kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жі?ішке дауысты дыбыстар. ?рісте. «?нші» т?лдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • О?ушыларды ?ле?ді м?нерлеп о?у?а жатты?тыру, ойын ж?йелі жина?тап с?йлеуге ?йрету ж?не жі?ішке дыбыстар туралы білімін ке?ейту.
  • О?ушыларды? с?здік ?орын молайтып, танымды? белсенділігін арттыру, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
  • О?ушыларды? есте са?тау ?асиеттерін дамыту, ойлау ?абілеттерін жетілдіру. П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жі?ішке дауысты дыбыстар. ?рісте. «?нші» т?лдер »

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







«Келісемін»

ӘБ жетекшісі:

Д. Қыдыралиева

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Ж.Ш. Кулиева









Тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар. Өрісте. «Әнші» төлдер













Орындаған : 1 «К» сынып жетекшісі Джанаева Ш.У









2014-2015 оқу жылы



Тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар. Өрісте. «Әнші» төлдер.

Мақсаты: Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету және жіңішке дыбыстар туралы білімін кеңейту.

Міндеті:

  • Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету және жіңішке дыбыстар туралы білімін кеңейту.

  • Оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  • Оқушылардың есте сақтау қасиеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой бөлісу.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, топтық сұрақтар, жұлдызшалар, плакаттар,

Қолданылатын технологиялар: СТО. Вен диаграммасы, топтастыру

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

  • Амандасу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  • Журнал бойынша барлау

І-кезең. Қызығушылығын ояту.

  • Балалар, мен қазір сендерге мәнерлеп өлең оқып беремін. Ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Кейін осы өлеңге байланысты сұрақтар қойлып, өлең мазмұнын ашасыңдар.

  • Өлең

Қара көзің мөлдіреп

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам көз тоймайды (бота)

Құлыншағым құлдырам,

Құйрық жалың судырап.

Ұшып кете жаздайсың,

Көз ұшында бұлдырап. (құлын)

Жылы жерде балбырап,

Жан-жағыңа жаудырап.

Жатамысың әукешім,

Жалғыз өзің маужырап.(бұзау)

Момақаным маймағым,

Келмейді әлі ойнағың.

Қалтырайсың үйде де,

Қошақаным, қайда әлің? (қошақан)

-Ал балалар өлеңдерде на туралы айтылған?

Төрт түлік малдың қандай пайдасы бар?



(оқушылардың жауабын тыңдау)

-Жақсы балалар, осы төрт түлік атауларына сай сіздердің топқа ат қоямыз.

І-топ «қошақандар» ІІ-топ «Боталар» ІІІ-топ «Ақ бұзау» ІҮ-топ «Құлындар»

Ү-топ «Ала лақтар»

-Балалар, енді әр топқа мынадай тапсырмалар бар. Өткен сабақта қандай мәтінмен танысы едік?

-«Жіңішке дауысты дыбыстар: ә,е,ө,і,ү. Және «Төлдер» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

-Олай болса сол тақырыпқа сай тапсырмалар беремін. Жасаған жұмыстарыңыз бағаланып отырылады.

І-топ. Ботаны сипаттау

ІІ-топ. 2-ші шумақты мәнерлеп оқу.

ІІІ-топ. Құлынды сипаттау

ІҮ-топ. 1-ші шумақ мәнерлеп оқу.

Ү-топ Мақал мәтелдер

(Оқушылар топта жұмыс жасап, өз жұмысын қорғайды, бағаланады)

ІІ-кезең Мағынасын ашу

Балалар төрт түлік мал барлық адамзат үшін пайдалы, төрт түлік малды көлік, тағам, ретінде пайдаланамыз. Мінсек көлік болады. Қымызын сусын ретінде ішеміз. Етін асып жейміз. Терісінен киімдер жасаймыз. Жүнінен кйіз, киім бағы да басқа заттар алуға болады екен.

Жаңа тақырыптың мақсатын айтып өту :

Дәптермен жұмыс.

  • Күн ретін, көркем жазу

  • Мұғалім көркем жазуды түсіндіре отырып оқушыларға жазғызады

  • Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу.

  • Мұғалім «Әнші»төлдер өлеңін мәнерлеп оқйды

  • Сұрақ –жауап арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

(оқушылардың жауабын тыңдау)

  • Ал , балалар енді кезекті тапсырмаға береміз

І-топ. 1-ші шумақты мәнерлеп оқу

ІІ-топ. 2-ші шумақты мәнерлеп оқу.

ІІІ-топ. Қошақанды сипаттау

ІҮ-топ. Бұзауды сипаттау

Ү-топ Төлдердің атын тап.

37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жаз. Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз

Оқулықпен жұмыс.

38-жаттығу. (ауызша)

Мәтінді түсініп оқы. Құрамында жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді ата.

-Жіңішке дауысты дыбыстар- тілдің ұшы ілгері қарай созылып жату арқылы жасалған дауысты дыбыстар

-Жуан дауысты дыбыстар- тілдің ұшы кеін қарай созылып жату арқылы жасалған дауысты дыбыстар





ІІІ-кезең. Ойтолғаныс

Балалар бүгінгі сабағымызды аяқай отырып, мына кестені толтырайық.

Вен диаграммасы:

Жіңішке

Дауысты дыбыстар

Жуан








«Біліммен көмек көрсету» ойыны.

Ойынның барысы: Асқардың төлдері енесіне айырылып қалыпты.олай болса төлдерді енесіне жеткізіп берейік.

Шарты: әр төлдің артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы төлдерді енесіне жеткізу керек

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөз неден құралады?

  • Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге, дауысты және дауыссыз)

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге, жуан және жіңішке)

  • Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? (ә,е,ү,і,ө)

Сұраққа жауап берген оқушылар төлдерді енесінің жанына апарады.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныстық. «Әнші» төлдер.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру : Бөрте лақ. Мәнерлеп оқу. Суретін салып келу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жі?ішке дауысты дыбыстар. ?рісте. «?нші» т?лдер

Автор: Джанаева Шынар Утесиновна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195806


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства