kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жауапкершілік пен жауапсызды?" ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: « Жауапкершілік» ??ымыны? адамгершілік ??ндылы?ы ретіндегі ма?ыздылы?ын ашу

Міндеттері:

-жауапкершілік туралы т?сініктерін ке?ейту.

-балаларды? жауапкершілігін дамыту?а ы?пал ету

-?з с?зіне, ісіне жауапкершілікке т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жауапкершілік пен жауапсызды?" ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары »

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп № 20

Мерзімі: 16/03/2015

№ 24 сабақ

Тақырып: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Құндылықтар:дұрыс әрекет,сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, адамгершілік

Мұғалім: Г.К. Сарсембаева

Сынып 1 «ә»

Оқушылар саны 14


Сабақтың мақсаты: « Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу

Міндеттері:

-жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту.

-балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету

-өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу

Ресурстар: ( құралдар, мәліметтер)»Жалқау күшік» ертегі

Сабақ барысы:

  • 1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

  • Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Қандай сезімде болдыңдар?

-Өзіңнің тыныштануыңа әсері болды ма ?

Ендеше, күнделікті өзімізді тыныштандырып, істейтін, бүгін орындайтын істерді орындауда жүрекпен, шын ниетпен,сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен жасауға ұмтылайық.


2. Үй тапсырмасын тексеру.87-89 беттер. Өкініш

-Мәтіннің мазмұны түсінікті болды ма ?

-оқығаннан кейін қандай сезімде болдыңдар?

-өзіңді кейіпкердің орнына қойып көр.


Оқушылардың пікірін тыңдағаннан кейін, айтылған ойларды түйіндейміз.

-Ендеше балалар,өз сөзінде тұратын, тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы, сенімге ие, көңілі жарқын болады.Сондықтан « Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады.» деп халық бекерге айтпаған.


3. Дәйексөз.

Оқушыларға жағымды ой-пікір қалыптастыру мақсатында төмендегі дәйексөзді ұсынамын:

« Уәде берсең-орында». Мақал

  • Мақалда айтылған ойды қалай түсінгендеріңді айтып бере аласыңдар ма ?

  • Берген уәдені уақытында орындау жауапкершілікті білдіреді. Олай болса, жауапкершілікті болып өсуге үйренейік.

  • Дәйексөзді хормен қайталап, екі-үш оқушыдан жатқа сұраймын.


4. Әңгімелеу.

-Балалар, мен сендерге бір әңгіме айтып берейін мұқият тыңдап отырыңдар.

Әңгіме « Жалқау күшік» деп аталады.Бұл әңгімені Жәди Шәкенұлы жазған екен.

Жыл- он екі ай журналынан № 3, 2014 жыл 97-98 беттер.

Бұрын бір ақ күшік болыпты.Ол сондай жалқау екен. Қыл аяғы біреу-міреу келе жатса, мыңқ етіп те үріп қоймайды екен.

Бір күні иесі көшіп бір жерге барып қонып, ертесі тағы көшетін болырты. Бірақ жалқау күшік бір түп бұтаның түбіне жата беріпті де, иесінің көшкенің білмей қалады. Иесі күшікті іздеп шақырғанда, ол жалқаулықпен оянбай қойса керек.

Бір кезде күн төбеге таман келіп қарны ашқанда оянған күшік өзінің иен далада жатқанын бір-ақ біліпті. Айналасына жанталаса жүгіргенімен, ештеңе көрінбепті. Осы кезде күн бұлттанып, бұршақ аралас жаңбыр жауыпты.Бұршақ өн бойына тарс-тарс тигенде, күшік қыңсылап жылап қоя беріпті. Бірақ оның үнін естіген ешкім болмапты. Өне бойы малмандай су болған күшік тісі тісіне тимей сақылдап тоңыпты.Жаңбыр басылғаннан кейін, боран соғып, күшік тіпті қалтырапты. Жүгіре-жүгіре әбден әлі құрыған ол бір тастың түбіне келіп ұйықтап қалыпты.Бір кезде қарны ашып,тңып, ояна келсе, түн ортасы екен.Жақыннан қасқырдың тықыры естіліпті. Мұны естіген күшік шошығаннан қозғала алмай қалыпты. Таң атқанша дірілдеп әбден қалжырапты.

Таңертеңінде жол бойынан бір көшті көріп, жүгіріп келіп көшке қосылған екен. Көштегі иттер мен күшіктер оны жабылып талапты. Өзі аш, өзі тоңған күшіктің өне бойы сауыс-сауыс қан болып өлуге таяпты. Осы кезде жоқ қарап жүрген иесі үстінен түсіп, оны үйіне әкеліпті. Босағада ыңырсып жатқан күшік өзіне-өзі күбірлеп:

-Бәрі де жалқаулықтың кесірі болды,- деп кейіпті. Ол содан бастап жалқаулықты тастап, түнімен үріп шығатын болыпты. Кейін келе қоян, түлкі, қасқыр алғанды қойып, аюмен алысқан жуан төбет болып шыққан екен.

-Балалар байқадыңдар ма, ақ күшік қандай жағдайға тап болғанын. Ол сондай жалқау еді. Соның арқасында көште қалып қойып, қаншама қиындыққа тап болып, өкінді.Соның арқасында жалқаулықтың алға баспайтынын сезіп, өз қателігін дер кезінде түзете білді. Жауапкершілікті сезінді.


5. Шығармашылық жұмысТоптық жұмыс.

Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгіме құрау.

-Кім өз ойымен бөліскісі келеді?

-Иә, жауапкершілік абыройлы іс, бір-бірімізбен жауапкершілікте, сүйіспеншілік нұрына бөленейік.


6.Топпен ән айту. Таудай болып өсеміз. А. Естенов

« Таудай бол!»- дер атам да, Желкілдеген баудай көк,


« Таудай бол !» -дер апам да. Балдырғандай балдай көп-

Асқар таудай жігіттер Өсіп келе жатырмыз.

Қажет дейді Отанға. Бір-бір асқар таудай боп.

Жаттап ертек, мол аныз,

Өсіп, өніп тола біз,

Алатаудай айбынды

Ел қорғаны боламыз.

-Балалар, өлең ұнады ма?

-Мәтініне назар аудардыңдар ма ?

-Иә, ел қорғаны , асқар баудай боп, Отанын қорғай білу жақсылықтың нышаны.

Ендеше, « Уәдені- берсең орында» дегенді әрқашан жадымызда ұстайық.


7. Үй тапсырмасы.

-Келесі № 25 сабақтағы « Кім боласың?» деген әңгімені оқып келіңдер. 92-95 беттер.

-Дәптермен жұмысты аяқтап келіңдер.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.

-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Сабақ барысын талдау:



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Жауапкершілік пен жауапсызды?" ?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары

Автор: Сарсембаева Гульмира Кенжетаевна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства