал?аш рет ба?даршам 1924 жылы М?скеу ?аласыны? Кузнецк к?пірі мен Петровка к?шелеріні? ?иылысында орын алды. Ал б?гінгі та?да ба?даршамды электронды есептеу машинасы ар?ылы бас?ару ж?зеге асырыл?ан. ?аза?станда ба?даршамдар барлы? ірі ?алаларда орнатыл?ан.
ІІ топ «Ж?ргізуші» (К?ше ережесі тарихынан)
Ертеде к?лікті? ?азіргідей т?рі болма?ан заманда адамдар ат жеккен к?йменен жерді? тегіс жерімен баяу ж?ретін. Келе-келе жолды? ?ажеттілігі туды. Ресейде ал?аш жолдар І Петр салына баста?ан. Авток?лік ж?ргізушілеріне жолда д?рыс ж?ру ?ата? ескертілді. ?аза?станда 1917 жыл?а дейін неб?рі 127 км ?ана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамызда?ы асфальт жолдарды? ?зынды?ы отыз мы? км болды. Ал ?азір сегіз ж?з миллион км-ден асады. ?аза?станны? асфальт жолдарында?ы ?азіргі заманымыз?а лайы?ты д?ниеге келген сан т?рлі маркалы автомобильдерді айтса?ызшы! Жа?а ?асыр техникасыны? ?ркендеп, д?уірлеген заманы болды. Ма?айымызда ?апта?ан техникадан жолда ж?ріп-т?руымыз?а ?иынды? туды. Сонды?тан бізге к?мектесу ма?сатында ба?даршам д?ниеге келді.
ІІІ-топ. «Аялдама» (Аялдама тарихынан)
Аялдама – 1) ?ыс?а уа?ыт?а жол ?оз?алысыны? то?тауы; 2) к?пшілік пайдаланатын к?ліктен жолаушыларды т?сіретін орын, негізінен жолаушылар демалатын ??ралдармен жабды?тал?ан, маршруты туралы хабарлайтын кесте ілінеді. 3) жоры? лектері б?лімшелеріні? жоры?та жеке ??рамны? демалыс, тама?тану, материалды? б?ліктерді? жа?дайын тексеру, а?аулы?тарды жою, машиналарды техникалы? ?амтамасыз ету ?шін аялдауы. Аялдаманы? ?за?ты?ы мен оларды? аралы?тары на?ты ?алыптас?ан жа?дай?а ?арай аны?талады. ?детте, аялдама 3 – 4 са?ат ж?рістен кейін 1 са?ат, ал т?улікті? екінші жартысында 2 са?ат ?за?ты??а дейін белгіленеді.
2-сайыс «Кім бай?а?ыш?»
Сурет бойынша тиісті жол белгілерін табу. 5 ?паймен ба?аланады.
1.Мына белгі нені білдіреді? (Абайла?дар, балалар!)
2.Ба?даршам жары?тарыны? белгілеріне талдау жаса. (сары-дайындал, жасыл -ж?руге р??сат,
?ызыл-то?та)
3.Мына белгі нені білдіреді? (жолды ж?ндеу ж?мыстары ж?ріп жатыр деген белгі)
4. Мына белгі нені білдіреді? (теміржол ?ткелі)
5. Мына белгі нені білдіреді? ( жаяу ж?ргінші ?тетін жол белгісі)
6. Мына белгі нені білдіреді? (аялдау?а тыйым салынады)
7. Мына белгі нені білдіреді? (то?та)
8. Мына белгі нені білдіреді? (басып озу?а тыйым салынады)
9. Мына белгі нені білдіреді? (велосипедпен ж?руге р??сат бар)
10.Мына белгі нені білдіреді? (жол жо?)
11. Мына белгі нені білдіреді? (кері б?рылу?а тыйым салынады)
12. Мына белгі нені білдіреді? (ашы? жол )
3-сайыс «Жол белгілеріні? топтарын табу»
Жол белгілері 7 топ?а б?лінеді. Олар пішіні мен бояуы ж?нінен бір-бірінен ерекшеленіп т?рады.
Ескерту белгілері. ?шб?рышты ?ызыл бояумен к?мкерілген б?л белгілер жол бойында жа?дайсыз, я?ни ?ауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
Басымдылы? белгілері. Б?л белгілер ж?ріс б?лігіні? немесе жолды? жі?ішкерген б?ліктеріні? к?ше ?иылыстарын ?тпелерін кесіп ?ту кезектілігін белгілейді.
Тиым салынатын белгілер. Д??гелек ше?бер т?рінде ?ызыл бояумен беріледі. Ол ?оз?алыс атаулыны? б?ріне тиым салады.
Н?с?ау белгілері. Б?л топта?ы белгілер жаяу ж?ргіншілер мен велосипедшілер ж?ретін жерлерді к?рсетеді, ?андай да болмасын к?лік т?рлеріні? біреуіні? на?ты ба?ытта?ы ?оз?алысына р??сат береді.
А?паратты?-к?рсеткіш белгілер. Б?л топта?ы белгілер жол ?оз?алысына ?атынасулар?а, жаяу ж?ргіншілер ?тпесі орналас?ан жер, ?о?амды? к?лік аялдамасы, к?лік т?ратын орын т.с.с туралы хабарлайды.
?ызмет к?рсету белгілері. Тиісті обьектілерді? орналасуын хабарлайды.
?осымша а?парат белгілері. ?осымша а?парат белгілері ?здерімен бірге пайдаланылатын белгілерді? ы?палын на?тылайды немесе шектейді.
?р топ?а та?ба белгілері к?рсетіледі, аны?тама беру керек. 5 ?паймен ба?аланады.
3. Ба?даршам жо? жерде жолды ?алай ?иып ?туге болады? (алдымен сол жа?ымыз?а ?араймыз, жолды? ортасына жеткенде о? жа?ымыз?а ?араймыз)
4. Балалар ?ай жерлерде ойнау керек? (арнайы ала?дарда)
ІІІ топты? с?ра?тары:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер ? (Кез-келген к?лік т?рін пайдаланатын адамдар)
2. Ба?даршам дегеніміз не ? (Ба?даршам автомат ж?йесіне ?осыл?ан ?ш к?зді аспап. Жол ?оз?алысын реттейді)
3. Жиекжол жо? жерде ?алай ж?ру керек ? (Ауылды? жерлерде жиекжол болмау м?мкін, ондай жа?дайда жолды? бір шетімен келе жат?ан к?лікке ?арама-?арсы ба?ытта ж?рген ж?н)
4. Жол-к?лік о?и?асына ку? бол?ан адамдар ?андай ?рекет жасайды? (жедел ж?рдем машинасын, полицияны ша?ырып, машинаны? н?мірін жазып алу керек)
5-сайыс «Кім жылдам?» 5 ?паймен ба?аланады.
??растыр?ышпен к?лікті? бір т?рін ??растырып жасау. Топтар?а ?ш минут уа?ыт беріледі.
Просмотр содержимого документа
«Жол ж?ру ережесі. »
Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін жадыңда сақта!»
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын
ажырата білуге үйрету;
2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты
ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;
3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс
Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.
Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда сақта!» атты сайысымызға 3 топ қатысады. Бұл топтар жол
ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі
жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар
алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы.
I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны:Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
II топ. "Жүргізуші"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік!
IІI топ. "Аялдама"
Топтың ұраны: Тоқта! Демал! Аялда!
Күтеді бізді жол алда!
1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»
І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы)
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сакталмаған.Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
ІІ топ «Жүргізуші» (Көше ережесі тарихынан)
Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.
ІІІ-топ. «Аялдама» (Аялдама тарихынан)
Аялдама – 1) қысқа уақытқа жол қозғалысының тоқтауы; 2) көпшілік пайдаланатын көліктен жолаушыларды түсіретін орын, негізінен жолаушылар демалатын құралдармен жабдықталған, маршруты туралы хабарлайтын кесте ілінеді. 3) жорық лектері бөлімшелерінің жорықта жеке құрамның демалыс, тамақтану, материалдық бөліктердің жағдайын тексеру, ақаулықтарды жою, машиналарды техникалық қамтамасыз ету үшін аялдауы. Аялдаманың ұзақтығы мен олардың аралықтары нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады. Әдетте, аялдама 3 – 4 сағат жүрістен кейін 1 сағат, ал тәуліктің екінші жартысында 2 сағат ұзақтыққа дейін белгіленеді.
2-сайыс «Кім байқағыш?»
Сурет бойынша тиісті жол белгілерін табу. 5 ұпаймен бағаланады.
1.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!)
2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса. (сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат,
қызыл-тоқта)
3.Мына белгі нені білдіреді? (жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)
4. Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)
5. Мына белгі нені білдіреді? ( жаяу жүргінші өтетін жол белгісі)
6. Мына белгі нені білдіреді? (аялдауға тыйым салынады)
7. Мына белгі нені білдіреді? (тоқта)
8. Мына белгі нені білдіреді? (басып озуға тыйым салынады)
9. Мына белгі нені білдіреді? (велосипедпен жүруге рұқсат бар)
10.Мына белгі нені білдіреді? (жол жоқ)
11. Мына белгі нені білдіреді? (кері бұрылуға тыйым салынады)
12. Мына белгі нені білдіреді? (ашық жол )
3-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»
Жол белгілері 7 топқа бөлінеді. Олар пішіні мен бояуы жөнінен бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.
Ескерту белгілері. Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
Басымдылық белгілері. Бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту кезектілігін белгілейді.
Тиым салынатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тиым салады.
Нұсқау белгілері. Бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға , жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын т.с.с туралы хабарлайды.
Қызмет көрсету белгілері. Тиісті обьектілердің орналасуын хабарлайды.
Қосымша ақпарат белгілері. Қосымша ақпарат белгілері өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек. 5 ұпаймен бағаланады.
1.Жиек жол деген не ? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек? (жиекжолдың оң жақ шетімен)
З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)
4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? (Аялдамада)
ІІ топтың сұрақтары:
1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? (14 жастан)
2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды ? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)
3. Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? (алдымен сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз)
4.Балалар қай жерлерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)
ІІІ топтың сұрақтары:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер ? (Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
2. Бағдаршам дегеніміз не ? (Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді)
3. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? (Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн)
4. Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)
5-сайыс «Кім жылдам?» 5 ұпаймен бағаланады.
Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі.
6-сайыс «Жұмбақтар шешу» 5 ұпаймен бағаланады.
1) Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
2) Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. (Жол)
3) Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізгенмен ол мені
Аяғымды жүргізді. (Велосипед)
4) Үзенгісін тептім,
Зымырап кеттім. (Велосипед)
5) Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өмірінді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)
6) Үш көзді батыр
Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)
7) Өзі тым күшті,
Аяғы тісті.
Ілезде тындырар
Қыруар істі. (Трактор)
8) Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)
9) Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
10) Көліктің қаншасын жанынан өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. ( Жол)
11) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам.)
12) Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау.
Балалар , сендер Тұманбай Молдағалиевтің " Болар бала еді ол " деген өлеңін тыңдап
көріңдерші.
Қорытынды.
Құрметті, балалар! Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келгендерің көрініп тұр. Ендеше қорытынды сөз әділ-қазыларға беріледі.
Дайындаған: мектеп тәлімгері Аяпова Ақмарал Тілегенқызы.