Просмотр содержимого документа
«Жүрек жылуы-достықта, мейірімділікте және сыйластықта \ворд\»
Жүрек жылуы- достықта, мейірімділікте және сыйластықта
Сыныбы: түзету дамыту(бастауыш сынып)
Тақырыбы: «Жүрек жылуы- достықта, мейірімділікте және сыйластықта».
Мақсаты: Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру. Балалардың өзін-өзі тануды дамытуға жағдай жасау, бағалау және өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, ынтымақтастыру, мейірімділікке,сыйласымдылыққа тәрбиелеу;
Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.
2.«Жұмбақ суреттер» жаттығуы
Дорбада бірнеше көкеніс, жануар, өсімдіктердің жартылай суреттері берілген. Бала көзін жұмып дорбадағы кез-келген затты алу керек. Содан кейін алған заттың суретіне қарап бұл қай жануар, өсімдік немесе көкеніс екенін тауып тақтаға жазу керек.Таба алмаған оқушыға қалған оқушылар қимыл әрекет арқылы көмектеседі.
Яндекс.Директ
Кабельный лоток с завода оптом!кабельные-лотки.завод-металлопрофиль.kz/опт-кабельные-лоткиЦены от производителя! Широкий ассортимент! Рассчитаем проект за час! Жми!Адрес и телефон
3.«Кім нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Тәттіні жақсы көретіндер бір қадам алға, мысықтары барлар оң қолдарын көтереді, футболды жақсы көретіндер тізерлеп отырады, сурет салғанды ұнататындар шапалақ ұрады, т.б. Жаттығу соңында кім мейірімді оқушы солар қолдарынан ұстасады. Оқушыларды біріктіретін нәрселер көп екінін айтып түсіндіру.
4.«Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығуы.
Менің ең жақсы нышандарым
Менің қабілеттерім мен таланттарым
Менің жетістіктерім
Нұсқау:
Бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы ерекшеліктерін айту.
Мақтан ететін әр түрлі қабілеттері мен таланттары туралы айту.
Бұл бағанға өзінің ең жақын досы туралы айту.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
6.«Жүрек жылуы» жаттығуы.
Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып, оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып ілейік.
Талдау:
Тренинг кезінде алған әсеріңіз?
Мектепке, сыныпқа деген көзқарасыңыз қандай?
Қорытынды. Бүгінгі тренингке белсенділікпен жақсы қатыстыңыздар.
Алдағы уақытта сіздерге жақсы оқу, шығармашылық табыс тілеймін.