kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Коучинг "Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілі: жоспарлау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка коучинга на казахском языке "Іс-әрекеттегі зерттеу" тәсілі: жоспарлау". Коучинг был проведен в школе для развития навыков учителей в исследовательской деятельности. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Коучинг "Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілі: жоспарлау"»

«Бекітілді»

Мектеп директоры::

______ А.Е. Тасболатова



Тақырыбы: «Дарынды және талантты балаларды оқыту»



Өткізілген күні

Коучинг жоспары

Кумарова Б.Р.

Коучинг мақсаты

Дарынды және талантты балаларды оқытудағы мұғалімдердің дағдыларын арттыру.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық 50-57 бет


Күтілетін нәтиже

  • Дарынды және талантты оқушыларды ажырата білу;

  • Олармен жұмысты ұйымдастыру әдістерін таңдау дағдыларын жетілдіру;

  • Жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы дарынды және талантты балаларды анықтай білу.

Түйінді идеялар

Талантты және дарынды балаларды оқыту жұмыстарын ұйымдастыру арқылы мектептің дамуына үлесін қосу.

Коучингте қолданылатын материалдар

«Нысан» суреті, «Алақан» қиймасы, постерлер, маркерлер, стикерлер, бейне ролик,

Оқыту әдістері

Оқыту мен оқудағы жаңа

Тәсілдер, СТО, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару мен көшбасшылық.

Бірлескен оқу

Топтық жұмыс

Диалогтық жұмыс

Жеке жұмыс

Тапсырмалар



Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті

Коучингтің өту кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің

іс-әрекеті

Сәлемдесу


Әріптестеріммен сәлемдесу.

Тақырыпты ашу:

  1. Нақты нұсқаулық беріледі:

  • Бүгінгі коучинг тақырыбын тауып алу;

  • Берілген стикерге жазу;

  • Неліктен жазылған тақырыпты таңдадыңыз?

  1. Бейнеролик көрсетіледі «Кувшин»


  • Қайырлы күн!

  • Коучингке қатысушылар бейне роликті көріп болған соң, берілген нұсқаулық бойынша тапсырманы орындайды, тақырыптық өз ойларымен сәйкестігін тексереді.

Психологиялық ахуал


«Мен және планеталар»:

  • Коуч қатысушыларға әр түстегі стикерлерді таратады,

  • Түстерге сәйкес планеталар анықталады.

«Марс» - ортаға тез бейімделеді, ұйымдастырушылық қабілеті зор, сөзі мен ісі сәйкес келетін, көбінесе басқарушылық қызметіндегі тұлғалар.

«Плутон» - салқын қанды, төзімді, бұйрық бергенді қаламайтын, көбінесе аспаптарда ойнайтын тұлғалар.

«Сатурн» - көбінесе зергерлік бұйымдарды жақсы көретін, қаражатты мықтап ұстап, бірақ қайда кеткенін білмей қалатын, сурет салуға бейім шығармашыл тұлғалар.

«Жер» - табиғатты сүйетін, демалғанды жақсы көретін, әр іске жауапкершілікпен қарап, басқалардан да соны күтетін, өз қалауынан тыс басқаруда жүрген тұлғалар.

«Нептун» - өзі жайлы көп мақтағанды ұнатпайды, қоғамдық жұмыстарды жақсы көреді, әрдайым алда жүргенді ұнатады және басқалардан да соны талап етеді.

Кері байланыс: «Нысана» - коучингке қатысушлардың тақырып бойынша білім деңгейлері қандай сатыда?

Коучингке қатысушылардың қызығушылықтары оянады, топқа бірігеді, топ ережелерін атап кетеді.

2-тапсырма

Білу, түсіну

Қатысушыларға тапсырма беріледі:

1-топ. Дарынды балалар анықтамасы

2-топ. Талантты балалар анықтамасы

3-топ. Дарынды және талантты оқушыларды салыстыру.

Зерттеушілік әңгіме:

4-топ. Дарындылық пен талант туа пайда болады.

5-топ. Дарындылық пен талант өмірге келгеннен кейін дариды.

Кері байланыс: стикерлер арқылы дауыс беру (постер)

Пікірталас. Стикермен дауыс беру. «Сэндвич» әдісі арқылы кері байланыс жасау:

бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; • Жағдаяттық мәлімдеме: Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы


Топпен ақылдасып алған соң, спикерлер талқыға салады.

Қосымша сұрақтар қойылады.


3-тапсырма.

Коучтің тренингі. Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында «ақсауы» мүмкін.

1-топ. Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы

2-топ. Креативті ойлаудың сипаттамасы

3-топ. Ынталандыру сипаттамасы:

4-топ. Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:

5-топ. Табандылық сипаттамасы:

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»
Коуч кері байланыс ұсынуды айтады

Коучингке қатысушылар ақпарат алады.







Дарындылық пен таланттың түрлеріне сипаттама жасау арқылы дарынды балаларды анықтау. Сипаттаманы жазады, дұрыс жауаппен сәйкестендіреді. Талқылайды, ортақ пікірге келеді.







«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы айтады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын айтады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны айтады, немесе не жайында көбірек білгісі келеді, соны айтады.

Сергіту сәті



«Алғашқы әріптен баста» әдісі.

Коуч сергіту сәтінің ережесін түсіндіреді.

Әр топқа бір әріптен таратылады.

Сұрақтары:

  • Біліктілігін арттыру курсына не үшін келдік?

  • Біздің топтың мүшелері қандай?

  • Тақырыптарды қалай меңгеріп жатырмыз?

  • Топтың әлсіз жағы?

  • Дарындылық пен талант дегеніміз не?

  • Топтағы қыздар қандай?

  • Параллель топтардан айырмашылығымыз ?

  • Ұлдар ше?

  • Курс аяқталған соң не істейміз?

  • Біздің тренеріміз қандай?

  • Берілген әріптен сөз немесе сөз тіркесін айту арқылы қойылған сұраққа жылдам жауап беруі керек.


Қорытынды.

Бағалау.

Коучинг қорытынды жасайды.

Кері байланысты талап етеді.

  • Кері байланыс береді. «Нысан» - белгілейді.

  • «Алақан» әдісі арқылы.
























































Зияткерлік сипаттамасы:

• Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.

• Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.

  • Ақпараттарды шұғыл өңдейді.

• Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.

• Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.

• Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.

• Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.

• Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.

• Проблемаларды анықтайды және шешеді.

• Барлығына талдау жасайды.

• Идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.

• Кең ауқымды білімді пайдалана алады.

• Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға ұмтылады.







































































Креативті ойлаудың сипаттамасы:

• Ерекше идеяларды табады.

• Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.

• Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.

• Әзілшіл.

• Ерекше түсінік қалыптастырады

. • Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.

• Болашақты ойлағанды жақсы көреді.

• Басқа біреу сияқты болуға қорықпайды.

• Көптеген идеяларды ойлап шығарады.

• Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.

• Ерекше нәрселерді іздейді.

_____________________________________________________________________________



Ынталандыру сипаттамасы:

• Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады. Дербес.

• Мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды.

• Міндеттерді шешуде дәйекті.

• Табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады.

• Өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім.

• Сенімді.

• Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.





Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:

• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.

• Құрбы-құрдастары құрметтейді.

• Басқалармен жылдам тіл табысады.

• Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.

• Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.

• Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.

• Өзіне сенімді.

• Жаңа жағдайларға тез төселеді.

• Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.

• Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.

• Өзіне жауапкершілік алуға дайын.

• Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.



_________________________________________________________________________



Табандылық сипаттамасы:

• Өктем өтініштерге сенбей қарайды.

• Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.

Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.

• «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.

• Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.

• Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.

• Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады.

• Тиянақты, қойған сұрақтары нақты



_____________________________________________________________________________
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Немецкий язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Коучинг "Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілі: жоспарлау"

Автор: Кумарова Булбул Рахимовна

Дата: 11.02.2019

Номер свидетельства: 499357


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства