Просмотр содержимого документа
«Елін сүйген,жерін сүйген Елбасы»
Елін сүйген,жерін сүйген Елбасы
Жүргізуші:Армысыздар ағайын,әріптестер және балалар!
/Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы/ атты мерекелік іс-шарамызды тамашалауға қош келдіңіздер!
1.Бар әлемге шын танылдық міне біз,
Елін сүйген ел басы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз,
2.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаҺанға естіліп.
Елбасын құрметтейтін ерекше.
Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!
3.Елі үшін олжа салып қиыннан,
Ықпаған еш,ауыртпалық қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік,
Елбасының құрметіне жиылған.
Шайқалмасын Жер ана шаңырағы,
Көгімде самғап ұшсын тау қыраны.
Қалықтап тәуелсіз ел аспанында,
Шырқалсын,әр таңымда ән ұраны.
ГИМН орындалады.
Жүргізуші:Құрметті әріптестер,балалар.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің тұңғыш президенті күніне арналған мерекелік іс-шарамызды ашып беру үшін «Балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету»орталығының директоры Шәмшатова Айгүл Бердібекқызын қошеметпен қарсы алайық!
Директор сөз сөйлейді.
Елбасының балалық шағы қысқаша өмірбаяны.
Жәй ғана ырғақты «Үш қоңыр» әні орындалады.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үш қоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл бала өмірге келді.Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі бір жатқан хикаяға айналды.Тойға жиналған ағайын-туыс сан түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді:Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін деп,оның аты Нұрсұлтан болсын дейді!Елбасының әкесі Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды,ал анасы Әлжан 1977 жылы дүниеден өтті. Міне,Елбасымыздың қызықты балалық шағы қазақтың кереметтей Үшқоңыр жайлауында өткен.
Ән:Үш қоңыр
Орындайтындар:Бүгінгі іс-шарамызға өздерінің ән шашуларын арнайтын Қазанғап атындағы музыкалық колледждің түлектері қонаққа келді.Қазіргі уақытта Сыр елінің мақтанышы болып журген,соның ішінде бірінші болып ән шырқайтын Байдулла Расул.
Балалардың ел басы күніне арналған өлен шумақтарын қабыл алыңыздар:
1-бала Руслан:Халқының қамын ойлаған,
Президент біздің елбасы.
Бүкіл ел боп сайлаған,
Ұзақ болсын,өмір жасы.
Тәуелсіздік алған соң,
Астананы көшірді,
Етке еңбек болып оң
Білімді жастар өсірді.
2-бала Елбасы елді қорғайды,
Халқының қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
3-бала Тәуелсіз қазақ елім,
Бақ қонған ғажап елім,
Халқымның көшбасшысы,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Артамыз сізге сенім.
4-бала Азаттық теңдік әлемі,
Шатыққа елді бөледі,
Тағдыры тарих өрелі,
Көк тудың желбірегені.
Өзімнің қаламымнан туған,Елбасы күніне арналған, жеке шығармашылығымды қабыл алыңызда:
Қазақтың Нұрекесіз-тірегісіз,
Қолына қалқан ұстар білегісіз,
Аңсаған арманына жетелейтін,
Лүпілдеп соққан үлкен жүрегісіз.
Балалық шағын айтып кеттік,енді Елбасымыздың еңбек жолымен таныстыра кетейін.Слайдттарға назар аударсаңыздар:
Елбасымыздың ең алғашқы еңбек жолы:Мектепті бітіріп 18-ге таянған Нұрағам өз қатарластарының арасында терең білімімен,ой-өрісінің кеңдігімен көзге түсті.Ол өмірінің ең алғашқы еңбең жолын металлург болудан бастады.Теміртаудағы металл өңдейтін комбинатқа келіп, жұмысшы болудан бастады.Тынбай еңбектенгеннің арқасында көзге түсіп жоғары қызметтерге көтерілді.Н.Назарбаев1979ж Қазақстан компартиясының хатшысы болып жұмыс атқарды.1989ж Қазақ КССР жоғарғы советінің бірінші хатшысы лауазымына Н.Назарбаевты сайлады.1991ж жоғарғы кеңестің сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды.1991ж 16 желтоқсанында Қазақ КСР жоғарғы кеңесі республиканың тәуелсіздігін жария етті.Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан республикасының президенті қызметіне кірісті.Содан бері Қазақстан президенті лауазымына бірнеше рет,жалпы халықтық сайлаумен референдуммен бірнеше рет сайланды
Жүргізуші:Ал енді,балалар бүгін сіздер Елбасымыздың балалық шағы және еңбек жолынан толық мәлімет алдыңдар.Енді мен сіздерге сұрақ қояйын,жақсы жауап берген балаға сыйлығымыз бар:
1.Елбасымыз қай өңірде дүниеге келген?/Үшқоңыр/
2.Елбасымыз қай жылы,қай күні дүниеге келді/06.07.1940/
3Елбасымыз қай жылы тұрақты президент болды?/1991,1 желтоқсан/
Слайд көрсетіледі, балаларға марапаттау береледі;
Жүргізуші:Ал енді құрметті көрермендер біздің бүгінгі кешімізге ән шашуымен келіп отырған қонағымызды қарсы алайық.Сіздердің алдарыңызда музыкалық колледждің түлегі Расул Байдулла өнер көрсетеді.Ән:Сыр елім/
Азаттық теңдік әлемі, Шаттықа бөледі,
Тағдыры тарих өрелі,
Көк тудың желбірегені. Ән:/Көк тудың желбірегені/Серік Тілеуқабақов/ Құрметті балалар бүгінгі /Елін сүйген,жерін сүйген Елбасы/атты іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!