О?ыту мен о?у ?дерісінде сындарлы о?ыту теориясыны? тиімділігі
О?ыту мен о?у ?дерісінде сындарлы о?ыту теориясыны? тиімділігі
Кіріспе б?лім: О?ыту мен о?уда?ы ?дістерді не ?шін ?згерту ?ажет? Неліктен де?гейлік ба?дарлама о?у т?жірибесін ?згерте алады деп ойлаймыз?
Негізгі б?лім:
• О?ушыны? ??зіреттілігін арттыруда сындарлы о?ыту теориясыны? ма?ыздылы?ы.
• Сапалы о?ыту мен ??зырлы м??алім.
?орытынды б?лім: Cындарлы о?ытуда м??алім нені ж?не ?алай ж?зеге асырулары ?ажет?
?азіргі ?лемде болып жат?ан ?ар?ынды ?згерістер ?лемдік білім беру ж?йесін ?айта ?арау ?ажет екендігін паш етті. ?ар?ынды ?згеріп жат?ан ?лемде білім саласында?ы саясаткерлер ?шін де, жалпы мектептер ?шін де, соны? ішінде м??алімдер ?шін де е? бастысы, ма?ызды м?селе болып отыр?аны: «ХХІ ?асырда нені о?ыту керек?» ж?не де екіншісі ол да ма?ызды жа?ынан біріншіден еш кем емес. « М??алімдер о?ушыларды ХХІ ?асыр?а ?алай дайындайды?» Осы ма?сатта ?аза?стан Республикасы педагог ?ызметкерлеріні? «сындарлы о?ыту теориясына» ба?ыттал?ан де?гейлік ба?дарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына м??алімдерді ?атыстыру ар?ылы о?ыту мен о?у ж?йесін жан жа?ты дамыту ?шін ?ажетті білімдер мен да?дыларды беру болып табылады. Б?л ма?сат к?рделі болуымен ?атар, к?п е?бек етуді талап етеді., алайда д?рыс т?сілдер ?олданыл?ан жа?дайда б?кіл мектеп ше?берінде ?згеріс ж?ргізілуіне ы?пал ете алады. Білім беру саласында ?ол жеткізілген б?кіл?лемдік бітімні? м?ні о?ушылар ?шін білімні? де, да?дыларды? да те? д?режеде ма?ызды екендігіне саяды. Заманауи т?сілді? е? негізгі ерекшелігі о?ушыларды? ал?ан білімдерін жай ?ана иеленіп ?оймай, оларды орынды жерде ?олдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ?асырда талап етілетін да?дыларды? м?ні осында. Ба?дарлама н?тижесі м??алімдер о?ушылар?а ?алай о?у керектігін ?йреніп, соны? н?тижесінде еркін, ?зіндік д?лел у?ждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір к?з?арастары ж?йелі дамы?ан, санды? технологияларда ??зырлылы? танытатын о?ушы ?алыптастыру?а даярлау болып табылады. Мектеп ?кімшілігі мен білім беру ж?йесін бас?ару органдарыны? м??алімдері тиісті ресурстармен ?амтамасыз ету ?ызметінен г?рі, о?ушыларды т?рбиелеу, дамыту?а ба?ыттал?ан м??алімні? сыныпта?ы к?нделікті ж?мысы о?ыту ?дерісі мен о?ушыларды? о?у н?тижелеріне о? ы?пал етеді.(Barber and Moursahad, 2007). Мектеп ж?мысы мен о?ушы жетістіктерін ?рістетудегі негізгі т?л?а м??алім.( Strong Ward & Grant 2011)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ыту мен о?у ?дерісінде сындарлы о?ыту теориясыны? тиімділігі»
Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өсербаева Әсел
Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі
Кіріспе бөлім: Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? Неліктен деңгейлік бағдарлама оқу тәжірибесін өзгерте алады деп ойлаймыз? Негізгі бөлім: • Оқушының құзіреттілігін арттыруда сындарлы оқыту теориясының маңыздылығы. • Сапалы оқыту мен құзырлы мұғалім. Қорытынды бөлім: Cындарлы оқытуда мұғалім нені және қалай жүзеге асырулары қажет?
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.(Barber and Moursahad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім.( Strong Ward & Grant 2011)
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орында да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.
Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады.(Frost, 2011) Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. Сонымен үшінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бірінші деңгей бағдарламасы әріптестеріне бүкіл мектеп жағдайында коучингті (сөзбе сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі) коуч іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын игеруге мүмкіндік береді.
Негізгі бөлім: 1. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hattile, 2009) Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Егер де дайын білімді беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
1. 2 Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша
Мұғалімнің көмекшілері Бас - Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді Қол - Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - Кәсіби адамгершілік тұтастық Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады. Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Қорытынды: Сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, немесе проблемаларды шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «Ойлану туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп болжанады.