Сабақтың тақырыбы: Күшті қалай өлшейміз? | Мұғалімнің аты-жөні: Абдикадирова Л Күні: 01.03.2018 |
СЫНЫП: 2 В | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.5.1.3 - қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу; 2.1.2.6 - эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже); |
Сабақ нәтижесі: | Тез және баяу қозғалу үшін не істеу керек екендігі туралы біледі. Табиғи құбылыстардың заттарды қалай қозғалысқа келтіретіні жайлы түсінеді. Эксперименттер жасайды. |
Сабақтың мақсаты: | Күштің қалай әсер ететіні туралы біледі. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру: Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтады. | Психологиялық ахуал |
Жаңа білім | Өткенге шолу. Күн жүйесінің ғаламшарлары нешеге бөлінеді? -Жер тобы ғаламшарларын ата. -Алып ғаламшарларды ата. -Уақытты қалай өлшейміз? -Жылдамдық дегеніміз не? Білу және түсіну Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Сұрақ -Адамдар заттар мен нысандарды қозғалту үшін не істейді? -Олар тез не баяу қозғалуы үшін не істеу керек? Затты, нысанды тартқанда не итергенде адам оған күш жұмсайды. Ал оның жылдамдығын өзгету керек болса,қаттырақне жайлаптарту немесе итеру керек. Есте сақта! Күштің әсерімен затты қозғалтуға не тоқтатуға, жылдамдығын арттыруға не баяулатуға болады. | | Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы | Қолдану Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. (Ұ) Суреттегі эксперименттерді жасату. Күштің әсерінен сызғыштың қозғалыс траекториясы қалай өзгереді? Доптың жылдамдығы ше? Зертте! Шалқан.(ертегіні көрсету, сұрақтарға жауап алу) Не байқадыңдар? Неліктен шалқанды бірігіп тартқанда ғана жұлып алды? Күштің әсерінен заттар мен денелер пішінін, жылдамдығын, мөлшерін, қозғалыс траекториясын өзгертуі мүмкін. Күш көп болуы үшін бірнеше күшті біріктіруі керек. Зат қаншалық ауыр болса, оны қозғауға жұмсалатын күш те соншалық көп болуы қажет. | Ертегі көрсету. |
Сергіту сәті | Сергіту сәті "Көңілді күн" (Т) Арқан тартыс ойынын ойнату. (оқушыларды екі топқа бөліп арқан тартыс ойынын ойнату) Дәптермен жұмыс. 1.Тапсырма. Итеру-тарту. 2-тапсырма. Траекторияның өзгеруі. (қозғалыс траекторияларын салыстырып, жазады) 3- тапсырма. Күштердің әсері. | видеожазба |
Аяқталуы Сабақты бекіту Кері байланыс | Бүгін не өттік? Не түсініксіз болды? Сабақта қандай қиындықтар болды? «Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? Бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды мадақтау. | Стикерге өз ойларын жазады. |
Үйге тапсырма: мазмұндау. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |