Просмотр содержимого документа
«"Жастар?а ???ы?ты? т?рбие берудегі мектеп пен отбасыны? ?зара ?рекеті"»
Пікірталас тақырыбы:
«Жастарға құқықтық тәрбие берудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті»
Мақсаты:
Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Әділетті, шыншыл, парасатты тұлға қалыптастыру.
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер
Қатысушылар: 2топ. Әр топта 3мұғалім, 3оқушы
Сарапшылар: ата-аналар
Өту барысы: 1.Ұйымдастыру (топқа бөліп, «Ойталқы» Миға шабуыл әдісі)
2. «Оқушы ережесі»
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба?
Бала тәрбиесі үшін мектеп жауапкершілігі басым ба?
(екі топ таңдаған тақырыптары бойынша пікірталастырады)
4. «Соңғы сөзді мен айтайын» (сарапшылар пікірі)
5.Қорытынды.
Жүру барысы:
Кіріспе сөз.
Құрметті семинарға қатысушы ұстаздар,қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Жастарға құқықтық тәрбие берудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті» тақырыбындағы пікірталасымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бұл пікірталаста бала тәрбиесінің негізгі өзекті мәселелері талқыланатын болады. Қатысушыларды ат салысуға шақырамын.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.
Құқықтық тәрбие дегеніміз не?
Құқықтық тәрбие – баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады.
Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.
1. «Ойталқы» Тапсырма «Қазіргі жасөспірім бейнесін жасау» (екі топ ақылдаса қазіргі кездің жастары неге қызығады, мінезі қандай, бағыттарын атап көрсету, жағымды жағымсыз жақтарын атап көрсету ұсынылады) Қорғау (3минут)
2.Әр топ плакатқа оқушының мектептегі ережелерін жазып, жұмыстарын қорғайды. Мұғалім: Тәртіпті бала сүйініш, Төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала күйініш, Төмендеп басың кетеді – дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
3. Топтарға тақырып ұсынылады. 1.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба?
2.Бала тәрбиесі үшін мектеп жауапкершілігі басым ба?
(екі топ таңдаған тақырыптары бойынша пікірталастырады)
Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады
А.С.Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпаған жөн.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады..
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?
— Әрине бұл Заңдарды білу
Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері білгіленген заңдар – бұл
Бала құқығының Декларациясы
ҚР бала құқықтарытуралы Заңы
ҚР Конституциясы
Білім туралы Заң
Неке жәнеотбасы туралы Заң
Балалар құқығының Конвенциясы
Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы. Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі.Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек» атап көрсетті.
Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен мектеп серіктестігі қажет.
1-топ. Сонымен отбасында баланың бойында қандай жақсы қасиеттер қалыптасады екен? 2-топ. Мектепте баланың бойында қандай жақсы қасиеттер қалыптасады екен?
(2топ мүшелері стикерлерге қысқаша жазады)
4. «Соңғы сөзді мен айтайын» (сарапшылар пікірі)
рефлексия
5.Қорытынды.
Отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты. Сондықтан да бүгінгі жиналысымызды А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.
. Жас нәрестеге анасы бесік жырын айтқанда, оның не туралы айтылып жатқанын ой-өрісі дамымаған бала түсінбейді, алайда баланың дамып келе жатқан организімінде тіліне, әуеніне, ұлтына деген сезім оянады. Содан бала тілі шыға салысымен ата-анасының тілімен сөйлеуді бастайды, ары қарай ата-анасының берген тәрбиесімен дамиды.Қоғам, ұйымдар барлығы толығымен бала құқығы тәрбиесіне көңіл бөлуде, ал сол тәрбие отбасынан қаланады, ал мектеп баланың жеке тұлға болып, дамып, «ел азаматы» деген атаққа лайық болып өсетіндей дәрежеде тәрбиелей алатын білім ошағы.
Мұнайлы ауданы
Аудандық семинар
«Жастарға құқықтық тәрбие берудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті»