Просмотр содержимого документа
«Жол тәртібін білейік, аман-есен журейік»
Қосназарова Анаргүл Бақытқызы №22 орта мектеп
Тәрбие сағаты:Ата заңым айбыным
Сабақтың мақсаты:Еліміздің басты заңын тереңірек білу,елжандылыққа
Тәрбиелей отырып,өз елінің нағыз азаматтарын қалыптас
Тыру,еліміздің болашағына өскелең ұрпақтың жауапты
Екенін жастайынан саналарына сіңіре отырып,Ата заңды
Сыйлауға,қадірлей білуге өз үлестерін қосу.
Сабақтың көрнекі құралы: Ата заң туралы мәлімет слайд интерактивті тақтаны қолдану
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ дәулетін аямаған жеріме
Егемендік елдігіме жарасқан
Ата заңым құт сыйладың еліме.
Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденуіп,дамуына,халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз.Ендеше балалар кеше ғана 30 тамыз күні Ата заңымыздың неше жылдығын атап өттік?
-19-жыл
Балалар осы әр адамның ең ыстық,жүрегіне жақын орны бар –ол оттан да ыстық не?
-Отан
-Қандай керемет,қандай ыстық,сүйіспеншілік пен мейірімге толы ғажап мекен!
Біздің еліміз ,атамекеніміз- Қазақстан Республикасы.
-Неге Атамекен дейміз?
-Атамекен деп аталуы мұнда ғасырлар бойы –біздің ата бабаларымыз өмір сүрді,осы киелі топырақта мекен етті
Неге туған жер дейміз?
-Туған жер деп аталуы біз осы жерде туылдық,барлығы біздің туған тілімізде сөйлейді,барлығы біз үшін таныс,ыстық.
Отан-сенің ата-анаң
Отан-сенің бауырың
Отан-өлкең,астанаң
Отан –аудан ауылың
Отан тарих,Отантіл
Жасаған елің ер халқың,көтерген көкке ел даңқын
Отан осы достарым,көңілге мұны түйе біл
Сабақтың тақырыбы:Жол белгілері
Сабақтың мақсаты.Балалар жолдар мен көшелерде күндіз де,түнде де,ыстықта да,
суықта да транспорт құралдары толассыз ағылып жатады.Кө-
шеде өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға,абай болуға,бағдар-
шам,зебра айту,түрлі оқиғалармен құлағдар ету.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделене түсуде.қауырт шақтарда ересектер жұмысқа асығып,балалар мектепке баратын таңертеңгілік және жұрттың бәрі жұмысынан,оқуынан үйге қайтадан кешкілік жүріс ерекше жиелейді.осы кездерде жаяулар мен жүргізушілер ерекше мұқият және сақ болуы тиіс.
Көшеде жүріп келе жатқан кезде қастарындағы ересектер нұсқауларына мұқият көңіл бөліңдер.Олардың рұқсатынсыз қатардан шығуға болмайды.
Қаламызда автомобильдер жылдан жылға көбейіп келеді.жаяу адамдар мен транспорттағы жолаушылар саны да көбеюде.жол транспорт оқиғаларының көпшілігі жаяулардың кінәсінән болатынын статистика қуаттап отыр.Қырсыққа әсіресе,балаларжиі тап болуда.оның себебі көптегшен мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Балалар тәртіпсіздік көрсеткенде,жолда жүру ережелерін бұзғанда өздерінің ғана қырсыққа тап болмай,басқа да адамдардың,автомобиль жүргізушісінің өміріне қатер төндіресіңдер
Жолда жүру ережелерін білмейтіндер,сол ережелерді бұзатындар тәртіпті сақтайтындар үшін қауіпті.ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖАҚСЫ БІЛЕТІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘРҚАШАНДА,БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ САҚТАЙТЫНДАРҒА ЕШҚАШАН ЕШ НӘРСЕ ДЕ СОҚТЫҚПАЙДЫ
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕНІҢДЕР,ОЛАРДЫ ӘРҚАШАНДА ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ САҚТАУҒА ДАҒДЫЛАНЫҢДАР.Өз жолдастарыңның көшеде және жолда теріс қылықтар жасауына жол бермеңдер.
1-жүргізуші: Гүлшат
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз
2-жүргізуші: Аян
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Инспектор: Мирас
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға
Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап
Ал,қанекей үйренейік біз де жүру тәртібін
Ережені жатқа білер,жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Өздеріңн қойылатын бұл алғашқы сұрағым
Боғдаршам Жанар
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап
Қашпаймын мүдіріп,ешқандай сұрақтан
Белгісі жолдардың тұрады төрт топтан
Жарқырап көрінер түнде де жарықтан
Сақтандыру,ескерту белгісі Дияр
Қып-қызылүшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп сәт сапар жолдаған
Аман сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.
Тыйым салу белгісі: Айдана
Қызылмен боялған,шеңбермін аумақты
Тиымшыл белгімін,қаталмын салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла көз салып жан-жақты
Міндеттеу белгісі Нұрлыбек
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол,шкартыңды міндетті орында.
Нұсқау белгісі Наргиз
Баратын жеріңнің бағыттап,тұрағын
Үн түнсіз жол сілтеп жол нұсқап тұракмын
Күндіз де түнде де от болып жанамын
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым
Сұрақтарға жауап
Жиек жол деген не?
-Адкамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол
Жаяуға қай жермен жүруге болмайды№
Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге болмайды.
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
-бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де көлікке де тоқтап тұру керек
Сары шам отының ауысуын көрсету Бұдан да жүруге болмайды
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық жүруге болады.
Әділет
Көргенде дәу қырағы
Көшемізде тұрады
Ол бергенде команда
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Оқушылар бірге
Тоқта
Сақтан
Жол ашық
Құндыз жүрме жолға таласып
Асқарбек қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Жанна Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Әлия Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Көше қиылысында қай жерлермен өтуге болады?
-Көшенің екінші көшемен қиылысатын жері немесе «өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденең сызылған ақ жолақтары бар жерінде және бет алдыңдағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
Бағдаршам жоқ көшелерде қалай өтеміз?
-егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймызКөшенің орта тұсына келгенде оң жағымызға қараймыз.Егер машина келе жатса өтіп кеткенше орында күтіп тұрамыз.
Аялдамада тұрған автобусты қалай айналып өту керек?
-Аялдамада тұрған автобус немесе көлікті тек сырт жағынан айналып өту керекСонда біз оның сырт жағынан келе жатқан машинаны көреміз(Бір оқушы автобус,машина оқушы болып көрсету(
Тұманбай молдағалиевтің «Болар бала еді ол»өлеңін оқып беру
Сөзжұмбақтар шешу
Жолда жүру ережелерімен танысқандығы туралы қолхат алу.