Адам. Қоғам. Құқық.
Жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалана отырып, жастардың тәрбие жұмысында іске асыру.
Сынып жетекшілерінің шығармашылық ізденісіне әдістемелік көмек беру, оларға мемлекеттің ұсынып отырған қаулы-қарарының маңызын түсіндіру.
Жастарға Қазақстандық патриотизм рухын бере отырып, елжандылық тұрғысында ұлттық тәрбие беру.
Оқушы, ата-ана, педагог үштігін ынтымақтастыра отырып, олардың құқы, міндеті, жауапкершілігін меңгерту.
Жалпыға бірдей құқықтық білім беру мен тәрбие беру жолдарын түсіндіру.
Мемлекеттік ән рәміздердің ережеге сай орындалуын үнемі назарда ұстау.
Қоршаған ортада, қоғамдық орындарда жастардың өзін-өзі ұстауын, салауатты өмір салтына сай тәрбиеленуіне, мәдениетті сөйлеуге қалыптастыру.
Қазіргі көп мәдениетті кеңістікте оқушы жастардың саяси және құққытық мәдениетін қалыптастырудың құқықтық-норматифті, бағдарламалық әдістемелерді және олардың негізін түсіндіру.
Қоғамда тарихи қалыптасқан адамдардың, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік ұжымдардың, рұқсат етілген және міндетті мінез-құлқының шегін, аралығын айқыдау.
ҚР-сында көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімден және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелрін түсіндіру.
Саяси және құқықтық мәдениет салсындағы ғылымның соңғы жетістіктерімен оқушы жастарды кәмелетке толмағандарды жан-жақты қаруландыру.
Рухани мәдениетті құрастырушылар: танымдық жан-жақтылы мәдениет. Философиялық, адамгершілік, көркемдік, әдептілік, құқықтық, педагогикалық, діни, экологиялық, эстетикалық мәдениет, ойлау қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, денешынықтыру мәдени дайындық үрдісті қалыптастыру.
Рухани байлық, моральдық тазалық, дене жетілуі, зиялылық түсінігі.
Біріккен екі бағыттағы мәдениет моделі: мәдени психологиялық құндылықтар (ойлар, мінез-құлық нормалары және қарым-қатынаснормалары, қоршаған орта, қызметкерлер ортасыныңәртүрлі деңгейінің элементтері және микроортада ұстауы)
Балаларды қорғаудың норматифті-құқықтық базасы арқылы жеке тұлғаның құқығын қамтамасыз ету үшін заң актілерінің жинағы болу керек:
ҚР-ның 17 желтоқсан 1998 жылғы №321-1 «Неке және отбасы туралы» заңы.
ҚР-ның 31 қаңтар 2001 жылғы «Әкімшілік құқық бұзушылқ туралы» кодексі.
ҚР-ның 8 тамыз 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы.
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
21 маусым 1995 жылғы № 2347-ші Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру туралы президент шарасы.
Білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу кезінде ҚР-ның мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 9 сәуір № 227-ші бұйрығына байланысты ЕРЕЖЕ.
27 шілде 2007 жылғы ҚР-сы Білім туралы заңы.
27 сәуір 2007 жылғы президенттің халыққа жолдауы «Жаңа Қазақстан жаңа әлем»
29.09.2002 жылғы № 693 ҚР-сы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты туралы бұйрығы.
ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттті бағдарламасы.
ҚРБЖҒ-нің 17.12.2006 жылғы №662 бұйрығына байланысты ҚР-сы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамытудың тұжырымдамасы.
2007-2008 оқу жылында ҚР-сы жалпы орта білім беруд ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.