Просмотр содержимого документа
«"?же" Ф.О??арсынова. »
Тақырыбы: «Әже» Фариза Оңғарсынова
Мақсаты: 1. Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Жылу» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру. 2. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой-өрісін, шығармашылығын қабілеттерін дамыту. 3. Оқушылардың үлкенге – ізет, кішіге – қамқор бола біліп, ата – ананы, әжені сыйлай білуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақ әдісі: , ой шақыру, ашық пікір, сұрақ жауап. БиС технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Сабақ түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: Сызбалар, видеокамера, интерактивті тақта өз әжелерінің фотосы. Ф. Оңғарсынова суреті. Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу.Психологиялық дайындық: “Алақан жылуы”.
Күн жылуын алақанға салайық.
Жүрегіме басып, ұстап қаламын.
Өзіме де ,өзгеге де жетеді.
Жан-жағыма жылуды таратамын.
(Бір - бірімізге алақан жылуымызды берейік)
-Олай болса, жақсы көңіл күймен сабақты бастайық.
Слайдтағы көңіл күйді білдіретін смайликтерді таңдау. II Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар ,қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы. Қандай тарау өтіп жатырмыз.
«Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым»
Бұл тарауда қандай шығармалар оқып жатырмыз?
Жігіттің неше жұрты бар еді?
Өз жұрты
Нағашы жұрты
Қайын жұрты
Олай болса, бүгін сендерді сол 3 жұрттың атымен топқа бөлдім.
Әр жұрттан туыстық атауларды сұрау.
Топтық ережелерді есте ұстау. Топ басшысын сайлау.
-Үйге не тапсырма беріліп еді?
- Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңі.
Үй жұмысы «Үш таяқша» әдісімен тексеріледі. Қызыл таяқша. Ф. Оңғарсынова туралы айтады.
Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 - желтоқсанда Атырау облысы, Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін сол облыстың Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
Көк таяқша. «Жылу» өлеңін жатқа сұрау.
Жасыл таяқша. Ана туралы жазған шығармаларын оқу.
Үй жұмысын қорытындылап, аналар үшін қолымызды бір шапалақтап жіберейік.
III Жаңа сабақ.
Ой шақыру. Әже туралы видео ролик көрсетіп, бүгінгі тақырымыз Фариза Оңғарсынованың «Әже» өлеңі екенін айтып, дәптерге жазғызу.
Тірек сөздермен жұмыс.
мәпелейді
әжім
немере
дана
әндетеді
жақсы
Жұппен жұмыс
Тірек сөздерді көршілеріне тексертіп, стикер арқылы бағалау.
Әже-ана сөзіне тоқталып өту.
Бір-бірімізге бәрекелді деп 2 рет қол соғайық.
Жүгірме диктант
Жер –жерге әже туралы жазылған сөйлемдер ілінеді. Әр партадағы оқушының көршісі тұрып сол сөйлемдерді тұрып оқып жүгіріп келіп көршісіне айтып сөйлемді жазғызады. Қай оқушы бірінші болса, қол көтеріп сөйлемді оқып береді.
3. Әже немересін бағып қағады. Тәлім- тәрбие береді.
Мұғалім оқушылардың сөзін қорытып, сабақ түсіндіреді.
Оқулықпен жұмыс.
Өлең бойынша жұмыс.
Өлеңді мұғалімнің оқуы. Оқушылар түсінбеген сөздерді түртіп отырады.
Сөздік жұмысы
Ашынып- ренжіп, ашуланып
Асырып- мақтап, шаттанып
Тосып- ұсынып, беріп
Тентек, жақсы, тәтті сөздеріне қарама- қарсы сөздер айтайықшы.
Оқушылардан өлең бойынша түсінгендерін сұру.
Сендер әжелеріңе қандай ат қояр едіңдер?
Әр топқа 1-1 шумақтан оқытып, 3-4 оқушыға тізбектей оқыту.
Сергіту сәті
Осы өлеңді әндетіп айтып көру.
Шығармашылық жұмыс. «Ақ әжем» өлеңін жіберіп қою. 1 - топ. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап мақалдар айту.
2 - топ. Әжені қандай суреттермен сипаттар едің .? Әжеге қатысты суреттер салу. 3 - топ. (Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)
---------------------------------кешірген,
--------------------------------ақ әжем.
------------------------------ әкелген.
------------------------------ жан әжем.
Тапсырма орындағандарға стикерлер беріп отыру.
3 рет қол шапалақтау.
III Бекіту Видео роликтер көрсетіп талдату. Қорытындылау.
-Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің?
-Әже біздерді қалай алақанға салып аялайды, бізде солай алақанымызға салып аялайық. Әже суретін топ болып , алақанға салып көтерейік.
Бағалау.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту.
Өзін-өзі бағалау. 5 алғандарың – кәмпит, 4- алғандарың құрт, 3-печеньеден алыңыздар. Үйге тапсырма беру: Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жаттау.
Әже туралы өлең құрастыру.
Мақал –мәтел жинастыру.
№ 10 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Муханбетова Райгүл Саржанқызы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын. Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды7Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)
1. «Құнарлы»сөзін басқаша тағы қалай атауға болады .
2. Ананың құшағы қандай ? 3.Көп нүктенің орнына сөз қой . . . - асқар тау. Ондай болса бүгінгі сабақта аналардың анасы Ф. Оңғарсынованың « Әже» өленімен танысамыз .
- Өткен сабақта Ф. Оңғарсынованың өмір жолдарымен танысқан болатынбыз .
--- Ал кім айтып жібереді ?
-Ф. Оңғарсынова кім ?
1.Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы , Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дуниеге келген .
2.1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиеті факультетін бітіріп , Балықшы ауданының Еркін қала қазақ мектебінде ұстаздық еткен .
3. Алғашқы өлендері баспасөз беттерінде 1958 жылдан баста п шыққан .
4. 20- дан астам өлендер жинақтары ,очеректері , тандамалы шығармалары, « Біздің Камшат» повесі аудармалары баспалардан жарық көрді .
5. 1970 – 1978 жылдары « Ақжелкен « журналының бас редакторы болып еңбек етеді .
6.Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен , «Парасат» «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған .
7.Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы .
5.Сергіту сәті
« Ақ әжем» әнін айту .
6.Енд і кітабымызды ашып (132 б) Ф. Онгарсынованың «Әже» өлеңіне назар аударамыз .
Мен оқыған кезде ақын қолданған сөздерге назар аударып көркем сөздердің астын сызып отырамыз . /түртіп алып/
1.Мұғалімнің оқуы 2.Оқушыларға тізбектей оқыту .
7. Сызбаны толтыру /Әр топқа жеке-жеке беремін/
Ақын қолданған көркем сөздер
Мағынасы
Ашынып
ренжіп ,ашуланып
Асырып
мақтап ,шаттанып
Шығармашылық кезең .Әр топқа жеке – жеке тапсырма беремін.
3 топқа
Ұйқасқа берілген сызбаны пайдаланып өлен жолын жалғастыру .
Әже
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін әндерін ,
Біздің үйде бар асыл ,
Әжетайым олменің. Әр топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды .
5 . Бағалау .Әр топ жетекшілері жүйелік балдарын хабарлайды . -Ал енді балалар біз бағана сабақтың басында бүгінгі сабақта ең жоғарғы бал жинаған оқушымызға , әр топқа қандай сый бар екен, мына қорапты ашып көрейік .