Урок познания мира для 2 класса. На уроке были использованы различные виды и приёмы работ. Работа повещена изучению домашних и диких животных. Дети работая в группах смогли классифицировать различных животных по группам. Материал урока насыщен различными дидактическими играми: составление семантической карты игра "Соотнеси животное к группе", загадки. Большое внимание уделяется различным групповым работам: составление диаграммы Вена, использовались элементы кластера.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жануарлар д?ниесіні? ?рт?рлігі »
Пәні: Дүниетану.
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесінің әртүрлігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлар тіршілігінің әртүрлігі туралы түсінік беру;
Міндеттері:
Білімділігі: Жауарларды тіршілік ететін ортасына байланысты алған білімдері бойынша қорытынды шығара білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Жан-жануарлардың жанашары болуға, оларды қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: слайд, таратпалар, суреттер, Қызыл кітап.
Әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа даярлау.
Орнымыздан тұрайық,
Артқа қарай бұрлайық.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Психологиялық дайындық:
Қуан шаттан,
Қуан шаттан.
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Бір - бірлеріне күлімсіреп қарау. Көңіл – күйлерің сұрау.
Рахмет, балалар. Ендеше, барлығымыз орнымызға отырып жақсы көңіл –күймен сабағымызды бастайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге қандай тапсырма берілді
Өсімдіктердің тіршілігі деген бөлімді қайталау.
Дайынбыз ба?
Ия.
ІҮ. Ой қозғау.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа сұрақтар жазылған үлестірмені тарату.
I- топ “ Үй жануарлар”
1. Өсімдіктің мөшелерін ата?
2. Өсімдікті неге тірі ағза дейді?
II -топ “Жабайы жануарлар”
1. Өсімдіктің тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
2. Жемістер нешеге бөлінеді?
III- топ “Жыртқыш аңдар”
1. Күзде жапырақтар неге сарғайып жерге түседі?
2. Өсімдік неден көбейеді?
Ойын: «Қатесін тап»
Қыста жапырақтар түседі:
Күзде өсімдіктер көктеп шығады:
Көктемде өсімдіктер пісіп жетіледі:
Жазда өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды:
Ү. Жаңа сабақ.
– Жарайсыңдар, балалар біз осымен өсімдіктер тіршілігі деген тарауды қорытындылағалы отырмыз.
ҮI. «Адасқан сандар» ойыны.
Әрбір санда бір әріптен бар. Сандарды өсу ретімен орналастырамыз. Сонда біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын шығарамыз.
Жарайсыңдар! Біз бүгіннен бастап «жануарлар тіршілігі» деген тарауды бастаймыз. Бұл тарауда біз жануарлардың ұқсастығы, олардың қысқы, жазғы тіршілігі, ұқсастығы, бір – біріне қайырымдылығы, айырмашылығы туралы оқып – білеміз. Олай болса осы тараудың ішінен біз бүгін «жануарлар дүнесінің әртүрлігі» деген тақырыпты ашамыз.
Балалар, «жануарлар дүнесінің әртүрлігі» дегенді қалай түсінесіңдер?
?
Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
?
Бүгінгі өтіп отырған жабайы жануарлар, жабайы құстар, емдік шөптердің кейбіреуі жойылып бара жатқан түрлері осы «Қызыл кітапқа» енгізіледі екен.
ҮІI. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді оқып, түсіндіру. Оқушылардан түсінгендерін сұрау.
Жануарлар да тіршілік иесі. Тіршілік ету үшін жануарларға да адам сияқты түрлі жағдайлар қажет.
Жылқы, қой, тиін, қоян, аю сияқты жануарлар әр түрлі өсімдіктермен қоректенетінетіндіктен өсімдікқоректі жануарлар деп атайды.
Ал қасқыр, жолбарыстарды жыртқыштар дейміз.Өйткені, бұл аңдар құстарды, тышқандарды, жануарларды аулап жейді.
Аю да жыртқыш – аң. Ол бірақ балмен, балықпен, жидекпен қоректенеді.
Кірпі, борсық сияқты жәндіктер – жәндікқоректі жанарлар деп атайды. Бұл жануарларда шөппен қоректенеді.
VIII. Суретпен жұмыс:
IX. Сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық , Кәне қанат қағайық . Қарлығаш боп ұшайық , Ұшып, ұшып алайық.
Х. Сабақты қорытындылау.
Қандай үй жануарларын білесің?
Қандай жануарлар жыртқыштар деп аталады?
Қандай жануарлар шөпқоректі деп аталады?
Үй жануалары мен жабайы жануарларды бір – бірінен қалай ажыратамыз?
«Қорқытпаймыз құстарды. Қызықтаймыз ұшқанын. Үркітпейміз аңдарды, Жасамаймыз дұшпандық.» -дей келе бүгінгі сабағымызды Тұманбай Молдағалив атамыз айтқандай:
«Табиғатты қолдай жүр,
Аң құсын қолдай жүр.
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз.»- деп айтқандай сабағымызды аяқтаймыз.