Үй тапсырмасын пысықтау. «Балықшы мен бақалшы» (ертегі)
Ертегіде қандай ой қозғалған?
Ертегі кімдер туралы?
Ертегіде қандай кейіпкерлерді кезіктірдіңдер?
Ертегідегі басты кейіпкерлерге мінездеме беру. (Интер. тақтада жазады)
саудагер Бақан (бақалшы) батагөй Бақан қарт
Ойлағаны қулық Ақылды
Өз пайдасын ғана ойлайды Ақпейіл
Қатыгез Көреген
Іші тар, қызғаншақ Көпшіл
Арамза Мейірімді
Ізетті
Әдепті
Ендеше балалар «Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені» екен. Біз өзіміздің әдептілігімізді үнемі көрсетіп отыруымыз керек .
Көрініс
Сыныпқа Тапқышбек кешігіп келеді.
Тапқышбек: -Сәлеметсізбе! Кешіріңіз кіруге бола ма? – деп рұқсат сұрап орнына отырады.
Соңынан, Жаңғалақ: асығыс, үсігіс, желпінген қалпында,ой ,мен, ана отырайыншы,-деп бірден орнына отыра кетеді.
Тапқышбек пен Жаңғалақтың қылығын салыстыру. Тапқышбек: кешірім сұрап орнына қайта отырады.
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.-деген халқымыздың дана сөзі бар екен. Ендеше келген қонағымызды қарсы алайық.
Қонақ келеді: Ассалаумағалайкум! Мал - жан аманба?
Үй иесі: Уағалайкумәссалам, балам! Төрлет, төрге шық.
Баласы: Ата осы амандасу қандай мағынаны білдіреді?
Атасы: «Ассалаумағалайкум! Мал - жан аманба?» деген сөз сізге алланың нұры жаусын, отбасыңыз аман-есен бе? Саушылықпа деген мағынаны білдіреді.
Келген қонақтың қолын үй иесі алып, Уағалайкумәссалам деп амандасып төрінен орын берген. Уағалайкумәссалам! деген сөз маған жауған алланың нұры сізге де жаусын, сіздің де отбасыңыздың амандығын тілеймін деген сөз екен.
Мұғалім: Ия қазақ халқы қашанда қонақжай халық. Жолаушысына жолың болсын деп , тілеуін тілеген екен. Жолаушыдан еш уақытта қайда барасың деп сұрамаған, керісінше жолың болсын деп сұраған екен.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында тағы басқа да сәлем сұрау рәсімдері бар. Ол туралы білгілерің келе ме?
Мағынаны тану.
Автор жайлы мағлұмат беру
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша.
Ендеше бүгін біз сендермен Өтебай Тұрманжановтың «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» деп отырған өлең жолымен танысамыз.
Өтебай Тұрманжанов 15 желтоқсан 1905 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. Өтебай Тұрманжанов жазушы. Ө.Тұрманжановтың шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде“Ақжол” газетінде жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген . 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. 1978 жылы, Алматыда 73 жасында дүниеден өткен екен.
Оқулықпен жұмыс. 1 оқушыға мәнерлеп оқыту
Оқыту түрлері:
1-топ: Дауыстап оқу
2-топ: Сыбырлап оқу
3-топ: Өлеңді іштей оқу
4-топ: Өлеңді іштей оқу
«Инсерт» стратегиясын қолдану қолайлы.
Белгілер үшін 4 таңба ұсынылады.
«V» - бұрыннан білемін,
«+» - мен үшін жаңалық,
«-» - мен басқаша ойлап ем.
«?» - түсінбедім, сұрағым бар.
Оқу кезінде оқушылар өлең жолдарының тұсына осы белгілерді қарындашпен (әлсіз) қойып отырады. Оқу аяқталған кезде таңбалары бар кесте толтырылады.
Кесте үлгісі:
«V»
«+»
«-»
«?»
Бала-шағаңыз аман ба! Ауыл-аймақ аман ба?
Армысыз! Күйлі-қуатты бармысыз!
«Сұрайды» дегенді айтады деп ойлаймын
Ескерту:Оқушы өзі жазған кестесінен оқыған кезде тақтадағы кестені мұғалім толтыруы тиіс. 3,4 бөліктері бойынша білмеген, түсінбеген, басқаша ойлаған сөздер мен тіркестер бойынша жұмыс жүргізу керек.
Нәтижесінде:
Оқушылар мәтінді зерттей оқуға дағдыланады.. Балалар қызыға талдайды. Бір-бірін тыңдап отырады. Берілген мәтін немесе өлеңді бірнеше рет оқуға тура келеді.
Тақтадағы толтырылған кесте бойынша мұғалім оқушылардың жұмысына қорытынды жасайды. Олардың көре білгендерін, ойлана білгендерін, өмірмен байланыстыра алғандарын, естеріне түсіру арқылы қорытынды жасағандарын, сауатты жазып, түсіндіріп айта алғандарын талдап айту керек.
Сергіту сәті:
Сөздік жұмысын жүргізу: торығып, күйлі-қуат бармысыз, ауырлыққа нармысыз, пейіл, райды.
Балалар, амандасудың да түрлі-түрі болады екен. Соның жөн-жосығын білген жөн болады.
Сендер қалай амандық сұрастырасыңдар?
Үндемей амандасуға бола ма?
Өздерің мұғалімге қай уақытта үнсіз амандасасыңдар? (Мұғалім сыныпқа кіргенде)
Оқушыларға тәуліктің үш мезгілінде үш түрлі амандық сұрау рәсімі де бар екенін айту.
Оқушылардың сөздері . Топтау сызбасы. (Интер. тақтада жазады)
Уағалайкумәссалам!
Ассалаумағалайкум!
Сәлеметсіз бе!
Амансыз ба!
Сәлемдесу түрлері
Қайырлы түн!
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Ойтолғау.
Балаларға тән амандасу рәсімдері туралы әңгіме, пікір құру. «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында эссе жазу.
Балалар тек қана Жаңғалақ сияқты аңғал болмайық. Сондай-ақ амандық сұраумен бірге отырған жерден кетер кезде қоштасуды да ұмытпау керек.
Үйге тапсырма: Халқымыз «Сәлем – сөздің анасы» дейді. Кейбір халықтар амандасу рәсімдерін әртүрлі білдіреді. Сол туралы деректерді үйде іздеп тауып, оқып келу. Ө.Тұрманжановтың «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» өлеңін жаттау.