Абай орта мектебі.
Интеллектуалдық ойын
Пәні:Ана тілі.
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» сайысы.
Сыныбы: 1 «ә»
Өткізген: Шаденова.Б.К.
Доссор кенті.
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан – жақты
болуға, олардың ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту,
біл байлығын, танымынғ сөздік қарым – қатынастарын арттыру.
Әдіс – тәсілі: ойын, сұрақ – жауап.
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: -Құрметті ұстаздар, бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты сайысымызға қош
келдіңіздер!
Біліміңді саралап,
Төрелігін айтатын,
Әділ баға беретін,
Әділқазы алқасын сайлап алайық.
Бастауыш сынып жөніндегі оқу ісінің орынбасары: Гүлшат Серікбайқызы.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:
Ағырыс Мизамғалиқызы.
3) Бастауыш сынып мұғалімі:Амангул Сүлейменқызы.
2. Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1.Таныстыру.
2.Мақалдың жалғасын тап.
3.Таңдап ал.
4.Суреттер сыры.
5.Кім тапқыр.
Жұмбақ: Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
-Олай болса, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
-Қыс айларын атаңдар?
Міне, осы қыс айларына байланысты 3 топқа бөлініп отырсыздар.
Топ басшыларын сайлау үшін мына сөздерді буынға бөліңіздер:
(желтоқсан, қаңтар, ақпан).
Ендеше, ойыншылар өздерін таныстырып өтсін.
1.«Желтоқсан» тобының ұраны.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай!
Ойын ойнап, тіл қатып,
Сайысуға әзірміз.
2. «Қаңтар» тобының ұраны
Шыныққанбыз, шымырмыз,
Біз бақытты баламыз.
Өлең айтып жұмбақ шешіп,
Сайысып та аламыз.
3. «Ақпан» тобының ұраны.
Ақ көрпесін жамыла,
Аяз келді аптыға.
Ойынға бірге болуға,
Ақпан келді қатысуға.
Мұғалім: Ал, балалар, тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Сайысымыздың келесі кезегі: «Мақалдың жалғасын тап». Тақтадағы ұлпа
қардың артында мақалдар жасырылған , осы мақалдардың жалғасын табу.
1.Әлсіз денеге ....
2.Еңбек ....
3.Оқу – білім бұлағы,
Білім – .... ....
4.Оқу инемен .... ....
5.Бірлік болмай,
Тірлік ....
6.Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – .... ....
7.Еріншек адамның .... ....
8.Дені саудың, .... ....
9.Кітап – алтын ....
Сайысымыздың келесі кезегі: «Таңдап ал» ойыны.
Ойын шарты: Балалар қалауы бойынша ұяшықтағы сандарды таңдап,
сұрақтарға жауап беру.
1.Қыс мезгілінің ойын түрлері.
2.Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге.
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр тапталып.
3.Қыстап қалатын құстардың атын ата.
4.Жалт – жұлт етеді,
Ұстасаң еріп кетеді.
5.Қысы – жазы бір түсте болатын ағаштың аты қалай аталады?
6.Қыста болатын мерекелер.
7.Биыл қандай жылды қарсы алдық?
8.Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
9.Қыста ағашта неге жапырақтар болмайды?
Сайысымыздың келесі кезегі: «Суреттер сыры» логикалық тапсырма.
(Геометриялық фигуралардың «Қысқы
табиғат» бейнесін жаса)
3.Бейнефильм «қыс» туралы.
Сайысымыздың соңғы кезеңі: «Кім тапқыр?» ойыны.
Жұмбақ: Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
«Аққала» сөзінен бірнеше сөз құрау.
Мұғалім: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - дей келе, келесі кезекті әділқазылар
алқасына береміз. Осымен, сайысымыз аяқталды, көңіл бөліп
тыңдағандарыңызға рахмет!