Мақсаты Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал | Бақылау арқылы адам қоршаған дүниені танып білу. Қоршаған дүниені танып білудегі тәжірибенің атқаратын ролін түсіндіру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын желдің қалыптасуы туралы түсінік беру. Желдің маңызы туралы түсінік беру. Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту. Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы № 1, 2 суреттер. Электронды тақта арқылы көрсетілетін табиғи құбылыстар суреті. Сөзжұмбақ, компас т/б. |
Мағынан тану Ой толғау 1-слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу. (жарық, су, ауа, тағам, жылу) Адам Өмір Сүруі Үшін Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе? Күн - ана Әлемге қуатты, Сәуле мен қуатты, Алып күн беріп тұр Жарық күн - көрік, нұр. Жер - ана Аялар анамыз, Саялар панамыз, Құлпырған тірлікпен Жер құтты гүл біткен. Су - ана Өңірдің өзені Өмірдің өзегі, Сусыз жер - өмірсіз, Нусыз өр, өңір, түз. Ауа - ана Жер шары дәу әлем Қоршаулы ауамен. Ауасыз кім шыдар? Ауасыз тұншығар. Жаңа сабақ Тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күні, айы, тақырыбы. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел - Балалар, біз қандай тарау өтіп жатырмыз? Табиғат және адам - Дұрыс айтасыңдар Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді? Адам, жануар, өсімдік, ауа, жер, ай, су. Сызбадан көрсету. Соның ішінде адамның ерекшелігі неде? Адамның ерекшелігі өзінің терең ойлайтындығы мен саналылығында. Ендеше балалар, сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерден не көрдім? - Тау, өзен, ағаш, құстар, өсімдіктер. т/б Жазда тауға өрмелеп Шаршап талай бөгелдім Жан - жағыма мен кенет, Қарап едім, не көрдім? - Тірі табиғат, өлі табиғат. ( Слайдтан схема түрінде көрсету) Тірі табиғат - адам, жануар, өсімдік. Өлі табиғат - (су, күн, тас, ай, жұлдыз, тау.)
1-слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу. (жарық, су, ауа, тағам, жылу) Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды. Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды. Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады. Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз. Слайд жасау (Уақыт мезгіліне қарай желдің қозғалысын түсіндіру.) Желдің түрлері болады самал жел, дауыл, құйын т/б. Жел көкжиектің қай тұсынан соқса соның атымен аталады. Солтүстік желі, батыс желі, т/б. Оны компас деген құралмен білген. Адамдар желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал желбағар деп аталады. Оқулықпенжұмыс |
Ой толғаныс | Қазақтың халық жұмбақтары Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі) Қырда қылыш жарқылдайды. (найзағай) Салмағың бар өлшесем, Көрінбейсің көзге сен. (Ауа) Жерде емес, аспанда емес, арасында, Қол жетпес ұсынғанмен саласына. Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік, Ойланып бұл жұмбақты табасың ба? /Жел/. Аспаннан домалап, Көп моншақ төгiлдi. Бусанып жон - алап, Терледi, керiлдi. (Жаңбыр) Қол - аяғы жоқ болса да, Қақпа есікті аша алған. /Жел/. Ауа - райы туралы халық даналығы (Бұрынғы болжам бойынша) 1. Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады. 2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, қыс қатты болады. 3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, кешікпей күн суытады. 4. Түтін жер ұшса, қар жауады. 5. Ай қораланса, күн жылы болатынының белгісі. 6. Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады. 7. Мысық қабырғасын тырналаса, ауа райы бұзылады. Сергіту сәті. Мақал мәтелдер. 1. Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады. 2. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар. Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік» 1. Су тамшыларын бөлініп шоғырланған буды не дейміз? / Бұлт / 2. Тілмен нені сеземіз? / Дәм / 3. Бұлттың бір түрі /Будақ / 4. Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не дейді? / Жел / 5. Еңбек ету мүшесі / Қол / 6. Картаның бір түрі / Саяси / 7. Сезім мүшесі / Тіл / 8. Кез келген дене нелерден тұрады? / Заттар / 9. Адамды жан - жағынан қоршаған нәрселердің бірі не деп аталады? / Дене / 10. Сипап - сезу мүшесі / Тері / 11. Қан айналым мүшесі / Жүрек / Бекіту сұрақтары: 1. Желдегеніміз не? 2. Желдіңбағытын не өлшейді? 3. Желбағардеген не? 4. Желнеденпайдаболады? 5. Ауағажылунеденкеледі?
Желсізтүндежарық ай. Желсізтүндежарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдыңжанытереңсай, Тасығанөзенкүрілдеп.
Қалыңағашжапырағы Сыбырласыпөзді - өзі, Көрінбейжердің, топырағы, Құлпырғанжасылжержүзі.
Тест жұмысы 1. Желдіңкүші мен бағытынқандайқұраланықтайды. А) тұсбағар Ә) желбағар Б) термометр 2. Қардыңшарттыбелгісін тап: А) * Ә):: Б) О 3. Ауатемпературасынөлшейтінқұралдыкөрсет: А) градусник Ә) термометр Б) компас 4. Термометрдіңішіндеқандайсұйықтық бар? А) сынап Ә) су Б) қорғасын 5. Жылылықтыкөрсететінсанныңалдынақандайтаңбақойылады? А) + Ә) - Б) ешқандай 6. Суықтықтыкөрсететінсанныңалдынақандайтаңбақойылады? А) + Ә) - Б) ешқандай |