kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. Малды? т?лін с?юі.Малды ??рметтеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рт т?лік мал ж?не оны? пайдасы туралы білімдерін толы?тырып, танымды? ?абілеттері мен ойын жеткізе білу да?дылары ?алыптасады.Е?бекті ба?алай білуге ?йренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. Малды? т?лін с?юі.Малды ??рметтеу.»



Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Малдың төлін сүюі.Малды құрметтеу.


Сабақтың мақсаты: 
1.Төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді; 
2. Ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады; 
3. Еңбекті бағалай білуге тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстары, тілдік жаттығулар; белсенді тақтамен жұмыс, тыңдау, бейнекөрсетілім, тест, жұмбақ шешу. 
Көрнекіліктер: слайдтар, бейнекөрсетілім, суреттер. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру: амандасу,оқушыларды түгендеу;

Шаттық шеңбері. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа тақырып:

Қайталау сұрақтары:

1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Сөз неден құралады?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Сөйлемге мысал келтір.
6. Дыбыс нешеге бөлінеді?
7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
8. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата! Сөз ойла.
10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
11. Төрт түлік мал түрлерін ата.
«Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Төрт түлік малға не жатады? Топтастыру. Ал енді олардың адамға қандай пайдасы бар екені жайлы білетін боламыз, бейнекөрсетілім, оқулықтарың бойынша мәліметтер алып, солар бойынша өздерің сөйлеп үйренесіңдер, білімдеріңді ары қарай кеңейтесіңдер. Сонымен бірге ауызша, жазбаша жаттығулар орындап, жун,жіңішке айтылатын сөздермен танысамыз.

Жұмбақ шешу:

«Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар» 
- Бұл не? 
- Бұл қой. 
- Қойдың төлі не? 
- Қойдың төлі - қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады). 
«Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар» 
- Ол не? 
- Ол сиыр. 
- Сиырдың төлі не? 
- Сиырдың төлі - бұзау. 
«Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ». 
- Бұл не? 
- Бұл жылқы. 
- Жылқының төлі не? 
- Жылқының төлі - құлын. 
«Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан». 
- Бұл не? 
- Бұл түйе. 
- Түйенің төлі не? 
- Түйенің төлі - бота. 

«Ал енді біз «Не істейді?» деген сұраққа жауап беру арқылы, төрт түлік малдың қайсысы қалай дауыстайтынын еске түсіреміз». 
- Сиыр не істейді? 
- Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады). 
- Қой не істейді? 
- Қой маңырайды. 
- Жылқы не істейді? 
- Жылқы кісінейді. 
- Түйе не істейді? 
- Түйе боздайды. 
Оқулық, дәптермен жұмыс

Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата. 
Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара. 
Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата. 
Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата. 
Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.

Сергіту сәті: Ән: Қошақаным қайда екен
«Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз.
«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған. 
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады. 
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады. 
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. 
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді». 
Сұрақтарға жауап береді. 
- Қой бізге не береді? 
- Ет, жүн, тері. 
- Сиырдан адамдар не алады? 
- Сүт, ет. 
- Сиырдың сүтінен не жасайды? 
- Сүттен айран, май, құрт жасайды. 
- Жылқының қандай пайдасы бар? 
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар. 
- Адамдар түйені қалай пайдаланады? 
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б. 


IV. Бекіту.Тест жұмысы 


V. Бағалау. 
VI. Үйге тапсырма. Өлеңдерді оқу.





«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ





Ана тілі

Жуан ,жіңішке айтылатын сөздер.

Малдың төлін сүюі. Малды құрметтеу.







Өткізген: Зиядина Б.О.



















2014 – 2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жуан ж?не жі?ішке айтылатын с?здер. Малды? т?лін с?юі.Малды ??рметтеу.

Автор: Зиядина Бибиг?л Ожарбек?ызы

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324430


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства