kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер бетіні? ауаны жылытуы. Жел. Д?ниетану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жер бетіні? ауаны жылытуы. Жел

Саба?ты? ма?саты: Ба?ылау ар?ылы адам ?орша?ан д?ниені танып білу. ?орша?ан д?ниені танып білудегі т?жірибені? ат?аратын ролін т?сіндіру. Ауаны? адам ?міріндегі ма?ызын т?сіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаны? ?оз?алысын желді? ?алыптасуы туралы т?сінік беру. Желді? ма?ызы туралы т?сінік беру.

Білімділігі: О?ушылар?а жер бетіні? ауаны жылытуы ж?не жел туралы ??ымдарды т?сіндіріп, д?ниетанымын ке?ейту.

Дамытушылы?ы: ?осымша тапсырмалар, с?зж?мба? орындату ар?ылы ойлау ?абілеттерін дамыту, с?здік ?орларын молайту.

Т?рбиелігі: О?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейтіп, таби?ат?а деген ?ызы?ушылы?ын ту?ызу ж?не оны ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер бетіні? ауаны жылытуы. Жел. Д?ниетану»

Сабақтың тақырыбы: Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел



Сабақтың мақсаты: Бақылау арқылы адам қоршаған дүниені танып білу. Қоршаған дүниені танып білудегі тәжірибенің атқаратын ролін түсіндіру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Жер бетіндегі ауаны жылытуы. Жер бетіндегі ауаның қозғалысын желдің қалыптасуы туралы түсінік беру. Желдің маңызы туралы түсінік беру.

Білімділігі: Оқушыларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы № 1, 2 суреттер. Электронды тақта арқылы көрсетілетін табиғи құбылыстар суреті. Сөзжұмбақ, компас т/б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу.



Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып журналымен жұмыс.



Психологиялық дайындық кезеңі

Оқушылар бірге қайталайды:

Біз бақытты баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Қуанады бізбен бірге

Үйде ата анамыз.

Ортақ ұран – бірге болу!

Мақсатымыз - білім алу.

Ұлтын сүйген ұрпақ болып

Болашаққа бірге бару!



Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша білім - білік дағдыларын тексеру:

Топтық жұмыс

1 - топ

1. Жер бетінде ауа қалай таралады?

2. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?

2 - топ

1. Тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?

2. Ауаның температурасы қалай өзгереді?

3 - топ

1. Географиялық карта деп нені айтамыз?

2. Ауа ластауға бола ма?



Ой толғау

1-слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.

(жарық, су, ауа, тағам, жылу)

Адам

Өмір

Сүруі

Үшін

Қане, осылар туралы өлең тақпақтар білеміз бе?

Күн - ана

Әлемге қуатты,

Сәуле мен қуатты,

Алып күн беріп тұр

Жарық күн - көрік, нұр.

Жер - ана

Аялар анамыз,

Саялар панамыз,

Құлпырған тірлікпен

Жер құтты гүл біткен.

Су - ана

Өңірдің өзені

Өмірдің өзегі,

Сусыз жер - өмірсіз,

Нусыз өр, өңір, түз.

Ауа - ана

Жер шары дәу әлем

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар.



Жаңа сабақ

Тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Күні, айы, тақырыбы.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел

- Балалар, біз қандай тарау өтіп жатырмыз?

Табиғат және адам

- Дұрыс айтасыңдар

Табиғат дегенде сендердің ойларыңа не келеді?

Адам, жануар, өсімдік, ауа, жер, ай, су.



Сызбадан көрсету.

Соның ішінде адамның ерекшелігі неде?

Адамның ерекшелігі өзінің терең ойлайтындығы мен саналылығында. Ендеше балалар, сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Жазда барып өзеннің жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерден не көрдім?

- Тау, өзен, ағаш, құстар, өсімдіктер. т/б

Жазда тауға өрмелеп

Шаршап талай бөгелдім

Жан - жағыма мен кенет,

Қарап едім, не көрдім?

- Тірі табиғат, өлі табиғат.

( Слайдтан схема түрінде көрсету)

Тірі табиғат - адам, жануар, өсімдік.

Өлі табиғат - (су, күн, тас, ай, жұлдыз, тау.)



1-слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.

(жарық, су, ауа, тағам, жылу)



Ауа түссіз, мөлдір болғандықтан түскен күн сәулелерін тез өткізіп жібереді де, одан тікелей қызбайды.

Күн сәулелері жер бетін, топырақты қыздырады. Жылу ауаға пештен таралған сияқты жер бетінен таралады. Соған орай ауаның жер бетіне таяу қабаты ғана жақсы жылынады да, биіктеген сайын жылу мөлшері бірте - бірте азаяды.

Ауа жер бетінен жылынатындықтан оның температурасы құрлық пен судың үстінде де әр түрлі болады.

Ауа жылынғанда жеңіл тартып, жоғары көтеріледі. Оның орнына су бетінен салқын ауа келеді, яғни осы алмасу құбылысынан жел пайда болады.

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атаймыз.



Слайд жасау (Уақыт мезгіліне қарай желдің қозғалысын түсіндіру.)



Желдің түрлері болады самал жел, дауыл, құйын т/б.

Жел көкжиектің қай тұсынан соқса соның атымен аталады. Солтүстік желі, батыс желі, т/б.

Оны компас деген құралмен білген.

Адамдар желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал желбағар деп аталады.

Оқулықпен жұмыс



Қазақтың халық жұмбақтары

Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.

(Күннің көзі)

Қырда қылыш жарқылдайды.

(найзағай)

Салмағың бар өлшесем,

Көрінбейсің көзге сен.

(Ауа)

Жерде емес, аспанда емес, арасында,

Қол жетпес ұсынғанмен саласына.

Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік,

Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?

/Жел/.

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгiлдi.

Бусанып жон - алап,

Терледi, керiлдi.

(Жаңбыр)

Қол - аяғы жоқ болса да,

Қақпа есікті аша алған.

/Жел/.



Ауа - райы туралы халық даналығы

(Бұрынғы болжам бойынша)

1. Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

2. Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғары салса, қыс қатты болады.

3. Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, кешікпей күн суытады.

4. Түтін жер ұшса, қар жауады.

5. Ай қораланса, күн жылы болатынының белгісі.

6. Жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады.

7. Мысық қабырғасын тырналаса, ауа райы бұзылады.



Сергіту сәті.

Жел улейді: у - у

Құйын келіп билейді: зу - зу

Қатты - қатты жел соқты: гу - гу

Жапырақтар қол соқты: ду - ду.



Мақал мәтелдер.

1. Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

2. Жазғытұрым жел

жардай атанды жығар.



Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»

1. Су тамшыларын бөлініп шоғырланған буды не дейміз? / Бұлт /

2. Тілмен нені сеземіз? / Дәм /

3. Бұлттың бір түрі /Будақ /

4. Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не дейді? / Жел /

5. Еңбек ету мүшесі / Қол /

6. Картаның бір түрі / Саяси /

7. Сезім мүшесі / Тіл /

8. Кез келген дене нелерден тұрады? / Заттар /

9. Адамды жан - жағынан қоршаған нәрселердің бірі не деп аталады?

/ Дене /

10. Сипап - сезу мүшесі / Тері /

11. Қан айналым мүшесі / Жүрек /



Бекіту сұрақтары:

1. Жел дегеніміз не?

2. Желдің бағытын не өлшейді?

3. Желбағар деген не?

4. Жел неден пайда болады?

5. Ауаға жылу неден келеді?



Желсіз түнде жарық ай.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.



Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді - өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.



Тест жұмысы

1. Желдің күші мен бағытын қандай құрал анықтайды.

А) тұсбағар

Ә) желбағар

Б) термометр

2. Қардың шартты белгісін тап:

А) *

Ә)::

Б) О

3. Ауа температурасын өлшейтін құралды көрсет:

А) градусник

Ә) термометр

Б) компас

4. Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?

А) сынап

Ә) су

Б) қорғасын

5. Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

А) +

Ә) -

Б) ешқандай

6. Суықтықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?

А) +

Ә) -

Б) ешқандай



Қорытындылау:

Сабағымыздың соңында бір - біріміздің қолдарымыздан ұстап, қөңілді күйде, табиғатқа байланысты сөздерді, сөйлемдерді пайдалана отыра тілек айтайық.

1) Бұлақтай мөлдір таза бол!

2) Жұлдызың жарық болсын!

3) Айың оңыңнан тусын!

4) Қөңілің көлдей шалқысын!

5) Гүлдей жайнай бер!

6) Таудай талап бер!

7) Қызғалдақтай құлпыра бер!

Сұлу табиғатымызды аялай білейік, табиғатты сүю парыз, сүю үшін қорғау - парыз.



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел туралы реферат жазып келу.





мүмкіндік беред


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Жер бетіні? ауаны жылытуы. Жел. Д?ниетану

Автор: Утепбергенова Гулбану

Дата: 30.12.2015

Номер свидетельства: 271390


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства