kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаутикбаева Гулшат

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ??старды? ?ыс?ы тіршілігі туралы т?сінік беру.                                                                                                                           О?шы ларды? ??стар туралы адам?а досты??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаутикбаева Гулшат»

Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

  1. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

  2. Балалардың тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреті, слайд

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері;

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қонақ күту салтымыз,

Оқып – біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз

ІІ.Кіріспе бөлім.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің айларын атаңдар.

  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ-жауап арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, олардың жауаптарын қорытындылаймын.

  • Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар – торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді. Адамдар жемшашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

Сергіту сәтін өткізу.

Қарға болып ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

ІІІ.Негізгі бөлім.

А) «Құстар қалай қыстайды?» деген ертегіні оқып беру.

Ә) Суретпен жұмыс.

«Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды, т.б.

Б) Сөздік жұмысын жүргізу.

Саршымшық –сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс.

Құр – тауық тұқымдас жабайы құс.

Психологиялық жаттығу.

  • Шегірткеге не жарасады? (секірген)

  • Тауыққа не жарасады? (шоқыған)

  • Ақылды балаға не жарасады? (оқыған)

Жаңылтпаштар жаттау.

Ала қарға қарға қонды

Қара қарға жарға қонды.

«Құстар қалай дауыстайды?» Дидактикалық ойыны

Қарға қарқылдайды

Сауысқан шақылдайды

Шымшық шиқылдайды

Тоқылдақ тоқылдайды

Құр құрқылдайды

Сергіту сәті.

Құстар біздің досымыз,

Бау-бақшаны қорғайды,

Ұя жасап қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.

ІҮ.Қорытындылау.

  • Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?

  • Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек

Балаларға құстар туралы білетін тақпақ, жаңылтпаштарын айтқызамын.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылаймын.





Тақырыбы: «Аяулы менің жан –анам»

Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сынып іші мерекеге сай безендірілген, қанатты сөздер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе.

Мұғалім сөзі: Құрметті асыл жанды аналар, ұстаздар және қыздар! Бүгін сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қажымас қайрат тілеймін! Ана есімінен бұл дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті ұстаз апайлар,аналар, қызғалдақ қыздар, бүгінгі «Аяулы менің жан – анам» атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

1-оқушы:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

ән маржанын шашайық.

2-оқушы:

Құлпырған көктем келді,

Жылу тарап бойымда.

Ұстаз, ана кемеңгерді,

Құттықтау тұр ойымда.

3-оқушы:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

4-оқушы:

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Хор: «Ақ мамам»

5-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

6-оқушы:

Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Ән: «Ана» Жанерке

7- оқушы:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен!

Көрініс: «Бәрінен жақсы»

8-оқушы:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем

9-оқушы:

Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр, әжем

Көрініс: «Бәрінен жақсы»

10-оқушы:

Әжемдей данадан

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан,

Жүгіріп барамын

11-оқушы:

Ана әнмен тербетеді,

Күйге бөлеп жаныңды.

Көңіліңді сергітеді,

Балбыратып тәніңді.

Сен ұйықтасаң әнге балқып,

Анаң жаны жайланар.

Аспандағы Ай да қалқып,

Ақ бетіңнен аймалар.

Ән: «Төлдер» Ерасыл, Олжас

12-оқушы:

Анам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

13-оқушы:

Өмірде ана – бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана,

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана

Ән: «Ойыншықтар» Наргиз, Аяулым,Айзере

14-оқушы:

Ананың біз гүліміз,

Ана – біздің күніміз

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

15-оқушы:

Анам – жұмақ, мен шуақ, саябағы,

Анам шырақ, мен – сұрақ санадағы.

Анам – теңіз, мен-қайық тербетілген.

Анам- бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

.Ән: «Домбыра сазы» Кәусар

Хор: «Анамның тілі – аяулы үні»


Қорытынды бөлім:

«Аяулы менің жан –анам» атты ертеңгілімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жаутикбаева Гулшат

Автор: Жаутикбаева Гулшат.

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320684


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства