Ас?артау жары? ж?лдыз (атты портрет кеші) Ебіней Арыстан?лы Б?кетов
Ас?артау жары? ж?лдыз (атты портрет кеші) Ебіней Арыстан?лы Б?кетов
Родился Евней Арстанович Букетов 23 марта 1925 года в ауле Баганаты ныне Шалакынского района Северо-Казахстанской области. В 1945 году Е.Букетов окончил среднюю школу в селе Марьевка. Е . Букетов был не только выдающимся ученым. Весом его вклад в развитие казахской литературы, культуры в целом. Талантливый писатель, публицист, литературный критик, переводчик познакомил свой народ с жемчужинами русской и мировой литературы. В то же время он был прекрасным фольклористом, глубоко знавшим и любившим поэтическое и музыкальное наследие казахского народа.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ас?артау жары? ж?лдыз (атты портрет кеші) Ебіней Арыстан?лы Б?кетов »
Асқартау
жарық
жұлдыз
атты портрет кеші
Ебіней Арыстанұлы Бөкетов
(1925 - 1983)
Қазақ қауымына жазушы Сәкен Сейфуллиннің, академиктер Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетовтің есімдері етене мәлім. Олар біздің ұлттық мақтаныштарымыз. Республиканың бұрынғы басшылары оларды ұзақ жылдар бойы ел жадынан ұмыттыруға тырысты. Қазірде біз нақақтан құрбан болған, жазықсыз жапа шеккен ардақтылар есімін сүйіспеншілікке толы һәм кешірілмес кінәлі сезіммен халыққа қайтардық... Әсілі, соны ертерек жасағанымыз жөн еді, сөйтсе де ештен кеш жақсы емес пе?!..
Н.Ә.Назарбаев
Ебіней Бөкетов 1925 жылдың 23 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Бағанаты ауылында дүниеге келген. 1945 жылы Е.А.Бөкетов Алматы қаласына келіп, осындағы Қазақ кен-металлургия институтының металлургия факультетіне оқуға түсіп, оны 1950 жылы бітіріп шығады.
1951-1953 жылдары Е.А.Бөкетов өзі бітірген институттың (ҚазКМИ) аспирантурасында оқыды. Осыдан кейін Е.А. Бөкетовтың жоғары мектеп оқытушысы ретіндегі еңбек жолы басталады.1960 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысы бойынша Е.А.Бөкетов Қаз. КСРҒА Қарағанды қаласындағы Химия-металлургия ғылыми зерттеу институтының директорлығына тағайындалады және осы қызметте 1972 жылдың наурызына дейін істеген.
Е.А. Бөкетов 1972-1980 жылдары - жеңіл, асыл, шашыранды және ауыр металдар металлургиясы мен химиясы салалары бойынша атақты металлург-ғалым және физик-химик.1969 жылы мыс рудаларын жинақы өңдеу технологиясын зерттеп, Балқаш кен-металлургия комбинатына ендіргені үшін Е.А.Бөкетовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.Е.А.Бөкетов тек қана химия және металлургия саласының үлкен ғалымы емес, сонымен қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы болған.
Ол артынан көптеген ғылыми және әдеби еңбектерін қалдырып кеткен.
Қазақ ғылымындағы есімі елге кеңінен танылған айтулы тұлғалардың бірі - Ебіней Арыстанұлы Бөкетов. Ол техника ғылымының докторы ретінде өз саласына үлкен еңбектер қалдырумен бірге, әдебиет пен өнерге, әсіресе аударма ісіне қатысты толғамды тұжырымдар білдірді. Академик Е.Бөкетов қазақтың әйгілі ханы Абылай заманы мен тұлғасы туралы зерттеумен бірге, Шоқанның, Абайдың, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы жайлы жан-жақты тұжырымдарын айтты.
Әнуар ТАРАҚОВ
филология ғылымдарының докторы
Е.А.Бөкетов әдебиет саласына ерте араласқан. Ол Марьевка селосының орта мектебінде оқып жүріп С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” романын қазақ тіліне аударған. Одан кейін Е.А. Бөкетов елуінші жылдары әдебиет саласында (ғылыми жұмыстарымен қатар) еңбек етті. Ол Ғ.Мүсіреповтың “Оянған өлке” романына, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Тәжібаевтың “Майра”, З.Шашкин мен М.Гольддлагтың “Тоқаш Бокин”, Ш.Құсайыновтың “Кеше мен бүгін”, Н.Хикметтің “Махаббат туралы аңыз” спектакльдеріне сын мақалалар жазған. Ол жазған мақалалар әдеби жағынан сауатты, жоғары кәсіби деңгейде болды.
Осы елуінші жылдары Евней Арыстанұлы аудармашылық жұмыспен көп айналысады. Ол орыс тілінен қазақ тіліне И.Василенконың “Артемка” повесін, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын, болгар жазушысы И.Вазовтың “Бұғауда” (“Под игом”) пьесасын, С.Есениннің “Анна Снегина” поэмасын аударған.
Елуінші жылдардың орта шенінде Е.А. Бөкетов шығармашылығы республикада ғана емес, одақ оқушыларына да мәлім болған. Оған тіпті “Литературная газетінің” Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болуы жөнінде ұсыныс алған. Бірақ ол ұсыныстан өзіне тән қарапайымдылықпен бас тартады. Өйткені оның негізгі жолы - ғылым, ғылымдық еңбек болған.
Ебіней Бөкетовтің алдында қос рельстей қатар тартылған екі тарам жол жатты: ғылым жолы, әдебиет жолы. Ол екеуін де алалаған жоқ, қатар басты... Елудің беліне еркін көтеріліп, кемел шағына келгенде бұрынғыша тоқтаусыз, тоқыраусыз жүріп, ғылым мен өнер асуларына беттеп барады.
Сапарың оң болсын, достым!..
З.Қабдолов
Алпысыншы жылдардың аяғында ол “Орталық Қазақстан” газетіне “Канада әсерлері” атты публицистикалық әңгіме жазған. 1969 жылы сол газетте академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 70 жыл толуына арнап “Аққан жұлдыздан құс жолына дейін” деген үлкен мақаласын бастырған. Бұдан соң ол елімізге белгілі ғалым әрі жазушы ретінде толық танылған. Ол ғылым мен әдебиетті құстың қос қанатындай тең ұстаған.
Ол өзі: “Мен … әдебиетті білмеген ғалымды асыл мәнінде нағыз ғалым болады деп айта алмас едім, үлкен ғалымдар қашанда мәдениеті жоғары, әдебиетке жетік болған”, - деп жиі айтқан.
1970-1980 жылдары Ебіней Арыстанұлы әр түрлі республикалық және облыстық мерзімді басылымдарда ондаған публицистикалық мақалалар жариялаған. В.Маяковскийдің “Керемет” (“Хорошо”) поэмасын, В.Шекспирдің “Макбет” және “Юлий Цезарь” трагедияларын аударған.
Елуге достар Евнейдей болып келіңдер,
Елуде бәрің Евнейше есеп беріңдер.
Ұрпақпен бірге жалындай берсін жүректер,
Ұрпақпен бірге көгере берсін көңілдер.
Ә.Тәжібаев
Е.А.Бөкетовты Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің туып, дамуы, переспективасы қатты ойландырған. Оның 1975 жылы “Жазушы” баспасынан “Атан қомында туған адам” кітабы және 1977 жылы сол баспадан орыс тілінде “Творчество қырлары” атты деректі - көркем очерктері басылып шыққан. “Атан қомында туған адам” очеркінде өнер, білім, мәдениет туралы әр жылдары жазған ой-толғаныстарымен қоса қазақтың ғалымдары Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, И.Қарағұлов, Ә.Бектұровтардың шығармашылық ізденістерін, талғам-танымын, тапқан жаңалықтарын шұрайлы тілмен әсерлі әңгімелеген.
Осы кітабында Е.Бөкетов әдебиет мәселелеріне ойысып, оның ішінде әсіресе, ақындық өнер, ақындық дарын хақында өз түсінігін оқырмандарымен бөліскен. Е.А.Бөкетовтың орыс халқының Д.М.Менделеевқа арналған повесі “Досқа алты хат” деген кітабы “Жалын” баспасынан 1989 жылы орыс тілінде,
ал 1995 жылы қазақ тілінде жарық көрді.
Өмірінің соңғы күндерінде Е.Бөкетов орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің Баркалай де Толлиге арналған “Қолбасшы” (“Полководец”) атты өлеңін қазақшаға тәржімалдаған. Аударманы түп нұсқасымен салыстырғанда Е.Бөкетовтың ақындық қуатын жаңа қырынан көргендей боласың. Оның жазу столынан ұлы математик С.В.Ковалевскаяның өлеңдері табылған. Бұған дейін қазақ ақындарының қолы тимеген жырлар. Бітпеген, атқарылмаған істерінің бір ұшығы осылар болар-ау шамасы.
Академик Е.Бөкетовтың есімін ел есінде мәңгілік қалдару үшін кейінгі жылдары оның әдебиет саласындағы еңбектері жарияланып жатыр. Ғалымның мұрагер інісі Қамзабай Бөкетовтың белсене араласуымен “Көкейкесті” атты шығармасы 2000 жылы “Қазақстан” баспа үйі” серіктестігінен жарық көрді. Бұл кітапта Е.А.Бөкетовтың тірі кезінде жазылып осы кезге дейін жарық көрмеген бір топ сын мақалалары, естеліктері, жол сапар хикаялары қазақ және орыс тілінде енгізілген.
Ғылыми жұмыс, ғылыми ізденіс шығармашылық қызметтің шығар шыңы.
... Шынайы шығармашылық адамды қайта жаңғыртады, қанаттандыра түседі. Шығармашылық жұмысыңнан алған рахаттан артық рахат бар ма екен сірә! Шын мәнінде, нағыз азаптанып, ұзақ ізденіп жазған ғылыми жұмысыңның нәтижесіне жетіп, жарқын қуанышына ие болу үлкен бақыт.
Е.Бөкетов
Ғылыми ізденіс дегеніміз шығармашылық процестің барып тұрған биігі, шыңы. Олай болса бұл жолда қызмет істеудің өзі де қызғылықты нәрсе, өйткені шын шығарма адамның ойына қанат бітіріп, бойына қызу беретін нәрсе. Демек, ғылыми ізденіс дегеніміздің өзі шын мәнісінде табиғаттың әлі ашылмай, тұңғиығында жатқан ақиқатын, сырын іздеп табу болып табылды. Ал ақиқатты іздеп табу үшін, сол ақиқатты іздеуші, яки сол ғалым өзі мейлінше адал, ақиқатшыл болуға тиісті. Ондай адам ең алдымен өз қарабасының алдында адал болуы керек.