kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«???ы? б?зушылы?ты? алдын алу - баршамыз?а орта? ма?сат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«???ы? б?зушылы?ты? алдын алу - баршамыз?а орта? ма?сат»

 

Елбасы Нурсултан Назарбаев * ?аза?станны? болаша?ы -б?гінгі жастар*     деп атап к?рсеткен. 

            Елімізді? болаша?ы жастарды? е?бек?орлы?ына, талап тілегіне, арман –м?ратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан м?ра болып келе жат?ан ??ндылы?тармызды, тарихи д?ст?рлерімізді жа??ыртып оны ал?а бастырып ?ана ?оймай, экономикасын ?ылымында дамыту?а, жігерлене ел ?шін е?бектенуге міндетті. Б?гінгі жастарымызды? санасына патриотты? рухты арттыру, жат ?ылы?тан аула? болу?а ?ндеу, ???ы? б?зушылы?ты болдырмау-барлы?ымызды? орта? ма?сатымыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««???ы? б?зушылы?ты? алдын алу - баршамыз?а орта? ма?сат» »

«Құқық бұзушылықтың алдын алу - баршамызға ортақ мақсат»

Елбасы Нурсултан Назарбаев * Қазақстанның болашағы -бүгінгі жастар* деп атап көрсеткен.

Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап тілегіне, арман –мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтармызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын ғылымында дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті. Бүгінгі жастарымыздың санасына патриоттық рухты арттыру, жат қылықтан аулақ болуға үндеу, құқық бұзушылықты болдырмау-барлығымыздың ортақ мақсатымыз.



«Арыстандай айбатты,

Қырандай кушті,

Жолбарыстай қайратты,

Мен жастарға сенемін» - деп Мағжан ақын жырлағандай, халқымыз үмітін үкеліп, болашағының іргетасын жастары арқылы қалайды. Елдің ел болуы, оның болашағының туғырлылығы жастардың қолында. Елбасымыздың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20қадам» атты бағдарламасында жастарға деген қамқорлық, оларға барынша жағдай жасауды нақты атап өткен. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты ігендей» демекші, жастар арасындағы тәрбиеге нежарлық танытуға болмайды.

Құқық бұзушылық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану.

Қоғамның оң дамуындағы тенденцияларға қарамастан, біздің мемлекетіміз өтпелі, әр күрделі мерзімде өмір сүріп жатқандығын, әсіресе жастар арасында қиын әлеуметтік- психологиялық жағдайда екенін аңғару қиын емес. Қазіргі таңда бұрыңғы қалыптасқан жүріс-тұрыс стереотиптер мен құндылықтар едәуір мөлшерде өзгеріске ұшыраған. Осы ретте, жастардың өзіндік ерекшеліктері мен салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға септігін тигізетін өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, олар айналасында болып жатқан өзгерістерге дер кезінде бейімделе алмайды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үнемі еліктегіш болып келетіндіктен және стресстік жағдайларды жеңуге, олар мен күресуге дайын болмағандықтан, келеңсіз жағдайлар туындайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу басты - міндет.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғаммен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл неке және отбасы тұралы, Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы , Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы,Еңбек туралы , Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы , Дене тәрбиесі және спорт туралы заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр. Отбасында тұрақтылықпен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылғының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субьективтік себептерден басқа , өтпелі кезеңнің әлеуметтік – экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата- анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында жахандық дағдарысқа қарамастан мемлекеттің әлеуметтік саясаты- ең алдымен жұмыс орындарын көбейтуге, қамқоршылары баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолдануына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады. Оқу орындары кәмелетке толмағандарға медициналық, кеңестемелік және басқада көмек көрсететін, атап айтқанда осындай жәрдемге мұқтаж немесе қатігездік құрбаны болған, ата-анасының мейірімін көрмеген және құдалау мен қанауға душар болған жасөспірімдерге қолушын беретін базалық және анықтама орталықтарына айналуы тиіс. Нормативтік құжаттарда мектепке бару ережесін сақтау қиынға соғатын, сондай- ақ мектепті тастап кететін кәмелетке толмағандарға арнайы көмек көрсетілетіні көзделіп,жастар арасындағы қылмыстың және кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімді жолдарын табуға қатысты, ғылыми зерттеу жүргізуде білім беру жүйесінің барлық бұындарының арасында ынымақтастық болуын ынталандыруға, сондай-ақ осындай зерттеулердің кең таралуы көзделуі тиіс. Осындай зерттеу нәтіжелерінің негізінде білім басқармалары кәмелетке толмағандарға, заңға сәйкес мінез -құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне еңгізу керек. Жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғурлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқы мен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін (белсенділерін)дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануының болдырмауға, сондай- ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшалауға мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдан алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың, және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады, себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әр түрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты.

Мәдениет, ойын-сауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты бағдарлама болуы тиіс. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары ерекше орын алады. Біріқ бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі.Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда, жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді БАҚ арқылы тарату қажеттігі туралы норма императивті түрде баяндалу керек. Заңда бұқаралық ақпарат құралдарын есіріткі мен, зорлықпен байланысты материалдар көрсетуді мейілінше азайтуға, сондай-ақ зорлықпен қануды жағымсыз жағынан көрсетуге мүдделі ететін, осыған ынталандыратын нормалар көзделуі тиіс. БАҚ өз бағдарламаларын дер кезінде түзетуі аса қажет, олардағы ақпарат балалар мен жасөспірімдердің ақылын кемітпей, қатыгез етпей, дұрыс бағдар беруі тиіс. Сонымен қатар есіріткі мен ішімдікті пайдаланудың алдын алудағы, бұл заттардың зияны туралы ақпаратты барлық деңгейде таратудағы орны мен жауапкершілігі заң жүзінде анықталғаны жөн.

Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірибе ,білім мен мемлекеттік және мемлекет аралық деңгейде алмасуды жандандыруға тиіс.

Осы орайда айта кететін бір жағдай, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялар, білім басқару мекемелері, ішкі істер органдары, балалар мен жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келемейтін мінез-құлқы көп жағдайда есею үрдісі мен байланысты болатындығын және есейген сайын олардың мінез-құлқы өзгеретіндігін, ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап кележатқан құқық бұзушы деп анықтау көп жағдайда жастардың бойында тұрақты жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескерілуі қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың өмірлік іс-әрекеті мен құқығын қорғау саласындағы кешенді мәселелер жиынтығы, қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын ерекше аударуда. Жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыстың алдын алу жалпы еліміздегі заң бұзушылықтың алдын алу өзекті де маңызды мәселесі болып табылады. Профилактикалық жұмыс жүргізу күрделі, сан қырлы, сонымен қатар ұзақ уақытты қамтитын үрдіс. Қылмыстың алдын алу мақсаты мен мәні жасөспірімдер арасында алдын алу іс шараларын жүргізумен, сондай-ақ әлеуметтік дезадаптацияның пайда болу себептері мен факторларын зерттеу мен тікелей байланысты.

Құқықтық тәрбие.

  1. Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке, қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды тұғызады. Сондықтанда әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез –құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдік. Азғындықтың құзына ітермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.

Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар:

  • Тәртіп бұзушының теріс мінез –құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою:

  • Оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру:

  • Отан қорғау, туған елдің күш құатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.

Құқықтың тәрбиенің бір ушы жыныстық тәрбиеге де байланысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құру, бала сую және оны бағып –қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсетуде бәріде жастардың жеке түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер.

Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтық тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары тарапынан белгіленген шаралар жүзеге асырлып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал жабдықтары бар.

Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар- ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік ігіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі тәрбиені бұзуына әкеп соқтырады. Бұл, мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі- оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.

Құқықтық мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бұған текқана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымдылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайрымдылығы мен ұстанымдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғам тәртібін сақтауда енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:

  • Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер,әрекетін оқушының білуі.

  • Тұлғаның педогогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.

Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез –құлқы, жүріс-тұрысы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды. Құқықтық қоғам демократиялық ұстанымдарға сүйене отырып, әр адамдың шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру, мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту үрдісі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:

  • Заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру:

  • Заңның орындалуын бекіту:

  • Қоғамдық тәртіп орнатуға әр бір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады.

Құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.

Заңды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатыстырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі- орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның құқықтық мәдениеті - орынды тәртіп пен мінез –құлық, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әректінің терең бірлігі.

Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтық мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарды негізгі рөль ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелермен әсер етеді, әдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз. Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулақ болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш-адамның ұяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға бағыну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну-адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

  1. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжрибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу- тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет. Құқықтық лекторийлер мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты- жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау. Лекторийлердің жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.

Кинолекторийлер-әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық, құжаттық, ғылыми фильмдер, кинофильмдер көрсетуге болады. Жасөспірімдердің заңтану мектептері-мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат- жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық заңдар жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқықтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікірталас, олимпиада, кештер, сайыстар т.б.

Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңіме, әңімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.

Ұқтыру, машықтандыру әдісі: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.

Бұл әдістер оқушылардың іс- әрекеттері ,мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік тұғызады.

Ынталандыру және тежелеу әдістері: ынталандыру әдістері, тежелеу әдістері.

Сонымен топтарды көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.



Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекетің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру қажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасаған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті нығайту салаларында көптеген заңдармен жарлықтар талқыланып қабылданды.

Біздің мемлекетімізде адам өмірін, денсаулығын қорғауға барынша мән беріледі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында, қоғамдағы ең ігілік-адам, оның денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп, мұндай асыл қазынаға, құқықққа қайшы әрекет етушілерге, заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«???ы? б?зушылы?ты? алдын алу - баршамыз?а орта? ма?сат»

Автор: Умарова Санабар Анартаевна

Дата: 04.12.2014

Номер свидетельства: 139146


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства