kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата жолынан Ата за??а дейін" (д??гелек ?стел)

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                      Д??гелек ?стел ма?саты:

?аза? ханды?ында?ы за?дарды? алар орны туралы пікірлесу, дала за?дарыны? ерекшелігін тал?ы?а сала отырып, Атаза?мен  байланысыны? м?нін ашу; отанс?йгіштікке,?з ???ы?тарын ?ор?ай білуді ж?не за?ды сыйлау?а т?рбиелеу.

Д??гелек ?стел барысы:   («?аза? ханды?ы» туралы бейнеролик к?рсетіледі)

КІРІСПЕ. Биыл?ы жыл?ы  Елбасы Н.?.Назарбаевты?  «Н?рлы жол-болаша??а бастар жол» атты халы??а жолдауында «2015 жыл - ?лтты? тарихымызды ?лы?тау ж?не б?гінгі биіктерімізді ба?алау т?р?ысынан мерейлі белестер жылы» деп, «?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын, ?аза?стан хал?ы Ассамблеясы мен Конституциямызды? 20 жылды?ын, ?лы Же?істі? 70 жылды?ын» ерекше атап ?ткен болатын. Атал?ан мерекелері?ізбен ??тты?тай отыра б?гінгі д??гелек ?стелімізді ашы? деп жариялаймын. Осы та?ырып т??ірегінде ой-пікір б?лісіп отырайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата жолынан Ата за??а дейін" (д??гелек ?стел)»

«Ата жолынан Ата заңға дейін» (дала заңдары)

Өтілетін орны: 28кабинет

Өтілетін мерзімі: 23 қазан 2015 жыл

Қатысатындар: 9-11-сынып оқушылары

Дөңгелек үстел мақсаты:

Қазақ хандығындағы заңдардың алар орны туралы пікірлесу, дала заңдарының ерекшелігін талқыға сала отырып, Атазаңмен байланысының мәнін ашу; отансүйгіштікке,өз құқықтарын қорғай білуді және заңды сыйлауға тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел барысы: («Қазақ хандығы» туралы бейнеролик көрсетіледі)

КІРІСПЕ. Биылғы жылғы  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын. Аталған мерекелеріңізбен құттықтай отыра бүгінгі дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын. Осы тақырып төңірегінде ой-пікір бөлісіп отырайық.

1.Бейнероликтен көргеніміздей әңгімемізді Қазақ хандығынан бастасақ. Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария менАмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделгенмонархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. 2.Билер дауы. Қазақ даласында би болу оңайлыққа түспеген. Оған күрделі талаптар қойылды. Тек «Құдайдың сүйген құлдары ғана» би бола алады деп есептелген.«Қазақ билер соты – бірегей сот жүйесі» екендігін академик Салық Зиманов зерттеп, жүйелеп, оның адамдардың бостандығы мен адамгершілік, әділдікке негізделгенін  және Батыстың қалыптасқан заң институттарынан дәрежесі кем түспейтіндігін дәлелдеп кеткен болатын. Бұл орайда, ғалымның тіклелей басшылығымен  төрт тілде жарық көрген «Қазақ Ата заңдары» он томдық жинағын атап кеткеніміз жөн. Әнет баба бір бума солқылдақ шыбық алдырып, «Төлеге, балам, мынаны сындырып көрші» - дейді. Төле шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. «Енді сол бума шыбықты біртіндеп сындыршы», дейді Әнет баба. Төле оп-оңай сындырады.Әнет баба: «бұдан не түсіндің балам?» - деп   сұрайды.  Төле: «Түсіндім, баба. Ынтымақты, бірлігі мықты елді жау да ала алмайды. Саяқ жүрген таяқ жейді»,- дегенді білдіреді деп жауап беріпті. Сонда Әнет баба «Бәрекелді балам дұрыс таптың. Ел билеу үшін елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? – «Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы», - деп оң батасын беріпті».Төлені ру ақсақалынан  алған  тағы бір батасында: «Үй баласы ма деп едім, ел  баласы екенсің. Ауылыңның таңы бол, маңдайдағы бағы бол»,- деген екен.Әйтеке би де дәл осындай жолдан өткен. Оған «оның ерекше талантына қауым мен ауыл ақсақалдары 5-6 жасында көңіл бөлген. Әйтеке биге кіші жүздің атақты данагөйі Қосуақ би: «Кәрі тозады, жас озады. Ендігі жерде үйде де, түзде де билік тізгінін өзің ұста!» - деп бата беріпті. Сұрақ Қазір Билердің орнында әділ төрешілер кімдер? (судьялар туралы,олардың мәртебелері,оларға қойылатын талаптар қандай?)

3.Әдетті қалыптастыратын және сақтайтын негізгі орта?(  Бұл ретте, әлбетте, отбасы иелерінің - ата-ананың, жақын ағайын-туыстардың, жекжат-жұраттардың, әрісі руластардың кісілік қасиеттері мен әрекеттері маңызды рөл атқарды)

4.1218 жылы Түркістанға қарсы жорықты ұйымдастыру мақсатында жиналған құрылтайда толықтырулар енгізіліп, 1225 жылы қайта қабылданған. “Ұлы Ясаның” түпнұсқасы толығымен сақталмаған. Оның үзінділері араб, парсы, тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. “Ұлы Ясаның” толығырақ мазмұны ХІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген парсы жылнамашысы Ала ад Дин-Ата Малик Джувайнидің “Тарих-и-Джахангушай” аударғанда “Әлемді бағындырушының тарихы” атты еңбегінде кездеседі.   Моңғол империясындағы негізгі құқықтық ескерткіш “Ясаның” күштілігі сонда, Шыңғыс хан ұрпақтары Моңғол империясынан қаншалықты қашықтықта билік құрса да осы заңға бағынып, берік ұстауға тырысты. Ясаның құрамы халықаралық құқық, мемлекеттік және әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, сауда құқығы, сот құқығы, заңды бекіту сияқты баптардан тұрды.

5.Абай.  Ұлы Абай тұлғасы жан-жақты зерттеліп жатыр. Бірақ, біздің Абайды толық зерттеп, білдік деп айтуымызға әлі ерте деп ойлаймын. Оның бір белгісі, Абайдың ұлы заңгер болғандығында жатыр.  Абайдың өз дәрежесінде жазған заңы қазақ топырағында сол кездегі Семей, Өскемен өңіріне, беріде Жетісуға, сондай-ақ, Қытай өлкесіне тараған. Бұл - Шар бойында жасалғандықтан «Шар ережесі» деп аталады. Шар өзенінің бойында үш дуанның үлкен құрылтайы болады. Абай Шар бойында үш күннің ішінде жанына бірнеше адамды ғана алып, 160-қа жуық баптан тұратын заңды жасайды. Міне, осы заңды жазу арқылы Абай қазақтың бұрынғы заңдарын жетік білетіндігін, сонымен қоса орыс заңдарын да терең білетіндігін көрсетіп, осылардың барлығын үйлестіре отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шығады.

6. Есім ханнан қалған ескі жол, Қасым салған қасқа жол және Әз Тәуке қабылдатқан Жеті Жарғы – адамзаттың заң шығарушылық ізденісі тарихында әлі толық зерттеліп болмаған тың сала ма дейміз? Көшпенді өркениеттің бұл орайдағы ұлттық ортада әділетті сақтаудың, ұлттық тектіліктің тұнығын лайламаудың мүддесін қатаң көздегенін байқаймыз. «Көрмес – түйені де көрмес». Империялық пиғылы басым кейбіреулердің нақ мұны түсінуге әлі күнге дейін құлқы жоқ. Ал, сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өміріндегі кез келген дау-дамайды оңтайлы шешіп отырған от ауызды, орақ тілді билер қазақтың жазылмаған дала заңына бағынған. Бүгінде егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болған еліміз осыдан 20жыл бұрын Атазаңын қабылдап, осы заңның аясында тіршілік кешіп, өркениеттің өріне қарай нық қадам басып келеді. Десек те, 30 тамыз – Конституция күніне орай, Атазаң өз міндетін толық атқарып келе ме? Халық оған қаншалықты сүйенеді? Атазаңда қазақтың дала заңдары ескерілді ме?

11-12-13ке толыктырулар. 24-бап1. Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.2. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.3. Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.4. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.

Қорытынды. Негізі, заңның орындалуы жалпы тәртіптің беріктігіне байланысты жүзеге асады. «Өзі жазған заңды өзі ескермеген елдің дамуы кері кетеді» деген бір ғұламаның сөзі бар. Мемлекетті құлдыратпау үшін заңның орындалуына үлкен маңыз беру керек.Ал, қазақ халқының жүрегіне жақын болуы үшін заңның қазақ ұғымына жақын қазақ тілінде жазылуы тиіс. Сондай-ақ, көшірме заңдардан бойды аулақ салуымыз керек. Өйткені, басқа елдерден көшіріп алынған заң қазақ қоғамына тән болмауы мүмкін. Сондықтан, заңды білу - өзіңді, ұлтыңды, еліңді қорғау болып табылады. Қонақтарға сөз кезегі. Марапаттау.



9-11-сыныптар арасындағы дөңгелек үстелдің жүру барысы



Кіріспе сөз Оқушылар баяндама қорғауда Көрермен 11ә-сынып



Мопикова С «Жеті жарғы» «Үш би» Қорытынды сөз



Мектептің әдіскері Кибасова Насима Танжариковна дөңгелек үстелді қорытындылай келе

Ең үздік баяндамашыларды марапаттады. Олар 9а-сынып оқушысы Әлке Айгерим,

10а-сынып оқушысы Исмухамбетова Айжан, 10ә-сынып оқушысы Мопикова Самал.































































1)«Қазақ даласына» 15-ғасырда  күннің шығысынан  күннің батысына дейін  алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Кезінде  қазақ - тарихсыз, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай негізделеді десеңіз, ең алдымен қазақта бұрын-соңды ұлттық мемлекет болмады деп жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан.Оның өзінде бұл – біртұтас құрылым емес; әрбір ру, әрбір аймақ өз басына би болған; бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ дейді. Тәуба, коммунистік программа жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті; тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық деп отырмыз. Бірақ еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келді.  Иә, тарих - үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих  бұл адамзатты, әлемді, өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралына саяхат.Өз халқыңның тарихын білу барлық адамдар үшін қасиетті парыз. Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден   қазақ хандығы 13-ғасырдың басынан 15-ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қол астында болған көшпелі түркі тайпалар «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екінші сөзбен айтқанда, алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығы мен  Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасуға алғышарт-жағдай әзірлеген.2) Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген.Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады. Екі рулы ел жерге, жесіріне немесе ұрланған малы мен малын жоқтап қапыда қазаға ұшыраған ерінің құнын жоқтап таласқанда тоқтам айтысып, бітісер жері билер соты болған. Даулы мәселені екі рудың билері жоқтап өзара айтысқа түскенде, ара би әділ қазылық айтып, тоқтамға келтіріп құн кескен. Ердің құнын, нардың пұлын тауып айтқан тобықтай сөзбен бітістіру — сөз қадірін бағалай білушілік халық дәстүріне негізделген. Сөзге тоқтау, «Аталы сөзге тоқтамағанның әкесі өледі» деп сөз қадірін құдірет тұту, «Тура биде туыс жоқ» деп әділ билік айтқан билердің үкімін екі етпей,мүлтіксізорындаупарасаттылықтыбайқатады.
3) Қазіргі кездегі еліміздің құқықтық жүйесі — Римдік құқыққа негізделген. Бірақ қазақтардың әдет-ғұрып құқығы «Әдет» ережелері – халықтың күнделікті өмірінде жастар мен қарттар арасындағы қарым-қатынасын, жерлеу, ас беру, құда түсу, шаңырақ көтеру, бала тәрбиелеу және т.б. істерді реттеп, өз өміршеңдігін танытып келеді.«Әдет»Ежелгі Алтай адамзат мәдениетінің даму орталықтарының бірі болғаны туралы тарихшылар зерттеп дәлелдеген. Ол өзінің ұлылығымен Мысыр және Месопотамиядан кем түспеген.Алтайда әлемге көшпелі өркениет сыйлаған, кейіннен Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ жерлерін қамтыған біздің ата-бабаларымыз – түркілер өмір сүріп, қанат жайған. Қазақстанның қазіргі аумағы және қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып табылады.
Бізге жеткен ең ежелгі шынайы әділеттілік ілімі Дала заңдары – «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген.Арыс бидің «Білігімен» немесе Даланың әдет-ғұрып құқығы – «Әдетпен» (Адат) ежелгі түркі мемлекеті – қағанат өмір сүріп дамыған.Барлық өзге құқықтық қағидалардың қайнар көзі болған «Әдеттің» ең басты ережесі туркілердің жалғыз құдайы Тәңір алдында теңдігін мойындауы болды. Осыдан «қанға-қан, мертіктіруге сондай мертіктіру» деген кек алу заңы шыққан.4)«Жасақ» Дала өмірінің барлық қыр-сырларын реттейтін заңдарының келесі кезеңі – ұлы қолбасшы, түркі халықтарының басын қосқан Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер жинағы» - «Жасақ» (Яса) болды. Ол 1206 жылы жарияланған еді.«Әлемді дүр сілкіндіруші» Шыңғыс ханның жарлығы бойынша және оның басшылығымен «Жасақты» ханның әскери қолбасшысы әрі кеңесшісі Майкыби жазды.Ол – қарапайым әмірдің қағидалары мен заңдары – Білікті, билік пен мемлекет соты - Төрелікті, әскери тактика мен стратегия – Жасақты қамтыды. «Ұлы Жасақта» мемлекетті нығайтуға, соғыс жүргізуге басты назар аударылды. Бұл жерде қатаң тәртіп қажет еді. Сол себепті өзін-өзі хан деп жариялау, әдейі алдау, үш рет барынан айрылу, қашқын тұтқынды немесе құлды жасыру, соғыста жәрдем бермеу, майданнан қашу, сатқындық, ұрлық жасау, жалған куәлік беру, үлкендерге құрмет көрсетпеу секілді қылмыстар өлім жазасына тартылды. 5)«Қасым ханның қасқа жолы»XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады.Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде – қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде – әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде – елшілік қарым-қатынастар айқындалған.Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған. Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.6) «Есім ханның ескі жолы» Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы айтарлықтай күрделенді. Сырдария маңындағы қалаларға иелік ету үшін Бұхара хандығымен болған соғыс ұзаққа созылды. Қоғамда билікке деген сенім мен құрмет айтарлықтай төмендеді. Осындай жағдайда мемлекеттің ыдырауының алдын алу жолы – халықты ортақ мүддеге жұмылдыру, біріктіру еді. Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.Бүгінде Қасым хан мен Есім ханның заңдар жинағы Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» орын алған. (видеоролик)7) Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған8)«Жетіжарғы» Дала халқы – түркілерде әрдайым білім мен даналықтың шырақшылары – билер болған. Олар ар мен әділеттілік өсиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Адамдар даулы істерді шешу үшін билерге жүгінген. Билер сотты әділ түрде жүргізген. Олар тұрақты жалақы алу құқығына ие болмай, табыстары сот істеріндегі ұтыстан құралған. Шағын дауларды ру билері, ал аса күрделі істер мен аумақтық келіспеушіліктерді тайпа мен жүздер билері шешкен. Тәуке хан тұсында Билер кеңесі Қазақ хандығының ең маңызды мемлекеттік құрамына айналды. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би төрелік етті.Тәуке хан (1680 - 1718) билік құрған кезең қазақ тарихында «қой үстіне бозторғай ұялаған заман» атымен белгілі. Үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой дала көркі еді. Кедейлер болған емес. Халық оны Әз-Тәуке, яғни даналардың данасы Тәуке деп атаған.Қазақ даласында XX ғасырдың басына дейін басшылыққа алынған Тәуке ханның тұсында жазылған заңдар жинағы – «Жеті жарғы». «Жеті жарғының» үзінділері бізге этнограф А. Левшин жазбалары арқылы жетті.«Жеті жарғыдағы» ең ауыр қылмыстар: адам қанын төгу, тонау, ұрлық, зорлау, зинақорлық, жақынына үйлену, біреудің әйелін оның келісімінсіз алып қашу өлім жазасына бұйырылған. Жеті куәгер болған жағдайда Құдайды әшкерелеген адамның жазасы да – өлім.Өлім жазасы билердің шешімімен немесе талапкердің келісімімен жеңілдетілуі мүмкін болған. Мұндай жағдайда қылмыскер әр қылмысы үшін белгіленген құн төлеген. Өлтірілген ер адам кұны – 1000, әйел кұны - 500 қой. Сұлтан өлтірілсе, жеті кісінің мөлшерінде, яғни 7000 қой берілген.Күйеуін өлтірген әйел өлім жазасына кесілген. Ондай әйелді тек күйеуінің туысқандары кешірген жағдайда ғана болмаса, ешқандай құн төлеуі құтқара алмаған. Бірақ бұл ереже аяғы ауыр әйелдерге жүрмеген. Олар жазалап бағанымен, өмір бойы шеттетіліп, қарабет ретінде танылған.Қазақ заңына сәйкес, мал ұрлап әшкереленген ұры алдымен малды қайтарып берген және оның үстіне 3 «тоғыздан» тұратын айып тағылған. Мысалы, түйе ұрлағаны үшін бірінші тоғыз – 9 бас түйе, екінші тоғыз – 9 бас ат, үшінші тоғыз – 9 бас сиыр, барлығы 27 мал айып төленуі тиіс болған.«Әдет» бойынша әйел адам құқықтан мақрұм қалған. Әдет-ғұрыпта «әйел тек өзін билей алады, өзі үшін жауап береді» делінген. Әйелдер қазақтардың қоғамдық өміріне қатыспаған, тіпті сот ісін қарау кезінде куәгер де бола алмаған.Отбасында үй иесі балаларына толық билік жүргізген.Халықтық жиындарға әр қазақ қарумен келуі тиіс болатын. Қарусыз келген адам дауыс беру құқығына ие бола алмаған және оған жасы кішілер орын бермеген. Кез келген ұрпақтың, рудың, тайпаның өз таңбасы белгіленген.Сондай-ақ қылмыс жасаған адамды қара сиырға теріс қаратып отырғызып, ауыл-ауылды аралатқан жазаның түрі де кездеседі.
9) «Абай ережесі» 1885 жылы мамыр айында Шар өзені бойында Орта жүз рулары бас қосқан жиын өткізілді. Оған жүзден астам билер қатысты. Бес дуан ел бас қосқан бұл жиын 74 баптан тұратын «Ереже» қабылдады. Өкімет тарапынан негізгі жоба ұсынылса да, ол қазақтың «Есім салған ескі жолы, Қасым салған қасқа жолымен» ұштасып жатуы керек болатын.Далалықтарға, яғни қыр халқына ғана тән әдет-ғұрып, дағды-машықтар ұлы дана Абайға жақын әрі түсінікті еді. Ол ережеге көп өзгертулер, түзетулер қосып, өңдеді. «Абай ережесі» қамтыған кейбір дәстүрлерде өзіндік ерекшеліктер мен жаңалықтар байқалды. Бұл Абайдың туған халқының мүддесі жолындағы күресте жеткізген тарихи жеңісі еді. Заң алдындағы жауапкершілік өмір талабына сай өзгертілген.10) Дәстүрлі қазақ қоғамының Атазаңдарында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы құзіретті органы жыл сайын белгіленген уақытта өтетін құрылтайдағы билер кеңесі болып табылды. Мемлекеттің ішкі жағдайындағы әкімшілік мәселелермен бірге азаматтық, қылмыстық істерді реттеу негіздері және би-батыр, ақын-жыраулардың атқарар қызметіне қарай құқықтық статусы белгіленді. Билер кеңесі шығарған шешім бойынша қазақ әскері ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, түменге бөлініп, тиісті дәрежесіне қарай батырлар жүзбасы, мыңбасы, түменбасы болып тағайындалды. Әз Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңы нені түсіндіреді? деген ұғымды қорытындылайтын болсақ, біріншіден, ӘзТәукенiң «Жеті жарғы» реформасы бойынша күнделікті тіршілікте ар-ұят ұғымы басты құндылық болып табылды. «Малым жанымның, жаным арымның садағасы», «Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы» деген ұғымдар халықтың қалыпты заңдылығына айналды. Екіншіден жұртшылық, ағайыншылық, ат майы, қызыл көтеру, асар, қонақжайлық т.б. институттармен молшылықты, байлықты бөліп беруді бекітті. Үшіншіден ру мүшесі жасаған қылмысқа бүкіл ру болып жауап беру қағидасы енгізілді. Ру – бір организм ретінде қабылданып, оның мүшелері тірі клеткалар болып табылды. Ру мүшесінің әнтек қылығы бүкіл рудың атына кір келтіретін ұғым ретінде қарастырылды. Төртіншіден көшпенділерде өртеп жіберу, денесін майдалап өлтіру, дене мүшелерін кесу, қазыққа отырғызу сияқты жазалардың қолданылуына жол берілмеді. Оның орнына құн төлеу нормасы бекітілді. Егер құн төлеушінің шамасы келмесе, ру болып бодау төлейтін. Бесіншіден, экзогамия, яғни, этностың өзін-өзі қан араласуынан сақтап қана қоймай, сонымен қатар қазақ мемлекетінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз еткен күшті және ақылды ұрпақты қалыптастырды. 11) «Жеті Жарғы» заңында алауыздықты туындататын билік ететін тұлғалардың әділетсіздік жасауына итермелейтін бірде-бір құқықтық нормалар болмаған. Қазіргі таңдағы Атазаңымыз да осындай роль атқарады және бұл конституция бізге тиімді деп есептеймін. Атазаң алдына қойған өз міндетін барынша орындауға тырысты.
ҚР Еңбек заңында жалақы мәселесі туралы бірнеше тараулар берілгенмен, нақты әр мамандыққа байланысты қарастырылмаған. Осы жағы болашақта қолға алынса, дұрыс болар еді. Себебі, біздегі орташа жалақы мен жоғарғы жалақының арасы жер мен көктей екендігі шындық.Біздіңше қай жерде, қай мемлекетте болсын әр адамның еңбек ету әрекетіне қарай, соншалықты бағаланады. Ол бір жағынан дұрыс та шығар. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп Абай атамыз айтқандай, барлық мәселені мемлекетке артпай, әр адам өзінің еңбек ету қабілетін арттыруы қажет. Конституция әлеуметтік деңгейді мүмкіндігінше көтерді, адам бостандығы, ар ожданы барынша қорғалды, ізгілендіру қағидасы іске асты, еңбек құқығы барынша реттелді. Сол себепті де, халық Конституцияға сүйенеді, әр азамат өз міндетімен қатар, өз құқығын да сезінеді.ҚР Конституциясында жеке адамның құқықтары мен бостандықтары жоғары деңгейде қорғалуға тырысқан. Ал, айырмашылығына тоқталатын болсақ, ҚР Құқық қорғау органдары, соның ішінде сот және прокуратура органдарының статусын көтеру қажет. 12) Атазаңның 1 бабымен Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Атазаң қабылданғалы бері Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде өзінің беделін бүкіл әлем алдында таныта білді.Ағылшын қайраткері Питт: «Заң өз күшінен айырылған кезде жауыздық басталады», – деген екен. Расында да мемлекет заң жүзінде ғана тыйым сала отырып, әділетсіздікке тосқауыл қоя алады.2008 жылдан бастап Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес тергеу кезінде айыпталушыны қамауда ұстау санкциясын беру құқығы прокуратурадан алынып, соттарға берілді, қамауға алу туралы шешімді тек сот шығарады. Сонымен қатар, қабылданған Атазаңда тұнғыш рет адам мен азаматтың жеке бостандығының классикалық элементтерін негіздейтін конституциялық құқықтар бекітілді. Атап айтқанда, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің және отбасылық құпиясы болуы, абырой мен ар-намысының қорғалуы, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы және басқа жолдармен алысқан мәліметтердің құпиялығының сақталуы және тағы басқадай үрдістер көрініс тапты.Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек құқығы жайлы арнаулы тараулар бар. Ол жерде мәжбүрлi еңбекке тыйым салынатыны және қызметкердің ақылы демалысқа шығуға, тең еңбегi үшiн қандай да болсын кемсiтусiз тең ақы алуға, жұмыс барысында денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар екендігі жазылған. Ал қызметкерлердің айлығы заңмен өлшенбейді. Әр адам өзінің атқаратын қызметіне, білім деңгейіне және басқа да себептерге байланысты жалақы алады. Кей адамдар өзінің қажеттіліктерін толығымен ақтаса, енді біреулердің жалақысы күнкөрісіне де жетпей қалады. Осыдан кейін елімізде еңбек дұрыс бағалана ма деген орынды сұрақ туындайды. Бірақ мұның заңға қатысы болмағандықтан, ол өз алдына жеке әңгіме.Бәріміз жұмыс істеуге және демалуға қолайлы жағдай жасалған дамыған елде тұрғымыз келеді. Әрине, Конституция да осындай міндеттерді алға қойып отыр. Әйтсе де бізге мұндай жағдайды ешкімнің жасап бермесі анық. Қолайлы жағдай туғызу өз қолымызда.«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, жаңа Конституция қазіргі заманымыздың талаптарына жауап беретін, мемлекетіміз бен қоғамымыздың негізгі Заңы дәрежесіне ие болып отыр. Бүгінгі таңда заңда жазылғанымен әлі қолданысқа енбегендіктен жергілікті өзін-өзі басқару, сайлауды демократияландыру сияқты мәселелерге байланысты жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі айтылып жүр. Бірақ Конституцияның азаматтық қоғам құрудағы ролін ешкім жоққа шығара алмас. Сондықтан оны дәріптеу, оқып, білу әр адамның азаматтық борышы деп ойлаймын.13) Тәуелсіздік алғанға дейінгі кезең­дерде қазақтың жазылмаған дала заңына бағынғаны белгілі. Дала ере­желері қағазға түспесе де бiлiктi, зерделi, бе­делдi адамдардың, ақсақалдардың ау­зынан көпке тарап, ғасырлар көшiне iлесiп, жалғасып отырған.Бұл қағидалар көшпелi ұлттардың әдет-салтына, тұрмысына әбден лайық жасалып, қылмыс, дау-дамай iстерi осы заң негiзiнде шешiмiн тапқан. Қазақ заңының тағы бiр ерекшелiгi әдiлдiк пен дiн жолын ұстанумен бiрге сөз өне­рiн: шешендiк, тапқырлық, айтқыштық өнердi де жоғары бағалап, оған жүгiнген. Соған лайық әдiл билердiң өзiн де, сөзiн де қадiр тұтып, олардың есiмiн аузынан тастамаған. «Қара қылды қақ жарған» Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды «Туғаны жоқ тура билерді» халық басына көтерiп, ханмен қатар қадiрлеп, құрмет тұтқан.Енді тәуелсіздік алған жылдарға ке­лер болсақ, ол кезде еліміздегі саяси ахуал сан тарап еді. Көпжақты саяси дау-жанжал, экономикалық дағдарыс, кәсіпорындардың тоқырауы, жұ­мыс­сыздық, тұтыну тауарларының тап­шылығы, өзге де қиыншылықтар туындады. Бұл жағдай жалғыз қазақ елінің ғана емес, кезінде іргесі сөгіл­мейтіндей болған одақтас респуб­ликалардың басынан да өтті. Бірақ, бүгінде бар қиын­шылықты артқа тастаған біздер әлемнің дамыған елу елінің сапына көтерілуге ұмтылу­дамыз.Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақ мем­лекетiнiң және оның әдiлет, әдет-ғұрып заңдарының тарихында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң ережелерiнiң орны ерекше. Бұл заңға енген ережелер бес тараудан тұрады. Бұдан кейін тиiстi толықтырулар мен өз­герiстер енгiзiлiп, Есiм ханның тұ­сында «Есiм ханның ескi жолы» атты заң өз күшіне енді. Бұл заңның бiр ерекшелiгi, бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолында» жоқ «құн туралы заңды» тұңғыш рет енгiзуi болса, екiн­шiден, қазақ халқының iшiнде қан тазалығын сақтау принципiн алғаш рет құқықтық тұрғыдан негiздеп, жетi атаға дейiн қыз берiп, қыз алыспау




















































4.





  1. Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.

  2. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.

  3. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.

  4. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.

  5. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.

  6. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.

  7. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.

  8. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.

  9. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.

  10. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

  11. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.

  12. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.

  13. Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.

  14. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.

  15. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.

  16. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.

  17. Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.

  18. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ

7.





Жеті жарғы» баптары

  1. Мемлекет ішінде тұрақсыздық жасағысы келген адам қатаң жазалансын.

  2. Түрік халықтарының мүддесін сатып, мемлекетке залал келтірген адам өлтірілуге тиіс.

  3. Кімде-кім ел (мемлекет) ішінде жазықсыз адамды өлтірсе, сол өлтірілуі тиіс.

  4. Кімде-кім басқаның әйелімен күнә жасап, неке заңын бұзса, сол адам заң алдында қатаң түрде жауап беруі тиіс.

  5. Кімде-кім алыс жорыққа немесе бәйгеге дайындалып, даладағы жайылымда тұсаулы тұрған сәйгүлікті ұрласа, сол өлтірілуі тиіс.

  6. Кімде-кім төбелес үстінде басқа адамды жарақаттаса, сол мынандай жағдайларға байланысты жауапқа тартылуы тиіс.

а) Кімде-кім бір адамның көзін шығарып жіберсе, оған қызын беруі тиіс, ал қызы жоқ болса, қызға берілетін қалың мал мөлшерінде құн төлесін.

б) Кімде-кім біреудің қол-аяғын зақымдаса, құнына өз атын төлесін.

  1. Кімде-кім біреудің атын немесе құнды затын ұрласа, ол оған он есе мөлшерде құн төлейтін болсын.

«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. «Жеті жарғы» — жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды.

«Жеті жарғыны» жасауға үш жүздің билері мен өкілдері қатысқандықтан, ондағы міндеттер мен құқықтар барлық қазақ жерінде қолданылды. Жыл сайын күзге қарай Ташкенттен қырық шақырым жерде, Ангрен өзенінің сол жақ жағалауындағы Күлтөбе дегн жерде үш жүздің өкілдері бір-екі айға жиналып, кеңес құратын. Бұл жиындарда халқымыздың тағдырындағы сыртқы жаулардан қорғану, көші-қон жолдарын реттеу, ел-жұрт арасындағы дау-дамайларды шешу сияқты ең маңызды мәселелер талқыланатын. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. «Күлтөбенің басында – күнде кеңес» деген ұғым сол уақыттардан қалған.

Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған.

«Жеті жарғының» негізін салғандар Ұлы жүзден шыққан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Орта жүзден шыққан Қазыбек би Келдібекұлы (1667–1763) және Кіші жүз Әйтеке би Бәйбекұлы (1682–1766) сияқты қазақтың атақты үш биі деседі. Бұлар — «Жеті жарғыны» тәптіштеп жасап қана қоймай, өмірдің барлық салаларында қолдануға көп еңбек сіңірген адамдар. Би дегеніміз – сот және басқа құқық мәселелерімен айналысатын, әділет жаршысы, заң адамы болған. Тәуке ханның заманында бұл жарғы талаптары қатаң сақталып отырған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Ата жолынан Ата за??а дейін" (д??гелек ?стел)

Автор: Таласова Кенжегул Мамаевна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 318023


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства