kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Егемен елге-білімді ?рпа?» ХХІ-?асыр к?шбасшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Егемен елге-білімді ?рпа?» ХХІ-?асыр к?шбасшысы

??рметті ?ріптестер,о?ушылар,б?гінгі ?йымдастырылып отыр?ан ХХІ-?асыр к?шбасшысы «Егемен елге-білімді ?рпа?» атты интеллектуалды? ойынымыз?а ?ош келді?іздер!Енді б?гінгі ойынымыз?а ?атысатын 9-сынып о?ушыларымен таныстыру?а р??сат еті?іздер!

Ендігі кезекте б?гінгі ойыншыларымызды? ?р кезе?де жина?ан ?пай сандарын есептеп беретін есепшімізбен таныс болы?ыздар.

Шын ж?йрік шабысынан танылады,

?атты білім,тере? ой саналады.

Ба?а берер ?діл?азы ортамызда,

Сізге ??рметпен ?ол со?ылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Егемен елге-білімді ?рпа?» ХХІ-?асыр к?шбасшысы»

Күні: 20.02.2014 жыл

Сыныбы: 9 сыныптар

Тақырыбы: «Егемен елге-білімді ұрпақ» ХХІ-ғасыр көшбасшысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды әртүрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру,батылдығын шыңдау,танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру;

Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып,сөйлеу қабілетін,мәдениетін,логикалық ой-өрісін дамыту,интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету;

Тәрбиелік: Туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,халықтың әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін сақтап,оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сыныптан тыс сайыс сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,презентация

Әдіс-тәсілдері: Баяндау,ой қозғау,сұрақ-жауап


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу,сабақтың мақсатын ашу,шарттарымен таныстыру,әділ қазылар алқасын сайлау;

2.Жарыс ұйымдастыру;

3.Жеңімпазды анықтап құттықтау.

Құрметті әріптестер,оқушылар,бүгінгі ұйымдастырылып отырған ХХІ-ғасыр көшбасшысы «Егемен елге-білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 9-сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін есепшімізбен таныс болыңыздар.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім,терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сізге құрметпен қол соғылады.


Сайыс жоспары:

1-кезең. «Бәйге».Ауызша сұрақтарға жауап беру.

2-кезең. «Өнерпаз болсаң».Патриоттық әндер минусовкасы беріледі.Қандай ән екенін табу және қосылып айту керек.

3-кезең. «Қызықты жетілік» 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.

4-кезең. «Сен білесің бе?» экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқаннын тауып айту керек.

5-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

6-кезең. «Сөз тапқанға»

7-кезең. «Жорға»

Ойынның шарты: Алғашқы 2 кезеңге 10 оқушы қатысады.2-кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.3-кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннын шығады.4-кезеңнен кейін 2 ойыншы ойыннан шығады 5-кезеңде 2 ойыншы ойыннан шығады 6-кезеңде 2 оқушы қалады.Соңғы кезеңнен 2 оқушыдан жеңімпаз анықталады.

Сәт-сапар тілеп бәріңе,

Сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.


1-кезең. «Бәйге»

Ауызша сұрақтарға жауап беру.Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай.

1.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кеде аталып өтеді?(1-желтоқсан)

2.22-қараша 2012 жыл Қазақстан халқы үшін қандай жақсы хабар мен ерекшеленді?(ЭКСПО-2017)

3. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?(алдында отырған)

4.1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ң қандай сыйлығымен марапатталды?( «Әлем қаласы»)

5.ҚР-ның тәуелсіздігі қащан жарияланды?(1991 жыл 16-желтоқсан)

6.Н.Ә.Назарбаев қашан,қай жерде дүниеге келді?(Алматы облысы,Қарасай ауданы,Шамалған ауылы 1940 ж.6-шілде)

7.Ғарышта Абайдың қандай әнін,қай ғарышкер орындаған?(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым,сәлем қаламқас» әнін орындады.

8.Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім,қай жылы ұшты?(1991 ж.2-қазанда Т.Әубәкіров)

9.Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады?(Парламент)

10.Семей полигоны қай жылы жабылды?(1991 ж.29-тамыз)

11.ҚР-ның Ұлттық валютасы-теңге айналымға қашан келді?(1993 ж.15 қараша)

12.Н:Ә:Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?(2003 ж)

13.Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?(1989 ж.22-қыркүйек)

14.Жеті Жарғы?(Тәуке хан тұсындағы заң жинағы)

15.ҚР-ның Конституциясы неше бөлім,неше баптан турады?(9 бөлім,98 бап)

16.Қазақстанда Президент сайлауы қанша рет болды?(1991,1999,2005,2011)

17.Конституцияда не туралы жазылған?(құқық пен міндет)

18.ҚР-ның Премьер Министрі кім?(Серік Ахметов)

19.ҚР Мемлекеттік Туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)

20.Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті спорт түрі?(теннис)


2-кезең. «Өнерпаз болсаң»

Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар,

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнерм көрсеткен,

Екінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең-деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік.

Ойынның шарты:Патриоттық әндер минусовкасы беріледі қай ән екенін анықтап,қосыла айту керек.10 ұпай.

Талапты бала талпынған құстай

Құмары қанбас ұшпай.

Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын есепші хабарлайды.Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.

«Шын ер жеңсе тасымас,жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан оқушыларымызды шығарып саламыз.


3-кезең. «Қызықты жетілік»

Шарты 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.

Ғылым 10 20 30

Тұлға 10 20 30

Спорт 10 20 30

«Ғылым»

10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика)

20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы.(археология)

30. Иіріле оралып,тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)

«Тұлға»

10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер,ҚР-ның Халық қаhарманы (Т.О.Әубәкіров)

20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С.А.Назарбаева)

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті (Қ.И.Сәтбаев)

«Спорт»

10. 2004 жылы Афина қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы.(Б.Артаев)

20. Азиада-2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды?(ілбіс)

30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді?

(бес дүркін чемпион).

Ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады.


4-кезең. «Сен білесің бе?»

Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқаннын тауып айту керек.

10 ұпай.

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол –еңбектену,жалықпау.

Келесі кезекте ұпай сандары аз 2 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.


5-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл кезеңде оқушылар қазақша,орысша,ағылшынша тілде дұрыс жауабын айту керек. 20-ұпай

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.(Көктем-весна-spring)

2.Мұрты бар,иегінде сақал жоқ,

Тон бар,киетін шапаны жоқ,

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапар жоқ. (Мысық-кот-сat)

3.Футболшының алаңдағы ойын заты. (Доп-мяч-ball)

4.Жеті қазынаның бірі,адамды қорып жүретін досы. (Ит-собака-dog)

5.Әр адамның шағын Отаны. (Жанұя-семья-family)

6.Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц-carrot)

7.Ер қанаты. (Ат-конь-һorse)

8.Ердің ... сөйлегені өлгені. (екі-два-two)

Ойын толқын жатқандай асып,тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтедіғұлама ойлар,

Жеңсең де,жеңілсең де қалма жасып-дей келе ойыннан тағы 2 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.


6-кезең. «Сөз тапқанға»

Үй тапсырмасы.2 минут.

Шарты:Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?үй тапсырмасын қорғау.(өмір сүргілері келетін мемлекеттің аты,шекарасы сызылған,туы елтаңбасы ,астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау).

Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген.Өзбектің ойшыл ақыны Ә.Науаи: «ас тұзбен дәмді,су мұзбен дәмді.Ал адам салиқалы,сапалы сөзімен мәнді»,деп көрсетеді.Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы –тіл.Ана тілі-ең жақсы тіл дегендей келесі кезектішешендік кезеңге береміз.

Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.


7-кезең. «Жорға»

Басталады жорға деген сайысым,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Ойынның шарты:2 ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі.1 минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

1-Ойыншыға сұрақ.

1.Сиырдың пірі (Зеңгі баба)

2.Жылдан құр қалған (түйе)

3.Бір заттың өлшемін кішірейтетін не? (масштаб)

4.ҚР-ның Мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

5.Басты байлық (денсаулық)

6.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам (Президент)

7.Қара алтын (мұнай )

8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән

(Елім-ай)

9.12 ай (жыл)

10. «Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы (Ы.Алтынсарин)

11.Алтын киімді адам қай жерден табылды?(Есікте,1969ж)

12.Абайдың әжесі (Зере)

13.2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала (Қытай)

14.Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?(Керей,Жәнібек)

15.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі (карта)

2-ойыншымызға сұрақ.

1.Түйенің пірі (Ойсылқара)

2.Жыл басы (тышқан)

3.Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты (топырақ)

4.ҚР-ның ұлтаралық тілі (орыс тілі)

5.Үкіметті кім басқарады? ( Премьер-Министр)

6.Ақ алтын (мақта)

7.Жеті күн (апта)

8.Шоқанның әжесі (Айғаным)

9.Елбасы Н.Ә.Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың. (Талғар шыңы)

10.30-тамыз қандай мереке (Конституция күні)

11.Айтыскер адам (ақын)

12.16-желтоқсан қандай күн (Тәуелсіздік күні)

13.Баланы тәй-тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (тұсаукесер)

14«.Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б.Соқпақбаев)

15.Қазақстанның «Швейцариясы» аталатын қала (Көкшетау)


Қорытынды:

Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.

Мақтанамын кең-байтақ елім үшін,

Құнарлы мол шырынды жерім үшін .

Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,

Тілеймін,о,туған жер,пейілім шын-деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл,ізденгіш,білімді ұрпақ болып өсіңдер!









«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ











(сыныптан тыс ХХІ-ғасыр көшбасшысы)









Орындаған: Байтәжикова Г


Пәні:құқық







2013-2014 оқу жылы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Егемен елге-білімді ?рпа?» ХХІ-?асыр к?шбасшысы

Автор: Байт?жікова Гулмира Акболатовна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 247735


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства