Жыл?ы – хал?ымызды? ерекше ?астерлеген, жанына жа?ын к?рген ?асиетті т?лігі.
Б?л ?аза??а ?анат бол?ан ж?йрік ат,
?азір міне, арман болды,бай?аймысы? жами?ат
Ата к?сіп ?ранымен т?рт т?лікті ?сірсек,
Жан серігі ??лагерді? ізін басар талай ат
?аза? хал?ыны? ежелден к?н к?рісі, жан-жа?ты т?рлі тіршілігі –б?рі де т?рт т?лік мал?а байланысты болады. Оны? ?міті де, тілегі де, таянышы да ?уанышы мен ?ызы?ы да сол мал болып келді. Ол сойса? - азы?, кисе?- киім, мінсе? к?лік болып елді? тіршілігіні? тірегі, байлы?ыны? ?айнар к?зі болды. Сонды?тан да ?аза? ?ай т?лік болса да оны барынша ?лпештейді. Бая?ы заманннан ?аза?ты? амандасуы да «Мал-жан аманбадан» басталатын
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жыл?ы-малды? патшасы »
Тақырыбы:
Жылқы-малдың патшасы
Ақтөбе облысы ,Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің
4а класс оқушысы Есеналы Нұртілеу
жетекшісі:Ажигулова Салтанат
Мазмұны
I.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------- 3 бет
Жылқы – халқымыздың ерекше қастерлеген, жанына жақын көрген қасиетті түлігі
II.Зерттеу бөлімі ------------------------------------------------------------------------ 4бет
1.Ежелгі жылқылар----------------------------------------------------------------------4 бет
2.Қазақстан жеріндегі жылқы тұқымдары------------------------------------------7 бет
3 Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы. Қымыздың емдік қасиеттері. 10-11 бет
4.Ат әбзелдері-------------------------------------------------------------------------- 12 бет
5.Атқа байланысты теңеулер, фразеологиялық тіркестер---------------------15 бет
III.Қорытынды -------------------------------------------------------------------------16 бет
Пайдаланған әдебиеттер -------------------------------------------------------------17 бет
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
Жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатындығын
таныту.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын көрген қасиетті түлігі
жылқы екендігін, оның өзіне тән ерекшелігі мен пайдалы екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі:
Профессор Архангельскийдің «Жылқы еті, оның тамақ ретіндегі қазіргісі мен болашағы» деген еңбегіне сүйене отырып, талдау, жүйелеу, қорыту.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Күнделікті өмірде адамдар жылқы малы туралы жалпы мәлімет білгенімен, оның түрлері мен пайдалы жақтары туралы көп деректер айтылмағандықтан, жылқы туралы мәліметтер мен оның емдік қасиеттерін жинақтап, бір жүйеге түсіру.
Зерттеу жұмысының нәтижесінің қорытындысы:
Адам денсаулығын сақтауда жылқыдан алынатын өнімдердің ерекше роль
атқаратындығы мен шикізат көзі екендігін ұғындыру.
I.Кіріспе
Жылқы – халқымыздың ерекше қастерлеген, жанына жақын көрген қасиетті түлігі.
Бұл қазаққа қанат болған жүйрік ат,
Қазір міне, арман болды,байқаймысың жамиғат
Ата кәсіп ұранымен төрт түлікті өсірсек,
Жан серігі құлагердің ізін басар талай ат
Қазақ халқының ежелден күн көрісі, жан-жақты түрлі тіршілігі –бәрі де төрт түлік малға байланысты болады. Оның үміті де, тілегі де, таянышы да қуанышы мен қызығы да сол мал болып келді. Ол сойсаң - азық, кисең- киім, мінсең көлік болып елдің тіршілігінің тірегі, байлығының қайнар көзі болды. Сондықтан да қазақ қай түлік болса да оны барынша әлпештейді. Баяғы заманннан қазақтың амандасуы да «Мал-жан аманбадан» басталатын. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. «Жылқы – малдың патшасы» деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке- қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен ауыр күндерде де түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Халқымыздың ерекше қастерлеген, жанына жақын көрген қасиетті түлігінің бірі- жылқы. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың ең көп өсірген малы - жылқы. Жылқы ең алдымен өте ерте кездерде көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені сол замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Өмірі жылқы баласын көрмеген адамға бір рет аламан бәйге көрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады. Желдей есіп ана аттың үстіне мініп кеткісі келіп, елегізіп тұрады. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздің туатүп негізінің ерекшелігіне байланысты.
II.Зерттеу бөлімі
1.Ежелгі жылқылар
Ежелгі жылқы – керқұлан. Тасқа қашап салынған жылқы суреті.
Жылқының ең алғашқы қолға үйретілген негізгі отаны, яғни мәдени орталығы - Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан. Өйткені сол замандарда елді қоныстырда жүргізілген археологиялық қазбалардан қолға үйретілген жылқы малының сүйек қалдықтары көптеп кездеседі. Көкшетау облысы Айыртау ауданынан (ботай елі) жылқы сүйектері табылған. Бұл сүйек қалдықтары біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 мың жыл бұрын жылқының қолға үйретілгеніне дәлел. Қолға үйретілген жылқы малының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен керқұлан. Бұл жабайы жылқылар ерте замандарда Еуропаның оңтүстігінде, Орталық Азия мен Қазақстанда үйірімен жайылып жүрген. Қазақ тумысынан жылқымен жағаласып, жылқымен жарысып өскен. Жер жүзінде жылқының жасын, мінез-құлқын, түр-түсін, қадыр-қаиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» Абай сөзі осыған дәлел. Және дарынды мен дарынсызды, жақсы мен жаманды шенестіргенде айтылатын «тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,оған да үкі тұмар тағылса да» деген де Абайдан қалған қанатты сөз. Албаты кетіп, арам тер болған дарақылықты «Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» (Шалкиіз жырау) деп түйреді. Қалжырағанды қатайтып, шаршағанды шыңап, босағанды беркінтіп ерлікке шақыратын жігерлі сөздер Махамбет аузынан түйдек – түйдегімен түсіп жатады. «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?»… Халқымыздың жылқыға деген ерен құрметінің белгісі оны мәңгіліктеу – еркерткіш мүсіндерін орнату болады.
Талдықорған қаласында жығылып жатқан арғымақтың – Құлагердің аянышты халін бейнелейтін ескерткіш бар. Ақан Серінің Алашқа әйгілі болған Құлагерінің күңіренген тағдырын көз алдыңызға елестетіп, бас имей өтпейсіз бұл арадан. Жылқыға деген мұндай құрмет көшпенді басқа жұрттарда да кездеседі. Моңғолияда «Арвай хэр» (Бидай кер) деген атағы шыққан аттың атында қала бой көтеріп, «Арвай хэрге» алып ескерткіш орнатқан. Ал батыс елдері әпсаналарында адам кеуделі, арғымақ кейпінде бейнеленген көшпенділер әулеті Азия төрінен аттанып, бүкіл әлемге атақ даңқы жайылса осы аттың арқасы. Атты әскерлердің алмаған қамалы, жетпеген жері болмады. Аралық қашықтықтар «күндік жер», «айшылық жер» деп аттың жүрісімен есептелді. Ең әуелі әлемге әйгілі Орхон ескеркіштеріндегі Тоныкөк, Күлтегін құлпы тастарынан көшірілген ойма жазуларға тоқтаймыз. Бар жоғы 42 жыл өмір сүрген Күлтегін бабамыз 16 жасынан бастап, қару-жарақ асынып, қолбастап, қағанатын қорғап бүкіл өмірін аттың жалында, жорық сапарда өткізеді. Сол бір кезеңдердегі қан майдан, сұрапыл соғыстарда теңдесі жоқ Күлтегін қолбасшының астына мінген сайгүліктері талай қырғынға Күлтегінмен бірге кіріп, жеңіске ортақ болған атақты Алып Шалшы мен Азман ақтардан «алты айлық жерді алты аттаған, бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын жүрісте – көлік, жауда – серік өзіміздің әйгілі Тайбурыл, Байшұбарларды көргендей боламыз»(Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші.-Алматы: Жалын, 1986,-14-бет). Анау Алтайдан ауған қырғыз халқының Ұлы Манас жырында Көкетай ханның астынан арқыраған шағырдай боз атты көреміз. Иә, жұмыр жердің жартысын жаулаған Шыңғыс қағанның қос қызылы эпостық жырдың арқауына айналған. Сол ұлы қаған өмірінің соңында 1226 ит жылы Таңғытқа жорыққа аттанады. Сонда қаған теңбіл шұбарын мініп жүрді деп жазылған шежіреде.(Монғолдың құпия шежіресі).Мұның бәрі неге мехнаты көп тасқа ойып жазылды. Ол жылқы болмысындағы адамға күш-қуат беретін аса құпия тылсым қасиетіне деген ерекше ілтипаттың көрнісі деп білеміз. Егер жылқыда рух шақырар, арқа қоздырар құдірет болмаса, онда ол жайбір басқа түліктермен бірдей белгіленбей, елеусіз қала берер еді.Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды әндер, «Құлжагер», «Тел қоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» сияқты күйлер өмірге келді.
Қазақстан жеріндегі жылқы тұқымдары
Қазақы жылқы- негізінен көлік ретінде, әрі еті мен сүтін пайдалану үшін де өсіріледі. Оның дене бітімі шымыр, ауа райының қатаң жағдайларына төзімді келеді. Олар жыл бойы жайылады, әрі жем-шөп таңдамайды, жал-құйрығы қою, жүні қалың болады. Қазақы жылқының негізгі тобын «жабы» деп атайды. Ол алыс жолға шыдамды, дене бітімі ірі шомбал, еті мол, әрі мықты болады. Дене тұрқы ұзын, қарны жуан, аяқтары қысқа. Тез қоңданады, жұмысқы төзімді, әрі салт мінуге де ыңғайлы және жүрісті келеді.Биелері тәулігіне 18-20 литр сүт береді.
Адай жылқысы да қазақы жылқы қатарына жатады. Оны жергілікті халықтар «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Бұл жылқы негізінен салт мінуге бейімделген. Басы шағын, кеудесі жинақы, арқасы түзу, шоқтығы биік , аяқтары жіңішке әрі сидаң етсіз сіңірлі болады. Орташа салмағы 420 кг. Биелері тәлігіне 12-15литр сүт береді.
Көшім жылқысы. Бұл Батыс Қазақстан облысының жерінде ұзақ жылдардағы сұрыптау нәтижесінде шығарылған. Олардың шоқтығы шығыңқы, кеудесі кең, төсі алшақ, қабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс әрі жазық, сауыр сом етті аяқтары сүйекті келеді.Жайылымда жақсы семіреді. Олар қара жұмысқа шыдамды және ұзақ жүріске дес бермейді.
Қостанай жылқысы. Жылқының бұл тұқымы 1951 жылы жеке қолтұқым болып бекітілді. Оның денесінің ұзындығы орташа , мойны түзу, басы онша үлкен емес, арқасы жалпақ, алқымы кең, аяқтары сіңірлі, тұяқтары дөңгелек келеді. Олар қыста қорада ұсталып, жазда жайылымға шығарылады. Қара жұмысқа көнбіс, жүрдек келеді.
Дон жылқысы. Мұның шыққа н жері Дон өзенінің маңы. Жергілікті жердің ауа райына өте төзімді келеді. Дон тұқымының басы ашаң , толық болады, көкірегі кең, қабырғалары ұзын, арқасы тегіс , сауыры ұзын және тік, жауырыны қысқа, алдыңғы аяқтары тік, артқы аяқтары қайқылау, тұяқтары берік болып келеді. Дон жылқысы салт мінуге қолайлы.
Ахалтеке жылқысы. Ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түркімен жылқысының ұрпағы. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді. Басы ашаң, мойны ұзын, тік, шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы, жіліншіктеріжіңішке, тұяқтары берік. Басқа жылқылардай емес , жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған, жүйрік болады.
Орыстың желісті жылқысы кішірек, денесі де қысқа, мойны біркелкі, шоқтығы көтеріңкі, аяқтары ұзын, тұлғасы тығыз, бұлшықеттері шығыңқы келеді.
Жылқы етінің адам ағзасына пайдасы
Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. Еті мен сүті – шипа, өзі көлік, ер-батырларымызға серік жануар. Басты қасиеті: жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, мүшелердің қалтылдағына, буын сүйектерді жібітуге қолданылады. Басты ем болатын аурулары және қолданылуы: Шаш қарайтуға жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, таз, теміреткінің салдарынан ағарған шашты қарайтады. Ұмытшақтыққа жылқы жүрегін қуырып жесе пайдалы болады. Бүйректі қуаттандыруға жылқы етін қақтап пісіріп, сүтпен бірге ішіп-жейді. Қан тамыр ауруларына, холестериннің артуынан болатын жүрек, қан тамыры ауруларына жылқы етін және майын біршама ұзақ уақыт лайықты мөлшерде тұтынса, холестеринді төмендетіп, қан қысымының жоғарылауын тежейді. Орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге: қазақ оташылары жылқы майын қолданады. Бүйе шаққанда: Уытты қайтару үшін, атты қатты терлетіп, ер-тоқымының ішпегіне сіңген терді суға жуып шығарып алып, тыныстай алмай қатты қызып, күйіп-жанып жатқан адамға даярланған судан бір шыны ішкізеді. Осылайша жалғастырып бірнеше шыны ішкізсе, дене қызуы қайтып, науқас тынышталады. Және аттың терісіне шүберекті шылап, жараға тартады. Халық аузында «жылан жылқының тері иісінен қорқады» дейтін сөз бар. Жылан шағудан сақтану үшін жолаушы жүріп немесе мал, егін күзетінде жүріп, далада ұйықтайтын болса, ерді жастанып, тоқымды төсеніп, айыл-тұрманды қоршап қойса жылан жоламайды.Әзірлеу әдісі: жылқының ерітілмеген немесе ерітілген майын мертігіп орнына түспеген жерге 5-7 күн тартады. Сылап жақса да болады. Осы арқылы ілінген шеміршек сүйек немесе буындар жібіген мөлшерлі уақыты толғанда қайта сындырып,түзеп таңады. Керек мөлшері: 9-15 грамм. Құрамында А,С дәрумендері, тұқымында: май, ұшқыш май, ет сілтісі, органикалық қышқылдары бар.
Қымыздың емдік қасиеттері.
Бие сүтінен адамға өте пайдалы сусын қымыз жасалады.Қымыз адам ағзасына тез сіңімді,сонымен қатар тамақ құрамындағы белоқтар мен майларды сіңіруді жеңілдетеді.Қымызды өкпе ауруларын, асқазан ауруларын, бүйрек ауруларын, емдеп,тәбетті жақсарту үшін пайдаланады.Көп ауыратын адамдарға жылқы етін береді.Тіпті қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдасы бар.Қымыз, біріншіден ас қорытуды жақсартады. Оған қымызда болған сүт қышқыл мен спирт ашытулары әсер етеді. Қымызды асқазанның қышқылы көбейіп кеткенде немесе азайғанда ішеді. Ол процесті қалыпқа келтіреді.Асқсзан қышқылы аз болғанда оны көбейту үшін ас ішудің алдында ғана ішу керек, егер қышқылы көп болса қымызды ас ішуден бұрын 2 сағат бұрын ішу керек. Екіншіден, қымыз тәбет ашады. Тамақ ішуге ықылас білдіртеді. Ол асқазанға, ішекке тез өтетіндіктен іш құрылысының қимылын жақсартады.Денеден артық, қажетсіз заттардың термен, әрмен шығып кетуіне жол ашады. Үшіншіден қымыздың құрамындағы незин антибиотигі туберкулез бактериясының өсуіне кедергі жасап, сол аурудан сауығуға көмектеседі.Сондықтан да қымыз шөліңді қандырады, тамағыңды тойдырады, көңіліңді көтереді, ішкен жегеніңді сіңіреді. Міне, бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жиып, қажетіңізге жаратуыңызға болады.
Ат әбзелдері
Ат әбзелдерін қазақтар қадір тұтқан. Жылқыға салт мінгенде ыңғайлы әрі дұрыс отыруына себеп болатын әбзел Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым,қайыстан өрілген айыл- тартпа,үзеңгі,құйысқан, өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді. Осының бәрі ағаштан ойылып жасалған қаңқаны толықтырып ер-тоқым атауына ие болады. Терлік-аттың арқасына жабылатын терді сорып тұратын материалдан даярланады. Тоқым-көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз.Төрт бұрышты болып келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында төселеді.Терліктің үстіне тоқымды қойып, терліктің артық қалған бөлігін киіздің үстіне қайырып қоямыз Бұлардың үстіне ағаш ерді қоямыз. Ағаш ердің үстіне көрпеше төселеді. Кезек айыл тартпаға да келді. Ер тоқым әрі бері жылжымас үшін және екі қапталға ауып кетпес үшін ойлап табылған қайыс баулар. Айыл ердің үстіндегі көрпешенің үстінен жіберіліп аттың алдыңғы қабырғаларының тұсынан байланады. Ал, айыл ердің қапталының артқы жағына байланған бау. Бұл аттың артқы қабырғалары тұсынан байланады. Үзеңгі-атқа жерден тез міну үшін ойлап табылған тепкішік немесе ілмек. Бұлда ердің ағаш қапталына қайыспен байлану арқылы ердің бір бөлігіне айналады. Құйысқан-бір ұшы аттың құйрығына ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына бекитін құрылғы.Бұл ер тоқымның алдыға қарай жылжып кетпеуі үшін қажет. Мысалы, таулы жерден еңіске қарай түскенде аттың мойнынан ауып түспес үшін. Өмілдірік- керісінше аттың кеудесінен (төсінен) ердің алдыңғы екі қапталына бекитін құрылғы. Бұл ер тоқымның артқа жылжымауын қамтамасыз етеді. Көбіне шоқтығы биік жылқыларға қолданылады. Қанжыға-ердің артқы екі қапталына бекіген екі бау. Бұл аулаған аңыңды байлап алуға немесе қажетті заттарыңды байлап алуға арналған бау Жылқыға бағыт-бағдар беріп отыратын құрал – жүген және қамшы .
Шідер деген үш тармақ.
Үш аяққа – үш қармақ.
Азат аяқ біреу-ақ.
Ата қазақ біледі-ақ.
Қашағаның қаша алмас,
Адымын кең аша алмас.
Қашағаннан басқаға
Мұндай бұғау жасалмас.
Өре
Сол жіліншек, оң тірсек,
Жалғанды бір жіппен.
Қашағаның күрсініп,
Түңіледі тірліктен.
Аттап-аттап алыстап,
Кетуі де мүмкін-ау.
Өре салмай, шідер сап,
Қоймадың ба, шіркін-ау!
Тұсамыс
Екі аяғың атыңның
Қосып байла, батырым.
Қос аяқтап, қарғылап,
Оттай берер ақырын.
Салармын – деп күрмей-ақ,
Жіппен байлап жүрмей-ақ.
Жасап алсаң тұсамыс,
Болар едің сен қазақ.
Кісен
Жылқыға жау – бөрі бар,
Одан кейін ұры бар.
Ұры алмаудың тәсілін
Осы бастан біліп ал.
Кісен соқтыр ұстаға
Атыңа сал мықта да.
Кілтіңді жоғалтпа,
Ешбір жерге тастама.
Фразеологиялық тіркестер
ат тұяғын тай басар
ат жалын тартып мінуі
ат үстінен түспеген
Тақымы атқа тиген
ат құлағында ойнады
жылқы мінезді
ат төбеліндей;
ат бауырына түсіп;
ат құлағында ойнау;
атқа мінер;
ІІІ. Қорытынды
Өмірі футбол ойынын көрмей өскен баланы бір рет стадионға ертіп барса , сайыстың соңына әзер шыдап, шаршап қайтады. Өмірі жылқы баласын көрмеген балаға бір рет аламан бәйге көрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады деп ойлаймын . Желдей есіп ана аттың үстіне мініп кеткісі келіп, елегізіп тұрады. Бұл біздің ұлттық негізіміздің ерекшелігіне байланысты.
Жылқы малының адамға тигізер пайдасы сан алуан. Ол тамақ та, киім де, дәрумен ретінде де, құрылыс материалы да , көлік те болып табылады. Жылқыдан алынатан өнімдердің денсаулық сақтаудағы ролі де ерекше. Олар көптеген ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Қазіргі уақытта жылқының пайдасын елемейді. Осының барлығын өз жаныңызға жиып-теріп, қажетіңізге жаратуға болады.