Просмотр содержимого документа
«Жуан ж?не жі?ішке ж?п дауыстылар»
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылығы:
Тәрбиелігі:
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау. Кластер әдісі арқылы сайқымазақтың бейнесін құрату;
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
-Оқушыларды топқа бөлу
А) Шаттық шеңбері.
ІІ. Білу кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру: « Білгеніңді пайдалан»
1- топ.
Суреттегі зат атауларының алғашқы әріпіне байланысты мақал –мәтелдер айтады.
2-топ.
Жуан айтылтын сөздерді атау
3-топ.
Жіңішке айтылатын сөздерді атау
Жаңа сабақ.
Тиістісін қой
А-ә, о-ө, ы-і, ү-ұ
Жуан ЖІңішке
С....р С....р
С...н С...н
К....р Қ....р
Ереже.
А-ә, о-ө, ы-і, ү-ұ- жуан және жіңішке дауыстылар.
ІІІ. Түсіну кезеңі.
1-тапсырма
54-жаттығу
Сөздерді салыстырып оқы.
1-топ
ал — әл
от — өт
ыс – іс
2-топ:
ұн – үн
сан – сән
тос – төс
3-топ.
тыс – тіс
тұс – түс
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды ата.
Олардың дыбысталуына назар аудар.
Сөздердің мағынасын қалай түсінгеніңді айт.
2-тапсырма
55 — жаттығу .Өлеңді мәнерлеп оқы.
« Отан»
1-топ:
Отан
Отан – атам,
Отан — әкем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: “Атамекен?!”
2-топ:
Отан — әжем,
Отан – анам!
“Туған ел” — деп,
“Туған жер!” деп,
Ол бекерге аталмаған…
3-топ:
Атам,
Әжем,
Әкем,
Анам –
Төртеуі де Отан маған.
Төртеуі де: “Ботам”, — дейді.
“Ер азамат атан!” – дейді.
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма “Ботамын!” мен.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Ақын Отанды кімдерге, нелерге теңеді?
-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІҮ. Қолдану кезеңі
-тапсырма
«Сен маған, мен саған» бір-біріне сұрақтар қою
« Өз жұбыңды тап» ойыны. Екі қоршауда берілген дауысты дыбыстардың жұптарын сызық арқылы қосады. Жұп дауысты дыбыстардың әрқайсысына сөз ойлап, олардың мағынасын түсіндіреді.
Ү.Талдау кезеңі
-тапсырма
Дәптермен жұмыс.
56 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
Оқушылар «ұнады» , «ұнамады» деген ойларын айтады.
Семантикалық карта
Жуан
Жіңішке
Ойын. « Сәйкестендіру»
« Өз жұбыңды тап» ойыны. Екі қоршауда берілген дауысты дыбыстардың жұптарын сызық арқылы қосады. Жұп дауысты дыбыстардың әрқайсысына сөз ойлап, олардың мағынасын түсіндіреді.