kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама оқылды мұғалімдерге Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдісі»

Зерде бұзылысы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернаты













Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдісі.

















Сынып жетекшісі: Қитар Р.А.











Орал қаласы

Жоспар

  1. Зияты зақымданған басауыш сынып оқушыларының танымдық процестерінде кездесетін ақаулар

  2. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету, оқыту

  3. Зияты зақымданған балалардың ұсақ моторикасын дамыту

  4. Зияты зақымданған оқушыларды оқыту әдісі













































Зиятында зақымданған бастауыш сынып оқушыларының бойындағы кемшіліктік ерекшеліктер жоғарғы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл таным процестердің бұзылуы сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін сезімдік-еріктік сфера моторикасында және тұлғалық дамуындағы жетіспеушіктермен сипатталады. Зияты зақымданған балалардың қабылдауы және түйсік дамуы баяу жүреді.Олардың көру темпінің баяулығы да зерттелген. Сюжетті суретті түсіну, қабылдау, қабылдағанын ретсіз атай береді, кейде тіпті атап айтуды да білмейді. Зияты зақымданған балаларға тапсырма берілсе асықпай ойланып,бірнеше қайталау арқылы сұрақтарды қойсада жауап бере алмайды.Көбінесе, есте сақтаудың жеткіліксіздігінің себебінен,көбіне кемшіліктер айтылуы, себебі олардың жүйке жүйесінің дұрыс еместігі немесе бас миының зақымдану салдарынан есте сақтаудың тұрақсыздығы немесе есте сақтай алмайтындығы байқалады.Сондықтан сөйлеу тілі бұрмаланады.Зияты зақымданған балалардың ойлау қызметінің кемістіктері оның кез-келген әрекеттерінен айқын байқалады.Оқу процестерінде тапсырманы орындамауы немесе ештеңе істей алмауы. Сөйлеу тілі кем дамиды,немесе сөйлеу тілі жетілмеген. Негізгі себептері бас ми функциясының әлсіздігі. Зияты терең зақымданған балалар оқу мен жазу, есептеудің қарапайым денгейіндегі білім,икемділік пен дағдыны қамтып,әлеуметтік дағдыларын қалыптыруға үйрету. Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларының мақсаты балалардың қол жетерлік қарым-қатынас дағдыларын, дұрыс мінез-құлықты,тәртіпті, тазалықты, оқудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сабақтарды балалар шынайы жағдайларды сезінуді, сыныптастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынасқа түсуді, заттарды, заттық, суреттерді, белгілерді танып білуді үйренеді.

  • Көріп-қабылдауын, естіп қабылдауын

  • Артикуляциялық моториканы дамыту

  • Сөйлеу тілін түсінуін таныту

  • Балалардың қол жетерлік қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру

  • Фонематикалық есту қабілетін дамыту

  • Қарапайым жазу дағдыларын дамыту.

Балалардың көбісінде қимыл-қозғалысында бұзылыстар байқалады. Балаларда қалыптасқан қимыл қозғалысты есепке ала отырып, жалпы моторикасын дамытуға арналған, қол саусақтары мен білезіктердегі ұсақ ажыратылмаған қозғалыстарды дамытуға бағытталған жаттығуларды таңдап алуды ұсынамын. Таным қабілеттерін дамытамыз. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте жастан бастаған дұрыс. Баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан белсенді нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау, қарапайым жаттығуларды пайдалану ұсынылады.Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру,түймесін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, замогын салу. т.б. Балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып табылады. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз.Біздің мақсатымыз ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Ұсақ моториканың қимылдары ,қолдың икемділігі бас миының құрлымының даму деңгейін көрсетеді, осыдан келіп қол қимылдарын басқаруа білу туады. Сондықтан ешқашан баланы мәжбүрлеуге болмайды. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Саусақ бала сен қайда барасың? Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіріп, Мына саусақпен орманға бардым. Ортан терекпен түйістіріп отырып, Мына саусақпен ет пісірем. Мына саусақпен ботқа жеп Мына саусақпен ән салдым деп аяқтаймыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз. Немесе 0,5 кг бұршақты, горохты, фосольді, рожкиді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын ойыншықты тығып қоямыз. Содан соң оның тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығулары кезінде баладан алыстап кепейміз, себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Пирамидалар. Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі болғанын қадағалаймыз. Бұл ойыншық балаға саусақ қимылы ғана емес логикалық ойлауына, түстерді ажыратуға да жол ашады. Балаға пирамида жинауды ұсынамыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.

Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуыр-қуырмаш» ойынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге ,тілін жетілдіруге пайдаланғанын білеміз. Қуыр-қуыр қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш

Балапанға бидай шаш

Балаларға тәтті шаш

деп жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашады.

Сен түйеңе бар ,

Сен жылқыға бар

Сен қойға бар

Сен үйде отырып

Анаңа көмектес-деп тапсырма береміз.

Әр саусақтың басын ұстап - қарның ашса

Мына жерде нан бар

Мына жерде май бар

Мына жерде құрт бар

-деп қолтыққа жеткенде «қуыр-қуыр қуырмаш» деп қытықтаймыз. Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек сияқты саусақ ойындарын, сергіту жаттығуларын ұйымдастырып іс-әрекеттерді үнемі пайдалануды ұсынамын және қимыл-қозғалыс икемділіктерін ұйымдастыру.



































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дүйсенбаева Р.Д. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға тапсырмалар

  2. Вопросы обучения и воспитания детей с нарушениями интеллекта /Под ред. М.И.Кузьмицкой

  3. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций.

  4. Баряева Л.Б., Логинова Е.Т., Лопатина Л.В., Сүлейменова Р.А., Есенжолова Г.Ж. Зерде дамуы орташа және терең бұзылған балалардың сөйлеу тілін дамыту және сауаттылыққа үйрету


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Зияты зақымданған бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдісі

Автор: Қитар Рысты Алпысбайқызы

Дата: 05.03.2018

Номер свидетельства: 460832


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства