XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым
Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады.
Салыстырмалы сұрақ-жауап:
1.Ойлау жүйесі
2. Сүйенетін құндылықтары
3.Ақындардың айтысу тәсілдері
1.Ойлау жүйесі
2. Сүйенетін құндылықтары
3.Ақындардың айтысу тәсілдері
Ақын боп жиырмамда желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып, қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым- деп өзі
айтқандай, көп өтпей-ақ, алдына жан салмайтын айтыскер ақынға айналады.
Айтыстарының қай-қайсысынан да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады: қайырымсыз байларды мінеп, есесі кеткен кедейлерді жақтайды, ел ішінің бірлігін жырлайды, әділдікті, батырлықты дәріптейді. Соның арқасында қарсыластарын үнемі жеңіп отырады.