Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі Бар? Кім маған атайды жыл мезгілдерін? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар көктемде қандай құбылыстар Болады? Көктемде қандай мейрам болады? Наурыз мерекесінде қандай іс-шаралар жасалады. Балалар олай болса киіз үйдің суретін Тамашалайық. Киіз үйдің суретін көрсетіп, таныстыру. Неліктен «Киіз үй» деп аталатынын түсіндіру. Киіз үйдің бөліктерімен таныстыру. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. Туырлық – киіз үй керегесінің іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауып тұратын киіз. Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрайық, Керегені қарайық Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық. Балалар бізге қазір Айсұлу қонаққа келеді. Айсұлу: Сәлеметсіздер ме, балалар? Айсұлу: « Айгөлек» тобы осы ма? Айсұлу:Балалар көктем болса келіп қалды,Наурыз мейрамы жақындап қалды. Маған киіз үй керек еді,киіз үй құрап беруге көмек сұрай келдім. Балалар Айсұлуға көмектесеміз бе? Ендеше Айсұлу сен отыра ғой. Балалар орындарына отырып киіз үйді құрастырып, ақ парақ бетіне жабыстырады. Балалар біздің қолдарымыз шаршаған шығар қолға арналған жаттығу жасайық. Жазып, жазып өзіміз Талып қалды қолымыз. Мынау менің-Атам Мынау менің-Әжем Мынау менің-Әкем Мынау менің-Анам Ал мынау-мен. Айсұлу: балалар көмектеріне көп рахмет.Сау болыныздар. |