Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, өзіндік жұмыс,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд тақта, смайлинг.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Сынып оқушыларын (жеміс түрлерімен) топқа бөлу. Топтың аттары: алма, алмұрт, шие.
II.Өткен сабақты еске түсіру ,пысықтау.Әр топқа сұрақтар беріледі.
1- топтың сұрақтары:
1.Өсімдіктің қанша түрі бар?
2.Өсімдіктер қандай денеге жатады?
2- топтың сұрақтары:
1.Өсімдікке не қажет?
2.Бұталардың қандай түрлері бар?
3- топтың сұрақтары:
1.Шөп текті өсімдіктерді ата.
2.Бұталардың діңі бола ма?
III.Жаңа тақырып
Слайд тақтадан Жеміс ағаштары мен бұталарды көрсету.
-Балалар,суреттен ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Бұлар жеміс ағаштары.
-Ал, бұлар бұта жидектері: бүлдірген, қарақат,қарлыған. Құлпынай мен таңқурай шөп тектес өсімдіктер.
Келесі суреттен бөлме өсімдіктерін көруге болады.
Оқулықпен жұмыс.
Әр топқа тапсырма беріледі .Топ мүшелері бірлесіп отырып оқып, талдайды.
Оқушылар топ бойынша түсінгендерін айтады .Жеміс беретін ағашты жеміс ағашы деп атайды.Кейбіреуін адам жеуге болады ,кейбіреуін жеуге жарамсыз болады.Жемістерден түрлі қайнатпа, тосап, шырын дайындайды.Бүлдірген, қарақат, қарлығанда дәрумендер көп болады. Жемістерді кептіріп те пайдаланады. Қыста олардан сусын қайнатады. Бақта құлпынай мен таңқурай егіледі. Бұлар шөп текті өсімдіктер. Бөлме өсімдіктері үйде өсіп-өнуге бейімделген .Оларды «алыс жақтың өсімдіктері» дейді.
Сабақты қорыту.
Постермен жұмыс.
Бірінші топ – ағаштар, екінші топ-бұталар, үшінші топ – шөп тектес өсімдіктер туралы не білеміз?
Әр топ осы тақырып бойынша сурет салады және қорғайды.