kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?о?амды? орындарда темекі тартушылар?а ?атысты ?кімшілік жауаптылы?ты ?ата?дату

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ж?мыста о?ушы ?о?амды? орындарда темекі тартушылар?а ?атысты ?кімшілік жауаптылы?ты ?ата?дату шаралары туралы айтып, бас?а елдердегі темекі тартушылар?а ?андай ?кімшілік шараларды? ?олданып ж?ргенін салыстырып, ?зіндік азаматты? к?з?арасын білдіруде.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?о?амды? орындарда темекі тартушылар?а ?атысты ?кімшілік жауаптылы?ты ?ата?дату»

Қоғамдық орындарда темекі тартушыларға қатысты әкімшілік жауаптылықты қатаңдату.

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында желім, шайыр, крахмал, алколоидтер бар өсімдік. Темекі түтінінде никотин, көмір қышқыл газы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар т.б. 30-дан астам ұлы заттар кездеседі. Шылым шегу– зиян, оны күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті жайт.

2009 жылдың 2 тамызында ҚР-ның “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Заңына темекі тарту мен оның алдын алуға бағытталған өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, аталған Заң толық түрде өз күшіне енді. Темекіге шектеу қою мен оның алдын алуға байланысты шыққан заңдардың барлығы халықтың денсаулығын қорғау мақсатында жасалып отыр. Және де темекінің зияндығын, ауруларды, темекі тартуды болдырмау, оның өлімге алып келетінін халыққа осыны түсіндіріп, темекі тартудың алдын алуға бағытталған.

Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын неше-түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен, оның 600 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Осы мәселеге ойланып қарасақ темекі - жою қаруына айналып келеді. "Темекі шегу - адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық деген болатын орыстың ұлы фармокологы И.М.Догель. Өйткені адам баласы темекінің зиянын біле тұра, "темекі тарту-тартпау өз құқымыз" деп, сол кесапатқа жол беруде.

Соңғы кезде бұл өмір үшін аса маңызды тақырып болғандықтан, қоғамдық орында темекі тартуға қатаң тыйым салу жөнінде Парламентте де осы мәселе қозғалып - темекі дейтін кесапатқа қарсы күреске мән беріле бастады.

“Темекі тарту мен алькоголизмнің алдын алу және оларға шектеу қою”  атты 159-баптың 5 тармағы бойынша темекі тартуға тыйым салынған қоғамдық орындардың ұзақ тізімі бар. Іріктеп айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, қоғамдық тамақтандыру орындарында, адамдар демалатын жабық мекемелерде, спорт ғимараттарында, адамдар жұмыс істейтін жерлерде, тіпті, үйлерге кіре-берістерде де темекі тартуға тыйым салынған. Бірақ бұл заңды орындамайтын орындар жеткілікті. Мысалы, «Темекінің түтінінен азат Қазақстан үшін» деп аталатын темекіге қарсы коалициясы Алматыда тексеру жүргізген 651 қоғамдық тамақтандыру орындарының тек 2 пайызы ғана темекішілерге арнайы орын белгілеп, жалпы жұрттан бөлген екен. Ал барлық кафелердің, барлардың, мейрамханалардың, караокелердің, түнгі клубтардың, тіпті, асханалардың 66 пайызында темекі тартуға рұқсат етіледі. 26 пайызында күл салғыштарын алдыңа қойып қарсы алады.

Міне, осындай заңды бұзып жатқан мекемелерге пәрменді шара қолданылмайды. Шара болғанда, алдымен айып салынса, олар сөзсіз заңның күштілігін сезінер еді. Шетелдерде солай, қоғамдық орындарға келушілермен қатар, сол орындардың басшылары да жаза тартады.

Қоғамдық жерде, басқаларға зияны тиетін жерде темекі тартқандарға, осы заңды бұзғандарға ақшалай айып төлетіп және бұл айыптың көлемі де айтарлықтай көп мөлшерде салыну қажет деп есептеймін. Мысалы, Ирландияда 3000 еуро беріп құтыласың, әйтпесе, қамаласың. Ұлыбританияда 2500 фунт стерлинг төлеуге тура келеді. Рас, басқа біраз елде біршама төмен: АҚШ-та – 250-1000 доллар, Германияда – 25-250 еуро, Францияда – 68 еуро, Жапонияда – 1000 иен, Швецияда – 100 еуро. Финляндияда айыппұл көлемі 50-150 еуро болғанмен, кәмелетке толмағандар темекі тартса, бірден түрмеге түседі. Осындай қатаң тыйым жасаудың нәтижесі бар. Зерттеулерге қарағанда, бұл темекі сатудың көлемін 10-15 пайызға азайтқан, темекі тартатындардың 80 пайыздан астамын шылым шегуді тастауға ой­­­­­лан­дырған.

Қазіргі таңда Қазақстанда да «темекі тартуға рұқсат беретін қоғамдық орындардың қатарын азайту керек» дегенді алға тартып, арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, темекі қорабының сыртына адамның үрейін шақыратын суреттер де жабыстырылды. Бірақ бізде заң бар да, көп жерде дұрыс жұмыс істемейді.

“Темекі мен темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сату” атты 114-бабының, бірінші бөлімінде темекі мен темекі өнімдерін жастары 18-ге толмағандарға сатқандарға жазалауды қарастырады, сонда заң бойынша арақты 21 жастан бастап сатуға болады, ал теме­кіні 18 жастан бастап. Неліктен олай? Ол да зияны жағынан арақтан еш кем емес қой. Ендеше, темекіні де 21 жастан бастап сатылу қажет деп санаймын. Мысалы, Америкада темекіні біздегідей әрбір дүкен сата бермейді, оның лицензиясы, 50 шаршы метр орны, оның ішінде кімге сатып жатқанын көрсете­тін бейнекамерасы болуы керек. Сондай-ақ келген адамның құжатын сұрауың керек. Оған қоса, жексенбі күні мүлдем сатылмайды. Біз де солай жұмыс жасауымыз керек. Сонымен қатар, мектептің, ауруханалар­дың жанында, аялдамада тұрып темекі тартатын адам сол жерден 15 метр қашықтықта тұруы тиіс. Себебі темекінің түтінін маңында тұрған адамдар жұтады, демек, маңындағы адамдарға зиянын тигізеді. Ал, Түркияда арнайы полиция бар. Солар заңды бұз­ған үшін айыппұл төлетеді. Бізде де солай жасау керек, дамыған отыз елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырмыз ғой, ендеше, бізге де осындай өзге елдердің жақсы жақтарын алу керек. 

Қорыта айтқанда жалпы темекіге қарсы күреспен - қоғам болып айналыссақ, оң нәтиже берері сөзсіз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?о?амды? орындарда темекі тартушылар?а ?атысты ?кімшілік жауаптылы?ты ?ата?дату

Автор: ?айынбаева Аида Абилмажин?ызы

Дата: 16.09.2016

Номер свидетельства: 344069


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства