kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жазық бетке жіпке керу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

жазық бетке жіп керу туралы айтылады.Оқушылар жазық бетте жіпті керіп үйренеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жазық бетке жіпке керу.»

Еңбекке баулу

4 сынып

53,54 сабақ Күні 05.04.13

Сабақтың тақырыбы: Жазық бетке жіпке керу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазық бетке жіпке керу .рқылы орындауын түсініктеме беру.

Дамытушылық: ине, жіппен дұрыс жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: мата, түрлі – түсті кестежіп, ине, жіп, қарындаш қайшы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Кіріспе әңгіме (Алдыңғы сыныптарда өткен тігіс түрлерін еске түсіру)

Тігіс түрлері – мата бөліктерін біріктіру, шетін бекіту үшін тігістер қолданылады. Тігістер әртүрлі болады. Бірдей арақашықтықты сақтай отырып, матаға түскен жіптің ізі шамшым деп аталады.

Ілгері шаншып немесе көктеп тігу ілмек тігіс, қиғаш тігіс, сәндік тігіс.

II. Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңадан танысатын тігіс түрі – сабақты тігіс деп аталады. Орындалу тәсілін мұқият қарап, тігіп үйрен.

Кестелі орамалды тігу барысы:

  1. Шаршы пішінді мата дайындап, суретін қарындашпен салып ал.

  2. Жұмысқа кірісер алдында жұмыстың үлгісіне қарап, қандай тігіс түрлерімен тігетініңді таңдап ал.

  3. Еменннің жапырақтары мен жаңбыр тамшыларын шынжыр тігіспен кестеле.

  4. Өсіп тұрған гүлдерді айқас тігіспен тік.

  5. Еменнің діңіне қоңыр, жапырақтарға жасыл, бұлтқа көк, жаңбырды тігуге көгілдір түсті жіпті пайдалан.

  6. Орамалдың шетін сабақты тігіспен қызыл жіпті пайдаланып тік.

  7. Жұмыс соңында қол орамалдың теріс бетін өңдеп, тігістерді үтікте.

  8. Тігіс түрлерін орындап, қолыңды жаттықтыр. Қол орамалды кестеле.

III. Қауіпсіздік ереже:

Инемен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін қайталау немесе еске түсіру.

  1. Инені аузыңа салма.

  2. Инені арнайы шанышқышқа қада.

  3. Кесте тіккенде басқа жаққа алаңдама.

  4. Инеге жіпті өте ұзын сабақтама.

  5. Жұмыс орныңда тек қажетті заттар ғана болсын.

Қорытынды: сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

55 сабақ Күні

Сабақтың тақырыбы: «Жаңбыр жауғанда» композициасын кестелеу арқылы орындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Жаңбыр жауғанда» композициасын кестелеу арқылы орындауын түсініктеме беру.

56 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: «Жаңбыр жауғанда» композициасын кестелеу арқылы орындау. (Пысықтау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Жаңбыр жауғанда» композициасын кестелеу арқылы орындауын пысықтау.

Дамытушылық: ине, жіппен дұрыс жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрету, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: мата, түрлі – түсті кестежіп, ине, жіп, қарындаш қайшы.

Сабақтың түрі: пысықтау

Әдіс -тәсілдері: еске түсіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Кіріспе әңгіме (Алдыңғы сыныптарда өткен тігіс түрлерін еске түсіру)

Тігіс түрлері – мата бөліктерін біріктіру, шетін бекіту үшін тігістер қолданылады. Тігістер әртүрлі болады. Бірдей арақашықтықты сақтай отырып, матаға түскен жіптің ізі шамшым деп аталады.

Ілгері шаншып немесе көктеп тігу ілмек тігіс, қиғаш тігіс, сәндік тігіс.

II. Өткен сабақты пысықтау

III. Қауіпсіздік ереже:

Инемен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін қайталау немесе еске түсіру.

  1. Инені аузыңа салма.

  2. Инені арнайы шанышқышқа қада.

  3. Кесте тіккенде басқа жаққа алаңдама.

  4. Инеге жіпті өте ұзын сабақтама.

  5. Жұмыс орныңда тек қажетті заттар ғана болсын.

IV. Кестелі орамалды тігу барысын аяқтау:

  1. Шаршы пішінді мата дайындап, суретін қарындашпен салып ал.

  2. Жұмысқа кірісер алдында жұмыстың үлгісіне қарап, қандай тігіс түрлерімен тігетініңді таңдап ал.

  3. Еменннің жапырақтары мен жаңбыр тамшыларын шынжыр тігіспен кестеле.

  4. Өсіп тұрған гүлдерді айқас тігіспен тік.

  5. Еменнің діңіне қоңыр, жапырақтарға жасыл, бұлтқа көк, жаңбырды тігуге көгілдір түсті жіпті пайдалан.

  6. Орамалдың шетін сабақты тігіспен қызыл жіпті пайдаланып тік.

  7. Жұмыс соңында қол орамалдың теріс бетін өңдеп, тігістерді үтікте.

  8. Тігіс түрлерін орындап, қолыңды жаттықтыр.

  9. Қол орамалды кестеле.

V. Қорытынды: сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

VII. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

57 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар. Тасбақа тігу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қалың матадан тасбақа тігуді үйрету.

Дамытушылық: Өлшеу, пішу, кесу, тігу дағдыларының артуына ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрету, ұқыптылыққа, шеберлікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: тасбақа жасайтын үлгі плакат, сетнемейтін қалың мата, жуандау сым темір, ине, қайшы, бор.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақты жұмбақты шешу арқылы бастауға болады.

Тастан салған үйі бар,

Көшіп жүрген асықпай.

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ іздеп, ашықпай. (Тасбақа)

а) Кіріспе әңгіме

  • Тасбақаның тіршілігі жайлы не білесіңдер? (Оқушылардың білімдерін ортаға салуы).

  • Тасбақаны қандай материалдардан жасауға болады?

  • Табиғи материалдардан, ермексаздан, қалың матадан.

II. Жаңа сабақ

Оқулықтың 80-81 беттеріндегі үлгі бойынша тасбақа жасау жұмысы жүргізіледі. Жұмыс барысында тігіс түрлерін еске түсіру керек. Бөліктерді көктеп тігу арқылы біріктіреді. Тігіс арасының бірдей мөлшерде қалып отыруына көңіл аудару.

III. Практикалық жұмыс:

Жұмыстың орындалу реті:

Тасбақаны жасау үшін қажетті бөліктер:

1. Тасбақа денесінің астыңғы бөлігі – 1 дана.

2. Тасбақаның сауыты – 6 дана.

3. Тасбақаның басы мен мойыны – 2 дана.

4. Тасбақаның маңдайшасы – 1 дана.

5. Тасбақаның аяғы – 8 дана.

6. Тасбақаның көзі – 2 дана.

7. Тасбақаның желкесі – 1 дана.

Сергіту сәті:

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты - еңбек

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Шығармашылық жұмыс үлгілері

Өз қалауыңша жұмсақ ойыншықтар тік

V. Қорытынды: сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

VII. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

58 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ ойыншықтар. Тасбақа тігу. (Пысықтау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қалың матадан тасбақа тігуді пысықтау.

Дамытушылық: Өлшеу, пішу, кесу, тігу дағдыларының артуына ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрету, ұқыптылыққа, шеберлікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: тасбақа жасайтын үлгі плакат, сетнемейтін қалың мата, жуандау сым темір, ине, қайшы, бор.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Пысықтау сабақ

III. Шығармашылық жұмысүлгілері

Инемен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін қайталау немесе еске түсіру

  1. Инемен, қайшымен, темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін есіңде сақта.

  2. Тасбақаны тігіп үйрен.

  3. Өз қалауынша жұмсақ ойыншықтарды тігіп аяқта.

IV. Практикалық жұмыс:

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Дайын пішімдімата бетіне қойып, барлық бөліктерді сызып ал. Шетінен тігіс үшін 1см орын қалдырып белгіле. Белгіленген сызық бойымен қиып ал.

  2. Бөліктерді бір-біріне көктеп тігу арқылы біріктір.

  3. Тасбақа басын тіктеп ұстап тұру үшін, мойын ішіне иілген сым темірді енгіз. Тігілмей ашық қалдырылған жерден мақта немесе жүнмен тасбақаның ішін толтыр. Ашық жерді бекітіп тік. Тасбақаның тұмсығы мен көзінің орнына түйме қада.

Сергіту сәті:

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты - еңбек

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Шығармашылық жұмыс үлгілерін 2-сабақ соңында оқушылардың жұмыстары тақтаға арасынан орын қалдырылып ілінеді. Сынып оқушылары барлық жұмысты қарап шығып, жапсырма қағазға тілегі мен бағасын жазып кетеді. Көп жақсы тілектер мен бағалар қойылған жұмыстар анықталып бағаланады. Ескертулер де ескерусіз қалмау керек.

V. Қорытынды: сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма: 80 – 81 бет.

VII. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

59 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Қойдың жүнінен әтеш жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жүнді өңдеу, одан әртүрлі бұйымдар жасай алу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақстанның қой шаруашылығы, пайдасы жайлы білімдерінің кеңеюіне ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: қой шаруашылығы жөнінде бейнетаспа, қой жүні және еңбек құралдары.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

1. Сабақтың барысында мүмкіндік болса, бейнетаспадан қой шаруашылығы жайлы деректі фильм көрсетуге болады.Топтастыру арқылы қойдың жүнінен алынатын, жасалатын бұйымдарды еске түсіру керек.

2. Оқулықтың 81-82 – бетіндегі нұсқауға қарай отырып, әтеш жасап үйрену. Жұмыс барысында оқушылардың инені дұрыс пайдалану ережелерін еске түсіріп отырған абзал. Айдары мен қанатын тігу кезінде жіптің ұшын қалыңдау етіп түю керектігі ескертіледі.

3. Қой және оның пайдасы жайлы мақал-мәтелдер айту, талдаудан жарыс ұйымдастыруға болады. Әр мақалдың мағынасын ашып, талдау жасап кеткен дұрыс.

Сергіту сәті:

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

Қой семізі қойшыдан.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

Шығармашылық жұмыс үлгісі

V. Қорытынды: Біз бүгін не үйрендік?

VI. Үйге тапсырма: 81– 83 бет.

VII. Бағалау: дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

60 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Қойдың жүнінен әтеш жасау. (Пысықтау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жүнді өңдеу, одан әртүрлі бұйымдар жасай алу дағдыларын қалыптастыру, пысықтау.

Дамытушылық: Қазақстанның қой шаруашылығы, пайдасы жайлы білімдерінің кеңеюіне ықпал ету.

Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: қой шаруашылығы жөнінде бейнетаспа, қой жүні және еңбек құралдары.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Әдіс -тәсілдері: еске түсіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Пысықтау сабақ

III. Жұмыстың орындалу реті

  1. Үкіштен өткізілген 1 ас қасық сабынды 1л жылы суға езіп, сабынды су дайында.

  2. Ақ жүнді сабынды суға салып шүйкелеп, нығыздап қолмен орау арқылы жұмыртқа пішіміне ұқсатып дайында. Қораптағы дайын шүйкеленген жүнді пайдалануға да болады. Бұл әтештің денесі

  3. Қызыл түсті жүнді сабынды суға салып шүйкелеп, шуданың ұзындығын 10см етіп қи. Осы шудадан бүрмелеп, әтештің айдарын жасап, оны денесіне жіппен іліп тік. Шүйкеленген қызыл жүн шудасынан 5см қиып алып, ортасынан екі бүктеп, қораздың аузын тік.

  4. Сары, жасыл, қызыл, көк жүнді сабынды суға малып, шүйкеле. Жүн шудаларын ұзындығы 10см-ден бірдей бөліктерге бөл. Оны әтештің құйрығы ретінде денесіне біріктіріп тік.

  5. Әтештің қанаты үшін ұзындығы 8см қызыл, сары, көк, жасыл түсті жүн шудаларын екі данадан дайында. Оларды екі жағына бөліп, қанаты ретінде денесіне іліп тік. Ал көзінің орнына үш тал қара түсті сумоншақты жіпке өткізіп тік. Әтеш дайын болды.

V. Шығармашылық жұмыс үлгісі

Күшікті өз бетіңше осы тәсілмен жасап көр.

V. Қорытынды: Біз бүгін не үйрендік?

VI. Үйге тапсырма: 81– 83 бет.

VII. Бағалау: дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

61 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойыншықтар жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қозғалмалы ойыншықтың жасалу ерекшелігін меңгерту, қаттырма қағазбен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, қағаз бен қаттырма қағаздың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың қағазды үнемді, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар:

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология: Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, түйме, бау, моншақ, желім (ПВА), қайшы, сызғыш, қалам, біз, фломастер.

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

1.Сабақты оқушыларға қағаз бен қатырмақағаз жайлы түсінік беруден бастаған жөн.

Қағаз – оқушылар жұмыс жасауына ең қолайлы материал. Қағаздың жазуға, газет басуға, сурет салуға, заттар орауға арналған түрлері болады.

Қатырмақағаздың қалыңдығы әр түрлі болады. Қатырмақағаз түріне, қалыңдығына қарай өңделеді. Қатырмақағаз, жай қағазға қарағанда отқа баяу жанады. Бастауыш сыныпта қатырмақағаз және қағаз түрлерін бүктеу, кесу, өлшеу, белгілеу іс-әрекеттерін меңгереді.

Санасыз ойлар бетінде

Сайрап жатыр бар тірде.

Қажетпін мен әр күнде

Өшпейді бір әрпім де. (Қағаз)

Жұмбақты шешу арқылы жұмысымызды жалғастыруға болады.

3. Жаңа сабақ.

Бүгінгі жасалатын ойыншықтың бір ерекшелігі – ол қозғалмалы ойыншық. «Мұндай қуыршақты біз қайдан көреміз?», - деген сияқты сұрақтарды қойып, қызықтыра білу.

Қозғалмалы ойыншықты қуыршақ театрына барғанда көреміз, ертегі кейіпкерлерінің қол-аяқтарын қозғап билетіп, жүріп – қозғалып өлең айтып, сөйлеп тұрғанын көреміз. Егер оқушылармен театрға барған болса еске түсіріп, кейіпкерлерін айтуға болады. Ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің өзіне ұнағанын сипаттап, мінездеме беріп кету.

- Бүгінгі сабақта жасайтын кейіпкеріміз – қозғалмалы бақа қуыршағы.

Шығармашылық жұмыс үлгілері.

V. Қорытынды: Біз бүгін не үйрендік?

VI. Үйге тапсырма: 84– 85 бет.VII.

Бағалау: дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

62 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойыншықтар жасау. (Пысықтау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қозғалмалы ойыншықтың жасалу ерекшелігін меңгерту, қаттырма қағазбен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, қағаз бен қаттырма қағаздың түрлерін еске түсіру.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың қағазды үнемді, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар:

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Әдіс -тәсілдері: еске түсіру, көрсету,

Қолданылатын технология: Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, түйме, бау, моншақ, желім (ПВА), қайшы, сызғыш, қалам, біз, фломастер.

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

1. Практикалық жұмыс:

(Ойыншықты жасау барысы).

1. Жасыл түсті қатырмақағаз бетіне үлгі қалыпты пайдаланып, құрбақаның кеудесін, аяғын, қолын бастырып сыз. Бөлшектерді қиып ал.

2. Құрбақаның көзін, тәжін, аузын түрлі түсті қағаздардан, құрсағын, екі ұртын ақ қағаздан қиып алып, орындарына желімде.

3. Әлі біріктірілмеген аяқтарын, қолдарын жеке дара баумен түйіндеп байла.

4. Аяқты, қолды денесіне біріктіретін жерде бізбен тес. Бізбен тесілген төрт жерге бет жағынан кішкентай ақ түймелер қойып, ол арқылы жез сым өткізіп, аяқтары мен қолдарын денесіне бекіт. Түйме орнына бұранданы да пайдалануға болады.

5. Екі бүктеліп, ұшына моншақпен бекітілген бауларды аяғына және қолына байланған баудың ортасынан жеке-жеке ілмектеп бекіт.

6. Дайын болған ерегі кейіпкерін жіптерінен тартып, аяқ-қолдарын қозғалтып көр.

2. Сергіту сәті

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты - еңбек

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең - еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Шығармашылық жұмыс үлгілері.

  • Қатырма қағаздан құрбақаны жасап үйрен.

  • Басқа да қозғалмалы ойыншықты жасап көр.

  • Бізбен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін есіңе сақта. Моншақты аузыңа салма.

V. Қорытынды: Біз бүгін не үйрендік?

VI. Үйге тапсырма: 84– 85 бет.

VII. Бағалау: дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

1 сынып

63 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Ананас жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрлі – түсті қағаздан, бүктеу арқылы ананас жасауды үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: қағазды дұрыс ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: түрлі түсті қағаз, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, қайшы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың барысы:

III. Жаңа сабақ

А) Әңгіме жүргізу

Ананас – ыстық жерде өсетін тропиктік өсімдік. 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі В1, В2 дәрумендері бар, Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, кампот, ретінде) пайдалануға болады.

Біз бүгін осы ананасты жасау тәсілін үйренеміз. Ананасты құрастыру үшін бірдей көп бөлшек қажет болатындықтан, оны топтарға бөлініп, бірігіп жасаған дұрыс.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Сары түсті 7 бет қағаз дайында. Қағаздың бетін өлшемі 7*5 см болатын тіктөртбұрыштарды қиып ал.

  2. Қиып алынған тіктөртбұрыштардан көрсетілген сурет бойынша бүгу арқылы ананасты құрастыратын ұсақ бөлшектерді дайында.

  3. Бір ұшбұрышты бөлшекті кигізу арқылы жалғастыр. Бір-біріне біріктіргенде желімді пайдаланған дұрыс.

  4. Ананастың астыңғы бөлігін шахмат түрінде біріктіре отырып дөңгелекте. Осы тәсілмен ананастың келесі қатарларын тұрғызамыз.

  5. Алты жасыл түсті қағаздан 7*5 см өлшемдегі тіктөртбұрыштар қиып ал. Алдыңғы орындаған тәсілмен ұшбұрышты бөлшектердідайындап, жапырағының пішініне келтіріп, бөлшектерді бір-біріне кигіз.

  6. Дайын болған ананасқа жапырақтарын біріктір.

IV. Жұмбақтар

1. Қайнатты Тосап,

Жатыр неден жасап? (Жеміс- жидектен)

2. Әлденеше қап,

Кептірдік неден қақ? (Алмадан)

3.Тойматұғын жегенде,

Уыз деген немене? (Жаңа туған сиыр сүті)

V. Қорытынды нұсқау.

VI. Үйге тапсырма.

VII. Бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

64-65сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Алатау аясында композиция. (Алатаудың әдемі көрінісі).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қатырмақағаздан, жіптен, түсті қағаздан аппликациалық жұмыстар орындауға қажетті құралдармен таныстыру.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың мата және қағазды, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: түсті суреттер, фотосуреттер, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, тоқыма жіп, қайшы,қалам, желім, қылқалам..

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Ребус шешу

IV. Жаңа сабақ

V. Сергіту сәті.

VI. Суретпен жұмыс (Сабақтың практикалық бөлігі).

VII. Қорытынды нұсқау.

VIII. Үйге тапсырма.

IX. Бағалау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын тексеру

III. Ребус шешу: «Алатау»

Тапсырма: Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау, сөйлемнен мәтін құрастыру.

1. Мен Алатау тауына бардым.

2. Тау өте биік, әрі әдемі.

МӘТІН(оқушылар мәтінді оқып беру)

    1. Жаңа сабақ

Әңгіме жүргізу

Сен Алатау аясындағы керемет табиғатты көріп отырсың. Жер беті жасыл желек жамылған. Тау етегінде шыршалар өсіп тұр. Тау арасынан шығып келе жатқан күн сәулесі айналаға нұрын шашып, табиғатты көріктендіре түседі. Биік таудың басынан қысы-жазы қар кетпейді. Сай-саладан сылдырлап бұлақтар ағады. Маңғаздана қарап тұрған түйеге назараудар. Түйені қазақ халқы байлық, салтанат деп санаған.

Осындай әдемі табиғат көрінісін бейнелеу өнерінде түрлі түсті бояулармен көркемдесек, енді қағазбен жасап көрсетейік.

1. Көк түсті қағаздан ұшбұрыш қиып ал. Ұшбұрыштарды бір-бірімен айқастыра желімде. Бұл – тау көрінісі. Жартылай ашылып тұрған кітп сияқты ақ түсті қатырмақағазға тайдың бейнесін жабыстырып шық.

2. Аспанға әр жерде қалықтаған бұлттарды жабыстыр.

3. Тау етегіндегі түйенің бейнесін екі бүктелген қатырмақағазға салып, қиып ал. Тұрғызып қоюға болатын түйе бейнесінің екі жақ бетіне желім жағып, ұсақтап қиылған қоңыр түсті тоқыма жіпті себелеп жабыстыр.

Шыршаны жасау әдісі:

1. Жасыл түсті қағаздан радиус 5см болатын дөңгелектер дайында.

2. Радиусы 4см, 6см, 8см дөңгелектер дайында.

3. Дөңгелектерді бірнеше рет бүкте. Осы бүктеу арқылы дөңгелек бетінде 8 сызық пайда болады.

4. Дөңгелекті жазып, әрбір сызықты ортасына жеткізбей жартылай қиып шық.

5. Қиылған шеттерін бір-біріне біріктіріп желімде.

6. Дайын бөлшектерді сымға ретімен орналастыр. Көлемді болу үшін араларына дөңгелектенген Фольга қою керек.

7. Дайын шыршаның үлгісін Алатаудың етегіне орналастыр. Өзен суын бейнелеу үшін жасылөңге көк Жолақты желімде, ал тілкемдерді бұйра толқындарға ұқсатып жапсыр. Судың жағасына түйені қой.

V. Сергіту сәті

Көбелекке ұқсап - ақ,

Ұшайықшы бәріміз.

Оңға қарай бір ұшып,

Солға қарай бір ұшып,

Шарлайықшы бәріміз,

1,2,3 көбелекше ұш.

VI. Практикалық жұмыс (Сурет арқылы жұмыс істеу)

Өзің тұратын жердің табиғатының көрінісін көрсететін композиция құрастыр.

VII. Жаңа сабақты қорыту.

  • Композиция деген не?

  • Орындалған композицияны тағы қалай толықтыруға болады?

VIII. Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

IX. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

4 сынып

66сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Жаз көрініс композиция.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қатырмақағаздан, жіптен, түсті қағаздан аппликациалық жұмыстар орындауға қажетті құралдармен таныстыру.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың мата және қағазды, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: түсті суреттер, фотосуреттер, қатырмақағаз, түрлі түсті қағаз, тоқыма жіп, қайшы,қалам, желім, қылқалам,дәрі.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Ребус шешу

IV. Жаңа сабақ

V. Сергіту сәті.

VI. Қорытынды нұсқау.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Бағалау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ

Әңгіме жүргізу

Көптеген күткен жаз мезгілі де келіп қалды. Жазда табиғат аясында демалу барлық балаларға ұнайды. Қызыл-жасыл гүлдер жайқалып өсіп, айнала ерекше бір әдемі көрініске айналады. Үйді ауласындағы ойын алаңынан қас қарайғанша балалардың көңілді дауысы естіледі. Жаздың ыстығында сеуіп өткен жаңбырдан кейінгі ауа райы қандай тамаша! Осы тамаша көрініс біздің бүгінгі композициямызға арқау болады.

Практикалық жұмыс:

  1. Біреуі жасыл, екуі ақ түсті қатырмақағаз дайында. Оларды суретте көрсетілгендей бір-бірімен біріктіріп желімде. Жасыл түсті қағаз жерде өсіп тұрған шөпті бейнелейді.

  2. Көгілдір қағаздан бұлттың бейнесін қиып ал. Бұлттың көзін мөлдір қабығымен қиып алынған түйме дәріден жаса. Жаңбырлатқан бұлттың оң жаққа біреуін,сол жаққа біреуін желімде.

  3. Кішкентай үйшіктің жасалу жолына қара. Шатыры жарты шеңберден жасалады. Еденін, оның қоршауын, тіреуін қатпарлы қағаздан жаса. Бұл үйшіктің бөлшектерін бірден қабырғаға желімдей отырып, құрастыр.

  4. Жасыл қағаз бетіне алма ағашының суретін салып, қиып ал. Діңін, жапырақтарын жемістерін жапсыр.

  5. Қатырмақағаздан орындық жаса. Әрине жаз мезгілін біз гүлсіз елестете алмаймыз. Суреттегідей гүлдлерді қиып алып, алаңқайға апарып қондыр.

  6. Жасыл шөптің өсіп тұрған көрінісін көрсет.

«Жаз көрінісі» композициясын орында.

V. Сергіту сәті.

Жұпар атқан жазда Тоғай толы шуға,

Ермек бізге азба? Шомыламыз суға.

Жасыл кілем ауламыз, Көл ауылдың көзіндей.

Өзенге де келеміз, Күнде үш ай бойы

Жауқазынын тереміз. Қызық думан, ойын...

Өрлейміз тауға біз. Жаз өтеді сезілмей.

VI. Қорытынды нұсқау.

VII. Үйге тапсырма.

Еңбекке баулу

4 сынып

67 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс. Тігіс түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: : оқушыларды тігіс түрлерімен таныстыру; матаны белгілеу, жіпті өлшеу, инені сабақтау, ұшын түю тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың мата және жіппен, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: жіп, қайшы, ине, оймақ, түйреуіш.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

I. Жаңа сабақты түсіндіру

Мата бөліктерін біріктіру, шетін бекіту үшін тігістер қолданылады. Тігістер әртүрлі болады. Олар қол және машина тігістері болып, екіге бөлінеді. Қол тігісінің негізгі бес түрі бар. Олар: түзу, қиғаш, ілмекті, айқас және қадау болып бөлінеді. Қол тігістері уақытша тігіс деп аталады. Тігу барысында бірдей арақашықтықты сақтау керек, матаға түскен жіптің ізі шаншым деп, аталады. Мысалы, 1-см-де 2-3 тігіс тізбегі болуы керек.

II. Практикалық жұмыс.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, құрал-жабдықтарын арнайы қорапта сақтап, орынды қолданулары керек екені айтылады. Оқушылар инені сабақтап жаттығады.

  1. Жіпті қажетті ұзындықта өлше.

  2. Жіптің ұшын инемен тарқат.

  3. Жіптің ұшындағы ұлпасын азайтып ал.

  4. Жіптің ұлпасын саусақтың ұшымен ширатып сүйірле.

  5. Жіпті иненің көзіне өткізіп, сабақта.

  6. Жіптің ұшын түй. Ол үшін жіпті саусаққа айналдыра екі рет ора да, ұшына түйін жаса.

III. Ойын: « Ине мен жіп».

IV. Шығармашылық жұмыс:

Жаңа сабақты қорыту.

  • Инені қалай сабақтайды?

  • Тігістер не үшін қолданылады?

  • Қандай тігіс түрлерін білесің?

  • Қол тігістерінің қандай түрін білесің?

V. Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

VI. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Еңбекке баулу

1 сынып

68 сабақ Күні________

Сабақтың тақырыбы: Шығыармашылық жұмыс. Көктеп тігу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көктеп тігу техникасын меңгерту;матаны белгілеу, жіпті өлшеу, инені сабақтау, ұшын түю тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және байқағыштыққа баулу.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың мата және жіппен, ұқыпты пайдалануына, белгілеу, өлшеу әдістерін меңгеруіне ықпал ету, ұқыптылыққа, икемділікке баулу.

Қажетті құралдармен жабдықтар: жіп, қайшы, ине, оймақ, түйреуіш.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, көрсету,

Қолданылатын технология:

Сабақтың өту әдісі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы: оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты пысықтау.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың барысы:

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұл сабақта оқушылар алғаш рет дәстүрлі қолөнермен – кесте тігу өнерімен танысады. Мұғалім әртүрлі кестеленіп тігілген бұйымдардың суретін көрсетеді. Суреттерді қарай отырып,оқушылар қандай заттардың кестеленетінімен танысады. Шеберлер кестені көбінесе мақта және зығыр маталарға тігеді. Тігу үшін оқушылар жіп сабақтайтын құлағы үлкендеу, орташа көлемдегі иненітаңдайды. Кесте тігу үшін қолданылатын жіппен (мулине) таныстырады. Көктеу тігісінің қолданылуымен таныстырады. «Шаншым», «тігіс» сөздерімен таныстыру. Шаншым – бұл жіптің матада қалдыратын ізі, ал тігіс – бұл бір ырғақпен бірінің артынан бірі орындалып отыратын бірдей бірнеше шаншым.

Көктеу тігісі мата бөліктерін біріктіру үшін қолданылады. Сол сияқты бұл тігіспен қол орамалға салынған суретті тігуге болады. Матаға тігу үшін көбінесе кесте жібі

қолданылады. Кесте жібі жұмсақ және матаның бетіне жақсы түседі. Ол түрлі түсті мтаны таңдаған дұрыс. Одан тігіс жақсы көрініп тұрады. Көктеу тігісінің орындалуына назар аудар.

III. Практикалық жұмыс.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, құрал-жабдықтарын арнайы қорапта сақтап, орынды қолданулары керек екені айтылады.

Көктеу тігісінің орындалуы сурет арқылы және матаға тігіп көрсету арқылы таныстырылады. Алдымен көктеу тігісін қағазға орындап, жаттығады. Қарындашпен ине өтетін орын белгіленеді. Тігіс әдемі түсу үшін шаншымдардың арақашықтықтары бірдей болу керек. Содан соң тігісті матаның шетінен 2-3 см орын қалдырып, матаға орындап, үйренеді. Жіптің түйілген ұшы мтаның теріс бетінде қалады. Көктеу тігісін орындап жаттыққаннан кейін, оқушылар қолорамалды көктеу тігісімен кестелейді.

1. Шаршы пішінді матаны қиып аламыз. Матаның өлшемін 12-15 см көлемінде алса да

жеткілікті. Матаның шетінен жіпті суыру арқылы шашақтап аламыз.

2. Көбелектің немесе өзіңе ұнаған суретті мөлдір қағаздың бетіне көшіріп ал.

Үлгіқалыпты пайдалануға да болады.

3. Матаның бетіне көшірме қағазды қоямыз. Оның үстіне сурет салынған мөлдір қағазды түйреуішпен қадап шық.

4. Салынған суреттің бетіне қаламмен қайта бастырып жүргізіп шық.

5. Түйреуіштерді алып, салынған сурет бойымен көктеу тігісін түсіреміз.

IV. Балалар жұмысы:

V. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  • Көктеу тігісі қалай орындалады?

  • Жіпті инеге қалай сабақтадың?

VI. Үйге тапсырма: оқып, еске сақтау, сұрақтарға жауап беру.

VII. Бағалау: Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырып, бағалау.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Жазық бетке жіпке керу.

Автор: Божкенова Карлыгаш Камбаровна

Дата: 12.04.2017

Номер свидетельства: 408657

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства