Жер қандай?Сурет бойынша жұмыс Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарайқисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған. Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен глобусты салыстырту — Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас? Қандай айырмашылықтары бар? — Шардың пішіні қандай? — Ол неге ұқсайды? — Шардың бұрыштары бар ма? Шарға ұқсас заттарды ата. Жұппен жұмыс Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды тарату.Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Сергіту сәті “Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізу. Қағаздан жасалған кемені партаның үстімен жүргізу.Содан соң доптың үстімен жүргізу Ең бірінші жүзіп келе жатқан кемені кім бірінші көреді: жағада тұрған адам ба,әлді ағашта отырған адам ба Дәптермен жұмыс Ол қандай? Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады. Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз. |