kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Терроризм – адамзаттың қасіреті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Терроризмге қарсы күресбүгінде әрбір елдің 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Терроризм – адамзаттың қасіреті»

Терроризм – адамзаттың қасіреті

Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Жүру барысы

  1. Кіріспе сөз


Терроризмге қарсы күрес  бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды.  Бүгінгі әңгімеміз терроризмнің саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына арналмақ. Табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылыстың мән-жайын түсіну  сарапшылар деңгейінен қалың оқырманға қарай жол тарта бастады. Біз де сол үдеріске қарата бет бұрмақпыз.Ендеше барлығыңа ортақ сұрақ: Терроризм дегеніміз не? Оның анықтамасы қандай?

Оқушы: Латынның «terror» деген сөзі үрей, қүш қолдану, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Қазақстан  заңындағы терроризмнің анықтамасы былай болып келеді: «Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы».

Оқушы: Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы орыс заңынан алынған. Ал Американың терроризм жайлы анықтамасы бұл құбылысқа толықтай саяси түс береді. АҚШ заңына сәйкес «Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен  күш қолдануы» болып табылады. 

Мұғалім: Осы алдына қойған саяси мақсатына байланысты терроризм төрт түрге бөлінеді. Біріншісі, ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл террористер сепаратистік, ұлт-азаттық мақсаттар үшін күреседі. Сепаратистік мақсаттағылар ретінде  Шығыс Түркістандағы ұйғырларды, Ресейдегі  шешендер мен Түркиядағы күрділерді айтуға болады. Ұлт-азаттық мақсаттағылар--Африка мен Азиядағы колониялардың  Еуропадағы  метрополияларға қарсы күресуші ұйымдары мен жеке тұлғалары. Ұлы  державалардың азат елдерге  құлдық қамытын кигізуі тарих сахнасына ұлт-азаттық күресін әкелді.

Екіншісі, діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған  терроризм. Бұл қанды текетірестер тек діндер арасында емес (мұсылмандар-яһудилер) бір дін ішіндегі ағымдар мен бағыттар (шиалар мен суннилер, котоликтер мен протестанттар) арасында да  жалғасып жатыр. Үшіншісі, қоғамдық құрылысты өзгертуді мақсат ететін, идеологиялық-әлеуметтік немесе революциялық терроризм. Миллиондаған адамдарды құрбан еткен коммунистік қызыл террор – сталиндік репрессиялар (10-15 миллион адам),  Қытай көсемі Маоның «мәдени революциясы (15 миллион), 3 миллионға жуық адамның өмірін қиған Комбодже коммунистерінің басшысы Пол Пот Иенг Саридің әрекеті коммунизмнің нағыз террористік идеология екенін көрсетті. Бұл террор Лениннің билікте тұрған кезінде басталған болатын. Лениннің «Расстрелять» деген бұрыштама қойылған талай құпия декреттері мен қаулылары бүгінде әлеуметтің  назарына ұсынылып жатыр.Ал енді осы тақырыпқа дайындалып келген оқушыларымызға сөз берейік.

Оқушы:Терроризмнің тарихы біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден бастау алады. Қарсыластары мен мұрагерлерінің қолынан қаза тапқан патшалардың өлімін (саяси террор) есепке алатын болсақ, алғашқы террорлық актілердің бірі Александр  Македонскийдің әкесі б.э.д. 340 жыл бұрын өлтірілген екен. Саяси террор орта ғасырларда үдей түсті. 1090 жылы қазіргі Иранның солтүстігіне орналасқан Хамадан аңғарындағы Аламут қамалын басып алған Хасан ибн Саббахтың ұйымы бір жарым ғасыр бойы террорлық әрекеттерді жүзеге асырып, Парсы бұғазы мен Жерорта теңізі аралығында орналасқан елдердің  жүзден астам халифалары мен қазиларының, әскер басшылары мен ресми дін басшылардың  жастығын қуратты. Бұл террористер сол ұлан-байтақ өңір басшыларының өмірін ізден шығарып, сол замандағы билеушілердің үрейін ұшырып келді.  Тек 13-ғасырдың ортасында  Шыңғысханның әскерлері бұл аймақты орта ғасырдың ең қанды қол  террористерінен біржола құтқарды. 

Оқушы:Жаңа заманның террористік әрекеттері 1880 жылдарда Ресей, Еуропа және Солтүстік Америкада үдей түсті. Владимир Лениннің ағасы Александр Ульянов Ресей императоры Александр ІІІ-ке  қастандық жасағаны үшін 1887 жылы 21 жасында Сенаттың үкімімен дарға асылды. Өткен ғасырдың 70-90 жылдары террористік актілер жаңа сипатқа еніп, ұшақтарды аманатқа алу, метролар мен үлкен сауда орталықтарында жарылыстар ұйымдастыру сияқты көпшілікті қыру мен қоғамды үрейлендіруге бағытталған әрекеттерге ұласты. Коммуникация саласының дамуы террористік актілерінің салдары мен мақсаты болып табылатын үрей мен ақпараттық шабуылды жаңа, бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. 

Мұғалім:Терроризмнің табиғаты  – үлкен зерттеуді талап ететін мәселе. Әрине, терроризм – себеп-салдарсыз, басына ат теуіп алжыған адамдардың нұқсанды санасынан туындаған әрекет емес.  Сарапшылардың ортақ пікіріне орай, терроризм – бірінші кезекте әлеуметтік теңсіздік пен тұрмыстық тұрақсыздықтан туындаған құбылыс. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында терроризмнің бұл себебі арнайы ескеріліп, «мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады» деп қадап айтылған. Қазақстан заңының бұл талабы көрші елдер мен халықаралық қауымдастық деңгейінде лайықты бағасын алғанын айта кету керек. Сонымен, терроризм – әлеуметтік құбылыс, оның астарында әлеуметтік тұрмыстың күйбең тірлігі мен өз жағдайы және қоғамдық мәртебесінен қанағаттанбаушылық сырқаты жатыр. Сол өз жағдайы мен мәртебесінен қанағаттанбағандар белгілі идеологиялық арбаулардан соң  террористік ұйымдардың қатардағы әскерлері мен жанкештілеріне айналады. Қатардағы әскер мен жанкешті мына өмірдің азабынан құтылып, арғы дүниенің жұмағынан үмітті, ал ұйымдастырушылар мен қаржыландырушылардың террорлық әрекеттерді материалдық құндылықтар мен күдікті атаққа айналдыруды көздеген өз саудасы мен есебі бар.

Мұғалім:Терроризмге қарсы соғыс ұранымен қуатты империялар өз дегендеріне жетіп жатыр. Атүсті қарағанда таразының бір басында әлем тыныштығын мұрат еткен АҚШ пен оның одақтастары, ал екінші басында «халықаралық» деген мәртебе берілген террорлық ұйымдар тұр. Бұл ұйымдарға қарсы жұмсалып жатқан қару мен қаржы көптеген дамып келе жатқан елдердің мемлекеттік бюджетінен едәуір көп. Қазір АҚШ ақпараттық құралдары «Қорасан» деген ұйымды тілге тиек ете бастады. Жуырда Халифатты мақсат еткен тағы бір халықаралық террористер «пайда» болса, ғажап емес. Бүгінде әлемді дүрліктіріп, Американың Ирак пен Сирияны бомбылауына себеп болып орырған «Ислам мемлекеті» ұйымының басшылары кеше ғана  АҚШ-тың атақты сенаторы Джон Маккейннің Парсы бұғазындағы достары болатын. Үлкен террор мен үлкен геосаясат бірге жүретін егіз қозыға айналды.

Оқушыларды Терроризм актілерін жасау (жасалған) қауіп-қатерлері кезінде халықтың өзін-өзі ұстау қағидаттарымен таныстыру


Ықтимал жағдайлар 

Іс-әрекеттер

1.

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін телефон арқылы алу 

Хатшыға (диспетчерге, кезекшіге және с.с):

1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;

2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға  оның көзін жеткізуге тырысу;

3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммасын жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру;

4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.

2.

 

 

 

 

 

 

 

 

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін  жазбаша түрде алуда 

 

1) хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;

2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;

3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;

4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;

5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау. 

3.

Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу

Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:

1) белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда, пәтерле және т.б. болуы;

 2) тартылған сым, бау, қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрған оқшаулау лентасы;

3) бөтен сөмке, портфель,қорап, қандай да бір зат;машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;

4) табылған күдікті заттан шыққан шулар (сағат механизмдеріне тән дыбыс,төмен жиілікті шулар).

Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.

 

Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:

- көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар.  Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

Қатаң тыйым салындаы:

 

- таыблған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;

- оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды  пайдаланбаңыз.  

4.

Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу

Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сізге үйіңізде жетсе :

1) ауа-райына сай киініңіз,құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;

3) эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;

5) ғимараттан алыстап, эвакуатордың командасын орындаңыз, кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.

5.

Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу

 

 

 

Егер Сіз жарылыс аумағында, ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек.

Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме. Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады.  Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап сөріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда   – тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.  

Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңыз рухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз.  

Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).

Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңы. Оттегін сақтаңыз.

Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты сусаған болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.  

6.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кепілгерлікке алу   

Егер Сіз кепілгер болсаңыз:

1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілгерлікке алған көпшілік жағдайларда кепілгерлер тірі қалған. 

 

Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;

2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;

3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға  тырысыңыз;

4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);

5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.

 

Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

 

1) агрессиялық қарсылау көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;

 

2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;

3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;

 

4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;

 

5) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда,  бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

  





Мұғалімнің қорытынды сөзі

Терроризм – адамзаттың қасіреті. Жазықсыз, саясат пен билікке қатысы жоқ бейбіт тұрғындардың қаза болуы  үлкен трагедия. Заманымыздың заңғар жазушысы марқұм Шыңғыс Айтматовтың «Дай бог, чтобы смерть человека была такой же естественной, как его рождение» деген бір сөзі есімнен шықпайды. Террор тек үрей тудырмай, талайларды күш қолдану арқылы өз атынан өлімге кеседі. Бұл қай тұрғыдан алғанда да кешірілмейтін күнә.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Терроризм – адамзаттың қасіреті

Автор: Базар Индира

Дата: 13.04.2018

Номер свидетельства: 466071

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру – уақыт талабы"
    ["seo_title"] => string(56) "okushylardyn_dini_sauattylygyn_kalyptastyru_uakyt_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "571689"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1611836052"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства