kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру. Бір-бірінен ажырату, мағынасын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер»

Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер

Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтелдермен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Халық шығармасының бұл түрлерін бір-бірлерінен ажырату, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін , тілін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін оятып , кішіпейңлділікке , ізеттілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Проблемалық және ойын әдісі

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, орыс тілі,дүниетану.

Көрнекіліктер: Үлестірме қима қағаздар

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Топтарға бөлу Жаңа сабақ Мұғалім

-Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың мақсаты-сендерді ұйымшылдыққа, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру.Сабақты бастамай сөздерді оқи отырып топтарға бөлейік. Қоржын, Асық,Сандық, шаңырақ, Қобыз. Осылайша сыныпты екі топқа бөле отырып,ережесімен таныстыру.

1. Тыныштық сақтау

2.Бірін-бірі тыңдау

3.Қол соғу

Әрбір дұрыс жауап үш ұпаймен бағаланады.

Енді әр топ өздерінің :

Топ басшысын

Уақыт есептеушісін

Жазып отырушысын

Көпшілікке таныстырушысын сайлауы керек.

Мұғалім : Әрбір топтың топ басшысын,топ мүшелерін сабақ бойына бақылап,соңында еңбегіне қарай бағалайсыңдар.

I бөлім-кіріспе бөлім

«білгенге - маржан, білмегенге- арзан»

1.Әр топқа тапсырмалар таратамын.Ойлануға екі минут беріледі.

Тапсырмалар

№1. Жаңылтпашты қалай түсінесің?

№2.Жұмбақты қалай түсінесің?

№3.Нақыл сөзді қалай түсінесің?

№4. Мақал деген не?

№5.Мәтелді қалай түсінесің?

№6.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы бар ма?

  1. Оқулықпен жұмыс

II -бөлім. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш оқу

« Халық айтса,қалт айтпайды» атты бөлімде топбасшылары келіп тапсырма алады. Орындауға екі минут, түсіндіруге екі минут.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру керек.

1.Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық.

2.Әркімнің өз жері-жұмақ.

3. Көзсіз күнелтсең декөпсіз кұнелте алмайсың.

4.Білімсіз адамныі сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей.

5. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.

6. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

Әр топқа тақырып беремін, сендер тақырыпқа сай үш мақал-мәтел айтуларың керек. Ойлануға 1 минут .

1-топ Туған жер-Отан туралы. Өнер-білім туралы

2-топ Ынтымақ –бірлік туралы. Үлгі-өнеге,тәлім-тәрбие туралы.

III - бөлім “Ойлан тап»

Бұл бөлімнің ережесі бойынша екі топқа жеке-жеке жұмбақ жасырамын. Шешуін табады.

Бұл үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көреген болып шығасың.(мектеп)

Тындырып адам жұмысын, тазартып үйдің жуды ішін.Кейде дауыл соғады, кейде ішіне сорады.(шаңсорғыш)

Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын. Көк теңізде шашылып,көзімді ілмей жатамын. (жұлдыздар)

Ішегіне мұз қатқан, өзін-өзі мұздатқан.(тоңазытқыш)

Сөз жазылған парақшалар таратамын.Қайың,кітап, қоян, домбыра.

Әр топ екі-екіден өзіне тиісті сөзге жұмбақ құрастырады.

Ойлануға 2 минут. Құрастырған жұмбақтарын басқа топқа жасырып, шешкен топқа ұпай қосылады.

IV-бөлім “Кім жаңылыспайды?»

Ортаға топ басшыларын шақырып,жаңылтпаштар оқимын.

Бірлесе жаңылыспай айту керек.

1.Тарғыл итім талға оралды.

Талға тағы барып оралды.

2.Тау дәу болады,

Дәу тау болады.

Аңқау жалқауды жалқаусың депті

Жалқау аңқауды аңқаусың депті.

Шүрегей сүңгігіш пе,

Сүңгір сүңгігіш пе?

Дәптермен жұмыс

Сабақты бекіту.Қорыту

-Тренинг сабақ ұнай ма?

-Сабақтың басында қойған мақматымызға жеттік пе?

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма:

Өнер-білім туралы мақал-мәтел жаттау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер

Автор: Зейнулина Соня Ораловна

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 382062


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства