?лемні? ?міршісі-е?бек. ?леуметтік жа??ыртуды? жа?анды? тренд ?аза?стан 20 жылды? шепті е?серді. ?аза?станны? сапалы ?леуметтік ?лгі-?алыптары мен к?сіби біліктілігін к?рсететін презентация. Мемлекет басшысыны? ?о?ам мен ?кіметке берген 20 тапсырмасы ?аза?станны? ал?а шы?уыны? негізгі к?рсеткіші екенін на?тылайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?аза?станны? ?леуметтік жа??ыртылуы" презентация 9-11 сыныптар?а арнал?ан»
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат
Индустрияландыру күніне арналған телекөпір
Дайындаған: Сабитова Әсел Болатқызы
№17 орта мектеп
9-11 сынып оқушыларына арналған
Әлемнің әміршісі - еңбек.
Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады,
бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.
Еліміз үшін еңбек етейік, ардақты ағайын!
Әлеуметтік жаңғыртудың жаһандық тренд Қазақстан 20 жылдық шепті еңсерді.
Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.
Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр.
Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.
Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты
Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидаты
Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты
Төртіншіден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты
Бесіншіден, КӘСІБИЛІК қағидаты
1-ші ТАПСЫРМА
Үкімет «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақстан-2030» стратегиясы ережелері мен қазақстандық әлеуметтік жүйе мен экономикалық жаңғырту міндеттері қоғамын бірлесіп дамыту мәселелеріне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың Жалпыұлттық тұжырымдамасыжобасын жасасын.
2-ші ТАПСЫРМА
Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізсін және әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгізсін.
3-ші ТАПСЫРМА
Үкімет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп 2012 жылдың соңына дейін бесінші шақырылған Парламенттің бүкіл жұмыс кезеңіндегі заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақты қарастырылған Тұжырымдамалық Жоспарыныңжобасын әзірлесін және келісуге енгізсін.
4-ші ТАПСЫРМА
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:
- өзін өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлесін
5-ші ТАПСЫРМА
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
- 2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірлесін;
6-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін:
- 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарындайындап, қабылдасын;
- ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесінқұру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізсін
с) Еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу
7-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейінмынандай ұсыныстарды әзірлеп, ұсынсын:
- «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы;
- Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы
8-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізетін болсын;
- медиация институтын дамытуға бағытталғанзаң аясындағы құқықтық базаның
қабылдануын қамтамасыз етсін
9-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2012 жылдың аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізсін және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасасын.
Өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы
10-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
а) Тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары: қолжетімділік пен жайлылық.
11-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасасын және енгізсін.
b) Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдар.
12-ші ТАПСЫРМА
1. ҚР Үкіметі жоспарлардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсін.
13-ші ТАПСЫРМА
ҚР Білім және ғылым министрлігі:
- 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін;
- Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізсін, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырсын
14-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі:
2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін;
15-ші ТАПСЫРМА
- ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін;
16-шы ТАПСЫРМА
1. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі:
- Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсынсын;
- қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына(спорттың әр түрі бойынша) қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныс енгізсін.
2. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп мамандандырылған спорттық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізсін.
17-ші ТАПСЫРМА
1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін:
- «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы мәселені қарастырсын;
- екі ай мерзім ішінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ата-аналардыңбалаларының балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігінеөтемақы төлеу
18-ші ТАПСЫРМА
1. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:
- «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізсін;
- «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заң жобасын әзірлесін;
- мемлекеттік қызметтер ұсыну үлгілерін және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесін құруға кіріссін
19-шы ТАПСЫРМА
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі:
- 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдасын.
2. ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін:
- «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізсі
20-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметі:
- 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар әзірлеп, енгізсін;
- 2012 жылдың соңына дейін азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттесін;
Бүгін мен өз сөзімді барлық қазақстандықтарға арнаймын.Біз әлемдік дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХІ ғасырға жаңа - ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ трендінің қалай біртіндеп еніп келе жатқанын айқын көріп отырмыз.
Шындықты мойындайық: болашақта ХХІ ғасырда тек ЕҢБЕК қана барлық қазақстандықтардың ӘЛ-АУҚАТҚА және жаңа ӨМІР САПАСЫНА қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.