Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? ???ы?ы мен міндеттері»
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері
Оқушы құқылы:
· мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуыңа;
· қосымша білім алуға;
· ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
· мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылардың міндеттері
Оқушылар міндетті:
· Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстурлерді құрметтеуге;
· Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мұлтіксіз орындауға;
· Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
· Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
· Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,кішілерге көмек көрсету;
· Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерізімінде тапсыру;
· Себепсіз сабақтан қалмау;
· өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жұру;
· Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдық тапсырмаларды орындау;
· Мектеп атағын қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
· қоғамдық жерлерде өзін ұстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жұргізу;
· Мектеп формасын сақтау;
· Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
Сабақтан тыс шара:9с. б,в 11.02.16ж .
Тақырыбы: «Біздің құқығымыз және міндетіміз»
Өткізетің түрі:Пікір- талас. Мүғалім:Спашев А.М.
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: АКТ:Видеороликтер «Педагогиқалық жағдайят», «Мектеп жарлығы»«Қазақстан Республикасындағы білім туралы Заңы
Мұғалім сөзі: Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген
3)Кіріспе:Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген. 1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні 20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні 10-желтоқсан Адам құқығы күні 10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады. 1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды. 1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті 20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды. 28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. 8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».40 жас- Президент 30 жас -Сенат депутаты .25 жас – Полиция, сот 20 жас- Маслихат депутаты.18 жас- Сайлау, үйлену құқығы.17 жас- Өсиет жазу құқығы 16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу 15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету 10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын таңдау құқығы.6-7 жас-Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға баруға. 0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
4.ҚР білім туралы заңымен және Мектеп жарлығы мен таңыстыру.АКТ арқылы
Баланың құқықтары мен міндеттері.(Парақша үйлестіру) Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар: Заңдарға бағыну Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу. Мемлекет рәміздерін құрметтеу Салықты төлеу Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы Орта мектеп білімін алу Қазақстан Республикасын қорғау Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады. -Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
5.Видеоролик көрсету:1.Сабақа кешігу.2.Оқу құралдарын әкелмеу.3.Сабақта оқу тәртібің бұзу. 4.Үй тапсырманы орындамау.
Сұрақтар:Осы жағдай туралы пікірлеріңіз?
6..Ғаламтордан алынған видеоролик: «Ұстазын сыйламаған оқушының қылығы...»
Пікір-талас:
Плакатарға талдау,шешімін көрсетіңіз
7.«Менің құқығым және міндетім»
Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында «Әрбір адамның құқығы мен қатар міндеті де бар» делінген.
1. 9-б: және –Ұстаздар-2дана Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесің?
(Бастауыш мектеп оқушысы мектепке барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын. Бұл менің құқығым. Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)
2. Ата-аналар: Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата-аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата-ананың міндеті)
3. 9-в: Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің? (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)
4) Қосымша сұрақ. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» (Конститутцияның 27 бабы) дейді, қалай түсіндіресің? (Баланың адамгершілік парызы – қартайған әке-шешесіне қамқорлық жасау. Адамның ата-анадан басқа жақын ешкімі жоқ. Бала ата-анасына көмек көрсетуге, ілтипат танытуға, адамгершілік, материалдық қолдау жасауға тиіс, оларды асырауға міндетті)
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/
Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді. Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді. Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу, Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.
Кім тапқыр? Мемлекет билігінің қайнар көзі Халық (3-бап) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды? 1992 жылы Қазақстан азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10-бап) Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? Иә (19-бап) Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? Иә (23-бап) Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма? Жоқ (43-бап) Елімізде жоғары өкілетті орган Парламент (49-бап) Қазақстан азаматы болуға қашан құқылысыз? Дүниеге келген кезде (12-бап) Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз? Конституция күні Тәуелсіздік күні
Қортындылау:
20-бап.Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше, сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.