kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7-сыныпта ?ткізілген "Ба?ыт ??ша?ында" та?ырыбында?ы ашы? саба? /+презентация/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты: О?ушылар?а ба?ытты? ??ндылы? ретіндегі ма?ынасы туралы т?сінік бере отырып, с?йіспеншілікпен жаса?ан ?рбір ?адамдарыны? д?рыс ?рекетке ба?ытталуына назар аударту.

Міндеттері:

  • О?ушылар?а адам ?міріндегі ?уанышты с?ттер, істеген игі істерден ра?аттану, барды ?ана?ат т?ту ж?не жалпы адам ба?ыты туралы т?сіндіру;
  • О?ушыларды? рухани-адамгершілік ?а?идаларды ?з ба?ыты ?шін д?рыс ?олдана білуге, ?мірді ба?алай алу?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзiн-7,9»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп :№20

Мерзiмі: 27.10.2015ж.

9

Тақырып: Бақыт құшағында

Құндылық : Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет

Қасиеттер : мейірімділік, қамқорлық,жанашырлық, .

Мұғалiм : Жумагулова Н.А.

Сынып : 7

Оқушылар саны : 19

Сабақ мақсаты: Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілікпен жасаған әрбір қадамдарының дұрыс әрекетке бағытталуына назар аударту.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рақаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;

  • Оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)


Интерактивті тақта,оқулық,жұмыс дәптері

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

-Қандай сезімде болдыңдар?

-Өзіңнің тыныштануыңа әсері болды ма?

Ендеше,күнделікті өзімізді тыныштандырып, істейтін, бүгін орындайтын істерді орындауда жүрекпен, шын ниетіңмен,сүйіспеншілікпен жасауға ұмтылайық.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

39-беттегі «Бақытты адамның көйлегі» атты мәтінді оқып келу.

-патшаның мазасын алған қандай ой еді?

-неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады?

-Қойшының бақыты неде екен?

Міне,балалар, бақыт кілті байлықта, мансапта емес, бақыт барға қанағат етуде екендігіне мәтінді оқығаннан кейін тағы да бір көз жеткізгендей болдық.


Бақыт – отбасының амандығы



Бақыт- сәттілік


Бақыт - жеңіс

  1. Оқып үйренейік: 38-бет

Бақыт дегеніміз .......

Б.Момышұлы



Бақыт дегеніміз- өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы,әлі жеткенінше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу.

Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу,жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен білінетін бақыт ...


Бақыт – адалдық

Бақыт – азаматтық міндетті орындау



Бауыржан Момышұлы 

1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.

  Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы.


  1. Дәйексөз:

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу”
І. Есенберлин.



  • Дәйексөзде не туралы айтылған?

  • Жақсылық тілей білетін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

Иә, өзгеге жақсылық тілеудің өзі де адамды бақытқа жеткізеді екен. Ол үшін адам бойында Ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық қасиеттер болу керек екен.

Ілияс Есенберлин- көрнекті қазақ жазушысы .

«Көшпенділер» атты тарихи романнның авторы



Бақыт – өзгелерге жақсылық тілеу

  1. Оқиға айту:

«Сүйіспеншілік» (А.Асылбеков)

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарт адамды көріп, оларды бар ниетімен үйге шақырды.Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз», - дейді. Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағы досым Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

  • Қазір үйіңе барып, үй иесімен ақылдасыңыз.Үшеуіміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтыңыздар,-деді.

...Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол:»Қандай жақсы, қандай жақсы,-деп қайталай береді.

Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз«Байлықты» шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін».Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,-деді.Екеуі ортақтасып, мынандай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз»,-деп келіседі.

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз?Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,-деді.Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастарың да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң- таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...»-дейді. Қариялар:

«Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуіміз далада отырыр едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек», – дейді. Әйелдің «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:

Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасымызда».

Егер Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отыратын едік,- деген екен.


  • Балалар, жұбайлар неге Сүйіспеншілікті таңдады екен? Қалай ойлайсыңдар?

  • Ал Байлықты немесе сәттілікті шақырса не болар еді?

Олай болса, сүйіспеншілік дегеніміз жақсы көру болса,жақсы көру сыйластықтан туындайды емес пе? Сыйластық орнаған ортада адамдар өздерін бақытты сезіне алады деп ойлаймыз.


Бақыт - сүйіспеншілік

6.Шығармашылық жұмыс:

  • сынып оқушыларын үш топқа болу

«Ақындар», «Жазушылар» , «Суретшілер»

  • тапсыманы түсіндіру

өлең жазу

эссе жазу

сурет салу

(Тапсырманы орындау барысында баяу музыка қосылып тұрады)



7.Топпен ән айту:

Бақыт деген ....

Сөзі: М.Мақатаевтікі

Әні: Б.Жұмалиндікі



Бақыт жайлы менін мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.

Бақытты сол тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.


Бақыт деген сенін бала күндерін ,

Бақытсыз ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да, басқасын да білмеуің.

Бақытсыз ақ ойнап- күлгенің.


Бақыт деген әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім,

Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім.




8. Сабақты қорытындылау:


---- өте жақсы




---- шаршадым



?? ---- түсінбегенім көп



!! ---- көп нәрсені түсіндім



9. Үйге таспырма:

10 сабақ «Робинзон Крузо» мәтінін оқып келу (43-бет)









Просмотр содержимого презентации
«Сабақтың презентациясы 7-сын»

Сабақтың тақырыбы:   Бақыт құшағында

Сабақтың тақырыбы: Бақыт құшағында

Тыныштық сәті:  « Су асты патшалығына саяхат»

Тыныштық сәті: « Су асты патшалығына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру:  «Бақытты адамның көйлегі»   мәтінін оқып келу

Үй тапсырмасын тексеру: «Бақытты адамның көйлегі» мәтінін оқып келу

Оқып үйренейік:   «Бақыт дегеніміз …»   Б.Момышұлы

Оқып үйренейік: «Бақыт дегеніміз …» Б.Момышұлы

Дәйексөз:  ”Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу”   І. Есенберлин

Дәйексөз: ”Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу” І. Есенберлин

Аңыз тыңдау:    «Ең ұлы құндылық-сүйіспеншілік»

Аңыз тыңдау: «Ең ұлы құндылық-сүйіспеншілік»

Шығармашылық жұмыс:   І топ: «Ақындар»  Бақыт тақырыбында өлең жазу  ІІ топ: «Жазушылар»  «Мен бақытты баламын» тақырыбында эссе  жазу  ІІІ топ «Суретшілер»  «Бақытты балалық шақ» сурет салу

Шығармашылық жұмыс: І топ: «Ақындар» Бақыт тақырыбында өлең жазу ІІ топ: «Жазушылар» «Мен бақытты баламын» тақырыбында эссе жазу ІІІ топ «Суретшілер» «Бақытты балалық шақ» сурет салу

Топпен ән айту:    «Бақыт деген …»

Топпен ән айту: «Бақыт деген …»

Бақыт жайлы менің мынау білгенім  Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.  Бақытты сол тәрік етіп түндерің  Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.     Бақыт деген сенің бала күндерің ,  Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.  Бақытын да, басқасын да білмеуің.  Бақытсыз-ақ ойнап- күлгенің.     Бақыт деген әркімдерде бір арман,  Сол арманның шыққан жері құмардан.  Ал мен үшін ең бақытты күндерім,  Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім.   

Бақыт жайлы менің мынау білгенім Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. Бақытты сол тәрік етіп түндерің Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.   Бақыт деген сенің бала күндерің , Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. Бақытын да, басқасын да білмеуің. Бақытсыз-ақ ойнап- күлгенің.   Бақыт деген әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал мен үшін ең бақытты күндерім, Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім.  

Сабақты қорытындылау:     ---- өте жақсы         ---- шаршадым        ?? ---- түсінбегенім көп        !! ---- көп нәрсені түсіндім

Сабақты қорытындылау: ---- өте жақсы     ---- шаршадым     ?? ---- түсінбегенім көп     !! ---- көп нәрсені түсіндім


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
7-сыныпта ?ткізілген "Ба?ыт ??ша?ында" та?ырыбында?ы ашы? саба? /+презентация/

Автор: Жумагулова Назым Ахтановна

Дата: 02.11.2015

Номер свидетельства: 246656


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства