kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Философия негіздері пәнінен колледж студенттеріне арналған тест тапсырмалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледж студенттеріне арналған саясаттану негіздері пәнінен тест тапсырмалары жауаптарымен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Философия негіздері пәнінен колледж студенттеріне арналған тест тапсырмалары»

Дәріс № Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштер
Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік.
Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды. Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.
Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында өндірілген металл бұйымдар.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық.
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.
Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы, әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар, сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған,

Дәріс № Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы.

Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің расалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады. 
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ халқының құрылуы да халықтар қалыптасуының жалпы ортақ заңдылықтары негізінде жүрді. Оның басты белгілері феодалдық қатынастардың қалыптасуымен, нығаюымен, тілінің, дінінің, материалдық және рухани мәдениетінің ортақтығымен жүзеге асырылған. Халқымыздың құрылуын жеделдеткен басты фактор – ХІV-ХV ғасырларда жеріміздегі дәстүрлі шаруашылықтың (мал өсіру) дамуы және оның отырықшы-егіншілік қарым-қатынасы. Тайпалардың ұзақ уақыт бойы әртүрлі құрылымдарда болуына қарамастан, олардың бір ғана түркі тілінде сөйлеуі тайпалық санадан гөрі халықтық сезімінің жоғары болғандығын көрсетеді. ХІV-ХV ғасырлардағы әдеби ескерткіштерге қарағанда, қыпшақ әдеби тілі басым болған. Ал антропологиялық зерттеулер осы жерде ертеде өмір сүрген адамдардың түрі, түсі, тұрпаты жағынан соңғы орта ғасырлардағы қазақтармен бірдей екендігін көрсетеді. Мұндай ортақ қасиеттер халық болып қалыптасудың негізгі белгілері.

Жергілікті ру-тайпалардың моңғол ұлыстарының орнында құрылған мемлекеттердің құрамында болуы этносы жағынан белгілі бір аймақта көшіп-қону бағыттарын тұрақтандырды. Бұл үдеріс этностық ортақ аумақтың қалыптасуында қазақ жүздерінің пайда болуына әсер етті.

Жүздердің пайда болуы туралы. Қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты дерек жоқ. Зертеушілердің көпшілігі «жүз» сөзінің мән-мағынасын тануға әрекет жасауда. Кейбір зерттеушілер оны арабтың бір нәрсенің басты бөлігі немесе тармағы деген ұғыммен байланыстырады. Ал екінші бір топтағы зерттеушілер жүз сөзін сандық жүзбен (100) салыстырып зерттеуді ұйғарады. Үшінші бір ғалымдар адамның жүзімен байланыстырып, бір жағы, жүзі деген ұғыммен, енді бірі «түз», «дүз» сөздерімен салыстырып зерттеуді ұсынады.

Ал жүздердің шығуы туралы Сәрсен Аманжолов: «Моңғол шапқыншылығына дейін, Х-ХІІ ғасырларда пайда болды» десе, этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды» дейді. Академик В. В. Бартольд: «Қазақ жүздері әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туды» деп, бір-бірінен оқшауланған Жетісу мен Сырдарияның орта ағысын, Сарысу өзені мен Сырдың төменгі ағысын, үшінші, Батыс Қазақстан аймағын көрсетеді. Ғалымның пікірі бойынша, осы аймақтарда қазақтың үш жүзі құрылған. Бұл пікірді тарихшы М. Вяткин одан әрі дамытып, жүздердің құрылуына саяси факторды қосып, ордалардың саяси одақтар құруын ХVІ ғасырдың соңына жатқызады. Бұл пікірді ХІХ ғасырдың екінші жартысында халқымыздың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов айтқан. Ол: «Қазақтар өздері көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын сақтау үшін үш жүзден одақтар құрған», дейді. Ал үш жүздің құрылуын Алтын Орданың ыдырау кезімен байланыстырады.

Ал жалпы қазақтың ұраны «Алаш» деп аттан салғанда, бүкіл үш жүздің ұландары атқа қонған. Ақжол бидің ХV ғасырдың екінші жартысында өмір сүргендігі анықталса, жүздердің құрылуы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болғандығы туралы тұжырыммен келісуге болады.

Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқан жергілікті ру-тайпалар бірлестігінен құралды. Ұлы жүзде – сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, т.б; Орта жүзде- арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ, т.б.; Кіші жүзде ірі рулардың үш бірлестігі – байұлы, әлімұлы және жетіру. Бұларды ертеден келе жатқан ру-тайпалар құрайды.

Сонымен жүз дегеніміз-халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория. Жүздердің жаз жайлауы, қыс қыстауы тарихи географиялық жер жағдайына байланысты бөлінген. Жүздер Отан қорғау жолында, бірігіп еліміздің тәуелсіздігін қорғау жолында да мемлекеттік міндеттерді атқарған.

Қазақ атауы.

"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді, немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.

X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.

X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда «қыпшақ-қазақ» деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.

1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.

"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш жұрты;

2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұстас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі.

Дәріс№ Қазақ хандарының хронологиясы.
Жәнібек және Керей сұлтандар басқарған қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында жаңа қазақ мемлекетінің негізін қалай бастады.  Қазақтың алғашқы Бас ханы болып Керей сайланды. Ол Жәнібек хан екеуі Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуға барынша атсалысты. Қазақ хандығының тарихы XV ғасырдың ортасынан басталады. 
Қазақ хандығының шекарасын ұлғайтып, іргесін бекітуде Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның орыны ерекше болды. Оның маңына бір миллионнан астам адам жиналып, сарбаздарының саны 300 мыңға жетті. Ол ел басқарған тұс қазақ даласындағы хан билігі берік, ең беделді және жер көлемі кеңейген кез еді. Қасым хан Қазақ хандығының жерін солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте кеңейте түсіп, мықты көрші мемлекеттермен тең байланыс орнатты. Хайдар Дулати оның Дешті Қыпшақта толық билік жүргізіп, Жошы ханнан кейінгі ең беделді және айбынды хан болғанын жазады. 
Сонымен қатар, ол “Қасым ханның қасқа жолы” деп аталатын дала заңдарын шығаруымен тарихта қалды. 
XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының саяси тұрақтылығын күшейтудегі және Сырдария бойындағы қалаларды қазақ жеріне кіргізудегі жетістіктер Тәуекел ханның атымен байланысты. Ол шайбанидтермен соғысып аз уақытта Сайрам, Ташкент, Түркістан, Андижан, Самарқан қалаларын басып алды. Соңынан олардың алдыңғы үшеуі қазақ хандығының құрамында қалды. Тәуекел хан өзінің бір баласын қарақалпақ елін басқаруға қойса, інісіне қалмақтарды басқартты. Сонымен қатар, Тәуекел хан Үндістан жеріндегі Ұлы Моғол мемлекетінің ішкі істеріне араласып, онда мемлекет басқару ісіне өз адамдарын қоя білді. Бұхар хандығындағы тарихшы Хафиз-и Таныш Тәуекел хан туралы, “ол дүниедегі ең батыр, батыл және ер, сонымен қатар, Дешті Қыпшақа даңқты болды” деді. 
Қазақ хандарының ішінде тарихта өшпес із қалдырған хандардың бірегейі Жәнібек ханның шөбересі Есім хан болды. Ол Бұхарды билеген Аштарханидтермен және ойраттармен Сырдария бойындағы қалалар мен оазистер үшін шайқасып Түркістан қаласы мен қала маңын қазақ хандығына қаратты. Содан кейін екі жүз жыл бойы Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы болып, басты саяси орталыққа айналды. Соғыстағы ерліктерімен қатар, Есім хан халық жады мен жалпы тарихта “Есім ханның ескі жолы” деп аталған дала заңымен әйгілі. 
Қазақ халқының тарихындағы 1723 жылдан басталған ең қайғылы “Ақтабан шұбырынды” кезінде хандар мен билердің ішінде Әбілхайыр хан ғана аз уақытта әртүрлі рулар мен тайпаларды біріктіріп, жоңғар әскеріне тойтарыс бере алды. Сүйтіп ол ұлт азаттық қозғалысының жетекшісіне айналды. Ордабасыдағы үш жүздің басшылары жиналған халықтық жиын Әбілқайырды қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол басқарған үш жүздің әскері Аңырақай мен Бұлаңты шайқастарында жоңғармен болған екі жүз жылдық соғыстағы ең ірі шешуші жеңістерге жетіп, қазақ жерін қалмақтардан тазартып шықты. Оның ішінде Аңырақай шайқасының орыны бөлек. Әр халықтың тарихында оның мақтан тұтатын жеңістері болады.
Әбілқайыр хан қазақ жерін жоңғардан азат етумен бірге, қазақ елінің іргесін солтүстік-батысқа және солтүстік бағытқа кеңейтіп, оған Жайық, Елек, Есіл және Тобыл өзендері аймақтарын қосты. Ол сонымен қатар, башқұрт, қалмақ және жайық казактарының қарулы шабуылдарына тойтарыс беріп, Даладағы көшпенді рулар арасындағы алауыздықты тоқтатты.  Әбілқайыр хан мықты қолбасы ғана емес, сонымен қатар, алыстан ойлайтын саясаткер де. Жоңғарлармен және солтүстіктегі көршілермен жүріп жатқан көп жылдық қанды шайқастар Даладағы билік жүйесін реформалауға, көшпенді қоғамды модернизациялауға және қорғаныс күшін нығайтуға мәжбүр етті. Қазақ қоғамында Бас ханның институтын бекітіп, оны көшпенділер қоғамындағы интеграциялық процесстердің тиімді құралына айналдыру қажет болды. Оның билік жүйесін өзгертуде өзара байланысты үш ұстанымы бар еді. 
1). Хан атағы қазақ қоғамындағы Жошы тұқымына жататындардың біреуіне ғана беріледі. 
2). Бас ханға толық билік құқы беріледі. 
3). Жоғарғы атақтар Бас хан мен оның отбасы мүшелеріне ғана берілуді жүзеге асыру70. 
Әбілқайырдың бұл ұсынысы (инициатива) көшпенділер қоғамына екі мың жылдай кешігіп келген жаңа жүйе еді. Хан бақилық болғаннан кейін оның бірнеше әйелінен туған ұлдары билікке таласып, амалын тапқаны қарсылас бауырларын өлтіріп тынатын. Атилладан қалған 168 ұлдың арасындағы билікке талас, ол құрған империяның ыдырауына себеп болса, бұл теріс үрдіс әсіресе Алтын Орданың соңғы кезеңінде шарықтау шегіне жетіп, бір жылда билік басына бірнеше хан келген уақыттар да болды. Ұлы далада “қан сасыған хан сарайы” деген осыдан қалған. 
Қазақ хандығын дамыту жолындағы ішкі саяси жағдайды жан-жақты ұғынған және сол кездегі күрделі геосаяси жағдайды ескерген Әбілқайыр хан қазақтың Ресей құрамына өз еркімен кіруінің (протекторат) инициаторы болды. Ол қазақ халқының үш ғасырға созылған күрделі тағдырын анықтаған шешім еді. Сол кезде Қазақ хандығы Ресейдің құрамына кірмей өздігінен өркениетті елдердің қатарына қосылатын мүмкіндігі болды ма? Бұл үш ғасырдан кейін де маңызын жоймаған сұрақ. 
Бұл дұрыс шешім болды ма, әлде теріс пе деген сауалға әлі күнге дейін ғалымдар мен саясаткерлер толық жауап бере алмай келеді. Мүмкін толыққанды жауап табылмайтын да болар. Ресей мемлекетінің тұрақты көмегінсіз Даладағы ханның билігі қазақтың үш жүзінің басы бірігіп, ұзақ уақыт тұрақты дамуы екіталай екенін түсінді. 
Қазақтың ханы ретінде Әбілқайыр өзінің тарихи миссиясын қазаққа жарқын жол көрсету деп түсінді. Өз ойын ресейдің императоры Елизавета Петровнаға жазған хатында, “бұл дүние ешкімге, соның ішінде маған да мәңгі емес, сондықтан мен балаларым мен өзімнің қырғыз-қайсақ (қазақ) халқыма соңынан олар пайдаланатын бір жол қалдырғым келеді” деген112. Оның есімі қазақ тарихында елдің ішкі және сыртқы саяси проблемаларын шешкен Даланың ірі саяси қайраткері және әскербасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі болашақ қазақ тарихының дамуын дұрыс болжап, оған өз халқын дайындай білген халықаралық дәрежедегі стратег ретінде қалды. Ол қазақ халқының сол кездегі түйінді мәселелерін саралай келіп, еуропа өркениетіне бағыт алуға шешім қабылдады. Ол туралы Ы.Алтынсарин, “... Әбілқайыр қазақтарға адамзат өркениетіне апаратын жаңа жол, қайырымдылық пен бақыт жолын көрсететін ерекше дәуірді ашты. ... Біз оған: Әбілқайыр – сен о дүниенің де патшасы бол, сенің есімің қазақтардың есінде мәңгі қалсын демекпіз” деген екен13. 
Әбілқайыр жүргізген саясатты, қазақтың ұлы ханы Абылай одан әрі жалғастырды. Ол туралы Ш.Уәлиханов: “Сол қантөгіс заманда сұлтан Абылай басқалардан ерекше көрінді. Ол қатардағы әскерден бастап сол кездегі барлық негізгі соғыстарға қатысып, онда өзінің ерекше батырлығымен және айлакерлігімен көзге түсті. Пайдалы кеңестері мен стратегиялық шешімдері оны даналардың қатарына қосты” дейді44. 
Ойраттар ішінде билікке талас соғысқа ұласқанда, Абылай көтерілісші нояндар - Әмірсана мен Дауациді қолдау арқылы, өзара соғысқан жоңғардың күшін солардың қолдарымен әлсіретті. Сүйтіп олардың шайқасы солтүстікке ығысқанда қазақтың көшін Ертістің сағасы мен Зайсанның жайлауына көшіріп апарды. Сонымен, біріншіден, қазақтың жерін кеңейтті, екіншіден, жоңғарды өзіне өзін қарсы қойып әлсіретті. Сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланды39. Соңынан манчжур әскері жоңғарды қирата жеңгенде, Абылай өз әскерін ойраттардың қонысынан шығарып, Циндардың жағына шықты. А.И.Левшиннің дәл анықтауы бойынша, “ол мақсатын өзгертпей, одақтастарын ауыстырды”97 және сол жағдайды пайдаланып бұрын жоңғар хандарының қарамағында болған Жетісудың Солтүстік-Батысы мен Тарбағатайға Орта және Ұлы жүз қазақтарын көшірді. Цин империясы Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін қазақ халқы өте күрделі геосаяси жағдайда қалғанда Абылай саяси және әскери дарынымен бірге, көреген дипломаттық қырын таныта білді. Ол бұрын Ресейге ант бергенімен, енді қытай богдахандарының қамқорлығын қабылдап, осы екі ел арасындағы қайшылықтарды қазақ хандығының саясатын жүргізуге пайдалануды ойлады142. Бірақ, осы қос бодандық немесе сол кездегі көпвекторлы саясат түбінде қазақ хандығының сыртқы саясатына тиімді болған жоқ. Ол XIX ғасырда Шығыс Түркістанды Қытайдың басып алып, құрамына кіруін тездетті. Елді басқа елдің бодандығына (әскери, экономикалық, саяси және т.б.) апаратын қандай да саясатты дұрыс деп айтуға болмайды. 
Қазақ хандығының оңтүстіктегі жағдайын түзету мақсатында Абылай хан Тянь-Шань қырғыздары мен Фергана басшыларына қарсы жорық ұйымдастырып, Түркістан қаласының маңайы мен Ташкентті қазақ жеріне кіргізді. 
Абылай хан айналасына заманының ұлы ақындары - Бұхар жырау, Тәттіқара, Үмбетей жырау және батырлары – Қабанбай, Бөгембай, Тайман, Наурызбай және т.б. жинау арқылы халқын біріктіріп, сарбаздары мен батырларының рухын көтере білген ұлы елбасшы болды. “Тағдыр кейде алдын, кейде артын береді” деп Асанқайғы бабамыз айтқандай, Абылай хан дүниеден өткен соң қазақтың батырлық дәуіріндегі дәстүрлер тарих үлесіне кетті. Абылай хан қазақ халқының санасында ұлы істерді атқаруға жіберген аруақ ретінде сақталды44. Әбілқайыр мен Абылай хандардың жүргізген сыртқы саясаттары бүгінгі Қазақстан үшін де маңызын жойған жоқ. Олардан кейінгі екі ғасырдан астам уақыт ішіндегі бодандық, “Зар заман”, Қазан төңкерісі мен қазақтардың шет жерге жаппай көшуі (екінші “Ақтабан шұбырынды”), 1921-1924, 1929-1938 жылдардағы ашаршылық, жаппай қырғын мен саяси қуғын-сүргін, тоталитарлық жүйе т.б. осының бәрі Әбілқайыр мен Абылай хандардан кейінгі қазақ халқының ауыр да қасіретті тарихы. Енді тәуелсіздік алған еліміздің геосаясаты мен экономикасын дамытуда біз “баяғы жартас, сол жартас” болып қалмай, өткен тарихымыздың сабақтарын үнемі естен шығармауымыз керек. 
1743 жылы қалмақ тұтқынынан хан Абылайды босатып жатып Галден Церен оған үш сұрақ қояды: «Сендерде қой көп пе?» деп. Оған Абылай: «Көп» дейді. Сонда Галден «Демек, қойшы өтірікші, қойлар - ұры. Сендер ешқашан ұсақ даудан құтылмайсыңдар, - дейді де, - сендерде жылқы мен сиыр көп пе?» деп екінші сұрағын қояды. Абылай бұл сұраққа да «Ия, көп» деп жауап береді. Сонда Галден айтады. «Сенің халқың еңбек етпей етке тойып, қымызға мас болатындықтан ұрпақтарың сауатсыз болады. Сенің халқың егін еге ме?» дейді ақырғы сұрағын қойып. Абылай, «Жоқ» деп жауап береді. Галден оған: «Жерге орнықпаған халық отанын тапқанша талай рет басқа жерлерге тарап атамекенінен қуылады» депті175. 
Абылайдың немересі Кенесары XIX ғасырдағы патшаның отарлау саясатына қарсы жиырма жылға созылған қазақтың ұлт-азаттық қозғалысын басқарды. Оның армиясының құрамында үш жүздің батырлары мен сарбаздары және Нысанбай, Қожаберген секілді халықтың жоғын жоқтайтын жыраулар көтеріліс ұраншылары болды. Қозғалыс белгілі себептермен жеңіліс тапқанымен, ол халықтың есінде елдік пен ерліктің үлгісі болып қалды. “Қазақта Кенекемдей жан болмайды” деп жырлаған ақын М.Жұмабаев Кенесарыны қазақ хандары мен батырларының ішінде бірегей етіп суреттеген. Әлемге белгілі жазушы Жюль-Верннің «Курьер царя» романындағы С.-Петербордағы патша сарайынан бастап Сібірге дейін үрей туғызған басты кейіпкер де осы Кенесары хан. 
Тарихшы Е.Савичев Кенесары хан туралы: “Кенесарының алдынан кездесетін кедергілер оның бойындағы қажымас қайрат пен қайсарлықты жігерлендіріп, сол кедергілерді жеңуге қайрат беріп, қиындықтарды жеңген сайын оның қуаты келесі кездесетін кедергілерді жеңуге шыңдала беретін сияқты. Кездесетін кедергілер мен қиындықтар күрделенген сайын ол қайраттанып, оларды қиратуға жаралған алыптарға ұқсайды” дейді. 
Осы қысқа деректердің өзі ғана хан атағын патша бермегенімен, халық жүрегінен орын тапқан Кенесары ханның қазақ тарихындағы орны ерекше екенін көрсетеді. 
Бөкей сұлтан 1801 жылы Патшадан ұлықсат алып, Еділ мен Жайықтың ортасындағы жерге халықты көшіріп, онда батыс үлгісіндегі Бөкей хандығын құрды. Бөкей хан



Дәріс № Ерте темір дәуірінің ерекшеліктері

Ерте темір дәуірі: Мысалы, ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Беласар кешенінде адаммен бірге қойылған 4 ыдыс, басқа да ғұрыптық заттар сол күйінде қабірде жатыр. Бірақ адамның сүйегі жоқ. Бұл — алыста жау қолында қаза тауып, сүйегі табылмаған адамға қойылған символикалық жерлеу орны. Мұндай ғұрып ерте темір дәуірі халықтарында да болған. Бұл ғұрыптың жаңғырығы қазаққа да жеткен. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Орта қоладан соңғы қолаға өтпелі кезеңге ірі қорған-қоршаулардың, ірі гранит тастар мен шеті көмкерілген үлкен қоршаулардың пайда болуы тән. Бұлар патриархалдық-отбасылық қауымның ортақ жерлеу орны емес, Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.
Шығыс Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді. Олар:
1. Усть-Бөкен кезеңі (б.з.д. XVIII—XVI ғғ.).
2. Қанай кезеңі (б.з.д. XV—-XIII ғғ.).
3. Кіші-Красноярка кезеңі (б.з.д. XIII—IX ғғ.)
4. Трушниково кезеңі (б.з.д. IX—VIII ғғ.)
Қоныстары
Усть-Нарым селосы жанындағы қоныс Ертіс өзенінің жағасында. Екі үйдің орны қазылып, зерттелді. Үй жердің бетіне салынған. Көлбеу екі катар сырғауылдардан шатырша етіп үйдің ағаш қабырғасын тұрғызған. Содан соң оның үстіне қамыс, аң терілерін жапқан. Үйдің ортасында тас ошақ болған. Ал осы қоныста зерттелген тағы бір үйдің көлемі үлкен, ұзындығы 11 метр де, ені — 8 метр. Алдыңғы үйдегідей көлбеу бағаналардың ізі жоқ, үй жер бетіне ағаштан қималанып салынған. Тамақ істейтін, үйді жылытатын ошақ үйдің солтүстік бөлігінде орналаскан.Үйдің сыртында аулада тағы бір ошақ болған. Ол ашық жерде орналасқан, оның үстінде жай жаппа сиякты калқа болған болуы керек. Адамдар бұл ошақты жазда пайдаланған.
Бұл екі үйдің орнынан, күлтөкпелерінен мынадай заттар табылған: сүйек немесе мүйіз заттар — пышақ, біз, тері жұмсартқыш калақша, жылқының тобығынан жасалған адамға ұқсас бейне, асықтар, т. б. Пышақ малдың жілігінің жарықшағынан жасалса, біз кәріжіліктің қасындағы сүйектен, тері жұмсартқыш ұсқы өгіздің жақ сүйегінен жасалған. Жылкының тобығынан жасалған бейне адамның пошымына келеді. Тастан жасалған заттар: тас келсап, кетпен, дәнүккіш қалып, кен үгітетін балға, жұмыртка пішімді зат, қайрақ, ұршықтың басы, атқыш тас, тас құты, т. б. заттар. Балшықтан жасалған заттар, әр түрлі ыдыстардың сынықтары. Металл заттардан тек бір қола орақтың сынығы табылды.
Шығыс Қазақстанда зерттелген, сондай-ақ Кіші Красноярка, Трушниково қоныстарындағы, жерлеу орындарынан табылған, қоладан жасалған, тарихи-мәдени құнды заттар: қанжар, білезік, шот, кайла, жебелер, шокпардың бес емшекті басы (тас), найза ұшы, орақ, балта-шоттар, пышақтар. Қола дәуірінің соңына карай тайпалар арасында алыс-беріс күшті дамиды. Шығыс Қазақстандықтар бұл кезде, әсіресе бір жағынан Жетісуды, екінші жағынан Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалармен тығыз араласқан. Бұл олардың арасында қола, алтын, геометриялық өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар, мал түліктерімен ауыс-түйісінен айырбасынан көрінеді.


Дәріс № Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы КП қызметі.

Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты. 1918 ж. қаңтарда өткен Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің (бұдан әрі кеңестер деп аталады) біріккен съезінде “Еңбекші және қаналған халықтардың декларациясы” жарияланды. Езілген ұлттарға өз республикаларын құруға мүмкіндік берілді. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясықабылданды. 1919 ж. наурызда мемл. билік басындағы Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының РК(б)П жаңа бағдарламасы қабылданып, елде социализм орнату жолдары белгіленді. Бағдарламаға сәйкес ішкі және сыртқы контрреволюциямен күресу үшін 1919 ж. маусымда Ресей, Украина, Белоруссиядағы кеңестер билігін (қ. Кеңес өкіметі) жақтайтын мемл. органдардың әскери, саяси, шаруашылық одағы қалыптасты. 1918 ж. 30 сәуірде Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і), 1920 ж. 26 сәуірде Хорезм халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 8 қазанда Бұхар халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 4 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і) құрылды. Қызыл армияның Кавказға жорығы нәтижесінде ондағы ұлттық үкіметтер құлатылып, Әзірбайжанкеңестік социалистік республикасы (28.04.1920), Армян кеңестік социалистік республикасы (29.11.1920),Грузин кеңестік социалистік республикасы (25.02.1921) жарияланды. 1922 ж. 12 наурызда осы үш республика бір федеративтік одаққа (Закавказье Соц. Кеңестік Республикалардың федеративтік одағы, ЗСКРФО) бірікті де, сол жылдың аяғына қарай (13.12. 1922), Кеңестердің 1-Закавказье съезінде ЗСКРФО біртұтас Закавказье Социалистік Федеративті Кеңес Республикасы (ЗСФКР) түріне айналдырылды, әрі оған кірген республикалар дербестігін сақтайтын болды. Ресей мен Жапония арасында болуы ықтимал әскери қақтығыстың алдын алу және ақ гвардияшыларды, интервенцияны жоюға жағдай туғызу мақсатында 6.4.1920 ж. жарияланған Қиыр Шығыс республикасы, алға қойылған мақсат орындалған соң, 15.11.1922 ж. ВЦИК декретімен барша жері РКФСР-ге оның құрамдас бөлігі ретінде қосылды. 1922 жылдың ортасына таман бұрынғы Ресей империясының барлық жерінде дерлік кеңестер билігі орнады. Мемл. құрылымды одан әрі жетілдіру үшін, билік басындағы коммунистер (большевиктер) партиясының жетекшісі Владимир Ильич Лениннің жоспары бойынша, кеңестік республикалардың одағын құру керек болды. Жаңа одаққа кіретін республикалар тәуелсіз және тең құқылы болып саналды. РКФСР, УКСР, БКСР, ЗСФКР Кеңестерінің кезекті съездері одаққа бірігуді жақтап дауыс берді. Осыны негізге ала отырып, 1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. ОАК-нің 2-сессиясында Кеңес Одағының үкіметі – В.И.Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1925 ж. ӨзбекстанКеңестік Социалистік Республикасы (Өзбек КСР-і), Түрікменстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Түрікмен КСР-і), құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасынан бастап Кеңес Одағы жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, елді күшпен индустриализациялау және ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру саясатын жүргізді. Коммунистік партия мемлекеттік билікті толық қолына алды. Елде қатты орталықтандырылған әрі милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді жедел түрде модернизациялауға және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға қызмет етті. Ауыл шаруашылығында шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл байларын, т.б.) тәркілеу халықты жаппай ашаршылыққа ұшыратты. Оған қоса зорлықпен отырықшыландырылған қазақ шаруалары айрықша қатты шығынға ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Бұл халықтың жаппай наразылығын туғызып, жер-жерде шаруалар көтерілістері басталды. Бірақ оларды үкімет әскерлері күшпен басып тастады. 1929 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жасалды. 1934 жылы алғашқы бесжылдық жоспарды мезгілінен бұрын орындау қорытындылары қаралып, 2-бесжылдық жоспар жасалды. Екі бесжылдық нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша КСРО Еуропада 1-орынға, әлемде (АҚШ-тан кейін) екінші орынға шықты. 1934 жылдың соңында КСРО бойынша жаппай саяси қуғын-сүргін басталды. Көптеген партия, мемлекет, қоғам, әскери, мәдениет қайраткерлері атылып кетті, миллиондаған тұтқындарды тегін жұмыс істету үшін еңбек лагерлері құрылды (қ. ГУЛАГ). 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы(Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды. 1939 ж. кеңес-герман келісімшарты жасалынып, ол бойынша КСРО құрамына Батыс Украина мен Батыс Белоруссия, 1940 ж. Балтық теңізі жағалауы елдері, Бессарабия, Солт. Буковина зорлықпен қосылды. Осының негізінде 1940 жылы Молдовия Кеңестік Социалистік Республикасы (Молдовия КСР-і), Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы (Латвия КСР-і), Литва Кеңестік Социалистік Республикасы (Литва КСР-і), Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы (Эстония КСР-і) құрылып, Кеңес Одағы құрайтын одақтас республикалар саны 15-ке жетті. 1941 ж. жазда кеңес-герман соғысы басталды (қ. Ұлы Отан соғысы). Соғыс кезінде тұтас халықтар (балкарлар, шешендер, қалмақтар, қырым татарлары, карашайлар, месхет түріктері, немістер, т.б.) Қазақстанға, Орта Азияға, Сібірге жер аударылды. Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ға Оңт. Сахалин, Куриль аралдары, Петсамо (Печенга) ауданы, Клайпеда, Кенигсберг (Калининград), т.б. территориялар қосылды. Соғыстан кейінгі жылдары саяси қуғын-сүргін қайтадан басталды (космополиттермен күрес, “Ленинград ісі”, “дәрігерлер ісі”, т.б.). Соғыс кезіндегі бұрынғы одақтастармен (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) арада бәсеке күшейіп, “қырғи-қабақ соғыс” ахуалы қалыптаса бастады. Әлемде екі жүйе (социалистік елдер мен капиталистік елдер) пайда болып, жанталаса қарулану күшейіп кетті. 1949 ж. Семей полигонында КСРО-да тұңғыш атом қаруы сыналды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. Қудалауға ұшыраған халықтардың РКФСР құрамындағы автон. құрылымдары қалпына келтірілді. Кеңес Одағы құрамында жоғарыда аталған 15 одақтас республикалардан өзге 20 автономиялық республика, 8 автономиялық облыс, 10 ұлттық округ болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Қазақстан мен Батыс Сібірде тың және тыңайған жерді игеру қолға алынды. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И.Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. Экономика экстенсивті жолмен дамыды, елді милитаризациялау әрі қарай жалғасты. Көрші социалистік елдерде реформа жасау әрекеттері – Венгрия (1956) мен Чехословакияға (1968) қарулы әскер кіргізу арқылы басып тасталды. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан


Дәріс № Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар. 1986ж Желтоқсан көтерілісі.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.

1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Кеңес саяси жүйесіне реформа.

1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.



Дәріс № Этнография ұғымына анықтама. Қазақтың салт-дәстүрі. Халық ауыз әдебиетә, діни нанымдары.
Этнография
 – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Этнология – этнография ғылымының бір саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейді.

Халықтық салт-дәстүр. Салт-дәстүр – халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері. Салт-дәстүрде әрбір халықтың өзіне тән игі қасиеттері көрініс табады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: қарттарды құрметтеу, үл- кенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-ананы ардақтау, үйге сәлем беріп кіру,әдептілік,  қонақжайлылық, т.б. Ақсақалдар мен ел құрметіне бөленген сыйлы адамдар және ата-ананың өз ұрпағына, еліне арнап айтқан үлгі-өнегесі өсиетсөз деп аталады. Жасы үлкендер жастарға керектісін жаратсын, жамандықта ескерсін деп өмірден алған тәжірибесін, ақыл-кеңесін өсиет етіп айтады.

Ұлт, тайпа, халық. Жер шарын мекендеген адамдар түрлі ұлттар мен тайпалар, халықтардан құралған. Ұлт – шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі. Ұлт адамдарының бәрі бір тілде сөйлейді. Олардың мекендеген қонысы да ортақ саналады. Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің ерекше белгілеріне қарап үш топқа: еуропеоидтық (ақнәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) және негроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге бөледі. Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты (дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) бойынша ажыратылады. Халықтар діни тұрғыдан да топталады. Жер шарын мекендеген адамдар әлемдік үш негізгі дінге – мұсылман, христиан, будда діндеріне сыйынады. Бұдан басқа ұсақ діндер де бар. Этнографиялық деректер жинау ерте заманнан қолға алынған. Ежелгі Египет, Вавилон және Парсы елдері басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу немесе жаулап алу үшін олар жайлы түрлі мәліметтер жинады. Көпшілік жағдайда мұндай мағлұматтарды бір елден екінші елге барып жүретін саудагерлер мен саяхатшылар, елшілер жеткізіп отырған.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес
Ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және  оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды. Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған.   Атап айтқанда:   - моңғол, қазақ, қырғыз тағы да өзге халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;   - ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;   - «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;   - Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата);   Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.

























Дәріс № Этнография ұғымына анықтама. Қазақтың салт-дәстүрі.
Этнография
 – тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді. Этнографтың жұмысы өте қызықты әрі жауапты. Халықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, олардың айтқандарын жазып алады. Этнограф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тіршілігін терең білу үшін жиын-тойға да қатысады. Кейбір маңызды көріністерді суретке түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кездесетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз зерттеуіне музей деректерін, ертеректе жазылған қолжазбаларды да пайдаланады. Саяхатшылардың мәліметтеріне, бұрыннан сақталып қалған әдеби мұраларға да көңіл бөледі. Жергілікті халықтың даму жолын, басқа халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мысалы, қазақ халқының этнографиялық тұрмысын қазақтармен қатар орыс және шетелдік ғалымдар да терең зерттеген. Этнология – этнография ғылымының бір саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін зерттейді.

Халықтық салт-дәстүр. Салт-дәстүр – халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері. Салт-дәстүрде әрбір халықтың өзіне тән игі қасиеттері көрініс табады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері: қарттарды құрметтеу, үл- кенді сыйлау, жастарға қамқоршы болу, ата-ананы ардақтау, үйге сәлем беріп кіру,әдептілік,  қонақжайлылық, т.б. Ақсақалдар мен ел құрметіне бөленген сыйлы адамдар және ата-ананың өз ұрпағына, еліне арнап айтқан үлгі-өнегесі өсиетсөз деп аталады. Жасы үлкендер жастарға керектісін жаратсын, жамандықта ескерсін деп өмірден алған тәжірибесін, ақыл-кеңесін өсиет етіп айтады.

Ұлт, тайпа, халық. Жер шарын мекендеген адамдар түрлі ұлттар мен тайпалар, халықтардан құралған. Ұлт – шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі. Ұлт адамдарының бәрі бір тілде сөйлейді. Олардың мекендеген қонысы да ортақ саналады. Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің ерекше белгілеріне қарап үш топқа: еуропеоидтық (ақнәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) және негроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге бөледі. Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты (дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) бойынша ажыратылады. Халықтар діни тұрғыдан да топталады. Жер шарын мекендеген адамдар әлемдік үш негізгі дінге – мұсылман, христиан, будда діндеріне сыйынады. Бұдан басқа ұсақ діндер де бар. Этнографиялық деректер жинау ерте заманнан қолға алынған. Ежелгі Египет, Вавилон және Парсы елдері басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу немесе жаулап алу үшін олар жайлы түрлі мәліметтер жинады. Көпшілік жағдайда мұндай мағлұматтарды бір елден екінші елге барып жүретін саудагерлер мен саяхатшылар, елшілер жеткізіп отырған.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес
Ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және  оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды. Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған.   Атап айтқанда:   - моңғол, қазақ, қырғыз тағы да өзге халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;   - ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;   - «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;   - Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата);   Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.























Дәріс№ Көшпелілердің рухани мәдениеті
«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, «мөдениет» үғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен өрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында түйык шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай карағанда, материалдың мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [[Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан «Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазусызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.
Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғүн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бірбірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.

Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мөдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, түрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазак мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.
Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылыкпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттык пен қолөнер катар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағүн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың калдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жок. Түркі дөуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғғ.) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимак-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне төн материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.
Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның рунала- рына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни «қүпия» жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 өріп бар, бүдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді.

Дәріс№ Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты.
1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін  бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты. 1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.  1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне, тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды. Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами  бастады. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті.  Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды. 





















Дәріс № Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер. ҚР Конституциялары
Қазақстан Республикасының конституциялары. Қайта құру кезеңіндегі (1985—1991) Кеңес Одағында болып өткен айтарлықтай өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ақыр аяғында құлауы мен тарауына әкеліп соқты. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның әділеттік тұрғыдан тәуелсіз мемлекет деп аталуын оның жаңа сапалық жағдайға бет бұруы деп ұғынуға болмайды. Бұл орайда Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ғана ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мына жолдарын белгілеп алу керек болды: экономикада — нарықтық қатынастарды тұрақтандыру; саясатта — азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл бағыттың прогресшілдігі қоғамның ең жоғарғы құндылығы есебінде алдымен адамды танып-білуге негізделгендігінде еді. Нәтижеде, тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды.
Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам құрылысының нұсқасы — Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция қабылдау керек болды. Мемлекеттің Негізгі заңына әзірлік, біріншіден — уақытқа, екіншіден — оның құрылымы мен мазмұнына тікелей байланысты. Себебі, бұл жаңа Конституцияда Қазақстан сияқты ұлттық, әлеуметтік жағынан бірегей мемлекеттің өзіндік өзгешелігі, басқа да құқықтық нормалар мен қарым-қатынастар қатаң да әділ реттелуі тиіс. Содан болса керек, ескі саяси жүйеден әлі толық арыла қоймаған 1992 жыл түгелімен осыған кетті. Қазақстан Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын әлі толық жаңарта алған жоқ еді. Халықтың көпшілік бөлігінің сана-сезімінде кеңестік дәуір дүниетанымының сарқыншағы басым еді. Әйткенмен, уақыттың бұлжымас өз заңы бар, мұны ескермесе болмайды.
1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні бекітілді. Музыкасын жазғандар: Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, мәтінін жазғандар: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева.
Мемлекеттік рәміздердің белгіленуі мен бекітілуі жаңа мемлекеттің сыртқы сипатын анықтай түсті. Бұдан соң көп ұзамай, яғни 1993 жылдың 28 қаңтары күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының ХІІ шақырылуында Қазақстан жаңа Конституцияға ие болды. Бірінші Конституция, экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздігі құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Әйткенмен, аталмыш конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты.
Казақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды. Ал шын мәнінде 1993 жылдары демократиялык қайта құрулар енді-енді ғана өзіне жол ашып жатқан болатын. 1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтыл-мады. Бұл уақытта президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне ие болды. Мұның ерекшелігі, Қазақстанда Президент мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік атқарушы билікке жататын еді. 1993 жылғы Конституция бойынша Үкімет басшысын, соңдай-ақ оның орынбасарларын, министрлер және ведомствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Конституцияның құрылымында Жоғарғы Кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. Бұл жоғарғы өкілеттік органның мемлекеттік сатыдан жоғары тұрғанын көрсетеді, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мемлекет және онын органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстанның халқының атынан сөйлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президснтке тән деп көрсетілген. Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің ара-сында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Алайда елдегі жағдай тез өзгеріп, қазіргі заманның құкықтық институттары мен нормаларына енгізуге жол ашылды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттің тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танытты, біздің қоғамға жаңадан енген кейбір институттарды қоғамдық, саяси және құқықтық салаларда бекітті, сөйтіп сол кезеңдегі үш негізгі міндетті шешті. Бірақ іс жүзінде 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақ-стандағы шынайы әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерден алшақтығы мемлекет тұрғындарының тіл мәселесі, меншік нысандары, жерге, азаматтыққа, мемлекеттік сипатына қатысты сәйкессіздіктерін туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Әсіресе, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшейе түсті. Үкіметтің биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті баскарудың мүдделеріне қауіп төндірді. Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және жаңа Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1993 жылғы Конституцияда жазылған құқықтық мемлекетті құруға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы елімізде құқықтық реформалардың бағдарламасы қабылдаңды. 1990 жылдардың екінші жартысындағы конституциялық реформалар. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп тұжырымдалды. Құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту жолында Конституциялық заңдар да қабылдаңды. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабыл-данды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды. 1998 жылы 7 казанда №284 «Қазақстан Республикасы Конституци-ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб-ликасы заңы қабылданды. 1998 жылғы Конституцияға енгізілген то-лықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті орган-ның орны мен рөлін. маңызын нығайтты. Конституция ережелеріне енгізілген түзетулер еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Осыған сәйкес, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттілігі кеңейтілді. Сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқа билер соты енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды.


Дәріс№ Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі - халық екенін анықтады. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Демократиялық сайлау – бұл бәсекелі, мерзімді және өкілдік сайлау, оның процесінде кең еркіндікке ие азаматтар билік құрылымдарына өздерінің өкілдерін балама негізде сайлайды. Бәсекелі сайлау сайлауға түрлі партиялардың және кандидаттардың қатысуына кепілдік береді. Олардың барлығы сөз, жиналыс, қозғалыс бостандығын, олардың саяси көзқарастарының естілуі үшін және олар сайлаушыларға балама кандидаттарды ұсына алуы үшін қажеттінің барлығын пайдалана алады. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың мерзімділігін, билік органдарында елдің әр түрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқы жоқ.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанады. Мемлекет Басшысын сайлау және Қазақстан Республикасының Парламентін, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды құру біздің елімізде ұлттық заңнамаға жәнеЖалпыға бірдей адам құқығы декларациясына (1948 ж.), Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге (1966 ж.), Еуропалық адам құқығы мен негізгі бостандықты қорғау туралы конвенциясына (№1 Хаттама, 1952 ж.), ЕҚЫҰ-ның Копенгаген кеңесінің құжатына (1990 ж.) енгізілген демократиялық сайлаудың жалпыға танымал принциптеріне сәйкес ашықтық және жариялық жағдайларында өтеді.

Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген.

Сенатты 47 депутат құрайды. Қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Мемлекет Басшысы тағайындайды. Сенаттың тағы 32 депутаты, әр облыстан, Астана және Алматы қаласынан екі адамнан сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Мәжіліс  жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоқсан сегізі Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер бойынша тепе-теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Саяси партиялар Парламенттің төменгі палатасының құрамын сайлаудың тепе-тең жүйесі арқылы (партиялық тізім бойынша) құрады. Бұдан бұрын елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілетін (67 депутат бір мандаттық сайлау округі бойынша сайланып, ал 10-ы – саяси партиялардың тізімі бойынша сайланатын).

Дүниежүзінде әбден жетілдіріліген сайлау жүйесі әлі де болса қалыптаспаған. Ғасырлық демократиялық дәстүрі бар ежелгі мемлекеттердің өзі жаңа сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу барысында кемшіліктер табады.

Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң үнемі жетілдіріліп, заманауи әлемнің реалийлеріне сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үдерісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артады.

1995 жылғы қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның бастапқы қабылдану уақытынан бастап оған он төрт рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жалпы алғанда осындай түзетулер 792-ден астам болды. Осылайша қалыптасқан еліміздің сайлау заңнамасы ЕҚЫҰ-ның 1990 жылғы Копенгаген құжаты қалыптастырған сайлау құқығының негізгі қағидаттарына жауап беретін, Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделген және Сайлау туралы Конституциялық заңның жалпы бөліміне енгізілген және оның тараулары мен баптарында тәтпіштелген сайлау жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Сайлау туралы заңға неғұрлым тұжырымдамалық өзгерістер 2004, 2007 және 2009 жылдары енгізілді. Сонымен қатар 2004 жылы баламасыз сайлау, алдын-ала дауыс беру алынып тасталды; сайлау комиссияларын қалыптастырудың жаңа қағидаты - саяси партиялардың ұсынуымен жергілікті өкілді органдарды сайлау енгізілді; сайлаушылардың тізімін құру қағидаты өзгерді: сайлаушылар тізімге тұрғылықты жеріндегі тіркеуге сәйкес енгізіледі; кандидаттардың БАҚ-қа тең қолжетімділігіне кепілдіктер енгізілді; отандық және халықаралық байқаушылардың құқықтары едәуір кеңейді және т.б.

Республиканың сайлау заңнамасына 2009 жылы енгізілген маңызды өзгерістердің бірі - Парламент Мәжілісін, екінші партия заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермеген жағдайда да, кемінде екі саяси партияның қатысуымен құруға мүмкіндік беретін құқықтық тетіктің енгізілуі. Аталған тетіктің енгізілуіне себеп - 2007 жылы өткізілген Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда дауыс беру нәтижелері бойынша қалған барлық партиялар заңда белгіленген 7-пайыздық кедергіні еңсермегендіктен, барлық мандаттар бір партияға тиесілі болғандығы.

Бұдан басқа сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібін регламенттейтін және кандидаттар мен саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділіктің тең шарттарын қамтамасыз ететін баптарға өзгерістер енгізілді. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың бірыңғай күні белгіленді.

2011 жылғы толықтырулар Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мен өткізу мәселелерін қамтыды. Соның ішінде толықтырулар кезектен тыс президент сайлауын Президент тағайындайтынын және тағайындалған күннен бастап екі ай мерзімде кезектен тыс Президент сайлауы үшін белгіленген ережелерге сәйкес өткізілетіні, ал кезектен тыс Президент сайлауынан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы бес жылдан кейін жарияланатыны анықталды. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

2013 жылғы толықтырулар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің кезектен тыс сайланған депутаттарының өкілеттіктерінің конституциялық мерзімін есептеуге қатысты болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ел азаматтары екі референдумдық науқанға, президентті сайлау жөніндегі алты науқанға, бес –Парламент Мәжілісін (төменгі палата) сайлау жөнінде, бес – биліктің жергілікті өкілді органдарын (мәслихаттарды) сайлауға қатысты. Сонымен қатар 2009 жылдан бастап сайлаушылар жылына екі рет мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға қатысады.





Дәріс № Нарықтық экономиканың дамуы

Жалпы нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады.Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді

Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру — азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері

Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып — дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық  құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады.   «Қазақстан — 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.  Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иелік артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, сол себептен “голландық ауруға” немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.

Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі – Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында — «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру. Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.  Келісім–шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.

Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет. «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген. Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.

Еліміздің президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы» деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:

— адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады;                    — Қазақстанның   табиғи   ресурстарының   дүниежүзілік   тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу

— тұтыну нарығын толықтыру;

— Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;

1994 жылдың маусымында  Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы»жолдауын жіберді. Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жүргізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады.


Дәріс № Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегіБудапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларғаҚытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалартарапынан кепілдікке алынды.

90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас АссамблеясындаН.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі.

Еуразиялық Одақ 1994 жылдың наурыз айындавы Мәскеуге сапары кезінде Н. Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді.

1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауганстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Турікменстан, Өзбекстан мүше болды.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. ОларСолтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша негіз болды.

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.

Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.

1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қаулыға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.

1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.
Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық кауіпсіздік және қарусыздану саласындағы ықпалдастық саясаты;

Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;

Қазақстан халықаралық БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.

Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазақстанның,Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді.

1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.

Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ:

Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту;

экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету;

әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу;

Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;

шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау;

шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.

Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің еліміздің ұзақ мерзімдік басым бағытын іске қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық субъектісі ретінде әлемдік коғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтықбазасын қалыптастырды.

1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру жұмысы жалғастырылды, бірінші кезекке шет елдер стратегиялық ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты.

1997 жылдан бастап Қазақстанның сырткы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады. Қазақстаниың сыртқы саясатындағы бағдары «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді.

2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім жөніндегі халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды.[1]


































Дәріс№ Тәуелсіз Қазақстанның білім ғылым және мәдениеті
Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.
Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.
Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлігі нақтылы жұмыстарды қолға ала бастады. Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:
1.    электроника мен байланыс жүйесі бойынша,
2.    ақпаратты және есепті техника бойынша,
3.    биотехнология,
4.    экология,
5.    жаратылыс ғылымдары бойынша,
6.    минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,
7.    жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.
Білім беру жүйесі: Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді. 1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды. Республика мектептерінде аталған барлық тілдер бойынша керекті оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді басып шығару баяғысынша ең маңызды мәселенің бірі ретінде күн төртібінде тұрды. Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995—1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
Мәдениет: Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
•    Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
•    этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
•    менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
•    азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
•    мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей;
•    тарихи-мәдени мұраны қорғау;
•    ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
•    мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
•    мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
•    мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.

Дәріс № 1990-1920ж ылдардағы Ресейдің қоғамдық өмірінің Қазақстанға әсері

XX ғасыр басындағы бүкіл Ресей империясын қамтыған саяси окиғалардың Қазақстанға да үлкен ықпалы тиді. Осы тарихи оқиғаларға белсенді түрде араласкан Әлихан Бөкейханов 1905 жыл жөнінде «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық ушін қозғалыс тасқыны құрсауына енді», —деп жазды.
Кеңестік тарих ғылымында 1905—1907 жылдардағы революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ қоғамына тигізген ықпалын талдауда тарихи деректерді белгілі бір даяр теориялык қалыптарға салып сұрыптау, сондай-ақ метрополиядағы оқиғалардың ел өміріне ықпалын асыра бағалау орын алды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресейдегі большевиктер партиясыбастаған пролетарлық қозғалыстың табиғи одақтасы, олай болса, ұлт-азаттық қозғалыстың өз максатына жетуі — Ресейдегі пролетариат диктатурасының орнауына тікелей тәуелді-тін. Ал қоғамдық дамуда мешеулік танытқан «түземдіктер» үшін орыс мәдениетінің прогресшіл рөлін төптіштеп баяндап, қайталап отыру бұл тұжырымның логикалык шегі болуға тиіс еді.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының басым бөлігі, яғни 70%-ы оңтүстік және батыс аймақтарда орналасты. Қазақстанның барлық аймағында қазақ халкының үлес салмағы кеми түсті. Қазақ халқының өз еліндегі үлес салмағының кемуіне әсер еткен негізгі жағдай империяның ішкі аудандарынан орыс, украин және басқа ұлттар өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударуы еді. Столыпиннің аграрлық реформасы нәтижесінде империяның шет аймактарына қоныс аударғандардың 24,9%, яғни төрттен бір бөлігі (1301 мыңдай адам) Қазақстанға келді. XX ғасырдың басында Қазақстанда татар,ұйғыр, өзбек, дүнген, мордва және басқа халықтардың да өкілдері өмір сүрді.

Қазақ жерінде қазақ-орыс қоныстарын құру, әскери бекіністер салу патшалық биліктің қазақ жерін отарлауындағы бастапқы кезең ғана еді. Ресейде 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған орыс шаруаларын кіріптарлықтан босату жөніндегі реформалық шаралардан соң патшалық билік Қазақстан сияқтыимперияның шет аймақтарына жерсіз орыс шаруаларын мейлінше көбірек қоныстандыру әрекетіне көшті. Мұндай шара арқылы үкімет өзара тығыз байланысты екі мақсатты көздеді. Біріншіден, реформалық шараларды іске асыру барысында ішкі губернияларда жерге байланысты қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті жерсіз орыс шаруаларын Қазақстан және басқа отарлық тәуелділіктегі аймақтарға қоныс аударту арқылы бәсеңдету болса,екіншіден, қоныс аударушы орыс және баска еуропалык тұрғындарды жаңа қосып алған аймақта өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдырып, солардың көмегімен жергілікті отарлық билікке қарсы күштерді басып, болашақта отарланған жұртты орыстандыру арқылы оның этностық аумағын біржола империяның географиялық құрамдас бөлігіне айналдыру еді.
Жаппай қоныс аудару үдерісіне мақсаттылық және ұйымдасқандық сипат бере алатын әкімшілік жүйесін құру ісі де колға алынды. 1896 зкылы Ресей Ішкі істер министрлігі жанынан Қоныс аударту баскармасы (Переселенческое управление) құрылды. 1905 жылғы мамыр айында ол жаңа құрылған егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына өтті. Бұл мекемеге империя көлеміндегі қоныс аудару істері жүктелді. Осы мекеменің ұсынысы бойынша Қазақстан жері бес қоныс аударатын аудандарға (Торғай—Орал, Акмола, Семей, Сырдария және Жетісу) бөлініп, 1904—1906 жылдары бұл облыстардааудандық қоныстандыру мекемелері ашылды. Өз ретінде облыс көлемін қамтыған қоныстандыру мекемелері уездік деңгейде кіші аудандық болып бөлінді. Қазақстанда империялық орталықтан басқарылған қоныстандыру мекемелерінің жүйесі қалыптасты. Олардың жұмысын жүргізу ісіне империялық мүддені жақсы түсінген, тәжірибелі мамандар тартылды. Бұл мекемелерге, негізінен, екі міндет, яғни жергілікті қазақтардың пайдалануындағы жердің «артығын» анықтап, қоныстандыру телімдерін даярлау және қазақ бұқарасын «жерге орналастыру», анығырақ айтқанда, тездетіп отырықшы тұрмысқа көшіру жүктелді.

Қоныстандыру мекемелері қоныс аударушыларға жер телімдерін даярлау барысында мыңдаған қазақ қожалықтарын соған дейін игерілген суармалы жерінен, жоңышқалықтарынан, бау-бакшаларынан, су жүйелерінен айырып, құнарлылығы нашар басқа жерлерге көшірді. Мемлекеттік Дума депутаты Дзюбинский қоныстандыру мекемелерінің бұл әрекетін жеке отбасыларының меншігін зорлықпен тәркілеу (экспроприациялау) екенін айтып, бұл істің тіпті себебін де ашып көрсетті, яғни суландыру жүйесін салу үшін мемлекеттен көп қаржы шығынын талап ететін жерлерден қашып, егіншілік құруға даяр жергілікті халықтың меншігіндегі жерді тартып алу сиякты жеңіл жолға түсу еді. Қоныс аударушыларға жер телімдерін даярлаумен бірге қазақ қожалықтарын жерге орналастыру, яғни отырықшылық тұрмыска көшіру ісімен қатар жүрді. Сондай-ақ үкімет орындары бұл істі үлкен қарқынмен жүргізіп, тезірек аяқтау жолында тұрды.

Ресей үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі (1917 ж. дейін) қазақ жерін отарлау шаралары қазақ даласына улкен нәубет әкелген болатын. Осы мезгілде 45 млн га егіншілікке жарамды құнарлы жер қазақ әскерінің, орыс және баска еуропалық қоныс аударушылардың, сондай-ақ мемлекеттің пайдасына өтті. Бұл барлық қазақ жерінің 16%-ға жуығы. 1896—1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 млн-нан астам келімсектер, яғни империяның азиялық бөлігіне қоныс аударушылардың үштен бірі келіп орналасты. Өкінішке орай ішкі Ресейден, Сібірден қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы, белгілі дәрежеде, отарлау саясатының құрбанына айналды, «жайлы мекен, жұмақ жер» үшін өзі сияқты баска жұрт бұқарасын құнарлы жерінен, ата қонысынан айыруға атсалысты.
Егіншілікке жарамды қазақ жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының пайда болуы дәстүрлі қазақ шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. «Қазіргі уақытта, өкінішке орай, — деп жазды Жетісу қазақтары облыс губернаторы атына жолдаған хатында, — қазақтардың басым көпшілігінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп-конуға қуаты жоқ, сондықтан да олар жерге біржола шөкті, ал мұндайларды қазақтар «жатақтар» деп атайды». Мұндай құбылыс барлық қазақ облыстарына тән болатын.

Қазақстанда қалыптасқан жер мәселесі басым түрде зиялылардан тұрған ұлттық саяси топтың қалыптасуына, оның тез жетіліп саяси күшке айналуына түрткі болды. «Жер дауы» оның қызметінің негізгі арқауына айналды





















Дәріс № Диаспора, ирредетта ұғымдары. Қазақтардың дұниежүзілік құрылтайы

Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым дейтін болсақ, ең алдымен «диаспора» деген ненің атауы, қарастыратын мәселесі не, терминологиялық жүйесі қандай деген сұрақтар туындары да анық. Осы ретте күнделікті лексиконымызда, БАҚ жүзінде диаспора сөзінің біршама көбірек қолданылатындығын да еске ұстағанымыз дұрыс болмақ.  Әсіресе,  шетелдерде тұратын қандастарға байланысты «диаспора» термині жиі қолданылғанымен, олардың басым бөлігіне тән  «ирредент» термині көп қолданыла бермейді.

      «Диаспора»  деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді , яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады. Әу баста Палестинадан тыс жерлерге тарап кеткен еврейлерге байланысты қолданылған болса, бүгіндері әлемдегі күллі діни және этникалық топтарға қатысты терминге айналған. Диаспора міндетті түрде көші-қонның нәтижесінде немесе салдарынан болады және осыған сәйкес қалыптасуы да әртүрлі болуы мүмкін

Көші-қон тіршілік қамына байланысты, қақтығыс-жанжал мәжбүрлегендіктен және түрліше басқа да жүйелі сипаттар негізінде туындайтындығы белгілі. Көші-қонның өзі көшу қашықтығына (алысқа немесе жақынға), қалу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша), шекара сызығын кесіп өтуіне (ішкі және сыртқы), тұратын мекенжайына (қаладан ауылға немесе, ауылдан қалаға т.б.), кету себебіне (өз еркімен немесе зорлықпен, экологиялық жағдайға байланысты), кетушілердің сандық ауқымына (жаппай немесе жекелей), әлеуметтік құрылымы мен сипатына байланысты болып келетіндігі белгілі. Біздің қазақ ұлтының көші-қондық сипатына  да осы аталғандардың барлығы тән. Ішкі және сыртқы миграция  қатар жүрілетін демографиялық құбылыс және қазір ол қазақ халқының пайдасына жұмыс істеп жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Оның дәлелі жергілікті ұлттың соңғы санақтағы 67 пайыздық көрсеткіші.

Тіршілік қамымен шетелдерге барып тұрақтап қалу – барлық ұлттарға тән. Мысалы, Қытай, Үндістан, Африка елдерінен шыққан жүздеген миллион диаспора өкілдері байырғы мекенінен шет жерлерде тіршілік етуде. Осындай ахуал Қазақстан Республикасында да қалыптасқан. Жоғарыда аталған үш түрлі қоныс аударудың нәтижесінде кең-байтақ қазақ жеріне әр түрлі кезеңдерде орын тепкен 130-дай ұлт диаспорасы өмір сүруде.

Әлем халықтары арасында өзінің байырғы мекеніндегілерге қарағанда шеттегі диаспоралардың пайыздық үлесі басым түсетін жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалы, 12 млн армянның 4 миллионнан астамы ғана қазіргі Арменияда өмір сүрсе, татар бауырларымыздың саны да осымен шамалас, ал Татарстанда барлық татарлардың үштен біріне жуығы ғана тұрады. Саны осыншама еврейлердің де жартысынан астамы Израильде тұрмайды.

Енді ирреденттер жайында қарастыралық.  Диаспора – жоғарыда атап өткеніміздей, миграция нәтижесінде пайда болса,  ирреденттер  – соғыс  аннекция,  даулы шекара  сызықтары немесе  отарлау  саясаты  нәтижесінде  қайта  бірікпей өз  елінің  шегінен  тыс, тарихи автохтонды ұлттың шекаралас өлкелерде  қалып   қойған бөлшектері болып табылады.  «Ирредент» сөзі, грекше – «қайта бірікпеген» деген мағына береді .

Енді қазақ диаспорасы мен қазақ ирреденттері турасына көшелік. Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы  бойынша 10 млн.-нан астамы Қазақстанда, 5 млн.-дайы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы 5 млн.-ның 4 млн.нан астамы «ирредент», қалған   бөлігі   «диаспора» болып табылатыны анық.

Қазақ диаспорасының пайда болуы, қалыптасуын зерттеген ғалым Г.М. Меңдіқұлова «Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие» атты монографиялық еңбегінде былай деп атап көрсетеді: «За пределами территории Казахстана около 4 млн 500 тыс. казахов проживают в 14 государствах бывшего СССР и 25 странах мира, из которых лишь около 800 тыс. представляют собой диаспору, остальные 3 млн 700 тыс. являются казахской ирредентой, т.е. проживают на сопредельных с Казахстаном землях, оторванных от него и присоединенных к России, Китаю, Узбекистану в разные исторические периоды вследствие аферистических игр и амбиций политической элиты тех времен». Тарихи шындық солай болғандығын айту –  бүгінгі тағдыр табыстырған тату көршілерге, әлемдік саясатта үлкен беделі бар державаларға қандай да бір аумақтық талаптар қою, олардан жер даулау емесі анық. Бірақ ғалым тұжырымы нақты фактілермен дәлелденген.

Аталған монографияда автор ирредент қазақтар өмір сүретін  аумақты былай деп көрсетеді: «К ирреденте относятся казахи, проживающие в Астраханской, Оренбургской, Курганской, Омской, Горно-Алтайской автономной областях России, районах Алтая, Тарбагатая, Или, Кульджи, Еренкабырги, Барколь-Кумула – Синьцзян-Уйгурского Автономного района Китая, Баян-Ульгинском аймаке Монголии, районах Сырдарьи, Чирчика, Кызылкумов и Мырзашол в Узбекистане» – деп көрсетеді [3].

Демек, жоғарыда көрсетілген ұланғайыр өлкелерде тұрып жатқан қазақтар өздерін атам заманнан бері сол жердің автохтонды тұрғынымыз деп есептейді және осы өңірлерде қазіргі қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына аса зор үлес қосқан көптеген айтулы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан. Мысалы, Ташкент, Нұратадағы Төле, Әйтеке билер, Жалаңтөс баһадүрлер, Астрахандағы күй атасы Құрманғазы, Ангрен бойындағы Күлтөбеде «күнде кеңес жасаған» би бабаларымыз, Әбілмәмбет ханнан тараған, Майлы-Жайырды еркін жайлаған Көгедай ұрпақтары, кешегі Ақыт ақындар  бір замандар өткенде жат елдің шегінде қалармыз, сол жерді мекендеген ұрпағымыз «оралман» деген ресми атауды иеленіп, тәуелсіздік алған қара шаңыраққа ат басын шегіне бұрар деп болжады ма екен? Бұл жердегі айтылар түйін –  ирреденттер – шеттегі қазақтардың негізгі бөлігі дегенді әрдайым есте тұтуымыз қажет.

Осы ретте айта кететін бір жайт – «оралман» деген ресми биліктің тауып берген ресми атауының шетелдерден келіп жатқан қазақтардың тарихи табиғатын толық танытпайтындығын, оны өзге атаумен алмастыруды Елбасы Н.Ә.Назарбаев біреше рет қадап айтқан болатын [4].

Біздіңше қазақтардың біраз бөлігін, диаспора деп тануға болады. Қазақ диаспорасы кім, оларға кімдер жатады дегенге келетін болсақ,  олар – атақонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың, бертінгі замандарда табыс пен білім көзін іздеушілерден пайда болған қазақ көшінің нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтар. Қазақ диаспорасының  қалыптасу тарихына үңілетін болсақ,  көбінесе  ұлтымызды өзіне еріксіз бағынышты еткен алып державалардың күштеп мәжбүрлеуінің  басты фактор екеніне көз жеткіземіз.

Үлкен державалардың үлкен ойыны салдарынан екі жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-ойрат соғысының ауыр зардаптары салдарынан көптеген қазақтар Орталық Азияның ішкері бөліктеріне қоныс аударуға мәжбүр болуы – қазақ диаспорасының пайда болуының басы болған сияқты. Мұнымен қоса, ІІ Александр патшаның Ресейдегі басыбайлылықты жою туралы декретінен соң Ресейдің, Украина мен Белоруссияның ішкі губернияларынан ағылған шаруаларға, казактарға, алпауыт капиталистерге және басқаларға қазақ жерін мемлекет меншігі есебінде еріксіз молынан таратуынан қазақтар арасында шетелге ауа көшу үрдісі ХІХ ғасырдың басынан үздіксіз жалғаса берген.

Атам заманнан бері рулық сипаттағы ортақ пайдаланысқа негізделген қасиетті қазақ жеріндегі көшпенді мал шаруашылығына бейімделген көші-қон циклі өрескел бұзылды. Коммунистік дәуірдегі әдеби туындылар мен ғылыми еңбектерде айтылатынындай, шаруалар көтерілісінің шығу себептері ешқашан таптық сипатта болған емес еді. Сонау Сырым Датұлынан  бастап, Исатай-Махамбет, Есет, Жанқожа, Саржан – Кенесары, Қарқара, Созақ, Шұбартау көтерілістері – барлығы да «қара қазан, сары бала қамы үшін» еріксіз қолға қару алдырған ұлт-азаттық сипаттағы, қазақ халқының азаттық жоындағы бұлқыныстар болатын [5].

Қазақ халқының басына қара бұлт үйірілген 1916 жыл оқиғасынан бастап отызыншы жылдарға  дейін жалғасқан азамат соғысы, байлардың мал-мүлкін тәркілеу, «жапонның т.б тыңшыларын әшкерелеу», зұлмат нәубет аштық (ұлы нәубет емес), ұлтымыздың ақиқаты мен ары іспетті бар қаймағын сыпырып алған 37-нің қасіретті қырғыны – қазақ диаспорасының алыс-жуық шетелдердегі санының еселеп артуына әкелді.

«1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 процентінен айрылған. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мың»,- деп көрсетеді «Қызылдар қырғыны» атты деректі зерттеу мақалалар жинағында. Дегенмен, осынау дүрбелең жылдары шетел асқан қазақтардың көбісі, әсіресе Қытайға өткендері өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін туған жерлеріне қайта оралғаны мәлім. Ал Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстанның ішкі аудандары, Тәжікстанға, Ресейге өткен қазақтардың бірсыпырасы тұрақты мекендеп қалды. Міне, осылар – қазақ диаспорасының негізгі шоғыры.

Моңғолия қазақтары арасында 1916-1937 жылдар аралығында қазіргі Қазақстан аумағынан ауып барған қазақ отбасылары  санаулы ғана түтін екендігін ескерген жөн. Яғни, олардың жалпы саны 1991 жылға дейін мекендеген Баян-Өлгий қазақтары арасында 100 отбасынан аспайды. Мысал үшін, 8000 қазақ мекендеген Улаанхус өлкесінде жан-жақтағы отауларын қоса есептегенде 4 түтіннен тұратын бір ғана  тобықты рулы әулет болатын. Қазақстан аумағынан еріксіз ауғандар Қазақтар шоғырлана отырған Баян-Өлгийге қарағанда, Ұланбатыр маңында, ішкі өлкелерге   сіңуді жөн санаған. Себебі, 1938 жылы оларды отанынан қашқандар есебінде қудалады. Аман қалғандары ру сұрап, тегін тектеп жатпайтын моңғол арасына кетіп жан сақтауды  қолай көрген.

Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ дүниежүзілік соғыста неміс  тұтқынына түсіп, кейіннен Одақтастар азат еткен соң Сталиннің атақты бұйрығынан соң, елге келгенде алдан күтіп тұрған сенімсіздік, қуғын-сүргін мен жазалаудан қаймығып, Еуропада қалып қойған, одан әрі әлемге тараған қазақтар.

Келесі бір шоғыры – Шыңжаң қазақтарынан шыққан қазақ диаспорасы. Ежелгі Шығыс Түркістан, кейіннен қытайлар Жаңа өлке (Синь-Цзянь) атандырған шұрайлы мекенде өмір сүрген Үш аймақ қазақтарының гоминданшылар мен олардан соң билік басына келген маошыл коммунистік билікке қарсы көтерілген күресі жеңіліс тапқан соң, біраз бөлігі Гималай  асып, Үндістан, Пәкістанды басып өтіп, оншақты жыл жүзінде әрең дегенде Түркияға ірге тепкен ұзақ та азапты көші – қазақ диаспорасының елеулі бөлігін құрады. Қазірде Түркия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде тұрып жатқан қазақтардың көбісі осы қазақтардың  ұрпағы болып табылады. ХХ ғасырдың «Елім-айы», туған жерден еріксіз ажыраудан туған  зарлы шер– «Ағажай, Алтай» әні сол қасіретті жылдардың халықтық туындысы.

Қазақ  ирреденттері де өздерінің байырғы мекенінен тыс, өзі тұратын мемлекеттердің астаналары мен ірі қалаларында, өнеркәсібі дамыған өлкелерінде  диаспора түрінде өмір сүріп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеудегі 12 мың қазақ соған себеп бола алады.

Сонымен, ирредент пен диаспораның ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай дейтін болсақ – екеуі де Қазақстаннан  тыс жерлерде тұрады. Мәдени-рухани проблемалары да бірдей. Және оларға ұлттық құндылықтарды сақтаудағы мүмкіндігіне қарай әркелкілік  сипат тән деуге болады. Ал айырмашылығы –  ирреденттер – ата-бабасының мұраға қалдырған жерінде отырған қазақтар, диаспоралар – тағдыр талайымен шетелде жүрген ұлт шашырандылары.

Қазіргі күні қазақ диаспоралары мен ирреденттері атажұрт Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнап отырғандығын айтып өткен жөн. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы аясындағы іс-шаралар олардың өзге елде этникалық топ ретінде сақталып қалуына ықпалын тигізіп отыр. Өткен жылы Норвегияның астанасы Ослода құрылтай, Франция астанасы Парижде ақындар айтысы өткізілді.  Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарын тұрақты қоныстануға қабылдайтын әлемдегі төрт мемлекетің бірі ретінде оншақты жылдың жүзінде жоғарыда аталған ирреденттер мен диаспоралардың ресми түрде 700 мыңдайын, бейресми санақ бойынша миллионға жуығын қара шаңыраққа жинай алған екен. 2008 жылы мамырдың соңындағы қазақ газеттері редакторларымен болған сұхбатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев та осы деректерді келтіре отырып, аталған шараны одан ары қарай дамытуды шегелеп айтуы да қазақ диаспорасы мәселелерін оңынан шешуге ықпал ете түсері анық.

Қазақ елінің өзін-өзі ұлт ретінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін жері Қазақстан Республикасы болғандықтан, этнодиаспоралық кеңістіктерден Атамекенге қоныс аудармақшы болған ұлт өкілдеріне мемлекет тұрғысынан заңды түрде көмек көрсетілгені жөн. Бұл құбылысты реттеудің өзіндік қисыны мен бағыт-бағдары әрбір тұлғаның өмірлік таңдау еркіндігімен сәйкестенгенде ғана ұтымды жүзеге асады [6].

Соңғы жиырма жылда сырттағы қандастарымыз өздері тұрып жатқан елдердің саяси-әлеуметтік жағдайларының тұрақсыздығы мен кейбір қажеттіліктерінің орындалмауына байланысты (қазақ мектептерінің жабылуы, басшылық орындарға алмау, жұмыссыздық т.с.с.) тарихи Отанға оралуда. Осыған байланысты елімізде көші-қон департаменті, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Нұрлы көш, т.с.с мемлекеттік және қоғамдық орындар жұмыс істеуде.

Орталық Азия елдерінен оралған қандастарымыздың басым бөлігі мәселен, Өзбекстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Оңтүстік облыстарға орналасса, Түркіменстан, Қарақалпақстандағы қазақтар Ақтау, Ақтөбе облыстарына орналасуда. Дегенмен де мемлекеттің қаулысымен оларды Қазақстанның солтүстік аймақтарына да орналастырылып жатқандығы құжаттардан белгілі. Заң жобасына оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталығы бойынша қосымша бап енгізілді. Заң жобасы қабылданған жағдайда оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің осы орталықтарда болу мерзімі және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетудің тәртібі айқындалды. Оралмандарды бейімдеу мен кіріктіру орталықтарын құру ең алдымен, тәжірибе жүзінде, республика бойынша оралмандар едәуір көп қоныстанған Маңқыстау облысында жүзеге асырылуда. Бұл орайда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика Үкіметіне, барлық облыстар мен Астана, Алматы қаласы әкімдеріне мүмкіндігінше өз бетімен көшіп келгендерге де қарайласу, қамқорлық жасау қажет екендігін үнемі ескертіп келеді.  Сонымен осы қандастарымызды бауырмалдықпен қарсы алып, олардың өз елінде өгейсімей, ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасау. Мәселен, оларды әр ауданға, әр ауылға әр бөлімшеге орналастырғаннан гөрі бір жерге топтастыра орналастыруға тырысу керек. Себебі, қаймағы бұзылмаған халқымыздың игі дәстүрлерін сақтап қалған олар елімізде болып жатқан күрделі өзгерістерді таразылап, жаңаша ойлау мәселелеріне әсер етумен қатар, халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша қасиеттерін тірілтуге, өткеннің өнегесінен үйренуге баулиды. Біртұтас орналастыру олардың бейімделуін тездетеді.

Шетелдегі қазақтардың ата-мекенге оралуы  Қазақстан  мемлекетінің даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуда және экономикамызды жаңа еңбек ресурстары мен қамтамасыз ету үшін, Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 миллионға жеткізуді міндет етіп отыр. Сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи- демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды тиімді пайдалану керек [7]. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға әсіресе, жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына Қазақстан үкіметі тарапынан жан-жақты, нақтылы түрде қамқорлық ұйымдастырылуы қажет.  Ал, сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шет елдердегі қазақтарды елге қайтару үшін квотаны шектемей, қазақтар тұрған мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жан-жақты жағдай жасау қажет.



















Дәріс№ 1920-1930ж Қазақстан. Ф.И.Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі. Индустрияландыру.

Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды дегенжаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.

Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер менбұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында

Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақэтносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егербүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар—«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді.

    Бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы неде? оның себебі,тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлықинтернационализм туы астына бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серіппесін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да,ұлттық сана-сезімді қорғау институттарын нығай-тып, дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз күй-рейтінін тарих тағы бір көрсетіп берді.

     Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пенұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесстіпті де мамыражай болмағаны және белгілі.

Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.      

     Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.

Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.

Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.

          Сонымен бір       мезгілде         сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық  салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді.    Бірақ1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.



















Дәріс№ ХІХғ 60-90ж Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары

XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды. Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.

Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.

Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.

Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.

Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.

Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.

XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.

Генерал–губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.

Әскери – губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастрылып, оны вице – губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен турды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру.

Әкімшілік басқару әскери сипатта болды.

- Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді. 
- Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді. 
- Реформаның басты қағидасы. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы.
Сот ісін басқару құрылымы:

Әскери – сот комиссиялары

Уездік соттар

Билер мен қазылар соты

Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатың жургізу құралы болды. Әскери – губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты – отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ескі шариғаттық салттардың шектелуі.

Реформа нәтижесі.

1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 
2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. 
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы). 
4) Отарлық басқару күшейді. 
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.

Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.






Дәріс № Патшалық Ресейдің отарлық саясаты
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасына таман қазақ жерлерін Ресейге  қосып алу процесі негізінен  аяқталды. Сөйтіп жергілікті халық  отаршылдық қамытын мойнына ілуге  мәжбүр болды . Қаншама аумақты өз иелігіне қосып алған орыс патшалығы кең-байтақ қазақ даласына өз капиталын бағыттап, оны арзан шикізат пен өнеркәсіп өнімін өткізетін аймаққа айналдыру мақсатын жүзеге асыруға кірісті. Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты тек саяси ғана емес, сонымен қатар экономикалық кіріптарлыққа бағытталған еді. Патша үкіметі өзінің экономикалық үстемдігін нығайтудың басты тетігінің бірі жерге деген билікті қолға алу деп есептеді. Осы пиғылды іске асырудың ең оңдысы көшпелі халықтың жерін мемлекет меншігі деп жариялау жолын тандады. Жерді пайдаланудың барлық түрі мен құқығын патша үкіметі анықтады. Осындай ойларын іске асырып, Орта Азия мен Қазақстанды экономикалық тұрғыдан толық игеру үшін, патша үкіметі қоныстандыру саясатын жүзеге асыруға кірісті. Мұндай ұлы державалық саясатта үкімет қазақтардың ауқатты бөлігі мен кулактарға, яғни бай шаруаларға сенім артты. Шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру Ресейдің орталық аудандарындағы шиеленіскен аграрлық қатынастарды жақсартып, сонымен бірге орыс деревнясындағы күшейіп тұрған таптық күресті әлсіретуге әкелетін шара ретінде қарастырды.
Шаруалардың Сібір және Қазақстанға  қоныс аудару үрдісі XIX ғасырдың 60-шы жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басынан  басталады. Революцияға дейінгі  зерттеушілердің жазуына қарағанда патша үкіметі бұл істі тоқтату тұр ғой, керісінше «шаруалардың өз еркімен қоныстануын» қолдады. Расында да патшалық билік орыс деревнясындағы қалыптасқан шиеленіскен ахуалды шешу үшін шаруалардың қоныстануына «шаруалардың ерікті қоныс аударуы» деген сипат беруге тырысты. Оның үстіне 70-80-ші жылдардағы шаруалардың қоныс аударуы патшалық үкіметтің отарлау саясатына, Қазақстанды экономикалық тұрғыдан игеру жоспарларына сай келетін.

Ресей империясының қазақ  өлкесіндегі «бос жерлерге» қоныстандыру саясаты игерілмеген орасан зор алқаптарды емес, керісінше жергілікті халық шаруашылықпен айналысып отырған тұрғылықты жерлерден тықсыру арқылы жүзеге асырылды. Жергілікті халықтан тіпті суармалы жүйесі бар жақсы жерлерін де тартып алып, казактарға берді. Қоныстандыру саясатының осы бір жағын, патшалық самодержавиеге әбден берілген князь Масальскийдің өзі де айтуға мәжбүр болды. Ол 1913 жылы жарық көрген «Россия» атты кітаптың «Туркестанский край» аталатын бөлімінде казактарға берілген жер туралы «были отведены лучшие, нередко даже орошенные киргизские земли, без достаточного внимания к правам и нуждам киргизов и даже без оставления в пользование последних скотоперегонных дорог. Условия эти не могли не привести к постоянным столкновениям между казаками и киргизами(қазақ-Ө.С.) и к систематическим притеснениям последних...» .

Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шаруаларды жаппай қоныс аудару оларға иелік етуге берілген құқықты (крепостное право) жоюдан кейін басталып, әсіресе ХХ ғасырдың басында қарқынды жүргізілді. Қазақстан мен Орта Азия жеріне алғаш келе бастаған қоныстанушылар, Сібір казак әскерінің казактары болды. Олар негізінен Жетісу облысының Верный, Қапал, Лепсі үйездерінің аумағына орын тепті. Ал Верный бекінісі 1867 жылы құрылған Жетісу казак әскерінің орталығына айналды. Әскери-казак отарлау саясаты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты. Егер, 1867 жылы 14 жаңадан құрылған станица мен поселкалардағы казактардың, әйел-еркегінің саны 15 мың адамды құраса, 1910 жылы 38557 адамға жетсе, 1913 жылы олар тұрып жатқан станицалар мен поселкалар 34 болды. Жетісу казак әскеріне орасан жер бөлініп беріліп, ол 662092 десятин аумақты қамтыды. Ақмола және Семей облыстарындағы казактар иеленген жер мөлшері 9 млн. десятин болса, Орал облысында – 6,5 млн. жетті . Патша үкіметі басып алған жерлердегі билігін нығайтып, нағыз отар елдердеге айналдыру үшін бұрыннан қалыптасқан жергілікті билікті жойып, басқарудың жаңа мемлекеттік жүйесін құра бастады. Осы мақсатпен Түркістан мен Қазақстанды әкімшілік жағынан басқару жөніндегі реформаларды жасап, бекіту үшін қазақ мәселесі жөніндегі ерекше комиссия құрылды. Комиссия жинаған мәліметтер негізінде далалық облыстарды басқару жөніндегі реформа жобасы жасалып, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қарауына берілді. 1867 жылдың наурызында реформа жобасын түпкілікті жасау үшін соғыс министрі Д.А. Милютин басқарған Ерекше комитет құрылды. Бұл комитет, жобаның негізінде 1867 жылы 11- шілдеде «Жетісу және Сырдария обыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже» жариялап, бұл облыстарды жаңадан құрылған (1867) Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына берді. 1868 жылы 21-қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал - губернаторларының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережесі бекітілді .

Сонымен бұл реформа Қазақстан аумағын бөлшектеуге әкелді. Сырдария және Жетісу облыстары Қоқан мен Хиуа хандығы және Бұқара Эмираты(бүгінгі Өзбекстан аумағы) кірген Түркістан генерал-губернаторлығына кетсе, құрылған төрт – Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары далалық өлкеге қарады. Алдыңғы екі облыс Орынбор генерал-губернаторлығына, ал кейінгі екеуі Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ал Бөкей ордасы болса Астрахан губерниясының құрамына кірді .

Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты (орыс шаруаларының көшіп келуі) және жергілікті халықтың жерін алу, әсіресе, Далалық өлкеде қарқынды жүргізілді. Толық емес деректерге қарағанда, бір ғана Ақмола облысына 1855 жылдан 1913 жылға дейінгі аралықта 320,4 мың адам, ал Торғай мен Орал облысына 232,8 мың шаруалар қоныстанды. Ал Жетісу облысының жерінде патшалық үкіметтің әскери - казак қоныстарын дамыту мақсатына сәйкес, жергілікті биліктің тыйым салуына қарамастан 1908 жылы қоныстанған шаруалардың саны 40 мың адамға жетті. Жалпы, қазақ жеріндегі құнарлы жерлерді анықтап, есепке алуға шыққан экспедициялардың жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 1893 жылдан 1905 жылға дейін, яғни 12 жылда қазақтардан 4 млн. десятин жер шектеліп алынса, келесі 7 жылға (1906-1912 жж.) бөлініп берілгені – 17 млн. десятин . «Көші-қон қоры» атты келімсектерді орналастыратын учаскенің басқаруына жергілікті қазақ халқының пайдаланып отырған құнарлы жерлерінен берілген жер алқабының жалпы көлемі Далалық өлкеде 41 млн. десятинге жетсе, Жетісу облысындағы қазақтардан алынған жер 2,4 млн. десятинді құрады  .

Қазақстанның солтүстік облыстарында шаруалардың жаппай үдере қоныстануы 1891 жылдан басталды. Оған себеп болған Ресейдің өте үлкен аумағын қамтыған, Қара теңізден Орал тауларына дейінгі аштық. 40 млн. астам шаруалар аштыққа ұрынды. Ата – жұрттарын тастап, аштықтан қашқандардың негізгі бөлігі Ақмола облысына бет алды. 1868 жылмен салыстырғанда 1894 жылы Ақмола облысындағы орыс халқының саны 75 мыңға көбейді . 1894 жылғы қоныстанушылардың саны Торғай облысында 16 мың адамға, Сырдария облысында – 12 мың адамға, ал Алматы облысында 8807 адамға жетті. Шаруалардың қоныс аудару кезеңінде, Қазақстанда қоныс аудару аудандық ұйымы құрылғанға дейін көшіп келіп қоныстанғандардың саны 199556 адамға жетті .

Патшаның жарлықтарына сәйкес Сібірдің, Орта Азия мен Қазақстанның барлық жерлері мемлекеттік деп жарияланды. Патшаның отарлау саясатының жерге байланысты көздеген мән – мақсаты оны тек қоныс аударушыларға бөліп берумен шектелмеді. Байырғы тұрып жатқан халықтардың жерін мемлекет меншігі деп жариялаудағы түпкі көздеген мақсаттардың бірі, яғни шығарылған заңдар отарланған елдерден мүмкіншілігінше өз пайдасына түсетін өсімді көбейту болып табылды. Осындай мүмкіндікті жүзеге асыру үшін патшалық жүздеген жылдар күрес жүргізді. Дәлірек айтсақ бұл саясат Бірінші Петрдің билік құрған кезінен бастау алады. XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың белең алуымен отарланған елдердегі, оның ішінде қазақ жерлерінің де «бағасы» арта түсті, сондықтан алынатын өсім де өсе беретіні түсінікті еді.

Дәріс № Ресейдің отарлық саясаты

 Патшаның жарлықтарына сәйкес Сібірдің, Орта Азия мен Қазақстанның барлық жерлері мемлекеттік деп жарияланды. Патшаның отарлау саясатының жерге байланысты көздеген мән – мақсаты оны тек қоныс аударушыларға бөліп берумен шектелмеді. Байырғы тұрып жатқан халықтардың жерін мемлекет меншігі деп жариялаудағы түпкі көздеген мақсаттардың бірі, яғни шығарылған заңдар отарланған елдерден мүмкіншілігінше өз пайдасына түсетін өсімді көбейту болып табылды. Осындай мүмкіндікті жүзеге асыру үшін патшалық жүздеген жылдар күрес жүргізді. Дәлірек айтсақ бұл саясат Бірінші Петрдің билік құрған кезінен бастау алады. XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың белең алуымен отарланған елдердегі, оның ішінде қазақ жерлерінің де «бағасы» арта түсті, сондықтан алынатын өсім де өсе беретіні түсінікті еді.

«Басқа қажеттіліктерге» деген желеумен алынған жерлердің қатарында Қазақстан мен Қырғызстанның орман өскен алқаптары да кірді. Ондай жерлерді мемлекеттік алым алынатын және қазақтар мен қырғыздарға белгілі бір ерекше ақыға мал жаю үшін және малы көп кәсіпкерлерге мал жаюға арналған учаскелер жалға «нарықтық бағалармен» берілді.

Жергілікті тұрғындардың жерлерін алғанымен қоимай оларға салынатын салық мөлшері азаймады. Егер де бұрын көшпелі қазақтардан алым – салықты жер аумағына сәйкес алса, енді әрбір киіз үйден (шаруашылық) алынды. Әрбір киіз үйден алынатын салық XX ғасырда көбейді.

Ал жергілікті халықтан алып, қоныс аударушыларға берілген жерлер үшін де шаруалардан салық  алынды. Бұл салықтардың мөлшері  бір шаруашылықтан 13-15 сом және одан да көп болды, бұл жергілікті шаруалардан алынатын үй басына салынған және ішкі Ресейдегі шаруалар төлейтін салықтан да төмен болмады. Уақыт өте келе жаңа шаруашылықтардың пайда болуына байланысты алымдар да көбейе түсті, сонымен қоса бұған салықтар мөлшерінің өсуі де әсер етті. Сөйтіп патша үкіметі орыс мұжықтарының қоныс аударуын ұйымдастырып әрі қолдау арқылы елдің Еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылығында қалыптасқан қайшылықтарды реттеп отырса, ал отарланған елдегі әскери – феодалдық қанауын одан әрі қарқынды жүргізді. Отарланған жерлерден түсетін табыс патша қазынасын еселей толтырып жатты.

Бұл кезеңде ресейлік капитал шеткі нарықтарға шығуға аса зәру болатын. Осы бақай есеппен патша үкіметі Қазақстанның экономикасын елдің капиталистік даму мақсаттарына сай жүргізуге бағыттауға тырысты. Қазақстанды Ресей империясының тауарларын өткізетін және арзан шикізат базасына айналдыру үшін патша билігі әкімшілік реформалар жүргізді. Жаңа әкімшілік реформалардың көздеген мақсаты ең алдымен орыс помещиктері мен капиталистерінің қажеттіліктеріне сай келу болатын. Бұл саясаттың түпкілікті мәні метрополияның отарланған елдерді қанауының күшеюіне әкелді. Ал оның мәні осы қанаудың сипаты қалай болды? Енді соған келейік.

  Еуропалық Ресейдің алдыңғы қатарлы индустриалды дамыған қалалары мен отарлық, экономикалық жағынан артта қалған ауылдардың арасындағы тауар алмасу қатынастары бір біріне пара пар, теңгермелі жағдайда болмады. Қазақстаннан сатып алынған мал түрлері мен еттің көп бөлігі Петербор мен Мәскеу сияқты халқы көп ірі қалаларға жіберілді, жүн мен теріні саудалаумен көбінесе орыс буржуазиясы айналысты. Қазақ жерінде өсірілген мыңғыраған мал мен ет, тері, жүн, май, астық, мақта және т. б. ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатып алынды. Ал қазақ даласына әкелген металл бұйымдары, мұнай өнімдері, көмір, галантереялық өнімдер (айна - тарақ, ине – жіп сияқты уақ – түйек заттар), мата, кездеме, бұлдар қымбат бағаларға сатылды.

Ресейлік отарланған елдерде сауда - өсімқорлық капиталдың тарам – тарам болып шырмауықтай жүйесі қалыптасты. 1897 жылғы халық санағының деректеріне қарағанда Сібірдің қалалары мен үйездеріндегі буржуазияның құрамында қаржы және банк қызметімен және жылжымайтын мүлікпен операциялардан түскен табыс пен өмір сүретіндер саны 30,9 пайыз, ал саудагерлер мен сауда агенттері, делдалдары – 69,1 пайызды құрады. Ал Қазақстан мен Орта Азияда бұл көрсеткіш тиісінше 89,1 және 10,9 пайыз болды [10]. Осы екі топтың алғашқысы туралы айтатын болсақ, оларға көбінесе ұсақ буржуазия кірді (жергілікті маңызы бар ұсақ өнеркәсіптік кәсіпорындар иелері). Ал отарланған елдерде сауда буржуазиясының олардан саны да, экономикалық әлеуеті де артық болды. Бұл отар ел үшін нені білдірді?

Егерде бірінші топқа кіретін буржуазияның аз да болса өндірісті ұйымдастыруға қатысы болса, ал екінші топ – бұлар негізінен алғанда отар елдерді жыртқыш тәріздес сауда - өсімқорлық қанаушы топ болды. Бұлар жергілікті тұрғындарға тікелей билік етпегенімен, еңбек етуге жұмылдырмағанымен, әр түрлі айлакерлік сауда тәсілдері арқылы оларды аяусыз қанады, сүліктей сорды. Міне, осындай капитал түрі Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Кавказда дамыды. Бұл жергілікті шаруаларды өздерінің езгі жүйесі – есебін кем беру, қате өлшеу, өсіммен қарыз беру, алып-сатарлық істеу арқылы сауда - өсімқорлық капиталдың алғашқы қор жинау кезеңі болатын.

Патша үкіметі өнеркәсіптік капиталды қарқынды дамытуға онша құлықты болмады. Қазақ даласындағы барланған кен орындарын өңдеумен айналысатын негізінен ұсақ кәсіпорындар еді. Жұмысшылары көп, техникасы мен технологиясы жетілген ірі зауыттардың көбі Ресейдің Еуропалық аймақтарында орналасты. Сондықтан да жергілікті өнімділігі төмен ұсақ зауыттар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізіп, орталық аймақтарға жөнелтумен айналысты, яғни бұл бағыт толығымен сауда капиталының ықпалында болды.

Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің үлес салмағы 1917 жылғы Қазан революциясының қарсаңында да сауда капиталымен салыстырғанда бұрынғыдай төмен күйінде қалды. Өнеркәсіптегі жұмысшылар негізінен тау – кен, түсті және сирек металдар және аздаған бөлігі көмір өндіру саласында шоғырланды. Жұмысшылардың саны шаруаларға қарағанда тым төмен еді.

Бір сөзбен айтқанда буржуазияға отаршылдық қамытын киген Қазақстан сияқты елде өнеркәсіпті дамытқанша, көнбіс шаруаларды қанауды күшейту арқылы сауда - өсімқорлық операцияларды кеңінен жүргізген әлдеқайда тиімді болатын. Сонымен бірге бұл бағыт экономикалық прогреске, яғни үдеудің орнына кереғар дамыды. Экономикалық мешеулікке, шаруалардың кедейленуіне бір жағынан патшалық биліктің саясатын жүзеге асырушы әр түрлі деңгейдегі шенеуніктер, алыпсатар - өсімқорлар мен жергілікті бай – шонжарлардың қанауы себеп болды. 1912 жылғы дерекке қарағанда Қазақстанның далалық облыстарына қарайтын алты үйезінде, шаруашылығында аты жоқтардың үлесі 42,2 пайыз болса, ал 1-ден 5 атқа дейін (малы бар шаруашылықтардың жағдайымен есептегенде кедейге жатады) барларының саны – 42,9 пайызды құрады .

XX- ғасырда Ресейдің шеткері отарланған аймақтарындағыдай Қазақстанның ауыл шаруашылығы да терең дағдарыс кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның Семей және Ақмола облыстарының жеті үйезінде тұрып жатқан қазақтардың 1916 жылғы санақ кезіндегі тіркелген мал басы 1907-1911 зерттеулермен салыстырғанда 16,6 пайызға кем болған .

Ауыл шаруашылығындағы жағдай, әсіресе, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ауыл ауыр жағдайға душар болды. Өйткені, үкімет соғыс қажеттіліктеріне деп салықтарға қосымша әр түрлі ақшалай және заттай алымдар салды. Ақшаның (сом - Ө. С.) құнсыздануына байланысты өнеркәсіп тауарларының бағасы өсті, ал көлік саласындағы бүліншілікке байланысты астық тасымалдауда кедергілер пайда болды. Өнеркәсіп тауарларымен салыстырғанда нанның бағасы да түсіп кетті. Жергілікті шаруалармен қатар қоныс аударған шаруалардың жағдайы да ай өткен сайын ауырлай түсті.

1916 жылы Қазақстанда тылдағы жұмыстарға қазақтарды жұмысшы ретінде алмақшы болған патша үкіметінің қаулысына қарсы шыққан көтерілістер болғаны тарихтан белгілі. Шыдамның шегі бар дегендей, бұл осы шараға ғана емес, жалпы бүкіл патшалық биліктің жүргізіп келе жатқан отарлық қанау жүйесіне деген қарсылық болатын. Жалпы, 1916 жылғы қазақ даласының әр жерінде бой көтерген толқулар, оқиғалар қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің бой көтеріп, жаңа бір жоғары деңгейге көтерілгенін айғақтайтын құбылыстың басы болды десек орынды болар.







Дәрәс №










«Білім биржасы» зияткерлік ойыны

Жарияланды 15-02-2015, 18:35 Категориясы: Тарих 

7 сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс сабақ)
1. Сабақтың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
2. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету;
Дамытушылық: Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға оқушыларды дайындау, табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру. Ой - өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету. ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, информациялық білім беру;
3. Көрнекілігі: Интерактивті тақта. «ХХІ ғасыр көшбасшысы»,
«Миллион кімге бұйырады» зияткерлік ойындарының
желісімен.
4. Сабақтың түрі: Зияткерлік ойын.
5. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.
6. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (1 - 2минут)

Сабақ барысы:
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Тарихи көмбе. Әр көмбенің астында сұрақ жасырылған, сұраққа жауап берсе, тиісті қаржы жинақтайды, жауап бере алмаса сондай қаржы қайтарылады.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІV тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).

«Болашақ» тобы
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Бәйтерек» тобы
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Асыл тас» тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке ұшар қыранымыз.

Мұғалім: «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолыңызда.
Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 доллар. Топ капитаны бағаны 10 доллардан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

10 - Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/
10 - Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/
20 - Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/
20 - Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/
30 -«Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
30 - Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/
40 - Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан? Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/
40 - Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/
50 - Сайрам қаласының қытай жылнамаларында атауы /Испиджаб/
50 - Батыс Түрік қатынасының жазғы ордасы / Мыңбұлақ/

Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын эксперттер айтады. Жоғары капитал жинаған топ..........................................

Біздің екінші турымыз «Тарихи көмбе» деп аталады. «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафин сөзімен сайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Тарихи көмбе
1. Қаған - жоғарғы үкімет билеушісі
2. Тігіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер - ханның ұрпақтары
3. Уәзірлер – хан кеңесшісі
4. Орда – ханның мемлекеттік саяси – әкімшілік іс - жүргізетін орны
5. Иқта – жер иеленудің бір түрі
6. Иқтадар – жерді иеленушілер
7. Вақваттық – дін басыларға, діни мекемелерге ірі жер иленушілерге, көшпелі әскер басшыларға өсиет етіп қалдырған жер
8. Коммендация – қанаудың бір түрі. 2 түрі болады: үлескерлік, қамқорлыққа алу.
9. Қарахан кесенесі - Айша бибі кесенесі, Бабажа қатын кесенесі -
10. Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құралған кеңес.
11. Руна жазуы – түркілердің көне жазуы
12. Ташнау – жуынды су ағатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығатын болған.

ІІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
3. Тәуелсіздік күні /16 желтоқсан/
4. Рыцарьлардың басты кәсібі /соғыс/
5. Жүз жылдық соғыс қай мемлекеттер арасында болды /Англия мен Франция/
6. Король иелігі /домен/
7. Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы қашан болды? /1455 - 1485жж/
8. 1 км неше метр бар? /1000/
9. «Алтын булла» жарлығы қай императордыкі /ІҮ Карл/
10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
11. Тарих атасы кім? /Геродот/
12. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы. /атабек/
13. Ұлы Отан соғысы қашан болды? /1941 - 1945/
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
15. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
17. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? /Жер/
18. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/










Қазақстан тарихы
Кульмаганбетов Е.Е.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Философия негіздері пәнінен колледж студенттеріне арналған тест тапсырмалары

Автор: Кульмаганбетов Елеусиз Елтаевич

Дата: 09.03.2017

Номер свидетельства: 398608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства