1 | Ұйымдастыру кезеңі мотивация | Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және мектептен кейін өмірде де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. |
2 | Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру | Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. Әңгіме кейіпкерлері кімдер? Қарабала тасбақаны дұрыстап қойып жатқанда не болды? Қарабала тасбақаның аузындағы шөпті алғанда неге “Біссімілә” деп айтты? Әңгіме не туралы? Неліктен “Тасбақаның шөбі” деп аталады? “Шыбын жаны көзіне көрініп жатыр” дегенді қалай түсінеміз? Осы мағынада тағы қандай сөз тіркестерін білесіңдер? /Жаны мұрнының ұшына келді. Жаны шыға жаздады. т.б./ Оның есіне қандай ырым түсті? Қолына шөпті қайтіп алды? Шөпті қолына алған кім? «Тасбақа шөбі» әңгімесінің авторы кім? Көсік деген не? Шөп арасында кетіп бара жатқан не? Қыртыс-қыртыс болған не? Тасбақаның аузында не бар? Қарабала тасбақаны көргенде қайдан түсті? | Бірінші баға. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Алдымен сұрақ қоямыз, одан кейін ООМ орнын көрсетеміз Тақтаға нәтижені жазамыз: 1 кезең ≤ немесе ≥ нормалар |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру. | Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудару. Сабақтың алдында мұғалім тақтаға тақырып бойынша тірек сөздерді кіргізеді. Жазық дала, алтыбақан, жайлау,өлең, жарық түн. Мұғалім тақырыптағы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады. Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазады. Жазып болғаннан кейін, тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді. Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін. | Екінші белгі. Есте сақтауға берілген уақыт нормативі. 7 сөз – 30сек. 10 сөз – 45 сек 12 сөз – 1 мин 14 сөз - 1мин-15 сек 16 сөз – 1 мин 50 сек 18 сөз – 2 мин 15 сек 21 сөз – 2 мин- 30сек 2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді. Еске сақтау бойынша жіберу: бір сөз минус. Тақтаға нәтижені жазу: 2 кезең ≤ немесе ≥ нормалар |
4 | Ұғынуды ұйымдастыру | Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіру керек. Мұғалім оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескереді. | 3 - 4 және 7 - 11 сыныптар: 4 минут мәтіннің бір парағына; |
5 | Түсінудің бірінші тексерілуі | Қарама қарсы сұрау. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды рет ретімен емес оқушылар түсінбеген тақырыптарды ашады, түсіндіреді. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез келген оқушылардан сұрайды.Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді. Әбділда Тәжібаев кім? Қай жылы дүниеге келді? Көптеген шығармалары қай тілге аударылған? Балаларға арналған ұандай жинақтары бар? Қай жылы дүниеден өтті? Әбділда Тәжібаев қай жерде дүниеге келеді? Әкесі кім? Әкесі қай жылы дүниеден озды? Әкесі қайтыс болғанда, Әбділда кімнің қолында қалады? Ол кезде Әбділла неше жаста еді? Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы қай жерге алып кетеді? Қараөзекте Айманкүлдің кімі бар еді? Он үш жасына дейін нағашы атасы кімнің қолында тәрбиеленеді? Айманкүл қай тілдерді жетік білген? Өлеңде қандай жануарлар айтылған? | Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус. Тақтаға нәтижені жазу: 3 кезең ≤ немесе ≥ нормалар |
6 | Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру | Сыни сұрау 10 дұрыс 20 қате құрылған сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды құру ережесі: сұрақтың бірінші бөлігі көңіл аудару сұрақтардан тұрады: қайда, қашан, неге, не себепті қайдан т.б. сұрақтың екінші бөлігі алдын ала қате құрылуы керек Мұғалім ООМ бойынша ретпен емес сабақтың тақырыбына байланысты оқушыларды сұрайды. Оқушылардың оқылып жатқан тақырыбының менгеру сапасын анықтау үшін, сұрақтар бұрмаланады. - Өлеңде жайлауда тұрған алтыбақанның құрылысы жөнінде айтылған. - Айманкүл орыс парсы тілдерін жетік меңгерген. - Әдділланың нағашы атасы -Тәжібай. - Әкесінен он үш жасынан айырылды. - Айманкүл оны 1910 жылы дүниеге әкелді. -Көптеген шығармалары шетел халықтарының тіліне аударылған. -1998 жылы дүниеден өтті. -Жарық түнде, жазық дала, жайлауда, Жалықпаймыз атқанша таң сайрауға.-деген өлең жолдары түнге деген өкінішіті білдіреді. -Әкесінен айырылған соң Қараөзекке қыдыруға кетеді. | Төртінші белгі. нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус. «Ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап ететін сұрақ қойылмайды. Тақтаға нәтижені жазу: 4 кезең ≤ немесе ≥ нормалар |
7 | Талдау Уақыт 5 минут | Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, толық жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды. | Бесінші белгі. Тақтаға нәтижені жазу: 5 кезең ≤ немесе ≥ |
8 | Рефлексия | Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға ынталандырады. | Егер бірінші сабақтарда сіз жетістіктерге жете алмай жатсаңыздар, сеніміңізді үзбеңіз, есте сақтаңыздар, балалардың ойлау қабілеттері жаттығып жатыр, жетістіктерге жету үшін уақыт керек. |
9 | Бағалар | Журналға баға қою нормативі: 5 баға – 5 ұпай 4 баға – 4 ұпай 3 баға – 3 ұпай 2 баға – 2 ұпай | Сапа нормативі: 63% оқушы 4- 5 ұпай алу керек. |
10 | Үй тапсырмасы | 4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі. | |