kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?санда ас?а?та?ан рухты са?ынамын

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986 жылы 16 желто?санында Алматы ?аласында мы?да?ан ?аза?ты? ?ыз бен жігіттері

наразылы? білдіріп,шеруге шы?ты.Оларды? к?ксеген ма?саты, еліні? т?уелсіздігі еді.

Т?уелсіздік керек.?аза? еліні? ?з к?семі сайлансын,деген тілек білдіреді.К?птеген апа,

а?аларымыз аба?ты?а ?амалды.Соларды? ішіндегі есімі мен ерлігі ?лемге жеткен ?айрат  Рыс??лбеков,С?бира М?хамеджанова,Л?ззат Асанава та?ы да бас?а а?а апаларымызды? ерліктерін,?здерін ?алай ?мыту?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?санда ас?а?та?ан рухты са?ынамын »

«Желтоқсанда асқақтаған рухты сағынамын»


-Армысыздар,қадірлі ұстаздар,оқушылар.Жетпіс жыл бойы қыл бұрауға маталған, қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол,тайғақ кешуден өтті.Жанартаулар бұғып жатып, бір күнде атылды.Сол сияқты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп,бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты,әрі қайғылы күні еді.

Желтоқсан жаңғырығы, көзден де көңілден де кетпейді.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп,әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар намысы таразыға салынған ,сын-сағатта дүлей күшке қамықпай ,қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді.Сол желтоқсан құрбандарын бүгін 2 «ә»сынып оқушылары құрметпен еске алып,олардың рухына бас иеді.



1986 жылы 16 желтоқсанында Алматы қаласында мыңдаған қазақтың қыз бен жігіттері

наразылық білдіріп,шеруге шықты.Олардың көксеген мақсаты, елінің тәуелсіздігі еді.

Тәуелсіздік керек.Қазақ елінің өз көсемі сайлансын ,деген тілек білдіреді.Көптеген апа,

ағаларымыз абақтыға қамалды.Солардың ішіндегі есімі мен ерлігі әлемге жеткен Қайрат Рысқұлбеков,Сәбира Мұхамеджанова,Ләззат Асанава тағы да басқа аға апаларымыздың ерліктерін,өздерін қалай ұмытуға болады.



-Желтоқсан оқиғасыны байланысты тақпақтар айтылады. 2 «ә»сынып (10 оқушы)

1 оқушы: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан-Қайрат,Ләззат пен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.


2 оқушы: Желтоқсан-жастық қазбалап тегін сұрама,

Анартау тектес атылмай бір күн тұрама.

Осылай халқым созылған тура үш ғасыр,

Ойналып бітті драма.

3 оқушы: Желтоқсан-жеңіс.Желтоқсан ұлы жаңалық,

Нохат деп оны нәубетке қойған саналық.

Жәнібек,Бұхар,Абылайдан қалған бар болсын,

Азаматтық,Елдік,Даналық.


4 оқушы: Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.


5 оқушы: Бас алаңды ел жосқан,

Жастар қаны жуған күн.

16-шы желтоқсан,

Тәуелсіздік туған күн.


6 оқушы: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.


7 оқушы: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.


8 оқушы: Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өнерден ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктердің мәңгілік мақталады.


9 оқушы: Желтоқсанның жан түршігер күндері,

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,

Ал, ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.


10 оқушы: Жауыздықты жасқанған да Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тасыған да Желтоқсан.


Көрініс : «Қайраттың ақтық сөзі»


Қайрат Семей абақтысында 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні өмірден өтті.1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталды.Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.



- Желтоқсан оқиғасыны байланысты тақпақтар айтылады. 2 «ә»сынып (10 оқушы)

-Хор «Желтоқсан желі»


«Желтоқсан –ел тарихы,ерлік тарихы»

Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы»атағы беріліп,ата-анасына «Алтын жұлдыз»айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.Сәбира,Ләззат,Ерболдарға «Ақтау жөніндегі анықтама» қағаздары берілді.Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған «Аллажар» фильмі түсірілді.Алматы төрінен «Тәуелсіздік ескерткіші» бой көтерді.


Ән : «Ағатайым» орындайтын – Мақсотқызы Нұрлы



Желтоқсан жұлдыздарының арман тілегі орындалды.1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.Қазақстан біздің сүйікті атамекеніміз.1991 жылы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн.Сол күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды.

-«Атамекен»әні хормен.

Қорытынды: Міне,бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет.Әрібір

азамат Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын тұмардай қасиет

тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы деп Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан.Осымен 2 «ә» сынып оқушылары

дайындаған, «Желтоқсанда асқақтаған рухты сағынамын» атты

патриоттық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Назарларыңызға рахмет.
















Желтоқсанда асқақтаған рухты сағынамын» атты слайдтар.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Желто?санда ас?а?та?ан рухты са?ынамын

Автор: Алпысова Айнаг?л Серік?ызы

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202315


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства