kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жаз?ыт?ры». Абай ??нанбай?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Жаз?ыт?ры». Абай ??нанбай?лы.

Саба?ты? ма?саты:

Білімдік: ?ле?ді о?ып, а?ынны? таби?атты, ауыл ?мірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге ж?не лирика туралы ал?аш?ы ?арапайым т?сініктер алу?а м?мкіндік жасау.

Дамытушылы?: ?айталау ар?ылы еске т?сіру, білетіндерін санада жа??ырту ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту.

Т?рбиелік: ?мірмен байланыстыру ар?ылы ?семдікті к?ре ж?не ести білуге, к?ргені мен естігенін к?ркемдеп айта білуге жа?дай ту?ызу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жаз?ыт?ры». Абай ??нанбай?лы »

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылығын ояту.

Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдан үзінді оқылады.

Тапсырма.

  1. Оқылған өлеңді ары қарай жалғастырып айтып жіберу.

  2. Ол үзінді қандай өлеңнен алынғанын атау.

Мысалы:

    1. «0й, балалар, балалар!...»

    2. «...Басқан жері сықырлап келіп қалды.»

    3. «...Аппақ қардан омбылап,»

  • Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын. Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен» - деп, іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абайдың атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

2. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп, іштей оқу.

Тақтада «Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі?» деген сөйлем жазылып тұрады.

  • Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тон бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген? (Дәлелдеу).

  • Өлеңде күн көзін ақын неге ұқсатады? (Үзінді оқу, яғни күнді ата-ана мейірімімен теңестіреді).

  • Ал, балалар, өлеңде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай? (Дәлелдеу, үзінділер оқу).

Енді барлығымыз далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жерімізбен ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз. Бұл - оқушының зерттеу жұмысы болып табылады.

Мысалы:

Абай көктемі Біздің ауыл (қала) көктемі

Қыстың сызы жоқ. Түн салқын...

Жер беті құлпырған Көк шығып, айнала жап-жасыл.

Осылай жазба жұмысы жүргізіле береді. Оқушылардың жұмыстары тексеріледі, оқытылады. Жұмыс қорытындыланады.

3. Ойтолғау.

Ақынның бұл өлеңі қысқартылып берілгендігін атап өте отырып:

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,

Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін.

Қызыл арай, сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім, - деп, ақын осы өлеңді толық нұсқасында осылай аяқтайтынын айтуға болады.

  • Қандай тамаша сурет! Балалар, Абай аталарың көктемді сөзбен суреттеген, ал сендер көктемді сан алуан бояу тілімен суреттей алар ма едіңдер? Әрине, сендер өте тамаша суреттер салатындарыңа сенемін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жаз?ыт?ры». Абай ??нанбай?лы

Автор: Тастенова Куралай Алтынбековна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства